Абугалиев
Б.Н., Дуванбеков Р.С., Абилов Т.К.
Магистрлар,
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫН
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Бүгінгі қазақ мектептерінде
ұлттық ойындарды дене шынықтыру пәнінде пайдалану,
ұлттық дәстүрлерді жастардың санасына дене
тәрбиесі арқылы сіңірумен бірге, халықтың
ғасырлар бойы тірнектеп жинаған рухани байлығын бүгінгі
заман талабына сай іске қосудың тиімді бір жолы және
ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мен олардың
үндестігін сақтаудың тәсілі [1].
Бұл барлық ұлттардың ойындарына
тән қасиет. Сондықтан олардың барлығы да
ұлттық ойындарды дене тәрбиесінің құралы
деп біледі. Қазақ халқының ұлттық ойындары,
қолданыс ауқымы жағынан диапозоны кең,
әржақты болып келеді. Оған себеп болған, әсіресе,
көшпелі тұрмысы мен шаруашылық, экономикалық
ортасының әсері. Көшпелілер мәдениетінің
көш басында тұрған халқымыз өзіндік ерекшелігі
бар мәдени орта жасай білген.
Сол халық жасаған бай мұраның бір
айырықша бөлігінің сыбағалы салмағы дене шынықтырудың
үлесіне тиеді. Ұлттық ойындардың шығу, жасалу
тегінің өзі белгілі бір мақсат бірлестігін, тек
көңіл көтеру, көз қуанышы ретінде қызметі ғана
емес, адамға тән қасиеттерді тұтас алып дамытуға
меңзейтінін көрсетеді. Сондықтан мұнда ойын - сауық
тұрмыс - салтпен байланысты да, адамның денесін шынықтырып,
спорттың небір қиын көп жаттығатын түрлері де,
адам ойын шыңдап ой жаттықтырушысы қызметін
атқаратындарды да жетерлік. Сонымен ұлттық ойындар
басқа жұрттағыдай тек дене шынықтыру құралы ғана емес,
бүкіл адами болмыстың даму, қалыптасу негізін
құрайтын өнер бастаудың да негізі екенін айтуға
тиіспіз.
Ұлттық ойындар ұзақ
сұрыпталып, біздің заманымызға дейін жеткен халық
мұрасы ретінде, әрбір адамның қажетіне жарарлық
қалыпқа түсіп, тек дене шынықтырып, адамды дене
жағынан ғана жетілдіріп қоймайды, оның адам
тәрбиесіне әсері, тигізер пайдасы мол. Ұлттық
ойынның қасиеттерін бүгінгі мектептерде дұрыс, ретті
пайдалана білу, ұлтқа тән қасиеттерді мектептің
жас буын шәкірттерінің бойына сіңіру, өзі
шыққан ортаның қадір - қасиетін ерте біліп,
тілін, өз халқына тән имандылық қасиетін,
дәстүрін, әдеп - ғұрпын, салт-санасын мектеп
қабырғасында
қабылдауға мүмкіншілік береді.
Сондықтан дене шынықтыру
мұғалімдеріне мектеп
бағдарламасын шығармашылықпен жұмыс істеуді
жүктейді. Ұлттық ойын, сондай-ақ, ойын атаулының
бәрі де жас адамға үйлесе білуді, өз бетімен ойлап
шешім қабылдай алатын, қиын жағдайлардан жол тауып
дұрыс шыға білетін, үнемі ойлау мен әрекетті әдет
еткен, дене, ақыл - ойы бірдей жетілген адамдарды әзірлеуге негізделген [2].
Дене шынықтыру
мұғалімдері бүгінгі осы мүмкіншіліктерді
дұрыс пайдаланып, оқу жылының басында күнтізбелік
жоспар жасағанда, ұлттық ойындарды алдын-ала есепке алып,
өз мектептерінің орналасқан географиялық орындарына сай
ауа райын есепке ала отырып белгіленулері керек. Сонымен бірге, бүгінгі
өтпелі кезеңде мектептің жағдайы да әр жерде
әр түрлі. Бұл жағдайда дер кезінде есепке алу, дене
шынықтыру сабақтарын дәйекті өткізуге толық
мүмкіншілік жасайды.
Ұлттық ойынды мұғалім сабақ
барысында пайдалану үшін оны не мақсатпен пайдаланатынын
анық, айқын біліп, түсіндіріп, сезінуі мен бірге, өзі сабақта
қолданғалы отырған ұлттық ойынды жақсы
біліп, одан шығатын нәтижені күн ілгері санасында жобалап
алғаны дұрыс.
Ұлттық
ойынды сабақтың барысында қолданудың негізі - дене
шынықтыру сабағының сапасын жақсарту үшін,
мұғалім өзінің
алдына қойған мақсатына жетудің жолын жеңілдету
үшін пайдаланады. Сондықтан
ол дене шынықтыру сабағында оқушылардың
ұғымын жетілдіріп, табысқа жеткізудің мүмкіншіліктері
оңайлатылатын сабақ тәсілдері мен түрлерін
іздестіреді. Мұғалім алғашқы бірнеше сабақ бойы
ойыннан негізгі материалға, одан
қайта ойынға көшіп,
қайтадан негізгі материалға өтеді де, сабақты ойынмен
аяқтайды. Бұл әрине, мұғалімнің
шеберлігіне, сабаққа мұқият әзірлігіне
байланысты. Ұлттық ойындарын сабақтың ортасында
пайдалану дене шынықтыру сабағындағы арнайы материалдарды
дұрыс қабылдап түсініп ұғынуына негізделеді.
Оқушылардың назарын сабаққа
аудару үшін мұғалім сабақтың ортасында 5-10 минут
оларды еліктіріп, қызығушылығын туғызатын
қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарын
ойнатып, олардың назарын бір мақсатқа бағыттап, осының негізінде пайда
болған ерік - жігерлерін негізгі материалдарға аударады. Ал, ойынды
сабақтың аяғында, көбінесе оқушылар негізгі
оқу материалдарын меңгерген кезде қолдануға болады.
Әсіресе, сабақ бітерге 5-10 минут қалғанда біртіндеп
ойынға көшкен жөн. Сабақтың аяғында ойын
элементтерін пайдалану, әсіресе, дене шынықтыру сабақтары
оқу кестесінің аяғында келгенде жүргізіледі. Дене
шынықтыру сабағы оқу кестесінің орта тұсына
орналасқанда, көбінесе баяу қозғалмалы ойындарды
пайдаланған жөн. Өйткені, оқушылардың
үзіліс кезінде байсалды дем алуларына, келесі сабаққа
нұқсан келмеуін ескеру дұрыс.
“Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала
өмірге әзірленеді” деген П.Ф. Лесгафтың пікіріне
көңіл бөле отырып, біз мектеп табалдырығын алғаш
аттап отырған оқушылардың дене шынықтыру сабағын
сүйіп оқуына көңілдерін аударып, дағдыларын
қалыптастыруды мақсат ете отырып, ұлттық ойындарды
тәрбие құралына айналдыруды дұрыс деп таптық [3].
Ұлттық ойындардың бір ерекшелігі - олардың
басым көпшілігі ешбір затты қажет етпейтіндігі. Сондықтан оны қалаған жерде өткізе беруге болады.
Күздің құрғақ, ашық күндерінде
таза ауада өткізілсе, қыста мектептің спорт залында
өтеді. “Қасқыр қақпан” ойынында дене
қимылына жүру, тізені бүгу, қолды көтеру,
мойынды, иықты қозғау секілді адамның денесінің
шыңдалуына әсер ететін, қан тамырларының,
жүрегінің соғысын жиілететін әсерлер, айла-амал
қолдану, жеңіске деген ұмтылыс, бәсеке жарыс
элементтері де кездеседі. Сонымен бірге, ойынның өлеңмен
айтылатын тұстары оқушыларға әсер беріп көңіл күйлерін
көтеріп, топ құрып, топтасып, топқа бөлініп
мұғалімнің берген командасын орындай білуге
дағдыландырады. Бұл оқушылардың білуге, білмекке
құштарлығын арттырады. Ойлау жүйелерін
қалыптастырады. Өмірдің қарама-қарсы
күштерден тұратынын аңғаруға баулиды. Денелерін
шынықтырып, өмірге жастайынан әзір болуға дайындайды.
”Қасқыр қақпан”
ұлттық ойынын таңдап алудағы негізгі мақсат,
біріншіден, ойында балалардың тілін, ақыл-ой өрісін, есте
сақтау қабілетін дамыту, оларды еліктіріп- қызықтыру.
Екіншіден, осы ойын арқылы оқушыларда ұйымшылдық,
патриоттық сезім қалыптастыру. Үшіншіден, дене
тәрбиесіне байланысты сапқа тұру, шеңбер болып,
қол ұстасып тұру, ойындағы қимыл бірлігі,
бұйрықпен қозғалу, бір адамға бағынып,
тыңдай білу сияқты қарапайым дағдыларды
қалыптастыру. Бұл ойынды күрделендіре отырып 3-4 сыныптарда
да қолдануға болады.
Сонымен қатар, ауыл
мектептерi оқушыларының арасында тараған
қазақтың қозғалмалы ойындарының көп
түрлiлiгi, олардың ауылдық спорт базасында
қамтылмағандығын ескере отырып (спорт алаңдары, спорт
залы, құрал-жабдықтары, құрал-жабдықтары),
мектеп бағдарламалары бойынша сабақтарда кеңiнен
қолдану дене тәрбиесi жүйесiнде оқушыларға
негiзгi мағына берiп, «Президенттiк сынама» нормаларын тапсыруға
дайындық жасайды.
Ұлттық ойындарды өмірден бөліп
алып қарауға болмайды. Адам
өмірінде кездесетін сан түрлі құбылыс осы
ұлттық ойынмен астасып, тоғысып жатады. Сондықтан
ұлттық ойындардың өміршеңдігі, оның
үнемі жаңарып, өзгеріп, құбылып отыратыны
ұрпақтың ауысып жаңарып отыруына да байланысты.
Ұлттық ойындар өзінің ұлттық негіздерін
сақтай отырып, ұрпақ жаңарған сайын
жаңарып, жаңа формалармен түрленіп, өзгеріске
ұшырап отырады. Осындай жағдайда өзгеріп қана
қоймай, кейбіреуі керексіз
болып, ұмытылып қалатындары да кездеседі. Ол оның мүлде
керексіздігінен емес, әлеуметтік ортаның, саяси-идеологиялық
ахуалдың өзгеруіне де байланысты. Бұл ойындардың
бәрінен көретініміз ұлттық ойындары әуел бастан
әлеуметтік өмірдің алуан саласын қамтып, сол
әлеуметке қызмет ету үшін жасалған. Демек,
тарихтың ұзақ-сонар жолында, түркі халықтары
өмірдің алуан жолдарынан өтті.
Олай болса ұлттық ойындарды әрі оқу, әрі тәрбие
құралы, пән аралық байланыстың дәнекері
болады деп айта аламыз.
Бұл жерде
біз ұлттық ойындарды пән аралық байланыс
құралы ретінде ала отырып, ұлттық ойындардың
әмбебап қасиеті ашыла түсеміз. Ол педагогика пәніне тән
категориялардың бәріне бірдей қызмет ететінін көреміз.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Қанағатов Е.Б. Ұлтық спорт
түрлерінің тәсілдері арқылы жастардың салауатты
өмір салын қалыптастару әдістемесі. п.ғ.к. дисс.,
13.00.04: - Алматы, -2008-111б.
2. Тойлыбаев
Б.А. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесiн беруде
халықтық педагогика элементтерiн пайдалану. п.ғ.к. дисс. Авторефераты,
13.00.04: - Алматы, 1995. – 23 б.
3. Асарбаев
А.К. Этнопедагогика ерекшелiктерiне сәйкес дене шынықтыру
жүйесiн жетiлдiруге арналған тұлға қарымы
бағдарламасы. //Бастауыш мектеп. Алматы, 2002 ж. 7-9 б.