Досжанова Жамал Нурекеевна
Қазақ гуманитарлық заң және
техникалық колледж
КАЗАХСТАН, Қызылорда қаласы
Даму кезеңдерінде оқушылардың іс
-әрекеті мен
қарым –қатынасын ұйымдастыру
ерекшеліктері
Педагогика
ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру
қажеттілігін, оның тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу
ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым
тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы
керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен
қатынастарының жүйесі ретінде бір орнында тоқырап
қала алмайды. Даму, ілгері қозғалу – ұжым
өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың
себебін, дамудың мүмкіндігінің сырын ашып алған
жөн.
Мұндай
психологиялық күш – болашақ үміт дүниесі.
Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт
артуы, адам мен ұжым дамуының қажеттігінің мәдени
және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл
моральдық бейнесі айқындалады. А.С. Макаренко болашақ
үміт дүниесінің педагогикалық маңызды
ерекшеліктерінің бірі – баланың алдында мақсат жүйесі
ретінде ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге жету мүмкіншілігімен
еліктіреді, өзінің және
ұжымның болашағын құруға қатынасу
ынтасын, қуанышты көңіл күйі мен ілгері ұмтылуын
туғызады деп есептеді. Қалыптасқан қажеттіліктерді,
тілектерді, мүдделерді қанағаттандыруға ұмтылу
оқушының іс -әрекетін әлеуметтік құнды
арнаға жұмылдыру мен бағыттау болып табылады.
Педагогикалық
тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас
ұжым балалар тобы, баланың тұлғалық мәні
дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын,
ұжым мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас
және дербес ерекшеліктеріне қоғам талабына сәйкес
келетін міндеттерді, мақсаттардың, істерді түсінуіміз керек.
Оқушылардың тәрбие ұжымын және
тұлғалық мәндерін қалыптастыру мақсатында
болашақ үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы
ерекшеліктері болады. Олар:
- міндетті
ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің
қиялдан туындайтын тікелей бала қызығуына, қуанышына
негізделген істердің еліктіруі;
- нақты
істер міндеттерінің мақсаттарының қоғамдық
пайдалы құндылығы және олардың біздің
халқымыздың бүкіл күресімен байланысы, болашақ
үміт дүниесі үшін күрес барысының нақты
ұйымдастырылуы;
-
оқушыларда нақты моральдық сапалары тәрбиелеудің
педагогикалық мақсатқа сәйкестігі.
Мұғалімнің
міндеті болашақ үміт дүниесі жүйесін құру,
яғни іс - әрекет құру, осы іс -әрекет барысында
балаларға (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан
балалардың мақсатқа бағытталған
тұрақты бірлестігі.
Мектеп
ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар
ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы,
ұартылған күн тобы, клубтар, секциялар
оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың
бастауыш ұжымдар деп атайды.
Адам
ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің
керек екенін түсінеді. Сондықтан оларды үнемі дамытып,
жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және
тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына
байланысты. Қорыта айтқанда ұжым – тәрбиенің маңызды
құралы.
Іс-әрекет
- бұл қарым-қатынас, ұжымның өздерінен
істеушілік және ішкі процесінің көзі, нақты
мақсатқа жету. Ұжымның ішкі процесі
қарым-қатынас және ақпарат арқылы іс-
әрекетімен байланысты. Іс- әрекетінің барысында қарым-
қатынас дамиды.
Қарым-қатынас
- бұл адамға қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Сондықтан педагогикалық ұжымныңміндеті- жеке адам
қарым-қатынас жасаудың негізінде басқа адамдармен
бірігіп, қуанышты көңіл күйін жеңілмейтін тілекті
сезу тиіс.
Балалар
қарым–қатынасты бағалайды. Осы тұрғыдан
және қатынастың тұрақты жүйесін және
кіші топтың ролін еске алу қажет. Жеке қатынас жүйесінде
әр бала өз орнын алады. Біреулері өзінің
әйгілілігімен жолдастарының алдында беделді, ал екіншілерімен
ешкімнің қарым-қатынас жасағысы келмейді. Бірақ
барлық балалар қатынас жасауды қажет етеді. Әсіресе
сынып ұжымындағы оқушылар қатынас арқылы
ынтымақтық достықты тілейді. Осыған байланысты кіші топ
дербес қатынас жасаудың негізінде стихиялы пайда болады.
Кіші
топтардың құрамы тұрақты немесе
тұрақсыз болуы мүмкін. Кіші топтардың маңызды
ерекшеліктері- өзара қатынасының тартымдылығы. Егер
мұндай ерекшелік болмаса, топты сақтау мүмкін емес.
Әрбір оқушы бір сыныптың оқушыларымен немесе
құрдастарымен ынтымақты қатынас жасау үшін
олардың арасында өзара ұнатушылық, бір- біріне
сүйіспеншілік болуы қажет. Оқушылардың түрлері
тақырыптарға өзара әңгімелесуі, достық
кездесуі, ақпарат алмасуы, әрбір баланы қызықтырады,
ынталандырады. Бұл балалардың әлеуметтік тәжірибесін
молайтады.
Балалар
дербес аралық қатынастарын және олардың
мақсаттылығын сынып жетекшісі зеріттеп, балалардың
қарым-қатынасын реттеуде және дамытуда қамқоршы
болуы тиіс. Дербес қатынас жүйесінде мұндай
шығармашылық тәсіл ұжымда педагогикалық
меңгеру жолдарының бірі.
Өзара
жауапкершілік қатынас жүйесінде қабылданған
мақсатқа сәйкес жалпы істі орындау үшін ұжым
мүшелерінен жауапкершілік талап етіледі.
Өзара
жауапкершілік қатынастың мынадай жағдайларды еске алған
жөн:
-
ұжым мүшелері тең құқықты болады;
-
басқарушы міндетін орындаушы ұжым мүшесі тарапынан
оқушыларға қысым жасалмайды;
-
жауапкершілік және өзара тәуелділік жүйесінде жалпы
істі орындаудың барысында әр түрлі бейімдеушілікке жол
бермейді.
Осындай
жағымсыз жайларды болдырмау үшін әрбір ұжым
мүшесінің әлсіз және әлді жақтарын еске
алып, оның жағымды позициясын қамтамасыз ету керек. Ең
бастысы- адамгершілік, мораль және демоктатия принциптері негізінде
ұжым нормаларын нығайту.
Ұжым
өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады. Гуманистік
қатынастың негізгі белгілері:
-
сергектік стиль-ширақтық, белсенділік,
қайырымдылық, ұжым мүшелерінің достық
бірлігі, бір- біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру;
-
балалар арасында бақталастық, өз қамын
көздеушілік, тұйықтық, бөлектенушілік, лидерлік
болмауы тиіс;
-
басқа ұжымдарға жолдастық көмек беру,
үн қосуға дайын тұру.
Ұжымда
балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы
процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара
жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, сондай-ақ
гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына
әсер етеді.
Оқушылар
ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің
қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың
негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда
қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға
жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын
болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы
болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру
қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым
ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Қоғамда
ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне
қарай ажыратады. Мысалы, кәсіпшіл ұжымдар (өндіріс,
шығармашылық, әскери, оқу орындары),
қоғамдық ұйымдар (партиялар, халық конгресі,
бірлестіктер, кәсіподақтар), ерікті қоғамдар
(ғылыми, ғылыми-насихат, әскери-спорт), өз
әрекетімен істеуші ұжымдар( көркемөнерпаздар,
коллекционерлер) және т.б. Осы ұжымдарда адамдардың шешетін
міндеттері еліміздің әлеуметтік- эканомикалық дамуын тездету,
қоғамдық дамуының жаңа деңгейін
қайтымсыз процеске айналдыру, халық шаруашылығының
барлық салаларында өмірді демократия және жариялылық
принциптерінің негізінде құру.
Осы
жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық
өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады.
Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын,
еңбегін жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын
ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
А.С.Макаренко
ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық
бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана
мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір
сүре білуі қажет. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің
қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан
ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.
1. Ұжым
тәрбиенің мақсаты мен объектісі. Жеке адам ұжымнан тыс
дамымайды.
2. Ұжым
адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті
ұйымдастыруға біріктіреді.
3. Ұжым
барлық ұжымдармен табиғи байланысты
қоғамның бөлігі.
4.
Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және
өкілдері – ұйымдастырушылары болады.
Әрбір
ұжым – бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола
алмайды. Ұжым контактілі және негізгі болып екіге бөлінеді.
Контактылы ұжым – бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ.
Негізгі ұжым – бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі.
Мысалы, контактылы ұжым – бұл студенттер тобы, негізгі ұжым –
факультет т.б.
Біздің
елімізде қазіргі қоғамның маңызды
ұясы-мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда
үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы –
бұл іс-әрекетімен тұрақты әрекет жасауға, тапсырманы
толық орындауға үйрету қажет.
Тәрбие
жұмысында моралдық ұғымдар элементтерін жете білмегендіктен
түрлі жағымсыз әрекеттер де болады. Мұндай
педагогикалық ситуацияда этикалық тақырыптарға
әңгімелеу және лекция әдістерін пайдалану қажет.
Сонымен,
біріншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен
оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттері
ұйымдастырылады, мақсатқа сәйкес бағытталады,
олардың адамгершілік тәжірибесі
байыйды; екіншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен
оқушылардың дүниеге көзқарасы қалыптасады,
олар қоғамдық өмірге қатысады,
тәрбиенің әлеуметтік мақсаты іске асырылады.
Барлық
тәрбие әдістері бір-бірімен өзара байланысты, өзара
тәуелді. Ешбір әдіс тәрбиенің универсальды
құралы бола алмайды. Мысалы, оқушыларды әдептілікке
тәрбиелеу үшін көбінесе үйрету әдісі қолданылады,
дедік. Егер ұжым адамгершілік мораль элементтерінің
ұғымдарымен таныс болмаса жеке адамның санасын
қалыптастыру әдісін (әңгіме, әңгімелеу,
пікірталас, лекция т.б.) пайдалану керек. Бұл ситуацияда пікірталас
және әңгіме әдістерінен гөрі, этикалық тақырыптарға
әңгімелеу немесе лекция әдістерін қолдану өте
қолайлы. Егер оқушылар ұжымының адамгершілік нормасы
жөнінде белгілі түсініктері болса, онда пікірталас немесе
этикалық әңгімені қолданған жөн. Осы
әдістер бойынша адамгершілік нормасы туралы сөз ету,
оқушыларға өз бетімен қорытынды шығартуға,
дұрыс баға беруге, теріс көзқарастарды сынай білуге
көмектескен жөн.
Барлық
тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады. Әдістердің
бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың
білімін, іскерлігін және дағдысын тереңдетеді;
қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік
тәжірибесін байытады; жалпы мәдениетін, ой-өрісін
кеңейтеді.
Ұжым
қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық
пікір –бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді
бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым кейбір
ұғымдар және құбылыстар жайындағы
пікірлерді мақұлдайды немесе кінәлайды. Демек, ұжымдық
талқылау, бағалау, жариялылық, әрекеттілік –
қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1.
Лазарев В.С. «Проблемы модели психического развития в теории деятельности»
/144б./1999
2.
Сухомлинский В.А. Избранные педагогические сочинения /В.А.Сухомлинский
М.:Просвещение,1980/
3.
Бабаян А.В. О нравственности и нравственном воспитании /А.В.Бабаян /
Педагогика