Ашимханова Г.С., Мусаева Н.Н., Мусабекова Б.Б.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

 

Еліміздегі жариялылық дәуірі қоршаған ортаның көптеген «қара дақтарын» айқындады.Солардың бірі:балалар үйінде тәрбиеленетін балалар мәселесі.Қазіргі таңда баспасөз беттерінде балалар үйі мен мектеп-интернаттардағы жағдай туралы,ондағы тәртіп пен материалдық жағдай жайлы ашық әрі көптеп жазылып жүр. Бірақ балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мәселелері аса қиын жағдайда.Бұл жағдайға қатысты негізгі мәселелердің қомақтылары мыналар:жетім балалар денсаулығына деген әлеуметтік қамқорлықты күшейту,олардың құқығына қол сұқпау, қоғам өмірінің барлық салаларына толық орналасуына жағдай жасау,  психикалық даму ерекшеліктерін жетілдіруді қамтамасыз ету.

Бала психикасының дұрыс қалыптасуында жанұяның ерекше  орын алатыны  белгілі.Жанұяның мәні баланың тәжірибе жинақтауға жасалатын жағдайларымен анықталады.Адам ерте балалық шағынан бастап, ересектерден тек жүру,сөйлеу,заттарды дұрыс қолдану,ойлану, білім алу,еңбек етуге ғана емес,сезімдерге,ойлауға,күйзеліске,өзіне және өзге адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренеді.Жанұяда бала табиғи жағдайда  өмірге бейімделе алады,себебі күнделікті,таңертеннен кешке дейін  ата-аналары,аға-апайлары, апа-аталары  баланың алдында мінез-құлық,жүріс-тұрыстың әртүрлі үлгілерін ұсынады:сөйлеу және  ым-ишара мәселелері, еңбекке баулу,адамдармен қарым-қатынас жасау,саясатқа деген  көзқарасын қалыптастыру т.б. [5]

Жанұя тәрбиесінің ерекшелігі  туыстық сезімге  негізделген ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігінен көрінетін эмоционалды  мінез-құлық, жүріс-тұрыстан тұрады.Психологтар мен  педагогтардың пікірінше, сүйіспеншілікке,сенімге,өзара қызығушылыққа  негізделген ересектермен жақын қарым-қатынас жанұялық тәрбиені  сипаттайтын басты көрсеткіш  болып табылады. Олай болса, жеке адам дамуының негізгі  шарты— баланың адамдармен қарым-қатынасқа түсуі болып табылады.[1]

А.Г Харчевтің (1974) тұжырымдамасы бойынша «бала туғаннан бастап өз ортасы мен қоғамдық  дәстүрлі мәдениетін,өнегеліктің біртұтас жүйесін жанұядан меңгереді. Дәл осы нәрестелік кезеңнен бастап балада адамдар мен қоршаған ортасына деген сенім,қоршаған орта мен өзге адамдардан қорқыныш сезімі  мен мазасыздық қалыптаса бастайды.Осы кезеңде қалыптасқан сезімдер  адамда  өмір бойы сақталып, басқа адамдармен қарым-қатынастағы эмоционалды үндестігінен, ерекше  стилінен көрініп, отыратындығын зерттеулер нәтижелері  анықтаған». [6]

Сонымен балалар үйінде  тәрбиеленушілердің  психикалық дамуын қарастыра  келіп,аталған мекеменің  әр тәрбиешінің  жеке даралық  және жас ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы ұйымдасқан психологиялық қызмет көрсетуді талап етіп,айтуымызға болады.Себебі,жабық түрдегі  мекеме психологы балалардың  психикалық дамуындағы өзгерістерінің орнын басуға  мүмкіндік беретін  дамытушы, психокоррекциялық  бағдарламаларды  құруы балалар үйінде тәрбиеленушілердің көптеген  мәселелерін шешуге жол ашар еді.[4]

Осы мәселелерді шешуде негізгі екі көзқарас қалыптасқан.Бір жағынан,  балалар үйі мен мектеп-интернаттың балалары отбасында тәрбиеленетін балалардан ерекшеленбейді және олардың мәселелерін тек материалдық жағдайда жақсарту және оқу-тәрбие процесіне бірқалыпты жағдай туғызу арқылы шешуге болады десе,екінші жағынан,қазіргі таңда балалар үйінде және интернаттардағы балалардың дені сау емес,барлығы ауыр тұқым қуалаушылыққа негізделген соматикалық және психикалық аурулармен ауырады деген көзқарас қалыптасқан.Осы екі көзқарастың да шындыққа жақындайтын жерлері бар сияқты.[1]

Балалар үйі мен интернаттың тәрбиеленушілерінің ішінен жоғары оқу орындарына түсіп,түрлі салаларда қызмет атқарып,қоғамдық өмірге белесене араласып жатқандары бар екені белгілі.Дегенмен,қазіргі кездегі балалар үйіндегілердің барлығы бірдей  жетім балалар емес. Мұндай мекемелерде ата-аналық құқынан айырылғандардың балалары,жалғызбасты ата-аналардың балалары,ата-аналары тастап кеткен  балалар,ауруына байланысты әрекетке жарамсыз деп танылғандардың балалары,ата-анасы сотталып кеткендердің балалары,жетім және тастанды балалар тәрбиеленеді.Бұларды «әлеуметтік жетімдер» деп атайды.

Балалар үйінде тәрбиеленушілердің жиі жағдайда  өздерінің жеке құндылықтары жайлы ұғымдарының әлеуметтік беку жағдайлары жиі жағдайда жоқ болады, бұл терең эмоционалды дискомфортқа әкеліп соғады,  ал ол өз кезегінде агрессия мен мазасызданудың пайда болуына себепші болады.Мазасыздану дегеніміз,бұл болатын қауіп-қатерді күтуге орай эмоционалды дискомфортты бастан кешу жағдайы.[3]

Жалпы жетімдер үйінде,мектеп-интернаттарда оқыту процесімен қатар мазмұны бойынша түрліше тәрбие бағдарламасы жүзеге асады.Бұл тәрбие бағдарламасының негізгі міндеті-дене жағынан және адамгершілікке қабілетті, қазіргі таңдағы өмірге дербес түрде өмір сүре алатын адамды даярлау болып табылады.Бұл міндеттің практикалық шешілуі өте ұзақ және ұзақ мерзімді процесс.

Сондықтан да педагогикалық тұрғыдан бұл мәселе қазіргі уақытта әр-түрлі себептермен отбасынсыз қалған, жетім балалардың қоғамға бейімделуі, әлеуметтенуі үшін өзекті болып саналад

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.  Мақашқұлова Г. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің психикалық ерекшеліктері. // Қазақстан мектебі, 11-12/2005, 52-53 б.

2.  Прихожан А.М., Толстых Н.Н. Дети без семьи. М, 2000.

3.  Кащенко В.П. Педагогическая коррекция. М, 2005.

4.  Выготский Л.С. Проблема возрастной периодизации детского развития. //Выготский Л.С. Вопросы детской психологии. – СПб, 2007. С 3-21.

Прикрепите Вашу научную работу в виде файла Microsoft Word с расширением .doc или . rtf .  Ваши данные

Название секции: ПЕДАГОГИКА. Современные методы преподавания

Авторы: Ашимханова Г.С., Мусаева Н.Н., Мусабекова Б.Б.

Название работы: БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

Количество страниц: 3

Количество журналов(сборников): 1

Страна: Казахстан

Мобильный телефон: (700)416-20-86

Наука: ПЕ

Подсекция: 5

Сборник после публикации выслать на адрес

Почтовый индекс: 100022

Почтовый адрес: Орбита 1-й микрорайон , 11/1

Получатель : Мусаева Назерке

E-mail: Banu_asyl@mail.ru

Название (журнала)конферен