Педагогика. Современные методы  педагогики

Иманалиева  Жылдыз  Мусаевна 

Өзін-өзі  тану  пәнінің  мұғалімі

Ш.Уәлиханов  атындағы   №12  гимназия

 Алматы  қаласы, Қазақстан 

 

 

Оқыту  мен  оқу  сапасын  жақсартудың  негізгі  бағыты- интербелсенді  әдістерді  тиімді қолдану

         Қазіргі  таңда  қысқа мерзімде ақпараттың  көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игеретін және тәжірибеде бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді. Бұл талап білім саласында инновациялық өзгерістерге әкеліп, оқыту мен үйретудің негізі ретінде тұлғалық дамуды қарастыру, себебі динамика мен өзгерістерге толы ақпараттық  кезең  адамның білімді әрі білікті тұлғасына тәуелді, өйткені бұл дәуірдің идологиялық, экономикалық, әлеуметтік, саяси сұраныстары адамнан төмендегідей құзырлықтарды талап етеді:

- проблемаларды шешу және шешім қабылдау;

- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру, оларды дәлелдеу және

  қорғай білу;

- кез келген жағдайда ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу,   

  бірлесе жұмыс жасай білу;

- өмірде  көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын

  жалпы  адами  құндылықтармен байланыстыру;

- өздігімен  үйрене  білу, өз білімін әрқашан да дамытып отыру.

        Инновациялық технология оқу мен үйренудің негізін, ойлау мен рефлексияға  негізделген  интербелсенді әдістерді  құрайды.

         Ағылшын тілінен келген «interactiv» cөзі «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау»дегенді білдіреді, яғни интербелсенді әдістер – үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер.

         Басқаша  айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз   өзара әлеуметтік  қарым-қатынаста болу, бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал «интербелсенді оқу»  дегеніміз өзара  қарым-қатынасқа (коммуникацияға)  негізделген оқыту, диалог арқылы үйрену, үйрету, яғни «үйретуші-үйренуші»« үйренуші- үйренуші»« үйренуші-өзімен өзі» тұрғысынан жасалған қарым-қатынас: әңгіме, сұхбат, пікірлесу, бірлескен әрекеттер болып табылады.

Интербелсенді  оқытудың  мақсаттары:

    1.Орта қалыптастыру.

  -  Оқушы тіл үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін

     жағдайлар жасау;

  -  Оқушылар арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас

     орнату;

     - Оқушылар білімді дайын бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу,

2.     Әрекет арқылы үйрету

     - Оқушыларға  бөлімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде

     меңгерілетіндігін дәлелдеу;

-     Оқушыларды  белсенді әрекеттерге  баулып, олардың білім игеру

      әрекеттерін  ұйымдастыру

3.     Өмірмен байланыстыру 

     Интербелсенді оқыту  әдістемесіндегі білім игеру үдерісін ұйымдастыру жолдары :     

- Барлық  оқушыларға бірлескен таным үдерісіне белсенді араласуға

   мүмкіндік жасау;

- Әрбір оқушының  өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға

  салып, бірлесе талқылап, олар туралы өзара пікірлесу, ой толғауына   мүмкіндік жасау;

- Оқушылар  білімді өздігімен құрастыратын тілдік орта құру;

      Интербелсенді  оқыту - әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне  қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту  оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттер ретінде ретінде танылады.

      Интербелсенді әдісте оқушылар  төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:

- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

- ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;

- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

- пікір-таластарға  қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;

       Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар  келесі әрекеттерді атқаруға дайын болу керек:

- бірлескен  жұмыс;

- танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік  тұрғыдан  белсенділік таныту.

       Интербелсенді  оқыту  барысында оқушылар белсенді болуы, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз қөзқарасын дәлелдеуге, пікір-талас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді.

Интербелсенді  әдістемесінің  жұмыс түрлері мен әрекеттері:

- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, ұжымдық),   

- рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар,

- ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет,

  құжаттар, мұражай т.б.)

- презентациялар,

- тренингтер,

- интервью,

- сауалнама т.б.

     Интербелсенді әдістің ерекшеліктерін ескерсек, құрастырылған тапсырмаларды орындау оқушыларға  оқытылып отырған пәннің практикалық тұрғыдан қолдану нәтижесін, жемісін көруге мүмкіндік береді және қазақ тілін оқып үйренуге деген қызығушылығын  арттырады. Қазіргі таңда  бұл  интербелсенді әдісті өздерінің  педагогикалық жұмысында барлық  мұғалімдер қолданып жүр.

      Интербелсенді оқыту моделін пайдалану — өмірлік ситуацияларды моделдеуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады.  Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл  моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.

       Интербелсенді  оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып  жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі  қолданылады.

      Интербелсенді оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту тұрі. Осындай  мақсаттардың  бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын жасау. Интербелсенді  оқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және кері  байланыс жасауға мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үрдіс  өз-ара қолдау және сыныпта  қолайлы  орта  қалыптастыру атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.

      Сонымен, қазіргі әлем бойынша индустриялық  қоғамнан  интербелсенді қатынас жасауға, оны жүзеге асыратын ақпараттық қоғамға көшу үрдісі жүріп жатқанда, интербелсенді әдістерді тиімді қолдана білсек, оқушыларымызды  жаңа  ғасырдың білікті, бәсекеге қабілетті, білімді, ақыл-ойы дамыған азаматы етіп даярлай  аламыз.