Педагогика. Современные методы преподавания
Буранбаева
Гаухар Абдикаримовна
Бастауыш сынып
мұғалімі
Ш.Уәлиханов
атындағы №12 гимназия Алматы қаласы, Қазақстан
Функционалдық сауаттылық-
білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары
Еліміз үшін
маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында
тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл
тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға
қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып
табылады. Бұл функционалдық
дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Елбасы
бастамасымен өмірге келген «Функционалдық сауаттылық
бойынша «Ұлттық
жоспардың» маңызы ерекше.
Оның негізгі мақсаты –
оқушылардың
білімдерін өмірде тиімді
қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын
түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық
көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін
мектептерде Қазақстан
Республикасының зияткерлік, дене және рухани
тұрғысынан дамыған
азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы
әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім
алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары мектеп
оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту процесін
мазмұндық, оқу-әдістемелік,
материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі
іс-шаралар кешенін қамтиды. Ұлттық жоспар
Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің
негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының
мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін
қамтамасыз етуге арналған.
«Функционалдық
сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен
ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды
және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді.
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім
берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат
қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның
әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі.
Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық
сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси
және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына,
сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық
факторлардың біріне айналуда.
Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал
халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі
Экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15
жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer
for International Student Assessment – РІSА) болып табылады. РІSА 15
жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін,
іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің
әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық
қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік
міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.
РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім
берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап
құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған
деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері
ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі,
оқыту тілі, отбасының және т.б әлеуметтік
мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру
жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.
РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық
сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы
сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми
сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет)
жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық
сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар
аударылады. РІSА бағдарламасының фокусында 2009 жылы оқу сауаттылығы
болды.
2009 жылы Қазақстан РІSА зерттеуіне бірінші рет қатысты.
Нәтижелер мыналарды дәлелдейді:
1.қандай да бір күрделі оқу мәтіндерін дәл
пайдаланып, олардың көмегімен күнделікті жағдайларда
бағдар алуға әзір қазақстандық
оқушылардың үлесі - оқу сауаттылығын
зерттеуге қатысушылар санының 5%-ын құрайды (ЭЫДҰ
елдері бойынша орташа көрсеткіш – 28,6%);
2) нақты бір жағдай үшін нақты модельдермен тиімді
жұмыс жасауға, әртүрлі тапсырмаларды дамыту мен
кіріктіруге әзір қазақстандық оқушылардың
үлесі – математикалық сауаттылықты зерттеуге
қатысушылар санының 4,2%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері
бойынша орташа көрсеткіш – 16% қатысушы);
3) жаратылыстану ғылымдарының рөлі туралы қорытынды
жасауды талап ететін тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі
жаратылыстану пәндерінен түсініктемелерді таңдауға
және біріктіруге, осы түсініктерді өмірлік
жағдаяттарға тікелей қолдануға дайын
қазақстандық оқушылардың үлесі - жаратылыстану
ғылыми сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының
3,6%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш –
20,5%).
Қазіргі уақытта да TIMSS зерттеулерінде
қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелер
көрсетуде.
Осылайша, Қазақстанның PISA мен TIMSS-қа
қатысу нәтижесі республикадағы жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің мықты
пәндік білім беретіндігін, бірақ
оны нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға бағыттамайтындығын көрсетеді..
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамыту қазіргі 11 жылдық білім
беру сияқты, 12 жылдық мектептің «Мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартын» (МЖБС) жаңарту
шеңберінде білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалады.
Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту
нәтижесі білім алушылардың алған білімдерін практикалық
жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде
сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі
құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Негізгі
құзыреттілік - бұл мемлекеттің орта мектепті бітіруші
тұлғаның сапасына МЖБС-да және оқу
бағдарламаларында көрсетілген білім беру нәтижелері
түрінде қоятын талаптары.
Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі
құзыреттіліктері белгіленген:
Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);
Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке
қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі);
Коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет)
тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас
жасауға қабілеті);
Әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға
қабілеті);
Тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі
жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі
анықтау, төзімді болу қабілеті);
Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени
ұқсастық негізінде өзінің отаны үшін
жауапкершілікті сезіну қабілеті);
Технологиялық (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды,
оның ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану
қабілеті).
Оқыту нысаны мен әдістерін жаңарту елдегі жалпы білім
беретін мектептерге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін
тарату және баланың оқуға
қызығушылығын тудыратын қазіргі заманғы білім
беру технологияларын пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі.
Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған
білімін оқу және практикалық қызметте пайдалана алуын
қамтамасыз ететін логикалық, конструктивті және сыни
тұрғыда ойлау негіздерін қалыптастыру үшін
оқытудың тиімді нысандары мен әдістері енгізілетін болады.
Интерактивті, инновациялық, жобалық-зерттеу технологияларын
пайдалана отырып, сынып ұжымын жаппай оқыту нысанынан әрбір
оқушының жеке білім беру аймағын іске асыруға ауысу
қамтамасыз етіледі.
Оқушыларға басы
артық абстрактілі-теориялық білім мен тапсырмалар берілмей,
оқу процесін неғұрлым икемді етіп, практикалық бағыттауға көп мүмкіндік беріледі.
Оқыту нысандары мен әдістерінің түбегейлі
жаңашылдығы мұғалім мен оқушы арасындағы
әріптестік және достық
қарым-қатынастың
орнауына ықпал ете алды.