F:\NPB_9002+.jpgПедагогика. Современные  методы  педагогики

Жалпы  білім  беретін  пәндер  оқытушысы

Байжанова Гаухар Оспанқызы

Орталықазия техника-экономикалық колледжі

Алматы  қаласы, Қазақстан

 

 

Сабақты  ұйымдастыру және бақылау ұсынымдары

Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. «Түрлері» деген ұғым латын тілінен аударғанда «fоrmа» сыртқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық-белгілі орныққан тәртіп. Яғни «түрлері» ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі-оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарға оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады.

Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылармен оқытушының қарым-қатынасы. 

Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-оқытушының қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-эрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас.

Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.        Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты.

Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі. Оқушының саны мен құрамы, жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді:
• жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді, сабақтан тыс уақытта);
• жеке-жұптық (оқушы – оқушы, оқытушы мен  оқушының қарым- катынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқындалады);
• жеке-топтық топ колледжде  жұмыс істейді, бірақ бір колледже оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).
• Өзара бірлесіп оқыту, (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, атауы-беланкастер жүйесі);
• Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне карай өтіледі (Мангейм жүйесі);
• Американдык «Винетка-жоспар», «Трампа-жоспар» және т.б.
• Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс және т.б.).
        Сынып дегеніміз-жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар оқытушының тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын ХҮІІ ғасырда – атақты чех педагогы Ян Амос Коменский жасаған. Басқа оқытудың түрлерімен салыстырғанда, сыныпты-сабақ жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап өтуге болады; сабақ құрылымын тиімді етіп құру, барлық оқу тәрбие үрдісін тәртіптеуді қамтамасыз ету, оны қарапайым дәрежеде басқару, оқу мәселесін талқылағанда, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін пайдалану, белгілі міндеттерді шешу барысында ұжымдық ізденіс жасау, уақыт үнемдеу, сабақ үстінде әр оқушының рухани санасын арттыруға құлшынысының бәсекеге түсуі, жүйелілікті және кезеңдік реттілікті жүзеге асырып, оның одан әрі дамуына, білімсіздіктен білімділікке жетіліп отыруына ұмтылу. Бұл оқытудың түрінде де кемшіліктер кездеседі: сыныптық-сабақ жүйесі үлгерімі орташа деңгейдегі оқушыға бағытталған, сөйтіп, бір жағынан үлгерімі нашар деңгейдегі оқушының қабілеті жетпейтін күрделі тапсырмалар келсе, екінші жағынан өте талапты оқушылар үшін ыңғайланған оқу объектісі болмайды, әр оқушының жеке қабілеті ескерілмейді, нәтижесінде, оқытушы осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты ұйымдастыру амалын қарастыруы көзделеді және оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл межелей алу шеберлігі болуы талап етіледі. Бәрін есептей келгенде, әрине сыныптық- сабақ жүйесі тұрақталып, жаппай озық іс-тәжірибелер жинақталады деуге дәлеліміз бар. Жастары бір шамадағы сынып оқушыларын бірге оқуының тағы бір жағымды тұсы- ол оқушылардың ұйымдасқан анықтықты және үзіліссіз оқу жұмысын, сонымен қатар міндетті оқу мен сабақтан тыс жұмысты қамтамасыз етеді. Сыныптық – сабақ жүйесі өзіне көптеген оқу үрдісін ұйымдастырудың бірқатар кешендерін қосып алады. Оған жататындар: экскурсия, оқу шеберханасындағы сабақтар, тәжірибелер, еңбек және өндіріс түрлері, сыныптан тыс жұмыстардың түрлері (пән үйірмелері, студия, ғылыми қоғамы, олимпиада, байқаулар, конференциялар). Оқытудың осы түрі ауқымында жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке даралап және саралап оқыту немесе қарапайым мазмұндағы түрлері ұйымдастырылады.

Жоғарыда жіктелген оқытуды ұйымдастырудың түрлеріне жататын ерекшеліктің бірі – кез келген оқушының оқу еңбегіне үйретеді: тыңдауға, ұжымдық іс-әрекетте берілген сұрақты талқылауға, өзінің жұмысын ұйымдастыруға, өзінің пікірін айтуға, басқаны тыңдауға, олардың жасаған ой тұжырымы мен дәлелдемелерімен келісетінін, немесе оған өздерінің дәйектемелерін дәлелдеп қарсы тұжырым құруға, басқаның ой түйінін толықтыруға, конспект жазуға, баяндама мәтіндерін жинақтауға, библиография құрастыруға, білім көздерімен жұмыс істеуге, өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға, берілген уақытта жұмысын аяқтай білуге және т.б. топтық жұмыста оқушылар қош басылық қызметкерлік, бағынбаушылық іс-әрекетті ұйымдастыру элементтерін меңгереді, үлкендер ортасымен, жалпы өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастырады-табиғи іскерлікке, өндірістік және әлеуметтік қарым-қатынасқа, өмірге бейімделеді.  

Оқытуды ұйымдастырудың түрінде оқушылардың тәрбиесі үлкен рөл атқарады, мұндай іс-әрекетте тұлғаның өзін-өзі басқару жағы басымдылыққа ие болады.

Сыныптық -сабақ жүйесін оқытуды ұйымдастырудың ең қайнар көзі болып табылады. Оқытудың бұл түрі жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған және тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда іс-тәжірибеде қолданылады. Сондықтан ол оқу-тәрбие үрдісінің барлық компоненттерін қамтиды: мақсат, мазмұн құрал, әдістер, ұйымдастыру мен басқару қызметі, оның дидактикалық элементтері.

Сабақтың маңызы мен берілу мәні сабақ үрдісінде біртұтастық динамикалық жүйеге саяды, сөйтіп, ұжымдықтан-жеке, яғни оқытушының оқушыға, нәтижесінде, оқушының білім меңгеруі оның икемі мен қабілетіне сәйкестеніп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибеде сұрыпталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса; екінші жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шыңдалады. Нәтижесінде, сабақ түрлері сапасында оқыту үрдісін алға жылжытады, ал екінші жағынан оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде рол атқарады, оқытушының сабақты ұйымдастырудың негізгі талаптарын айқындайды, мұның бәрі дерлік оқытудың заңдары мен прицинциптерін тұйындайды.

Сабақ – педагогтік шығармашылықта құрылады және сондықтан да ол біртұтастық жүйемен оқшаулануға тиіс. Кіші бөліктердің өзара іштей байланысы бірігіп, оқушылар мен оқытушының іс-әрекеті дамуының бір тектес логикаға бейімделуіне бағыт жасайды.

Сабақтың талабын орындау мен оны түсінуге байланысты, мұның өзі әлеуметтік сұранымға қатысты анықталып, оқушылардың жеке басының қажетсінуіне орай құрылады, оқыту мақсаты, міндеттері, заңдары мен принциптері басшылыққа алынып, жоғарыдағы іс-әрекеттің мазмұнын айқындайды. Жалпы талаптардың ішінде, бүгінгі сабаққа сәйкес келетін, болып қарауға болатын жіктеме төмендегідей: (И.П.Подласый)

- ғылым жетістіктерінің жаңа түрін озық іс тәжірибені, оқу-тәрбие үрдісінің негізгі заңдарына құрылған сабақты;

- сабақты өту үрдісінде, барлық дидактикалық принциптер мен ережелер;
          - оқушылардың санасын қалыптастыруға әсер етерлік, пәнаралық байланысты;
          - бұрынғы білімнің байланыстыруға, оны меңгеруде икем-қабілетін және оқушылардың білім сапасын арттыру барысындағы тіректік құғымдарға сілтеме жасау;

 - тұлғаны жан-жақты дамытудың белсенді және түрінің қажеттілігі; - педагог оқу-құралдарын ұтымды қолдануы;

- алған білімнің, өндірістік қызметпен, оқушының жеке іс-тәжірибесімен байланысты жүзеге асыруы;
         - білімнің, икемнің, қабілетін тәжірибеде қалыптастыру, оны ойлау – амалы мен іс-әрекетке тиімді қолдануы; - сабақты диагностикалау, жоспарлау, жобалау және болжау алуы.
      Әрбір сабақ тұтас педагогтың процестің функциясын жүзеге асыруға бағытталған: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Соның нәтижесінде сабақ көпжоспарлы, құрылымы әр түрлі болып келуі мүмкін.

 Сабақ элементтері, ішінара бөліктердің өзара біртұтастығында аталған заңдар жүзеге асады, өзектілігі анықталып, оқушылардың жаңа ұғымдық түсініктер қалыптасады, сөйтіп, іс-әрекет тәсілдерін меңгеріп оны тәжірибеде қолдануға төселеді.

Педагогикалық жүйеде бұлар оқытудың кезеңдері сияқты, негізгісі, өзгертуге болмайтын, әр сабақта дидактикалық бірліктегі міндеттерді жинақтап, сабақтың дидактикалық құрылымының компоненті сапасында келеді. Міне, осы компоненттер сабаққа қажетті шарттар мен бағдарламалық материалдарды меңгеруге жеткілікті біліктілік пен икем, қабілеттерді және оқушылардың ойлау әрекетінің белсенділігін өздігінен қалыптастыру, олардың өмірге бейімделуге және интеллектуалдық қабілетін дамыту – оқушыларды өмірге бейімделуге және еңбек етуге жаттықтыруға тиісті қадам.

Оқытудың мақсаты – дамытудың қоғамдық – тарих тәжірибесінің жан – жақтарын: білімдер мен іскерліктері, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге бағытталған оқытушының педагогикалық әрекеті мен оқушының оқу-танымдық өзара бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтиже. Жалпы мақсатта қоғам ғылымның, техникалық, сондай-ақ өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына сәйкес кетеді.

Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б.  Қазіргі заманда еліміз білім ордасы тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған емес. Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен оқушыларға игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды  тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.  

Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады. Олар – жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың əрбірі оқытушы  мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-əрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан жəне сападағы көрініс береді. 

Сабақ  құрылымы – бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-қатынасқа келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым əрқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тəуелді.