ТОҚЫМА КЛАСТЕРІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК МОДЕЛІН ҚҰРУ ПРОЦЕДУРАЛАРЫ ЖӘНЕ КЕЗЕҢДЕРІ

 

Утешова Г.М., Жұмадуллаев Б.Е., Абдрахимова Б.А.

 

Шымкент қаласы, Шымкент аграрлық колледжі

 

Кәсіпорындардағы инновациялық процесстерді басқару және ұйымдастыру жүйелерінің модельдерін таңдау бірқатар факторларға байланысты, олардың  негізгісі болып- оның инновациялық потенциалының даму деңгейі табылады.

Жеке айтқанда, мәселе, ең алдымен, инновациялық потенциалдың қызметтерлердің білім деңгейі, кәсіпорындардағы білім және зерттеу жұмыстарының жағдайы (НИОКР, КБ бөлімдері, кәсіпорын штатына патенттік сенімді тұлғаның барысы, зерттеулердің жүйелі жүргізулі жіне т.б), инновациялық қызметті ынталандырудың кешенді жүйесі барысы, зерттеулер және құрастыруларға арналған капиталдың барысы, сонымен қатар  өндіріске жаңа өнім енгізу мақсатында инновациялық- инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және т.б сияқты мәселелер жиынтығында болып тұр.Инновациялық даму жағдайында тоқыма кластері кәсіпорындардағы бәсекеге  қабілеттілікті басқару жүйесі, біздің ойымызша, келесі блоктардан тұрады(сурет1)

Тоқыма кластері кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілк факторларының қалыптасуын басқаруда келесі басты аспектілерді бөліп айтуға болады:

- Факторлардың барлық жүйесін анықтау: әр кәсіпорынның қызметімен анықталатын сыртқы және ішкі факторлар;

- Жеке факторлардың бәсекеге қабілеттілікке әсерін бағалау және божау;

- Бәсекеге қабілеттілік факторлар әрекеттерінің дәрежесін кезең бойынша қалыптастыруды басқару механизмін құрастыру

Мезо- және микродеңгейде келесі кезеңдер және бағалау әдістері белгіленеді.(сурет2)

1-ші кезеңде тоұыма өнеркәсібі келесі бағыттар бойынша бағаланады: қызметтің негізгі көрсеткіштерін талдау, өнім шығаруды талдау, материалдық- техникалық  базаны талдау, инвестициялар және инновацияларды талдау, дебиторлық және кредиторлық қарыздарды талдау, экспорттық- инпорттық  ағындарды талдау.

2-ші кезеңде коэффиценттер жүйесі құрастырылады.Саланың түрлі бәсекеге қабілеттілік аспектілерін сипаттайтын бірталай коэффициенттер бар, оларды 4 топқа бөлуге болады: сыртқы сауда ағындарын сипаттайтын коэффициенттер, еңбек тиімділігін сипаттайтын коэффициенттер, материалдық- техникалық базаны тиімді пайдалануын сипаттайтын коэффициенттер және өнім сапасын сипаттайтын коэффициенттер.

3-шікезеңде түрлі факторлардың саланың бәсекеге  қабілеттілігіне әсерін анықталады.Әлемдік нарықта саланың бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын  көрсеткіш ретінде таза экспорт коэффициенті алынуы мүмкін, себебі бұл көрсеткіш сыртқы саудадағы саланың жүзеге асырылған бәсекелік артықшылығын көрсетеді.

Таза экспорт көрсеткіштерінің талдауы экспорттық-инпорттық ағындар құрылымына  әсерін тигізетін факторларды анықтауға негізделген. Сонымен қатар түрлі өндірістік ресурстарды  пайдалану жиелігімен бірге  өндіріс көлемі көрсеткіштері де есепке алынады. Бұдан басқа кедендік  тарифты реттеу саясаты да ескеріледі.

Тоқыма өнеркәсібіндегі отандық компаниялардың инновациялық қызметін талдау оладың процестік  инновацияларға емес, өнімдік инновацияларға бағытталғанын көрсетеді.

Біріншіден, өнімдік инновациялар процестік инновацияларға қарағанда өзін өзі тез ақтайды, бұл шектеулі қаржы жағдайында маңызды.

Екіншіден, өнімдік инновациялар арқылы ассортимент кеңейеді, бұл өз кезегінде отандық  нарықта бәсекеге қабілеттілікті жоғарлатудың тиімді әдісі болып табылады.

Бірінші  сатыда ұсыныстарды бағалау және олардың бастапқы селекциясы инновациялық өнім ұсынуымен нарықтық жағдайды көрсететін критерийлер жиынтығы арқылы жүргізіледі. Бұл іріктеу сатысында критерийлер ретінде нарықтық жағдайдың келесі параметрлері пайдалануы мүмкін:инновациялық өнімге сұраныстың дамуы, нарықтың болжауланатын үлесі, нарықтық қауіп- қатерді бағалау, нарықтық кедергілердің барысы, бәсекеге қабілеттілік жағдайы, бағалардың икемділігі, болжауланатын тиімділік, қажетті инвестициялар, ресурстарымен қамтамасыздандырылу, инновациялық өнім өндірісінң болжауланатын көлемі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1.  Инновацияларды  басқаруға негізделген кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің  қамтамасыздандыру жүйесі

 

 

Бәсекелік ұсыныстар селекциясы кәсіпорынның инновациялық бағдарламасын қалыптастырудың маңызды кезеңі ретінде болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 2.  Тоқыма өнеркәсібі және тоқыма кластері кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігінің талдау кезеңдері

 

 

 

Айтып өтілген параметрлер нақты ұсыныстағы олардың үлесінің сандық немесе сапалық бағалауын анықтауы мүмкін. Критерийлер мәнін бағалау үшін алдын ала құрастырылған  белгілі бір параметрдің шартты бірліктерінде, мысалы баллмен, сандық және сапалық арнайы шкалалар пайдаланылады. Әдетте барлық критерийлер үшін бірдей мәнінің белгіленген балл санына сәйкес масштабы қабылданады.

2-ші сатыда ұсыныстардың ғылыми- техникалық деңгейі және стратегиялық тартымдылықтарын сипаттайтын критерийлер жиынтығы бойынша өңдеуге жіберілген ұсыныстардың детальдік  селекциясы жүргізіледі.

Іріктеудің осы сатысында критерийлер ретінде келесі параметрлер  пайдаланылады: нарықтың қатыстық үлесі, өнім  сапасы (халықаралық стандарттар бойынша), технология деңгейлері, экономикалық тиімділік, потенттік және лицензиялық қабілеттілік, басшылықтың компоненттілігі, кадрлардың біліктілігі. Селекцияның 2-ші сатысындағы ұсыныстарды бағалау механизмі бірінші сатыдағыдай болуы мүмкін, бірақ инновациялық ұсыныстарды іріктеу критерийлері бойынша  басымдылықтарды спецификалық реттеуді ескеру қажет.

Қорытынды кезең ретінде кәсіпорынның инновациялық бағдарлау және оның қаржылық қамтамасыздандырылуын қалыптастыру болып табылады.

Жұмыста тоқыма кластерінің жағдайында (сурет 3) бейімделген өнімдік инновациялардан тұратын бағдарламаны қалыптастыру алгориті ұсынылған. Кәсіпорынның инновациялық бағдарламасын қалыптастыру 3 кезеңнен тұрады.

Кезең 1. Инновациялық  бағдарламаны  қалыптастыруда алгоритм пайдалану кезінде кәсіпорында бар барлық жобалар іріктеуден өтуі тиіс. Бұл кезеңде жобалардың сапалық көрсеткіштерін  талдау қажет. Бұл мақсатта, мысалы, өнімнің жаңашылдық деңгейін талдауға болады. Сонымен қатар, жаңа өнімге болжауланатын сұранысты да бағалау қажет. Бұл кезең иновациялық жобалардың бұдан әрі талдауына шығындарды кеміту үшін қажет, себебі, көрсеткіштер тиімділігін бағалау көп еңбекті қажет ететін және  ұзақ процесс, сондай-ақ, тек қана жобамен ғана емес, компания қызметімен байланысты ақпараттың көп  көлемін қажет етеді. Бұдан басқа, жаңашылдық деңгейі бойынша алдын ала іріктеу қажеттілігі бөлім басшыларының компанияның  инновациялық бағдарламаларына ескірген және тиімділігі аз жобаларды енгізіп қаржыландыру бөлімдерін болдырмау үшін қажет.

Кезең 2. Бұл кезеңде іріктеуге алынған әрбір жобаны талдау қажет. Талдау  барысында инновациялық жобаны жүзеге асыруға қажетті ресурстар, жобаның табыстылығы және қауіп- қатер деңгейі бағаланады.

Кезең 2.1. Компанияда бар ресурстар және жобаны жүзеге асыруға қажетті ресурстар талданады, содан кейін салыстырылады. Болмаған жағдайда ресурстардың жетіспеушілігі инновациялық жобаны жүзеге асыруының кез- келген кезеңінде жобаның жүзеге асырылуының үзілісі немесе толық тоқтауына себеп бола  алады. Сол себепті компанияның бағдарламасына инновациялық жобаларды іріктеу кезеңінде бір шектеу ретінде ресурстар маңызды рөл атқарады. Ұсынылған алгоритімде компанияның жүзеге асыруға қажетті ресурстары жеткіліксіз болатын инновациялық жобалар іріктеуден өте алмайды.

Кезең 2.2. Табыстылық және қауіп- қатер белгіленген көрсеткіштер арқылы бағаланады.Таңдалған көрсеткіштерінің мәні қанағаттандырылмайтын жобалар іріктеуден өте алмайды.

Кезең 3. Жаңалылық, табыстылық, қауіп- қатер көрсеткіштері бойынша іріктеуден өткен жобалардан компанияның инновациялық жобаларын қалыптастыратындарды таңдау қажет. Іріктеліп алынған барлық жобаларды бір уақытта жүзеге асыруға компанияның  ресурстары жетіспеуі мүмкін, сол себепті бағдарламаға табыстылық, қауіп- қатер көрсеткіштерінің оптималды үйлесімін алуға мүмкіндік беретін жобаларды қосу қажет. Бұл көрсеткіштердің қатынасын компанияның жоғарғы басшылығы орнатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 3. Инновациялық  жобаны қалыптастыру алгоритімінің блок-схемасы

Инновациялық жобаны қалыптастыру кезеңінде келесі әдістемені пайдалану ұсынылады: инновациялық жобалардың түрлі комбинациялары бар бағдарламалар үшін табыстылық және қауіп- қатер көрсеткіштерін есептеу бұдан кейінгі осы көрсеткіштерді салыстыру және табыстылық, қауіп- қатер көрсеткіштерінің оптималды қатынасты бағдарламаны таңдау.

Ұсынылған потенциалдық жобаларды салыстыру алгоритмі компанияның тиімді инновациялық  бағдарламасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Компанияда қажетті ресурстар жеткілікті болған жағдайда базалық инновациялық бағдарламаның орта тиімділігін жоғарылатуға қабілетті жаңа инновациялық жобалармен толықтыруға болады.