Педагогические науки/ 3.Методические основы
воспитательного процесса
Проф.
Н.Б.Аужанова, Г.Б.Мырзаханова
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ
(Талдықорған қ.)
Клубтық жұмыстар арқылы оқушыларға салауатты өмір
салтын қалыптастыру
Жас жеткіншектердің алдына денсаулық
проблемаларды қойғанда тар көлемде, «күн
тәртібінің ережесін сақта», «суық тимесін –
гүлемеге отырма» «қолыңды жу, тісіңді тазала» – деп
қана қоймай бүкіл әлемдік көлемде
денсаулықтың мән-мағынасын түсіндіру керек.
Мектепте оқушыларды салауатты өмір салтын
дұрыс түсінетін, жан
дүниесі таза адам болуға тәрбиелеу үшін әр
түрлі сыныптан тыс жұмыстар: жеке, топ және көпшілік
жұмыстарын ұйымдастырады. Көпшілік жұмыстарға
кештер, конференциялар, КТК – көңілді тапқырлар клубы (КВН),
дөңгелек үстел, танымдық ойындар жатады. Ал,
топтық жұмыстарға клубтық жұмыстар,
үйірмелер [1].
Тәрбие беру бағытында клубтық
жұмыстардың маңызы зор. Оның көптеген сайттары
бар: «Қара жорға», «Көлеңке театры», «Әсемдік»,
«Кел, қыздар, сырласайық», «Денсаулық анықтама бюросы»,
«Еңлікгүл»,
«Валеокулинария» тағы басқа да болуы мүмкін.
Клубтың әр сайтының мүшелері
бірлесіп қойылымдар, әдебиеттер мен басылымдарға шолу,
рөлдік және компьютерлік ойындар, ғалымдармен кездесу,
пікірталас, плакаттар байқауын, өзіндік денсаулық зерттемелер
жүргіп, тағы басқа формада жұмыстарды өткізуге
болады.
Клубтың жұмыстары жоспарлануы тиіс.
Оның үстіне оқушылардың жас ерекшеліктері, сынып
деңгейлері ескерілуі қажет.
Клубтың сайттарында салауатты өмір салтын қалыптастыруда
кино-, бейнефильмдердің, рөлі ерекше. Фильмдер оқушылар
үшін үлкен әсер қалдырады. Мәселен, «СПИД»,
«Табиғат және адам денсаулығы», т.б. кинофильмдер.
Мектеп қабырғасында шығатын газеттер,
плакаттар, бюллетендер, денсаулық сақтау туралы құжаттар,
оқушылардың шығармашылық еңбектері салауатты
өмір салтына бағытталуы тиіс. Әсіресе, мектеп кітапханасында
ай сайын денсаулық қорғау және сақтау туралы
әдебиеттердің көрмесі ұйымдастырылып, онда
оқушылардың ұсыныс-пікірлері, шығармашылық
еңбектері тыңдалып отырса, нұр үстіне нұр болар
еді.
Клубтық жұмыстар әдетте
ұйымдастыру мәселелерін шешуден басталады. Бәрінен
бұрын мұғалім оқушыларды жинап алып, олардың
ортақ құштарлығын айқындап білуі тиіс, ал содан
соң жұмысының жоспарын жасауға кірісуге болады.
Мектепте, әдетте биологиядан бір ғана
мұғалім болады ғой. Ол бір өзі сайттардың
барлық жұмысына ойдағыдай көңіл бөле
алмайды. Бұл міндетті әр түрлі жолдармен ғана шешуге
болады. Дене шынықтыру, еңбек, музыка, сурет салу
пәндерінің мұғалімдері де жетекші болып осы
жұмыстарға ат салысады.
Жетекші мұғалімдеріне үйірме активтері: старосталары,
звено жетекшілері және редакция алқалары үлкен көмек
көрсетеді. Жетекші мүмкіндігінше үйірме активін өзі
тағайындамай, жалпы жиналыста кандидатуралар мен активтерді
оқушылардың өздеріне талқылатып, сайлағандары
жөн.
«Қара жорға» сайты. «Қара жорға»
сайтына биге құмар оқушылар жиналады. Қазіргі кезде
«брейк-данс», «хип-хоп» т.б. екпінді билер кең тараған. Балалар
заманына сай болып осы билерге құмар-ақ. Бірақта,
қазағымыздың ұлттық билері дұрыс билеп
үйрету – үлкен өнер. Балалар өз дене қимылдарын,
мүмкіндіктері толығынан пайдаланып, әдемі, көз
тартатындай етіп билеуіне осы сайт жетекшісіне де байланысты. Сайт
мүшелерін дискотекалардың байқауларына қатыстырып,
костюмдеріне, олардың образдарына көңіл аударған
жөн. Сонымен қатар заманауи талаптарына сай бұрыннан келе
жатқан танго, вальс билерін де назар аударған дұрыс болады.
«Көлеңке театры» сайты. Бұл
сайттың мүшелері әр түрлі қойылымдарды
дайындайды. Тақырыптары салауатты өмір салтын насихаттауына
арналған. Жақсы музыка, мәнерлеп оқитын
өлеңдер сайтқа қатысушыларды бейхам қалдырмайды.
Тек әдебиеттерден алынған тақырыптар бойынша ғана емес
авторлық шығармашылық туындыларды да коюға болады.
Жасөспірімдер өзара қарым қатынас жасауын, әр
түрлі жағдайды шешуге көмек ететін кештерді де
ұйымдастыра берулеріне кеңінен болады.
«Әсемдік» сайты. Әр бойжеткен
өзінің әдемілігіне, тартымдылығына үлкен
мән береді. Жауабы біреу-ақ: күнделікті гимнастика, аэробика,
жүгіру, секіру – дене шынықтыратын жаттығұлар;
өзін-өзі жеңіл сезініп, жақсы
көңіл-күйде болуы осылардың әсері деп
түсінуі қыздардың басты мақсаты осы.
«Мода» деген сөздің мағанасын бәрі біледі. Көбіне киім кию, шаштың
таралуы, музыкалық стил, қоғамдағы
қарым-қатынас жасау сияқты. Ал заманауи талаптарға сай
осы сөздің басқа да аспектісі бар – «денсаулыққа:
физикалық, психикалық күйге мода». Шет елдерде
адамдардың сана сезіміне бұл түсінік әбден
қалыптасты. Өйткені, экономикалық нанотехнологияларға
байланысты тек дені сау адамдар сай бола алады. Сондықтан бүгінгі
таңда мода әдемі, тартымды адамдарға. Әр
мемлекеттің байлығы – дені сау халқында.
«Кел, қыздар,
сырласайық» сайты. Арнайы жасөспірім
қыздар үшін. Сырларын, мұңдарын айта алатындай
өзара түсінушілікпен қарау, көптеген
сұрақтарға жауап алу сайты болып есептеледі. Негізгі
мақсат жасөспірімдерге дайын жауап беру емес, ойларын оятып,
дұрыс шешімді қабылдауларына ықпал ету, жол көрсету.
Адасқан балаларды нашақорлық, жаман әдеттерден
жирендіріп тұра жолға қол сілтеп, көмек көрсету.
«Атын жасырған адамның» әңгімесі «Бетперделі
(маскідегі) адам» ток-шоулар
«Денсаулық
анықтама бюросы» сайты. Аталған сайттың
мүшелері ғана емес басқалары да келіп кеңес алуларына
болады. Диеталық тамақтану негіздері, жұқпалы
аурулардың алдын алу т.б сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік
бар. Сайт отырыстарында әр түрлі байқаулар, ойындар,
сұрап-жауап ойындары (викториналар) өткізіліп тұрады.
Соның ішінде «Диетикалық тәттілер», «Денім сау болсын
десеңіз ...», «Ең
нәрлі шырын қоспасы (коктейль)», «Дәрумендік
шашратпа» т.б. [4].
«Еңлікгүл»
сайты. Қыздар
бұл сайтта өзін-өзі күту мәселелеріне жауап
алады. Басты тұжырымда косметиканы насихаттау емес ұлттық
рецептерге сүйене отырып дәрілік өсімдіктердің
және қолдың тағамдарын (сүт, айран, ірімшік, бал,
жеміс-жидек, көк-өніс) негізіндерінде дұрыс пайдалануын
білу. Мұндай шикі заттар
әрдайым қолдың жанында, сондықтан қымбат майларды
(кремдерді), басқа косметикалық препараттарды қажет етпейді.
«Валеокулинария» сайты. Бұл сайтқа кейде ұлдар да қатысады. Әр
түрлі тағам жасап үйренеді. Қазіргі таңда
қыздар толып кетпеу үшін дұрыс тамақтанбайды. Осы
сайттың мақсаты – денсаулыққа зиян келтірмей,
салмағын өсірмеу. Әр елдің тағамдарымен танысып,
қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлей
білу. Бағдарлама бойынша дастархан дизайынын меңгеріп,
қонақ күту мәселелерімен танысу.
«Фитотерапия»
сайты. Фитотерапия бұл өсімдіктермен емделу,
медицинаның бір саласына жатады.
Әр түрлі халықтың
халықтық медицинасы, халық даналығы нәрінің
жинақталуы мен адамзаттың ғасырлар бойғы
эмпириялық тәжірибесі – фитотерапияның шексіз қазынасы
болып табылады.
Қазақстанның ауа райы мен топырақ
жағдайларының әртүрлілігі сан алуан
тағамдық дақылдарды барынша егу, игеру мүмкіндігіне жол
ашады. Мұның өзі кәдімгі жүйекшені табиғат
дәріханасына айналдыруға мүмкіндік туғызады.
Шипалы өсімдіктер қатарына
әртүрлі сәнді өсімдіктер де жатады, өйткені
олардың көпшілігі ләззат алу мүмкіншілігімен ғана
(бұлардың шипалы күші де осында) шектелмейді, бойындағы
физиологиялық сергек заттардың арқасында (меруертгүл,
шегіргүл, гүлшетен) олар денсаулығымыздың серігі де
бола алады. Сондай-ақ біздің бау-бақшаларымызда аяқ
астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны
айтуға болады, өздерінің жер үстінде және жер
астында өсетін мүшелерінде аса бағалы, «үй
дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы
олардың көпшілігі аса пайдалы, мәселен, бақ-бақ
атам заманнан «өмірдің нәрі» аталған, немесе, қалақай дәрумендер
қоймасы саналады [2, 3].
Осы сайттың қатысушылары таңқұрай,
қарақаттың жапырақтарын қосып шәй демдеп
үзілістерде өздеріне де, ұстаздарына да пайдалы. Сонымен қатар «Шипалы
өсімдіктер» тақырыбында реферат қорғау, кішігірім зерттеме
жұмыстарды, байқауларды өткізеді, МАН, «Дарынға»
жобаларын дайындап мектептен жолдама алады, олимпиадаға қатысады.
Әдебиет:
1.
Аужанова Н.Б. Валеологическое образование и воспитание
учащихся. – Алматы: ТОО «Фирма ДАИР», 2009. – 200 с.
2.
Байер К., Шейнберг Л. Здоровый образ жизни. /Пер. с англ.
– М.: Мир, 1997.
3.
Зайцев Г.К.
Школьная валеология: Педагогические основы обеспечения
здоровья учащихся и учителей. – СПб.: Акцидент, 1998. – 112.
4.
Мустафина
Т.Қ. Валеология негіздері.
– Алматы: Ғылым. 2001. – 176 б.