Филология ғылымдарының
кандидаты Қабатаева Клара Тұрсынханқызы
Қарағанды қ.,
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық
университеті
Қазақ
тілін кәсіби мамандыққа сәйкес оқыту
Елбасының «Халықаралық тәжірбиеге
сүйеніп, жақсы
технологияларды әкелу» [1] деген ұстанымы мемлекеттік тілді дамыту
бағытында бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тіл саясатының
белгілі бір жүйемен істеліп жатқан іс-шаралары қазақ
тілінің мәртебесін нығайтуға бағытталып
және тәжірибе жүзінде қолданыс қызметін
кеңейтуге қызмет етеді. Жаңа заманның талаптарына орай,
интеллектуалдық қабілеті мол мамандарды даярлау міндеті
бүгінгі білім жүйесінің басты да негізгі мақсаты екені
даусыз. Осы мақсатты іске асыруда студенттерге іскерлік қарым-қатынасты
дұрыс оқыту қажеттігі күннен- күнге айқын сезілуде.
Кәсіптік
білімді оқыту үрдісінде Қазақстан Республикасының
бәсекеге қабілетті тілдік тұлғаны қалыптастыруда
тиімді әдістерді қолдану кең орын алған. Сол
себепті,оқыту әдістемесінде және тіл үйретуде, оқытуда ақпараттың
көлемді бөлігін тиімді
түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғары
деңгейдң игеретін
және өмірде, тәжірибеде бекіте алатын әдістері
қолдауды талап етеді.
Бұл
жүйелі кешен - Халықаралық стандартқа негізделген
алты деңгейлілік
оқу-әдістемелік кешен.
Оның
ішінде білім мазмұнын қамтитын стандартқа, типтік
бағдарламаға сәйкес алты деңгейге арналған
оқулық, жаттығулар жинағы, оқу –әдістемелік
нұсқаулар, грамматикалық бірлік- тұлғалар
беріліп, ол функционалды-
прагматикалық тұрғыдан түсіндіреді. Тілші-әдіскер
ғалымдар тілді үйретуде жаңаша бағыттарда жұмыс
істеп, жаңа ізденістер тұрғысынан қоғамдық
сұраныстарға назар аударуда. Озық тәжірибелер мен
әдістемелерді ортаға салып, кәсіби бағытта жұмыс
жүргізуде. Әрине, бұл жерде кешенді мәселе бар: ол – тілді үйретудегі бірізділік
жүйесі.
«Тілдерді
қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарлама» жобасына қазақ тілінің
мәртебесінің жоғары деңгейге көтеретін
мәселелер қамтылуы тиіс.
Біріншіден,
«Мемлекеттік тіл » Заңы қабылданып, толыққанды
жұмыс жасауы, ол
Елбасының «Қазақстанның
болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдамасымен
үндес келуі, яғни Қазақстан халқының
болашақ өмірінің кепілі болуы.
Екіншіден,
қазақ тілі коммуникативтік қарым-қатынас, ресми
қатынас тілі ретінде жұмыс жасауы. Осы тұрғыдан
алғанда, мамандыққа сай қазақ тілін сапалы
оқыту – қазіргі уақыт сұранысынан туындап отырған
өзекті мәселелердің бірі. Бұл ретте, Б. Қасым
аталым немесе сөздің лексикалық мағынасы мен
семантикасы жайлы: «Сөздің
лексикалық мағынасы – таным теориясымен тікелей байланысты.
Яғни, адам затты қаншалықтты жақсы таныса, затты
белгілейтін сөздің мағынасын соншалықты анық,
айқын біле алады. Себебі, сөз мағынасы – белгілі бір
заттың не құбылыстың адам санасындағы
жалпыланған бейнесі. Зат бейнесі сөз мағынасының негізін құрайды, яғни
жалпыланған бейне арқылы сөз мағынасы түсініледі
және мағына арқылы келесі тыңдаушыға жеткізіледі.
Сөз мағынасын
қалыптастыру үшін сөздің мағынасын сөйлеуші ғана емес,
қоғамдағы басқа адамдарда да солай түсінуі, солай
ұғынуы керек. Сонда ғана адамдар бірін-бірі түсінеді,
бірімен –бірі қарым-қатынас
жасай алады » дей келе, мамандыққа қатысты тілді
меңгертуде мынандай талаптарды қою керек деп есептейді:
·
студенттерді
кәсіби мамандығы бойынша тілдесуге үйрету;
·
мамандыққа байланысты тілдік қатынасқа
түсу үшін әр түрлі жағдаяттар құру
арқылы тілдік қатынастың қажеттілігін түсіндіру;
·
дұрыс
сөйлеу қатысымның түрлерін үйрету. Сонымен
қатар, мамандыққа байланысты мәтіндерді меңгерту
арқылы студентті болашақ мамандығымен кеңірек
таныстыруға мүмкіндік туады
.
С. Күзекова «Екінші тіл ретіндегі қазақ тілі
оқулығы теориясының лингвистикалық негіздері» деп
аталатын ғылыми еңбегінде: «Сөйлеу үшін ең басты
материал – сөз.... сөзді жүйесіз меңгеру –
қазақша сөйлетуге де қазақша түсінуге де әкеле алмайды. Барлық
тіл үшін осылай. Өз ойын жеткізу үшін (базалық
деңгей үшін) қазақ сөздерінің үш
сатылы топтастырылуын ұсынамыз »,-дей отырып, сөздерді
мағыналық топтарға, әрбір мағыналық топты
сөздер блогына бөліпт і көрсетеді. Кез – келген дамыған
өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс
жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен
жұмыс жасайтын адамның негізгі іс
әрекеті ақыл – ойға әр алған білімді
басқа таныс емес іс- әрекетте тасмалдай алуға негіздейді.
Жоғарғы оқу орындарында оқу үрдісінің
мақсаттарының негізгісі – өз білімін өмірдің нақты саласында
қойылған мәселелерді шешуде пайдалана алатын маман даяарлау.
Оқу үрдісі,
сонымен бірге студенттердің интеллектуалдық қабілетін
қабылдаған ақпаратты жан
жақты сараптап талдау нәтижесінде, пайымды ойлау
біліктілігін қалыптастыруы тиіс.
Кәсіби
мамандыққа сәйкес оқытуда шығармашылық
сабақтың мақсаты студенттердің өзіндік білімділік
нәтижесін құрау болып табылады. Оқыту
сабақтарының шығармашылық сипаты студенттің
танымдық белсенділігін оятып оның шығармашылық
қабілеттерінің дамуына адамгершілік қасиеттеріне әсер
етеді. Ұжымдық сабақтарда студент өзінің
курстасының кемшілігін
көруге өзгелердің ісінен сабақ алуға
танымдық әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына
өз ортасының пікірінің әсері зор.
Мұндай
сабақтарда студенттердің ұжымдық ой – пікірлері
қалыптасады.
Кәсіптік білім беру
жүйесінде студенттердің шығармашылық белсенділігін
қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің
маңызы ерекше. ЖОО-да процесі студенттердің іздемпаздығын,
танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық
әлеуетін дамытуында жол ашуы қажет.
Шығармашылық
сабақтың базалық негізін анықтауда әр
жағдайда сабақтың үйлесімді үлгісі таңдап
алынды. Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін
жүйелі ұйымдастыру арқылы студенттердің танымдық
белсенділігі қалыптасып,оқытушы берген ақпаратты
іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін
қамтитын қоғамдық және ұжымдық
тәжирбие тағылымдарын игеріп қана қоймай студент
барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт
ұсынады, қабілет, білігін ұштай түседі.
Шығармашылық сабақтардың студенттер
үшін мынадай маңызды жақтары бар :
- студенттің танымдық іздемпаздығы қалыптасады;
- сұрақтарды,
мәселелерді терең талдауға үйренеді;
- шығармашылық ой-өрісі артады;
- кітаппен жэұмыс, көркем және ғылыми
әдебиеттер, баспа материалдарымен жұмыс істеу біліктерін
қалыптастырады;
- студент ойын еркін айтуға,
сөз мәдениетіне үйренеді;
- білімін жүйелі түрде
толықтыруға;
- оқу міндеттерін тиімді шешуі мүмкіндігін тудырады;
Оқытушы
жаңа материалдарды түсіндіруде ақпарат беруші
қызметінде ғана қалмауы тиіс . Оқытушы студенттің
танымдық дербестігін қалыптастыру- дағды
әрекеттерінің негізгі міндеттеріне тоқталсақ:
-білімді
шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыруы;
-білімді
шығармашылықпен қолдануға дағдыландыру және
оқу проблемалаларын шешу шеберліктерін арттыру;
-ғылыми
дүниетанымды қалыптастыру т.б.
Студенттің
болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби
тағдыры тек қана жақсы оқытушыға байланысты.
Өзіндік жұмыс-
студенттің білімді қабылдауы мен игеруі, дағдының
қалыптасуы және оқытушының жетекшілік ролі
ескерілетін және студенттің
кәсіби маман болуы, қоршаған ортаға, өз
қызметіне шығармашылық көзқарас
қалыптастыруы үшін қажетті оқу іс-әрекеті.
Оқу
іс-әрекетінде оқытушы мен студент тығыз байланыста болуы
керек.Ол үшін оқытушы бар күш – жігерін, педагогикалық
шеберлігін студент бойындағы табиғи мүмкіндіктерді
ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы,
шығармашылық жағдай жасауы қажет. Сонда ғана
студент өз тарапынан белсенділік, дербестілік көрсетіп, өзіне
деген скенімділігі арқылы шығармашылық әрекетті қалыптастыра
алады.
Қазіргі
уақытта қойылатын талаптар
әр түрлі болып келеді.
Шығармашылық
өзін таныту талабы өзін-өзі еркін сезінетін,
айналасындағылардың көзқарасынан
қорықпайтын адамдар ғана өзін еркін көрсете
алады.
Эстетикалық талаптар:
- өзін көрсету талабы,
- қарым-қатынас талабы;
- эстетикалық;
- экономикалық талаптарға сәйкес таңдалады.
- Көркем шығармалар мен ғылыми еңбектер бойынша
іріктеліп алынған мәтіндер және оларға қатысты
құрастырылған әр түрлі тапсырмалар жүйесі
модульдік технология сәйкестендірілген. сонымен қатар,
студенттердің өзіндік
жұмысы түсіндірме, фразелогиялық, аударма
сөздіктер арқылды іске асады.
- Шағын хабарлама жасау, жоспар құру, белгілі бір
тақырыпқа\
шығарма, баяндама,
тезис, реферат, конспект жазу тапсырмалары болашақ мамандардың жазбаша
тілін дамытуда, өз ойын, пікірін жеткізуде басты орын алады.
Студенттердің өз бетімен ізденіп,кәсіби шеберлігін жетілдіруі
кітап соңындағы заң терминдерінің қазақша
орысша қысаша сөздігі арқылы жүзеге асады.
Оқу үрдісінде
жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін алғышарттар
қажет: ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік
кешендері үнемі талдау жасап, назарда
ұстап, жаңа оқулықтардың мазмұнын
зерттеп білу,пәндік білім стандартымен танысу игертуге қол
жеткізу,оқу үрдісін ізгілендіру, т.б.
Ауызша
қарым-қатынас, жазбаша қарым-қатынас. Бұл
жұмыс түрлері коммуникативтік құзреттіліктің
алғышарттары болып келеді. Әдістің бұл түрлері
оқу үрдісінде оң нәтижелер беред. Коммуникативтік
құзырет – өз бетімен
білім алуға, оның барысында пайда болатын танымдыық
проблемаларды өз бетімен шешуге, өзінің позициясын белгілеуге
жеткілікті білімділік деңгейі.
Соңғы жылдары
әдіскер-ғалымдар қазақ тілін қарым-қатынас
құралы ретінде меңгертумен қатар, студенттердің кәсіптік
мамандығын ескере отырып, игертудің тиімді жақтарын
қарастыруда.
Тілді
мамандыққа қатысты оқытудың тиімді тұстары:
-білім
алушылардың қазақ тілін
меңгеру арқылы оны кәсіби қатынас
құралы ретінде қолдана алуы;
-
кәсібіне байланысты жинақталған сөздік қоры
практикада мамандығына қатысты ой-пікірлерін нақты жеткізу дағдысын
қалыптастыру.
Ол
үшін сөздік минимумды таңдауда басшылыққа алуы
тиәіс.
Қазақ
тілінің кәсіби мамандыққа бағытталған
лексикасы мен терминологиясын оқыту әдістемесі сала
мамандықтарына байланысты таңдап алынған лексиканы
үйрету үшін сөздердің қатысым-грамматикалық
мақсатын ескеру қажет.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Назарбаев Н. Бәсекелестікке қабілетті Қазақстан
үшін. Бәсекелестікке қабілетті экономика
үшін,Халық үшін. Қазақстан халқына
Жолдауы.-Астана: Ақорда
2. Қасым Б.. Османова З,. Кәсіби
қазақ тілі.-Алматы,2010.-112 б.
3. Күзекова
З. Қазақ тілі. – Алматы, 2001.
4.
Қадашева Қ. Жаңаша жаңғыртып оқытудың
ғылыми- әдістемелік негіздері.-Алматы.2001-301 б.
5. Р.Қамбарова.
« Шығармашылық әлеуетті қалыптастыру
құрылымы, дамыту кезеңдері » -2013.63-64 б.
6. Г. Жалғасбаева. « Дарынды балалармен
жұмыс ерекшеліктері »-2013,28 б.
7.
А.Диханбаева. « Шығармашылық қабілетті дамыту оқытушы
міндеті »Қазақстан мектеп журналы 2013-41-42 б.
8. ҚР-ның Жалпыға міндетті
білім беру стандарты. ҚР Білім
және ғылым министрлігі. Астана ,2006.
9.
ҚР 2015 жылға дейінгі Білімді дамыту Концепциясы. Казахстанская
правда. 2003.
10.
К.Өстеміров. Кәсіптік оқыту әдістемесі-Алматы.2006.240
б.