Э.ғ.д., профессор М Кемел.

Магистрант М. Ш. Бидаулетова.

Астана қ. Л.Н.Гумилов атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 «Орган» түсінігі «ұйым» түсінігінің барынша ауқымды бөлігі болып табылады. Ұйым бұл, адамдар жиынтығы, олардың ұжымы; ұйым осы адамдардың белігілі бір мақсаттарға қол жеткізуге және нақты мәселелерді шешуге бағытталған қызметін меңзейді. Кез-келген ұйым өзінің қызметін өзінің құрған органы арқылы жүзеге асырады. Сондықтан да орган – оның қызметін оның тапсырмасы бойынша іске асыратын ұйымның бөлігі.

Қоғамды мемлекеттік-басқару ықпалы мемлекеттік органдардың жиынтығы арқылы ғана, ал мемлекеттің өзі басқардың шоғырландырушы субъектісі ретінде, оны басқару субъектілерін құрайтын ұйымдастырушылық-құқықтық нысан жүйесі ретінде  іске асырылады.

Мемлекттік органдар – мемлекеттік билік субъектілерін қоса алғанда, мемлекеттік-басқарушылық қызметтің барлық субектілерінің жиынтығы, сондай-ақ өкілдік, атқарушылық және сот билігінің жұмыс тетігі ретінде құрылатын мемлекеттік басқару органдары олардың мінсіз ұйымдастырылуын және қызмет жасауын қамтамасыз ететін мемлекеттік аппарат [1].

Мемлекттік органды мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының жүйеқұраушы элементі  ретінде тану, оныі ішкі ұйымдасуын қалыптастыратын (меңзейтін), типті сыртқы өзара байланыстарды арнайы қарауды талап етеді.

Ғылыми әдебиетте, мыналарды:

                   әрбір басқару органының  олардың алдына қойылған мақсаттарға (жартылай мақсатқа) қол жеткізуі немесе басқару функциясы үшін толық жауапкершілігін;

                   жоғары тұрған мақсаттар деңгейіне қатысы бойынша басқарудың белгілі бір деңгейінің барлық буындарының мақсаттарын үйлестіруді;

                   әрбір қойылған мақсаттарды іске асыруға қатысты басқарудың барлық функциясы тігіненен де көднеңінен де орындау кешенділігін (өзара байланысты);    

                   басқарудың орындалатын функциясы тұрғысынан буындар мен мемлекеттік аппарат арасындағы күш-жігерді барынша тиімді бөлуді және кооперациялауды, олардың қайталануын барынша азайтуды, сондай-ақ құрылымдардың сызықтық-функциялық және бағалармалы-мақсатты түрлерінің негізді әректтесуін;

                   әрбір басқарушылық міндеттерді шешу кезінде басқарудың әрбір көлденең деңгейі және өкілеттікті тігіненен табыстау бойынша құзыреттерді тиімді қайта бөлу есебінен құқықтар (өкілеттіктер) мен жауапкершіліктерді шоғырландыруды;

                   ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктің орындалуын бақылаудың, әрбір басқарушылық міндеттер бойынша шешімдер қабылдаудың жаупапкершілігі мен құқықтары саласындағы құзыреттер көлеміне толық сәйкестігін қамтамасыз ету және регламенттеу жағдайында болатын, басқарудың әрбір дербес жеке-дара құрылымы атап көрсетіледі;  [2].

Әртүрлі мемлекеттік органдар құрылымдары арасында өзара ұйымдастырушылық байланыс болатынын есепке алу қажет. Күрделі және қарапайым құрылымдар органдары  арасындағы қарым-қатынастар ерекше болып табылады. Нақты мемлекеттік орган құрылымының мәнін, оның басқару объектілері құрылымдарымен және өзге де мемлекеттік, оның ішінде функционалдық мақсаты әртүрлі органдармен байланысын ашу арқылы түсінуге болады. Басқарылатын объектілерге тікелей байланысты органдардың, біріншіден, басқарушылық әсерлерге басқару объектілерінің тиісті сауалына жауап беретін, екіншіден, жоғары тұрған органдар тарапынан басқарушылық әсерді үйлестіруге және күшейтуге жауап беретін, органдар қоғамдық процестерге тікелей әсер етеді. Жоғары сатыдағы сатылы бағынышты лауазымда тұрған және өзге де органдар арқылы басқарылатын объектілерге тіелей ықпалды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар үшін,  олардың осы мақсатты ролін орындауы үшін құрылымдарының икемділігі қажет. Мемлекеттік орган құрылымы сондай-ақ, оның өзіндік аппаратының құрылымын оңтайлы ұйымдастыру және тиімді басқару үшін жағдайлар жасауға міндеттелген. Тиісінше, ол кейбір талаптарға жауап беруге және белгілі бір қағида негізінде қалыптасуға тиісті.

Мемлекеттік орган құрылымын жасақтау кезінде, органның ерекшелігін түрлендіруді қолданыла отырып, мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құрылымын жасақтаудың: сызықтық, функционалдық, сызықтық-функционалдық, бағдарламалы-мақсатты негіздері  пайдалынады. Оған сызықтық-штабтық қосылады, бұл ретте органда, басшылық буын жанынан, оны зияткерлік-ақпараттық қамтамасыз ету үшін арнайы бөлімше құрылады.

Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын айқындайтын проблема – мемлекетті және оның аппаратын (жиынтығында барлық органдарды және лауазымдарды), әрбір элементі қоғамға, адамдарға қажетті істі жүзеге асыратын оңтайлы, ширақ және тиімді функциялық жүйеге айналдыру.

Осылайша, ұйымдастырушылық құрылым ұйымның ішкі ортасының маңызды көрсеткіші болып табылады. Аталған мәселені зерттеудің қызығушылығы басқарудың бақылауға алынуының маңыздылығында: ұйымдастырушылық құрылымдар құрылады және өзгертіледі, оларды үлкен нәтижеге қол жеткізудің алғышарты ретінде немесе орын алған  сәтсіздіктердің себебі ретінде қарастыруға болады. Өз кезегінде маңызды өзгермелі жағдайды ұсына отырып, ұйымдастырушылық құрылым мемлекеттік басқару органының ролін атқарады.

Мемлекеттік басқарудың нақты органының ұйымдастырушылық құрылымы – бұл әртүрлі типтегі құрылымдық бөлімшелердің әрекеті болып табылады. Функциональдықтың қарапайымдылығы мен айқындылығы оның ортадағы түсінігін қамтамасыз етіп, шығындарды азайтып, ұйымның басшылығы мен қызметкерлерін жұмсалатын күшке месе, қызметтің нәтижесіне нұсқау керек. Оңтайлы ұйымдастырушылық құрылым басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі үшін жағымды жағдайлар туғызып, оның тұрақтылығы мемлекеттік биліктің атқарушылық органын ұйымдастыруды тұрақты етеді және ішкі және сыртқы ортаның өзгерістеріне сәтті әсер етуге мүмкіндік береді.

 

Әдебиет:

1.       Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған) (2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдайдағы өзгерістермен және толықтырулармен)

       2. Мильнер Б.З., Евенко Л.И., Рапопорт В.С.. Басқарушылықты ұйымдастыруға арналған жүйелік тәсіл, М.:1983.,54-61 бет.