Оқушылардың
тұлғалық қасиеттерін дамытуда отбасы
тәрбиесінің педагогикалық мәні
Жүзтаева
Т. А. – 123-12 тобының студенті
Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік педагогикалық
институты,Қазақстан
Педагогикалық ұғымдардың бірі –
тәрбие. Тәрбие – бұл күрделі әрі ұзақ
процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік
қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі
бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі.
Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық
жұмыстарының негізі деп білеміз. Тәрбие сонымен ірге
педагогикалық әрекетте
• мәдени
құбылыс;
• педагогикалық
ықпал ету;
• балалардың
әрекетін ұйымдастыру;
• қарым-қатынас
құралы ретінде жан жақты қарастырылады [2].
Тәрбие жайында К.Д.Ушинский: «... мектеп,
тәрбиеші және ұстаздар – адамның тіпті жалғыз
ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті ал
мүмкін және әлдеқайда күшті тәрбиешілері:
табиғат, үйелмен, қоғам, халық...және
оның тілі болады» - деді. Және де К.Д.Ушинский «Адамға
тәрбие беру әдістері» атты іргелі еңбегінде «Тәрбие
беру өнері жұрттың бәріне дерлік таныс және түсінікті
іс, ал кейбіреулерге тіпті оңай іс болып көрінетін ерекшелігі бар –
бұл, адамның онымен теориялық немесе практикалық
таныстығы неғұрлым азырақ болған сайын
соғұрлым түсіктірек және оңайырақ болып
көрінеді [1].
Қазақ салтында «Отбасы» тәлімі ерекше
дәстүр. Отбасындағы көріністің бәрі бала
өміріне әсер етеді. Әке - әулет басшысы, отбасы
мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы,
қамқоршысы. Ал ана болса- отбасы беріктігін сақтаушы, бала
тәрбиелеуші, ерлерін сыйлап, рухани қолдау көрсететін
тұлғалар. Біздің қазақ «Әкеге қарап-
ұл өсер, анаға қарап-қыз өсер» ,
«Баланың жақсысы- әке мен шешенің ары» дейді.
Бүгінгі таңда көптеген отбасылар баланың тек
материалдық жағын қамтып, рухани жағын көтеруге
уақытты тапшы көреді. Жетім балалар мен тастанды балалардың
әлеуметтік проблемалары көбейіп кетті. Осыдан шығар жол
қайда? «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз,
қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз».
Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің
өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру,
өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында
адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы
дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда
қалыптасқан оң моральдық-психологиялық ахуал,
татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен
сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген
құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза,
мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді.
Бүгінгі күнде отбасылардың басым
көпшілігі ұрпақ
тәрбиелеудегі әлеуметтік, педагогикалық бастапқы
өнеге ұясы болатын мүмкіндіктерінен ажырап отыр.
Бүгінгі таңда арнайы әлеуметтік, педагогикалық
зерттеулер бойынша отбасының материалдық ахуалының
төмендеуі, адамдар арасындағы адамгершілік
қарым-қатыныастардағы өзгерістерге байланысты
жалғыз басты аналардың, әкесіз немесе анасыз
балалардың, тастанды балалардың жыл сайын көбейе түсуі
және кейбір отбасыларының адамгершілік тұрғыдан
азғындауы барған сайын өріс
алуда. Отбасының өзінің ұрпақ
тәрбиелеу секілді тарихи парызынан ажырап қалу қаупі де
ақиқатқа айналып отыр. [3]
Қазiргi заманғы мектептердiң өсiп келе жатқан
тұлғаны қандай бағытта дамытатындығы, жеке
тұлғаның әлеуметтiк және шығармашылық
мүмкiндiктерiн ашуы елiмiздiң дамуы мен гүлденуiне
қатысты. Қоғамда, отбасында және мектепте
балаларға жағдай жасаудың маңызы зор. Ал мектепте
оқушы жеке тұлғасының дамуы негiзгi мәселе
ретiнде мынадай қағидаға сай жүзеге асырылады.
Нарықтық экономикалық жүйеге
байланысты отбасындағы тәрбие жетімсіздігінің кейбір
себептері ретінде келесі жағдайларды алға тартуға болады:
•
көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық
жағдайының әлсіздігі;
•
қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі;
• отбасы
анасы-әйел мойнына артылған екіталай – жұмыс орнында,
жанұяда – ауыртпалық;
•
көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және
моральдық себептердің салдарынан болып жатқан
ерлі-зайыптылардың ажырасуы;
• бала
тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген
қоғамдық пікірдің белең алуы;
•
күннен-күнге шиеленісіп бара жатқан отбасы арасындағы
бәсеке, дау-дамай;
• отбасы мен
мектеп арасындағы байланыстың күннен-күнге
әлсіреуі.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,-деп Абай
айтқандай, жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс,
қайрат-жігер деген сезімдері бар рухтың мекені- мектеп
мұғалімдерінің жүрегі болуға тиіс.
Мектеп пен отбасы балаларды тауар мен ақша
қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын
ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе
пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық
екі жақты қызмет көрсету екенін түсіндіру.
Ата-ананың маңызды міндеті балаларымен біріккен коммерциялық
қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды
баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын
дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін
орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын
орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа
әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық
және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы
өмірінің тәрбиесіне «өзінше» қиындық
әкеледі.


Мұражайлар Ата-аналар комитеті Балалар спорт кешені
Отбасындағы ата-ана — баланың өмірлік
ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі,
мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген
еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан,
әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті,
жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы
тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда.
Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан
Республикасының «Білім туралы заңы» (1999), Қазақстан
Республикасының «Балалардың құқығы туралы
заңы» (2002), «Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» (2004)
сияқты құжаттар дәлел бола алады[4].
Дербес
Қазақстан мемлекетінің ертеңгі
болашағы-бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей
тәуелді. Өскелең ұрпақтың рухани жан
дүниесін білім нәрімен сусындатып, халқының ерте
заманнан жинақталған асыл мұрасымен байытып,
ұлттық дәстүрлердің озық үлгілерін
санасына сіңіріп, Абайша айтсам, «көкірек көзін оята
тәрбиелеу»-ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл
қоғам болып ат салысатын жауапты міндеттердің ең
бастысы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. С. Әбенбаев Тәрбие
теориясы мен әдістемесі
Алматы, 2004.
2. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев Педагогика Алматы,2000.
3. Ш.Алтынбай «Отбасында ата-ана
қарым-қатынасының бала тәрбиесіне ықпалы».
Түркістан 2008
4. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев Қазақ
тәлім-тәрбиесі
Алматы,1995.