Калиева Нургайша Махуетовна,
№25 ЖББОМ, Орал қаласы,
Батыс Қазақстан облысы
Бастауыш сыныпта сыни тұрғыдан дамыта оқытуды қолдану
Қазіргі
заманауи өмір мамандық ауыстыру, экономика сияқты
қоршаған ортаның тез арада өзгеріп жатқан
шарттарына сәйкес бейімделе білуге мүмкіндік беретін, ерекше
қызмет етуге көмектесіп, адамның жаңашыл
мінез-құлқын қалыптастыруға мүмкіндік
беретін жаңа ақпараттық және педагогикалық
технологияларды қолдануды талап етеді. Сондықтан оқушы тек
білім алып қана қоймай, салыстыру, әр түрлі
көзқарастарды салыстыру, өмірлік тәжірибесін жаңа
ақпаратпен байланыстыру, ғалымдар мен жазушылардың еңбектеріндегі ой-пікірлер бойынша
ойлана білу дағдыларын үйренуі керек. Сондай технологиялардың
бірі – сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы. Сыни
тұрғыдан ойлауды балалардың қызығушылығы,
белгілі бір мәселе бойынша өз пікірін айта білу мүмкіндігі,
өз ойын дәлелдеу үшін зерттеу және
шығармашылық әдістерді қолдану деп түсінеміз.
Сыни тұрғыдан ойлау – жаңа мәселелерді қоя білу,
түрлі пікірлер қозғау, тәуелсіз шешім қабылдау.
Заманауи өмір оқушылардың алдына өз
шарттарын ұсынады: деректерді тек біліп қою емес, алған
білімдерін пайдалана білу қабілеті, ақпараттың көлемі
емес, оны өңдей білу; тұтынушылық бағыт емес,
бірлесе жұмыс істеу маңызды. Мен бастауыш мектеп
мұғалімі ретінде сабақтарымда өзім қолданып
жүрген сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың кейбір
тәсілдерімен бөліскім келеді. Менің ойымша, бұлар –
жақсы нәтиже беретін тәсілдер. Аталған технология
сабақта үш кезеңді қолдануды ұсынады: ой
шақыру, мағынаны тану, рефлексия кезеңі. 1-кезең – «Ой шақыру». (ақ
парақты жою) Бала өзіне аталған мәселе бойынша «Мен не
білемін?» деген сұрақ қояды.
2-кезең – «Мағынаны тану». (ойлауды жүзеге асыру)
Бұл кезеңде бала мұғалімнің жетекшілігімен
және оқушылардың көмегімен бірінші кезеңде
өзіне қойған сұрақтарға жауап береді. (не
білгім келеді?) 3-кезең -
«Рефлексия». (ойлау) Аталған мәселе бойынша бала сабақта «не
білгенін» қорытындылау.
1.Ой шақыру кезеңінде
жаңа ақпаратты алуға деген жеке тұлғаның
қызығушылығын қалыптастыру жүре бастайды.
Оқушылар не білетіндерін еске түсірумен айналысып, оқылатын
тақырыптың зерттеу мақсатын анықтауға және
өз білімін талдауға дайындала бастайды. Бұл кезеңдегі
мұғалімнің міндеті – аталған тақырып бойынша
оқушылардың білімін жинақтау, әр оқушыға
өзінің жеке білімін анықтауға көмектесу. Осы
кезеңдегі әдебиеттік оқу сабақтарында
қолданылатын тәсілдер: «Білемін – білгім келеді – білдім» кестесі.
Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
-
Бұл туралы не білесіздер;
-
Жаңа не нәрсені білдіңдер;
-
Нені білгілерің келеді? Жауаптар
алғашқы екі бағанаға жазылады. Жұппен жұмыс
істей отырып, оқушылар кестедегі үшінші бағананы да
толтырады. Алғашқы түсініктері келесісімен сәйкес
келген-келмегені туралы талқылау жүреді. «Білгім келеді»
бағанасы жаңа ақпарат іздеуге қосымша әдебиетпен
жұмыс істеуге мүмкіндік береді. «Болжам ағашы». Бұл
тәсіл әңгіме, хикаяттардағы сюжеттің дамуы бойынша
болжам құруға көмектеседі. Бұл тәсілмен
жұмыс істеу ережесі: ағаш діңгегі – тақырып,
бұтақтары – болжамдар, олар екі негізгі бағытқа алып
келеді: «мүмкін», «әбден мүмкін» (бұтақ саны
шектелмеген) және «жапырақтар» - болжамдардың негізі, пікірге
байланысты деректер. Екінші кезеңнің басты міндеті –
ақпаратты ала білу, жаңа ақпарат пен бұрынғы
ақпаратты салыстыра білу. Бұл кезеңдегі
мұғалімнің міндеті – белгілі және жаңа
алынған білім арасындағы байланысты орнату.
«Белгілей отырып оқу». Бұл
тәсіл мәтінді түсінбей оқудан сақтандырады.
Балалар мәтінді оқу кезінде арнайы белгілер қойып отырады: v
– білдім, + - мен үшін жаңалық, ! – таңғалдым, *
- қызықты. Бұл тәсіл жануарлар туралы және
ғылыми-танымдық мәтіндерді оқу кезінде
қолданылады.
«Өзара сұрақ».
Жұптық жұмыстың бір түрі. Екі оқушы
мәтінді оқып, әр бөлімнен кейін тоқтап,
бір-біріне оқылған бөлімдердің мазмұны бойынша
әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қояды.
Бұл тәсіл коммуникативтік дағдыларын дамытуға
көмектеседі.
«Кластер». Балалар мәтіндегі
мағыналық бірлікиерді ажыратып, белгілі бір тәртіппен кесте
құрады. Бұл тәсілді сабақтың әр
кезеңінде де қолдана беруге болады.Ой шақыру, мағынаны
тану, рефлексияда немесе сабақ мақсатына байланысты
бағыттардың бір түрі ретінде де қолдануға болады.
Ортаны бөлеміз, бұл – тақырып, одан сәулелер
болыпмағыналық бірліктер тарайды, ал олардан сәйкесінше
терминдер мен ұғымдар таралады. Мысалы, орта –
тақырыптың атауы. «Идеялар себеті». Оқушылар белгілі
мәселе бойынша барлығын дәптерлеріне жазып,
жұптық, топтық жұмыс арқылы ақпаратпен
бөліседі. Топтар шеңбер бойынша мәліметтер мен деректерді
атайды, мұғалім логикалық тізбекпен байланыстырып,
тақтаға түсіреді. Жаңа ақпаратты меңгеру
кезінде қателер түзетіледі. 4-сыныпта «Дүниетанудан»
өткен «Күн» тақырыбындағы сабақ бойынша мысалдар
келтірейін.
-
Балалар, бәрің де күнді көріп
жүрсіңдер. Қалай ойлайсыңдар, Күн дегеніміз не?
Топтық жұмыс. Әр топ
алдын-ала талқылаудан кейін өз болжамдарын айтады. Күн –
бұл
... – ғарыштық зат.
... – Жерді қыздыратын от.
... – жанып тұрған шар т.б.
Топ жұмысын қорытындылау. Барлық болжамдар
тақтаға ілінеді. Сабақтың мақсатын қою.
-
Көрдіңдер ме? Қарапайым
сұрақ болғанмен, жауап бірыңғай емес. Бүгін
біз Күннің не нәрсе екеніне ғылыми жауап табатын
боламыз.
-
Күн туралы не білгілерің келетінін топта
талқылаңдар. Тағы бір тәсіл.
-
Бұл тақырып бойынша не білемін?
-
Мәтіннен аталған тақырыпқа
қатысты не білдім?
-
Бұл ақпараттың өмірде
қандай пайдасы болуы мүмкін?
Журналдың сол жақ
бағанасы ой шақыру кезеңінде толтырылады. Оқу кезінде
оқушылар алған білімдері бойынша оң жақ бағананы
толтырады. «Инсерт» (оқу кезінде мәтінді белгілеп отыру) ой
шақыру кезінде оқу дағдыларын қалыптастыруда өте
тиімді. «Инсерт» тәсілі арқылы лексико-грамматикалық
тапсырмаларды да шешуге болады, себебі кез келген мәтін тілдік
қорға және грамматикалық құрылымға
бай. Бұл тәсіл мағынаны тану кезінде де тиімді. Кестені
толтыру үшін оқушылар қайтадан мәтінге оралады,
сөйтіп ойланып, мұқият оқуға дағдыланады.
«Инсерт» технологиялық әдісі мен «Исерт» кестесі ақпаратты
толықтыру үрдісін жандандырады, «бұрынғы» білімнен
«жаңа» білімге көшуге жол ашады. Жұмыстың маңызды
кезеңі кестеге енгізілген
жазбаларды талқылау. Белгі қойылады:
«v» - ақпарат таныс.
«?» - ақпарат таныс емес,
көбірек білгім келеді.
«+» - ақпарат
қызықты.
«-« - ақпарат қызықты
және күтпеген ақпарат. Белгілерді мәтінді оқу
кезінде жолақ сызық бойына қояды. Бір рет оқып
шығып, өздерінің алғашқы болжамдарына оралады, бұрын
сол тақырып бойынша не білгендерін естеріне түсіреді, бұл
уақытта белгілер көбеюі мүмкін. Келесі қадам – «Инсерт»
кестесін толтыру, бағана саны белгілер санымен сәйкес болуы керек.
Мысалы: «Күн» тақырыбына мынадай кесте толтырады:
«v»
- Күн – аспанда, яғни ол – аспан денесі.
-
Күн бізге жарық пен жылу береді.
-
Күн доп сияқты, яғни ол –
дөңгелек.
-
Күн – бөлшектенген жұлдыз.
-
Күн шар сияқты.
«+»
- Күннің салмағы Жерден 330 мың есе үлкен.
-
Күн бетіндегі температура 6 мың градус, ал
Күннің ортасындағы температура 15-20 миллион градус.
-
Жер мен Күннің арақашықтығы
150 миллион км.
-
Күннің диаметрі Жердің диаметрінен 109
есе үлкен.
«?» - Ғарышта
Күн жүйесінен басқа жүйелер бар ма?
- Күн жүйесі қалай
пайда болды?
- Күн жүйесіндегі
басқа ғаламшарларда өмір бар ма? Рефлексия кезеңінде
оқушылар алған ақпарат туралы өз ойларын айтады,
шығарма кейіпкерлеріне өз көзқарастарын білдіреді,
көркем бейнені өздерінше түсіндіреді.
«Шығармашылық
жұмыс». Балаларға ұнаған шығарманың
бөлімінен сөйлем жазу немесе өздеріне ертегі,
өлең құрастыру ұсынылады. Бұл жұмысты
балалар даму деңгейіне қарай куана орындайды. «Викторина
құрастыру». Тақырыпты немесе бірнеше тақырыпты
оқығаннан кейін өткізіледі. Балалар өз беттерімен
оқу мәтіндерін қолдана отырып, викториналық
сұрақтар дайындайды, кейін топтарға бірігіп, жарысады. Кейде
әр топ ең үздік «білгішті» сайлап алып, барлығы сол
«білгішке» сұрақ жаудырады.
«Синквейн».
«Синквейн» сөзі француздың «бес» деген сөзінен
шыққан. Бұл – бес жолдан тұратын ереже бойынша
құрылатын өлең.
Бірінші жолда тақырып бір
сөзбен аталады. (1 зат есім)
Екінші жол - тақырыпты екі
сөзбен суреттеу. (2 сын есім)
Үшінші жол – тақырып
аясындағы әрекетті үш сөзбен сипаттау. (3 етістік)
Төртінші жол – төрт
сөзден тұратын фраза.
Соңғы жол – негізгі ойды
білдіретін бір сөзден тұратын синоним.
«Алты қалпақ» әдісі.
Әр топ жазуы бар әр түсті қалпақтар алады. Топпен
талқылаудан кейін балалардың жауабы тыңдалады.
Ақ қалпақ. Деректер.
Өсімдіктердің зиянкестері көп.
Сары. Жақсы көзқарас.
Адамның зиянкестермен күресетін көмекшілері бар.
Қара. Мәселе. Түрлі
улы заттарды қолдану арқылы зиянкестермен күрескенде, егінді
қорғаушы жәндіктерге зиян тиеді. Қызыл. Эмоция. Біз
егінді қорғаушылармен танысқанымызға қуаныштымыз!
Жасыл Шығармашылық.
Құстарға ұя жасау керек. Зиянкестермен улы заттарды
қолданбай күресу жолын табу керек. Көк. Философия. Әр
топтың ой-пікірін қорытындылайды.
«Диаманта» - 7 жолды өлең
түрі, бірінші және соңғы жолдары бір-біріне
қарама-қарсы мағынада болуы керек.
Бірінші жолда тақырып бір
сөзбен аталады. (1 зат есім)
Екінші жол – анықтауыш,
тақырыпты екі сөзбен суреттеу. (2 сын есім)
Үшінші жол – тақырып
аясындағы әрекетті үш сөзбен сипаттау. (3 етістік)
Төртінші жол – ассоциация (4 зат
есім)
Бесінші жол – әрекетті үш
сөзбен сипаттау. (3 етістік)
Алтыншы жол - анықтауыш,
тақырыпты екі сөзбен суреттеу. (2 сын есім)
Жетінші жол – тақырып. (Бірінші
жолдағы зат есімге қарама-қарсы мағынадағы зат
есім)
Оқушылар жазғандарын
оқиды.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясында
сұрақтармен жұмыс істей білу дағдыларын
қалыптастыратын тәсілдерге көп мән беріледі. Сыни
тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы ойлауды қозғайтын
сұрақтарға бағытталған. Оқушылар өз
зияткерлік қуатын қалыптастырады. Ой жауаптың соңынан
тағы сұрақ туындаған сайын тірі болады. Тек
сұрақ қойып, жауап бере алатын оқушылар ғана, шын
мәнінде, ойлай алады және білімге құштар болып келеді.
Қойылатын сұрақтардың деңгейі ойлау
деңгейін көрсетеді. Сыни
тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясының тек кейбір
тәсілдерін қолдану да оқушының шығармашылық
ерекшелігін жетілдіруге және дамытуға мүмкіндік береді. Тіпті
тек оқушылар ғана жоғары нәтижеге қол жеткізіп
қоймайды, сонымен қатар мұғалімнің де
кәсіби жетілуіне, өсуіне тамаша мүмкіндік бар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Кларин М.В. «Развитие критического и творческого мышления», №2, 2004