Умбеталиева Жаркынай Жумабековна

№ 25 ОРТА МЕКТЕБІ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ, ҚАЗАҚСТАН

Математика пәнін оқытуда электрондық материалдарды пайдалану

 

Қазіргі кездегі жапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің    рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.

Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.

Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.


 

Компьютерлік оқыту үрдісінің құрылымдық сызбасын қарастырайық   Сызба 1 Компьютерді сабақта қолдану барысында оқушылар: Қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;Оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды. Дәстүрлі оқыту меңгерудің 4 деңгейінің (репродуктивтік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) тек алғашқы екеуін ғана қамтиды, нәтижесінде материалдар жеткілікті дәреже меңгерілмейді, білімнің жүйелілігі, беріктілігі қалыптаспайды. Компьютердің көмегімен тақырыпты оқу, зерттеу негізінде меңгеруді эвристикалық және шығармашылық деңгейге жатқызуға болады.           .        Орта білім беретін мектепте қазіргі кезде оқытудың үш концепциясы негізгі орында тұр. Олардың қатарында: дәстүрлі оқыту жүйесі, тұлғалық және әрекеттік.

Дәстүрлі оқыту жүйесі жанамалы оқытудан тұрады, ол саналы түрде ұйымдастырылып, пәндік принцип бойынша құрастырылады.

Оқытудың дамытушылық концецциясы Л.Выготскийдің идеяларына негізделген және де оның мәні оқыту адамды дамыту функциясын атқаруы тиіс. Тұлғалық бағытталған оқыту теория мен практиканы жүргізу үшін баланың жекелік қасиеттерін, табиғатын жұмылдыру болып табылады.

Кез келген  пән мұғалімін компьютерлік кабинетке тартып отырған не? Ең бірінші кезекте сабақты түрлендіру және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Компьютерлік сыныпта өткен сабақта үйреншікті тыныштық жоқ. Сабақ кезінде оқушылар проблемаларды талқылайды, сабақтың барысын қызығушылықпен бақылайды. Бұл кезде мұғалім – оқушы арақашықтығын ұстау болмайды.

Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда: Кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;Жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады;

Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына тоқталайық.

Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары

Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.

Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.

Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.

Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар.

Сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі.

Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.

Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.

Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.

Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.

Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.

ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары

Психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы.

Пән аралық байланыстың аздығы.

Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау.

Оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмеген.

Материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару.

Оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген.

Берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы.

Компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі.

Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы.

 

 

Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:

Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;

Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;

Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;

Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;

Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.

Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:

- Білім мониторингісі;

- Сауалнамалар;

- Түрліше тестілік бақылаулар;

- Жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т.б.

- Оқушыларды сырттай бақылау

Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.

Заман табына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды география сабағында пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз.

ЭО негізгі қасиеттері:

- Жинақтылық

- Жүйелілік

- Эстетикалық көркемділігі

- Жылдамдылығы және т.б.

ЭО құрылымы

Материалдың мәтін, сурет,график, кескін, кесте және т.б. түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.

Материалддың кескін түрінде баяндалуы-оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу.Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың)  тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

Өз сабағымда оқушыларды шығармашылыққа жұмылдырып, электронды оқулықты пайдаланамын. Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін, анимация мүмкіндігін, ілеспені, дыбыс меншіктеуді, гиперсылка көріністерін пайдаланып, осы көріністерді пайдалану әрекеттерін қолданып, тамаша, көрнекті, оқушыларды қызықтыра түсетін білім беру сабақтарын ұйымдастырған ыңғайлы. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты-оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық-ізденіс қабілетін , шығармашылық қабілетін дамыту. Мұның тиімді жағы: электронды оқулықта әр сабаққа арналған бейне көрініс, анықтама сөздік, есептердің шығарылу жолы, фигуралардың кеңістікте орналасуы, диктант, тест тапсырмаларын , қайталау сұрақтарын пайдалана аламыз.

         Электронды оқулықты қолдану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі, оқушының пәнге қызығушылығы, білім, білік, дағды деңгейін қалыптастыруы, білімнің тереңдігі, тексеру түрлері, бағалауы, практикалық дағдыларды игеруі артады. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып, онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.

Жұмысымды қорытындылай келе айтарым, ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп.  Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс деп есептеймін.

  Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалім. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі қажет. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін есте сақтаған жөн.

Еліміз тәуелсіздік алып, басқа елдермен иық теңестіру үшін, келешек қоғам иелерін, ұлтымыздың болашағын тәрбиелеу - құрметті де, қадірлі міндет болғанымен, ал оны іске асыру оңай іс емес. Әрбір ұстаз өзінің алдындагы шәкірттеріне бойындағы барлық күш қуатын жұмсай отырып, оны еліміздің білімді, имандылығы мол, зиялы азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті екенін естен шығармағанымыз жөн.

         Электрондық оқулықтар бойынша оқушы тапсырманы қызыға орындайды.Ал мультимедиялық технология оқушыға экран арқылы компьютер жаңа жаңа сабақты түсіндіріп, оқу процесін өзі атқаруымен сипатталады.

         Бүгін таңда оқыту барысында арнайы ақпараттық  - техникалық құралдарды қолдануға ерекше көңіл бөлінуде. Өйткені, игеретін білім мен ғылымды одан әрі терең меңгере түсуде компьютерді қолдану және оны оқу ісінде жүзеге асырудың маңызы зор. Соған орай сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстарды компьютер арқылы ұйымдастыра білу – мектептегі аса маңызды міндеттердің бірі. Бұл салада мұғалім үшінші жаңашылдықпен жан –жақты ізденіп, жоспарлы түрде жұмыс ұйымдастыра білуі қажет.          Компьютермен жұмыс істеуді алдымен мұғалімнің басқаруымен, сонан соң бала өз бетімен құрылған жоспарға сүйене отырып, жұмыс жасауға тырысады. Бала компьютер арқылы орындап отырған тапсырмасы бойынша өзін - өзі  түзетумен бақылауды жүзеге асырады.

Қорыта айтқанда компьютерді сабақта қолдану барысында оқушылар: Қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;Оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1           Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы  Ә. Бидосов.-Алматы: Мектеп, 1981.-221 бет.

2           Қаңлыбаев Қ.И., Сатыбалдиева О.С., Жанабердиева С.А., Математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы:Дәуір, 2013.

3           Әбілқасымова А.Е., Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. – Алматы:Білім, 2005.

4           Рыжик В.И., Дидактические материалы по алгебре и математическому анализу - для 10,11 классов. Учебное пособие для учащихся школ и классов с углубленным изучением математики. – Масква: Провощение, 1997.

5           Әбілқасымова А.Е, Бекбоев И., Абдиев А., Жұмағұлова З.А.,  Алгебра (8 – сынып оқулығы). – Алматы: Мектеп, 2008.

6           Әбілқасымова А.Е, Корчевский В., Абдиев А., Жұмағұлова З.А., Алгебра және анализ бастамалары (11 – сынып оқулығы ж.м.б). – Алматы: Мектеп, 2007.

7                                    Massagan.com сайты

8            1referat.kz сайты