БГФ БТ-14 топ студенті Қайнар Г.С, ж.ғ.м. Кeрвeнeв К.E.

Академик Е.А.Букетов атындағыҚарағанды мeмлeкeттік унивeрcитeті, Қазақcтан

Ақпараттың негізгі белгілерін жүйелендіру жайында

 

XXI ғасырдың басының өзінде ақпарат тек анықталмағандықтың ғана өлшемі емес екендігі айқын ұғыныла бастады. Клод Шеннонның ақпарат өлшемі энтропия сияқты деген ұғымы тек ақпаратты тасымалдаушы техникалық сигналдар жиынтығына қатысты болды. Бұл ақпарат алудың жалғыз ғана тәсілі емес. Егер ақпаратты белгілі бір байланыс каналдары арқылы алынған қандай да хабарлардың мазмұны ғана емес, білім, заттардың мәні, құбылыстар, қатынастар деп қарастырса, онда адамның бұл білімдерді алудың келесі үш  қайнар көзін бөліп көрсетуге болады.

Бір күйден екінші күйге ауыса отырып, Ғаламның органикалық және органикалық емес объектілерімен, оқиғаларымен, құбылыстарымен, барлық микро – және макродинамикалық процестерімен бейнеленуіне және қабылдануына қоғамның фундаментальды бастапқы негізі болатын  ақпарат. Ал оны зерттейтін информациология ғылымы Ғаламда болып жатқан ақпаратты микро-және макродинамикалық процестерді затқа айналған және затқа айналмаған татқа айналған және затқа айналмаған белгілерімен өзара байланыста және әрекеттестікте зерттеп, ақпаратты танып білу және  көзбен көретіндей ету, өңдеу, сақтау, тасымалдау, рецепция процестерін зерттеу сияқты көкейкесті мәселелерді қарастырады [1].

В.В.Сергеевтің пікірінше, бұл – тұқымқуалаушылық, социум ішілік және Ғаламның өзінде тәжірибе алмасу, білім алу, тәрбие, жеке тұлғаның өзіндік жеке жұмысы. Ал енді адам жағдайына келсек, белгілі шартсыз рефлекстер, мінез, сонымен бірге адамның бейімділігі (қызмет саласы немесе ауруға бейімділігі болса да) гендік қалыптасуына байланысты.

Социумда өмір сүру үшін қажетті іскерлік және дағдысы, білім алуы сияқты шартсыз рефлекстерді жетілдіру – ақпарат көзінің екінші өнімі. Бұларды адам «жаңа алынған жағдайларға байланысты» өз көзқарасын әрдайым түзете отырып өмір бойы қолданады. Үшіншісі, ақпараттан жаңа ақпарат тудыру жеке интелектің тек ішкі, ойлы жұмысы болап табылады. Өмірлік талаптар ұдайы өзгеріп отырған ақпараттан қоғамда білім беру жүйесін сапалы өзгерістерге әкелетін жаңа жағдайларды қарастыруды талап етеді. Бірінші кезекте жаңа білімдер ағымының күрт өсуі, бұл білімдерді алу мен олардың қолданыстары арасындағы өткінші кезеңнің жойылуы жайындағы мәселелерді алуға болады. Сонымен қоса, қоршаған ортаны оқып білу мен түсіну мәселелерінде де өзгерістер бар[2].

Әр ғылым өмірдің белгілі саласын зерттей отырып, құбылыстар арасындағы заңды байланыстарды, олардың пайда болу заңдарын, қызметін және дамуын ашады.

 Информациология ғылымы пәнаралық зерттеулер нәтижесінде физика, химия, математика, астрономия, биология, информатика, философия, тарих және т.б. фундаментальды ғылымдармен жапсарлас, жалпығылыми әдістерді таңдау нәтижесінде пайда болды. Информациология және Философия ғылымдарының гносеологиялық мүмкіндіктерін біріктіретін ақпараттық принциптер жиынтығын қарастырған ғылыми еңбектер де аз емес[3].

Информациология ретінде әр түрлі объектілер жиынтығы үшін ақпаратты алу, беру және сақтау жөніндегі ғылымды түсінетіндігіміздіктен, бұл ғылымның басқа облыстарындағы қолданылу жетістіктеріне мысалдар келтірейік.

С.И.Репьевтің «Тұқымқуалаушылық, өзгергіштік және түрқалыптастықтың энергоақпараттық теориясы» атты өсімдіктерге ақпарат беру тәсілі тамаша нәтижелерге әкелді. Репьев теориясы негізіндегі популяция мен социум арасындағы ақпарат алмасу Т.В.Ермакованың жұмысында тек өсімдіктер ғана емес, жануарлар арасында, мәселен, ірі қарада қолданылады.  Осындай нәтиже А.Н.Иезуитовтың «Өзара қатынас философиясында» байқалуы мүмкін. Яғни, тек материалды, рухани ақпарат алмасу арқылы ғана адамдар арасында түсінік қалыптасып, олардың қайшылығы, антагонизм деңгейі төмендеуі мүмкін.

Космостан алынатын ақпаратпен Е.И.Боровков пен В.В.Сергеев шұғылданады.

И.Г.Горячконың «микро және макродүние қызметінің бірегейлік заңы» - жеке интелекттің жұмысының айқын көрінісі.

С.И.Репьев, Е.И.Боровков және т.б. авторлық еткен «Астробиология» атты жаңа ғылыми бағыттың зерттеу объектісі - кванттық деңгейдегі жүйелер мен процесстер, олардың энергоақпараттық құрылысы мен өзара әсерлері.

Психолгтар мен нейрофизиологтар  мидағы жаңа ақпаратты алу механизмдерін өз тараптарынан қарастыруда. Физиканың ең жаңа теориясы бойынша (мәселен Г.И.Шиповтың) ми – бүкіл ғаламнан өтетін және үнемі өзара әрекеттестікте болатын белгілі бір торсинді өрістер қалыбы болып табылады. Адамдардың бір–бірінен өзгешелігі осы өрістердің саны мен олардың құрамының әртүрлілігіне байланысты болуы мүмкін. Егер информациологтар мен нейрофизиологтар мидың бұл параметрлерін өлшеу мүмкіндіктерін тапса, онда дарынды адамдарды «шығару» қарқынды болар еді. Осы бағыттағы зерттеу жұмысын жүргізетін дәрігерлердің кейбір жетістіктерін айтуға болады.  Олар «Витамед» (Ю.В.Гальцев және т.б.), пассивті гармонқоздырғыштар (И.Н.Серов, В.А.Муромцев) және т.б.

Қазіргі таңда ақпаратты алу, қорын жинау және тәжірибе алмасудың жақсы жетілген салалары қолөнер, техникалық объектілер мен жүйелері болып табылады. Бұл мәселелерге автоматтандыру теориясында, байланыс пен басқару теориясында, объектілерді танып білу мен шешім қабылдау теорияларында, сондай-ақ көптеген техникалық қосымшаларда баса назар аударылған.

Талдаулардың нәтижесінде ақпараттың негізгі белгілерін жүйелендіруде келесі мәселелерді атап көрсетуге болады: ақпараттың жүйелілігі; сұрыпталушылығы; жалғасымдылығы (тарихилығы мен өзін-өзі жетілдірілуі); жалпылығы; сарқылмастығы; құндылығы; тасымалданғыштығы; әмбебаптылығы; сапалылығы және т.б.. Әлеуметтік жүйелердегі ақпараттың келесі қасиеттерін де қарастыруға болады: жүйелерді ұйымдастыру құралы; жүйелерді ұйымдастырылғандығын сипаттаушы және бағалауыш өлшемі; тәрбие мен білім алу көзі; болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарды хабарлаушы; шешім қабылдау үшін бастама; адам мен қоғамға әсер ету құралы; интелектуалды меншік объектісі және т.б..

  

Әдебиеттер

1.            Юзвишин И.И. Информациология, или Закономерности информационных процессов и технологий в микро- и макромирах Вселенной. Изд. 4. - М., 1996.

2.            Аубакир Д.А. Информациологические трактовки человеческого интелекта, гипотезы о природе человеческой памяти и принципа генезиса живых существ.//Вестник ЕАУ ,1999, №4.

3.            Аубакир Д.А. Генезис синтетических наук и фундаментального принципа информациологии//Адам әлемі.2001, №3.с.17-22.