Қанатқалиева Гүлбаршын
Тасқалиевна,
тарих пәнінің I санатты
мұғалімі,
I
деңгей бітірген мұғалім,
№44 жалпы білім беретін мектеп,
Орал қаласы, БҚО
Тарих
сабақтарында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясын
қолдану – тарихи
тұрғыдан ойлауды қалыптастырудың тиімді әдісі
Бүгінгі
замануи мектеп – уақыт пен кеңістікте жылдам да
қарқынды дамып келе жатқан арна. Соңғы жылдары
оның даму жолы мүлдем өзгерді деуге болады:
педагогикалық
технологиялардың ішінде бірінші орында жүйелі
шығармашылық қарым-қатынас орнату көзделуде;
жеке
тұлғаны тәрбиелеуде дені сау, бай, бәсекеге
қабілетті, өмірдегі кез келген жағдайға бейімделе
алатын, өмірдегі өз орнын тауып, жаңалыққа
құмар, өзгерістерге бейім жеке тұлға
тәрбиелеу басты мақсат болып отыр;
заманауи
мұғалім, бұл – әрбір оқушының
үйренуден, өзін-өзі үйретуіне, тәрбиелеуден
өзін-өзі тәрбиелеуіне, дамыттудан өзін-өзі
дамытуына мүмкіндік беретін оқу және тәрбие шаарттарын
қамтамасыз ететін мұғалім.
Осыған байланысты
өзімнің педагогикалық қызметімнің негізгі
мақсаты өзін-өзі дамытуға қабілетті,
шығармашылық тұрғысынан ойлай білетін жеке
тұлға қалыптастыру деп санаймын. Сабақтарда және
сабақтан тыс уақыттарда мен оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып,
дамытуға, логикалық ойлай білуге және өмірге бейімделуге
үйретуге, алға қойған міндеттерін өз беттерімен
шешуге үйретуге тырысамын. Білім беру үрдісіндегі менің
рөлім – тек ақпарат көзі болмай, танымдық
қызметтерін ұйымдастыруда дұрыс бағыт беріп, жол
көрсететін басшы болу.
Қойған мақсатыма
сәйкес мынадай міндеттерді орындауды көздеймін:
әр
оқушының тұлға ретінде өсуіне жағадай
жасау;
заманауи
педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың
танымдық белсенділіктерін арттыру;
сыни
тұрғыдан ойлап, талқылай білу дағдыларын дамыту,
яғни тарихи оқиғаларға әр қырынан
баға беру, мен – заманауи адаммын, мен – қатысушымын, мен –
тарихшы-ғалыммын, мен – сыншымын;
жобалар,
электронды тұсаукесерлер, ғылыми-зерттеу жұмыстары,
тақырыптық иллюстрациялар, т.б.сияқты жеке және
ұжымдық шығармашылық өнімдерін құрастыру
арқылы оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
Бұл
бағыттар менің ішкі, кәсіби қажеттілігімді, тарихты
оқытуға арналған тиімді әдістерді, заманауи
педагогикалық технологияларды табуға деген талпынысымды
шарттандырды. Өзімнің аз ғана педагогикалық
қызметімде білім беру мазмұнын, соның ішінде тарихты
оқытуды да, жаңартуды көптеген міндеттерді шешуге
мүмкіндік беретін бірден-бір технология – сыни тұрғыдан
ойлауды дамыту технологиясы деген шешімге келдім.
Тарих
және қоғамтану пәндерін оқыту үрдісінде
сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы оқушылардың
сыни тұрғыдан тұрғыдан талдау дағдыларын
дамытуға, өз бетімен жұмыс істеу деңгейін
көтеруге, оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алуды
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Технологияны қолдану топпен
жұмыс істеу біліктерін дамытуға, ақпаратты өз
беттерімен жүйелей білуге мүмкіндік береді.
Технологияның
бұлай аталуы біреулердің үрейін туғызуы мүмкін,
«сын» деген сөздің өзін біз адам үшін адам үшін
ренішпен қабылданатын ұғым ретінде қабылдаймыз. Ал
негізінде «сыни тұрғыдан ойлау» ұғымы бойынша
бірыңғай көзқарастың жоқтығына
қарамастан, аталған технологияны құрастырушылар
бұл ұғымның мағынасын бере отырып, ойлай білу,
жаңа идеяларды қозғай білу және жеке
мүмкіндіктерін кеңейте білу.
Технология
оқыту үрдісін үш кезеңде (құрылымда)
ұйымдастыруды көздейді:
1) ой
шақыру кезеңі;
2)
мағынаны тану кезеңі;
3) рефлексия
кезеңі, бұл техногогияның жекелеген әдістерін
бастапқыда сабақтың әр түрлі кезеңдерінде
ққолданып жүрдім.
Кластер –
негізгі тақырыптың
төңірегіндегі қажетті мағыналық
бірліктерді жинақтау. Кластерді тақтаға сызамын,
тақырыбы – ортасында, мағыналық бірліктер – айналасында.
Бұл әдісті сабақтың басында, үй тапсырмасын
тексеру кезінде қолданған тиімді деп санаймын. Әйтсе де,
бұл сабақтың кез келген кезеңінде де қолдана
беруге болады. Дөңгелектер мен доға сызықтар ішіне
оқушылар мағыналық бірліктерді жазады(сөздер немесе
сөз тіркестері). Бұл білімді жүйелеуге көмектеседі.
Кластер құру барысында дұрыс емес мағыналық
бірліктер болып қалуы мүмкін, мен оларды тақтада
қалдырамын. Кейін оларға қайта ораламын. Саба
қабарысында оқушылар өз қателерін көріп,
түзейтін жағдайлар болуы мүмкін немесе мен олардың назарын
соған аударуға тырысамын. Сонымен, мен бұл әдісті ой
шақыру немесе рефлексия кезінде қолданамын, кластер
оқушының бар білімін жүйелеуге мүмкіндік береді.
Менің ойымша, кластерді топпен ғана емес, жекелей де
құрастыруға болады, сонда оқушыға
өзінің жеке мағыналық
бірліктерін ұсынуға мүмкіндік туады. Кластердің
үлгісі төмендегідей болады:
Кластермен
жұмысты аяқтау үшін, мен мағыналық бірлік тер
арасындағы логикалық, себеп-салдарлық байланыстарды
анықтауға арналған тапсырмаларға көшемін.
Тақтада жекелеген
мағыналық бірліктер сызықшалармен біріктіріледі. Кластерден
басқа мен «жуан» және «жіңішке» сұрақтар
әдісін қолданамын. Әдетте, қолданып жүрген
сұрақтардың кестесін ұсынамын:
|
«Жуан» сұрақтар |
«Жіңішке» сұрақтар |
|
1.Неге екенін түсіндірсеңіз? |
1. Кім? |
|
2.Сіз қалай ойлайсыз? |
2. Не? |
|
3.... несімен ерекшеленеді? |
3. ... Сіз келісесіз бе? |
|
4.Сіз неге мұндай қорытынды шығардыңыз? |
4. ... бола ма? |
|
5.Басқаша болуы мүмкін бе еді, ойлаңызшы... |
5. Қашан? |
|
6.Егер ....,
не болатын еді? Бұл сұрақтарға толық жауап беру керек. |
6. ...
дұрыс па? Бұл сұрақтарға бір сөйлеммен жауап беруге болады. |
Бұл әдісті сабақтың
кез келген кезеңінде жүзеге асыруға болады, өздік
және үй тапсырмасы ретінде де қолдануға болады.
Аталған әдісті жүйелі түрде қолдану оқушыларды
сауатты түрде сұрақ қойып, күрделілігін тании
білуге үйретеді. Сұрақтар мен жауаптар кесте түрінде
немесе ауызша орындалуы мүмкін.
Жаңа тақырыпты
оқытуда, оқулықтағы мәтінді немесе тарихи
құжатты оқу кезінде оқушылар жолақ сызықты
белгі қоюлары керек. «V» - оқушы
өзіне белгілі ақпаратты кездестірді, «+» - ол жаңа
нәрсені білді, «-» - бұрын басқаша ойлаған болатын, «?»
- түсінбеді, ақпаратты меңгермеді. «Инсерт» атауының
өзі өзін-өзі белсенділендіретін, жүйелейтін
қабілеттерді ашып, оқушының мәтінді тек оқып қоймай,
мәтін бойынша ой жүйелеп, талдай білуіне мүмкіндік береді.
Бұл тәсілді рефлексия кезінде де қолдануға болады,
мұнда оқушылар мәтінмен немесе құжатпен жұмыс істей отырып, нәтижелерін
кестеге толтырады.
|
«V» - мен мұны бұрын білдім. |
«+» - мен үшін жаңа ақпарат. |
«-» - басқаша ойладым. |
«?»- түсінбедім, меңгере алмадым. |
|
|
|
|
|
Рефлексия
кезінде мұндай кестені жұппен, топпен немесе жеке толтыруға
болады. Меніңше, жекелей жұмыс істеген тиімдірек, оқушы
топтың ықпалында болмайды, яғни тақырыпқа,
мәселеге байланысты өз көзқарасын білдіруіне
мүмкіндігі бар.
Сонымен, бұл технология және
оның жекелеген тәсілдері сабақ барысында .
оқушылардың сыни, тарихи тұрғыдан ойлай білу
дағдыларын дамытып, танымдық
қызығушылықтарын
қалыптастырады. Бұл тәсілдерді сабақтан тыс
шараларда да қолдану керек, сол арқылы сабақта алған
білік-дағдыларын толықтыра түседі, тұлғалық
өсуіне мүмкіндік артады. СТОРТ қолдану кезінде бала
ұжымнан бөлінбейді, жұмысқа ынталанып, сабақта
қойылған міндеттерді, мәселелерді шешуге белсенді
қатысуға тырысады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Дулама Мария
Элиза. Кластеры как форма организации мышления. //lib. 1september/ru htm
2. Загашев
И.О., Заир-Бек С.И., Муштавинская И.В. Учим детей мыслить критически.- СПб:
Изд-во «Альянс-Дельта», 2003.
3. Загашев
И.О., Заир-Бек С.И. Критическое мышление: технология развития. Издательство
«Скифия», «Альянс – Дельта». СПб. 2003г.