Рахманова Ж.С.,
Немеребаев М.Н., Амиралиева И.У., Касымов Н.
Тараз
инновациялық - гуманитарлық университеті, Қазақстан
Болашақ маманды
дайындаудың бәсекеге қабілеттілік негіздері
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында
айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің
қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін,
терезесін тең ететін – білім». Қазақстан Республикасы «Білім
туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты
міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен [1, 6 б.]. Сондықтан,
қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында
оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып
отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл
педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, білім саласына енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің
мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп –
үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз
мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше
тұс - оның сабақты түрлендіріп,
тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана
білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау -
әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін,
өз пәнін, барлық шәкіртін , мектебін шексіз
сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа
формация мұғалімі – педагогикалық
құралдардың барлығын меңгерген,
тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани
дамыған, толысқан шығармашыл тұлға
құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы,
біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық
жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар:
бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары
болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы
шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп,
жаңа формация мұғалімі - рефлекцияға қабілетті,
өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған
әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік,
әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық
және тағы басқа құзыреттіліктердің
жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті,
азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға [2, 32 б.].
Нәтижеге бағытталған білім моделі
мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген
ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық
технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби
мәдениетін дамытуға бағытталған оқу
қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілікті арттыру жүйесінде
педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің
мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс-
әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені
жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы
мұғалім оқуға үлкен потенциалдық
мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық
сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін
нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде
мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын
андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда
ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің
қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері
арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік
белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық
іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру
парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен
«мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді
көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның
философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін,
теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды
қажет етеді .
Сондықтан бүгінгі күні
еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың
идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету
міндеті тұр.
Француз қайраткері «Адамға оқып –
үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет»
дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес
оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың
еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің
үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық
технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен
активті оқытуға көшу оқу танымын
ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу,
субьективтік позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге
бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер
мемлекеттік стандартта берілген нәтижелерге жетуде кәсіби
шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары
нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық
– коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық -
дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның
осы құзыреттілікті меңгере отырып тек «кәсіби икемділігін
оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу
мүмкіндігін «үнемі оқып – үйрену және
өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қ.Құдайбергенова
«Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда
мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті
көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация
арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал
құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне,
даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық,
теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде
кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады»
деген тоқтам жасайды [3, 28 б.]. Ендеше құзыреттілік
дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог
қауымының өзін -өзі өзгерте алу
қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы
түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде
берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңы // Алматы , 2010
2 В.И. Андреева., Педагогика творческого саморазвития. Казань. 2006
3 С
К.Құдайбергенова., Құзырлылық – тұлға
дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың
мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық
нәтижесі » атты халықаралық ғылыми –
практикалық конференцияның материалдары, 2008