Педагогические науки
1Раймкулова
К.А.,2Жолдасбекова Б.А.,2Балабеков А.Т.
1-Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық институты,Қазақстан
2-М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті
Инклюзивті білім беру мазмұны
Инклюзивті білім беру бойынша болашақ кәсіби
мамандарды дайындауда оның мазмұндық сипатын зерттеу
педагогика іліміндегі өзекті мәселенің бірі болып табылады.Арнайы білім жалпы білім жүйесінің бір
бөлігі болып табылады және мемлекет арнайы білім беру
қажеттілігіне ие тұлғалар үшін білім алуда тең
мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында барлық
жағдайларды жасайды.
Қазіргі таңда барлық әлем
жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе
балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның,
отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық
қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзивті білім беру
дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық
тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және
ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық
жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және
өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.
Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім
үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге,
жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды
айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке
шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық
және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау,
қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және
білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру,
яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді
оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқыту – ерекше
мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін
мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады[1].
Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға
деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге
оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы
жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе
көрсеткеніндей, қатаң білім беру жүйесінен
балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені
қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық
қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт
мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп,
жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі
оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене
қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең
құқығын анықтайды және ұжым
іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен
қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға
мүмкіндік береді.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру
мақсатында, типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың
мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз
ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті
оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін
қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің
жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті
оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген
өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар
балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды
ашқан мектептерде оқыған балалар адам
құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік
алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға,
танып-білуге, қабылдауға үйренеді.
Қазіргі таңда
барлық әлем жұртшылығының назарын аударып
отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен
ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру
үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім
беру[2]. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары
мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық
балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы
білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге,
жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды
айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке
шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және
әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау,
яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға
бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі
оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене
қатысуға мүмкіндік береді[3].
Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең
құқығын анықтайды және ұжым іс -
әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі
балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты
бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Бала
және оның ата – анасының тұрғылықты жеріне
сәйкес жалпы типтегі мекемелерде мұндай балаларға білім
беруді ұйымдастыру оларды ұзақ мерзімге мектеп –
интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп
тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі
дамыған құрдастарымен күнделікті қарым –
қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі
және қоғамға кіріктіруге қатысты
мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Психикалық дамуы тежелген
балалардың ерекшілігі шаршағыштығымен, жұмысқа
қабілеттілігі төмендігі, қоршаған орта туралы дамуында
бұзылыстар байқалады. Психикалық дамуы тежелген баланы
психологиялық-педогогикалық қолдау қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге
асырылады. Түсініктері фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз,
тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, жалпы
психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады,
мұндайда әр маман өз бағыттары бойынша жұмыс
істейді. Жалпы инклюзивті білім беру – мүміндігі шектеулі балаларды
оқытып-үйретудін бір формасы.
Сонымен қорыта айтқанда,
инклюзивті оқыту- оқушылардың тең
құқығын анықтайды және ұжым
іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен
қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға
мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық
балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері
бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім
үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту
түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі
түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды
ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт
арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке
жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін
қалыптастырады.
Әдебеттер
1.
«Қазақстан
Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Астана, 2010 ж
2.
А. А. Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен
даму болашағы» Алматы, 2008 ж
3.
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық
педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР
2002ж №343 заңы