А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназия Манкеева Дамира Сериковна
«Қазақ
тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану»
Резюме
В этой
статье рассматривается применение инновационных технологий на занятиях по
изучению языков
Resume
The using of the new technologies on the lessons of
foreign languages is considered in this article
Қазіргі
кезеңде еліміздегі білім беру жүйесінің басты мәселесі
білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге
жақындату болып отыр. Оқушыларға тілді меңгертуде нені
басшылыққа алу керектігіне жауап бере отырып, әрі сабақ
барысында пайдаланатын тиімді әдіс-тәсілдерді саралай келе
зерттеуші М.Л.Вайсбурд мына мәселелерге баса көңіл аударады
[1].
Қазір
тілді меңгертудің заманауи үрдісін сипаттайтын тиімді
тұстарын анықтау, мектептегі оқу үдерісін
ұйымдастыруға септігін тигізетін тілдік жүйені
меңгертуге оңтайлы әсер ететін, оқушыларды сөйлеу
дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ететін
әдіс-тәсілдерді пайдалану мен оны әрі қарай
жетілдірудің қажеттілігі туындауда. Осылайша бір-бірімен
өзара тығыз байланысты мақсатты алдымызға қоя
аламыз.
1.Мектептегі
тіл пәндерін меңгертудің инновациялық
әдіс-тәсілдерінің тиімділігін талдап, белгілеу.
2.Оқытудың
әдіс-тәсілдерінің типологиялық сипаты. Онда материалды
меңгеру сапасына ұтымды әсер ететін дәстүрлі
оқыту мен инновациялық әдіс-тәсілдердің
өзара шарттастығын меңгеру қажеттігінің ара-жігін
ашу.
Психология
саласында ашылып жатқан ғылыми жаңалықтар материалды
түсіну мен қабылдаудың жекелік ерекшеліктері ми жарты шарларының
қызметіне тікелей байланысты. Әрбір ми жарты шарының
өзіне тән ерекше қызметі болады. Психологиядағы зерттеу
нәтижелері көрсеткендей, оқыту үдерісінде есту мен
көруге ғана сүйену шарт, басқа түйсіктерге назар
аударыла бермейді. Бұдан шығатын қорытынды, бүгінгі
таңда таным процестерін дамыту жағы өз деңгейінде емес,
яғни жеткілікті түрде мән берілмейді. Осы орайда,
оқушыларға бейнелік те, қисынды да, ассоцациялық
ойлауды қалыптастыратын әдіс-тәсілдерге көп
көңіл бөлу қажеттілігі туындайды. Әр
адамның өзіне тән жекелей танымдық ерекшелігі болады,
ал оқытушыдан сол әрбір жеке тұлғаның өзіне
тән ерекшелігін есепке ала отырып, қажетті оқыту
параметрлерін таңдау талап етіледі. Тіл материалдарын қабылдауда
әр оқушының қабілеті ескеріліп, оқытушы
оқушыға тақырыпты меңгеру кезінде түрлі
тәсілдерді пайдалана отырып, ұтымды, оңай меңгеруге
жағдай жасауы тиіс. Кей оқушылар есту түйсігі арқылы
қабылдауға мән берсе (аудио), ал қайсібіреулері тек
көру түйсігі нәтижесінде қабылдаған
ақпаратқа сүйенеді (визуалды), ал үшіншілері
оқыту процесіне өзінің тікелей араласуы арқылы
үйренеді (кинестетиктер).
Тіл
сабақтары барысында оқытуды эстетикаландыру үйлесімдендіру
үшін өнердің әр түрлі аспектілері
қолданылады. Бұл тіл үйренуде білім беру міндеттерін
жүзеге асыруға өзінің игі ықпалын тигізеді.
Қазір бұл әдіс «интенсивті әдіс» деп аталады.
Интенсивті әдіс талдамасын жасауда мынадай ғалым әдіскерлер
өз үлестерін қосты. Атап айтқанда, Г.А.Китайгородская [2],
М.В.Кларин [3] және т.б. Соңғы кездері тілді
оқытудың әдіс-тәсілдеріне қарқынды
әдістерді пайдаланудың нәтижелері жинақталып,
қортындыланды. Олар жаңа білім көлеміне тиімді әсер
етумен қатар, оны меңгерудің мерзіміне де, игі ықпал
ететіндігін дәлелдеп келеді.
Интенсивті әдіс тілді әрі таным, әрі
қарым-қатынас құралы ретінде игеруге, кез-келген
функционалды стильдегі ауызекі сөйлеу тілін ұғымдар мен
дағдыларын қалыптастырудағы мүмкіндік беру
тұрғысынан аталған әдістің мүмкіндігін
таразылап, абстаракциялау әрекетін жасады, тілдерді
меңгертудің ең тиімді әдістемесі ретінде
өңдеп, ретке келтірді.
Ғалымдар
интенсивті әдістердің технологиясын мұқият
зерттеудің нәтижесінде оны тілді меңгеруге толық
пайдалануға болды деген қорытындыға келді.
Оқушылардың әлеуметтік, жас ерекшеліктерін есепке алу, жеке
тұлғаның танымдық мүмкіндіктерін бөгде
адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы жүзеге асыру,
қамтамасыз ететін материалды пайдалану интенсивті әдістің
негізгі бағыты болып табылады. Яғни, білім алушыларда жеткілікті
дәрежеде ақпараттық қор, бастапқы
дидактикалық база мен тілді меңгеру жөнінде дағдылар
қалыптасқан. Оқу орындарында интенсивті әдіс
өзінің икемділігі мен жоғары нәтижелігіне қарай
бейімделген жағдайда сұранысқа ие болады.
Білім беру
үдерісін жаңарту міндетті түрде жаңа тәсілдерді
ойлап табуға алып келеді. Оның алдына қойған мақсаты - білім алушының танымдық
әрекетімен үйренушінің педагогикалық қызметін
үйлестіре отырып нақты нәтижеге жетуі. Соңғы
жылдары оқыту үдерісін ізгілендіру, оның практикалық
бағытын күшейту мақсатында айтарлықтай жұмыстар
атқарылуда. Оны қазір педагогика ғылымында «инновация» немесе
оқыту үдерісіне жаңалықтарды енгізу деп айтады.
Мәселен, модульдік оқыту технологиясы ЖОО-да көптеп
пайдалануда. Қазір модульдік оқыту теориясы бойынша әдіскер
ғалым М.М.Жанпейісованың [4], үлгісі басшылыққа
алынады. Бұл әдістеменің негізі бұрыннан
жинақталған тәжірибелерді шығармашылықпен
қайта құрып, жаңаша есепке алуында.
Әдіскер-ғалымның пікірінше, өзі жасап
шығарған оқыту стратегиясын репродуктивтік және
ізденушілік процесті сабақтастыратын «модификацияланған
нұсқа» деп санайды.
Жалпы
алғанда мұндай әдістеме оқу орнының оқыту
тәжірибесінде жалпылық, ал лингвистикалық курсын
меңгертуді ұйымдастыруда жекелей қолданысқа ие болады.
Бұл технология мынадай ерекшелікке ие:
а) тіл
үйренушілердің танымдық белсенділігінің жоғары
болуы;
ә)оқытушылық
мәртебесінің өзгеруі, ол-басшы емес, ізденіске қатысушы
тұлға;
б) тіл
үйренушінің танымдық қабілетін есепке алып отырып,
тапсырмалар беру.
Аталған
тапсырмаларды орындағанда, тіл үйренушілердің репродуктивті және эвристикалық
әрекет тәсілдері өзіндік ерекшеліктерімен астасады. Осы
тұста «модуль» терминіне көп мән беріледі. «Модуль
дегеніміз-қандай да бір жүйенің, ұйымның
анықталатын біршама дербес бөлігі». Ал модульдік технологияның
ерекшелігі - оның білімді меңгеруге емес,
тұлғаның танымдық қабілеттерін және
танымдық үдерістерді, яғни жадтың алуан түрлерін
(есту, көру, қимыл т.б.) ойлауды, ынтаны, ниетті қабылдау
қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық
әрекеттер арқылы дамытуға, қарым-қатынас, ойын,
танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін
қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша,
жазбаша сөйлеуде) дамытуға бағытталады. Жалпы, негізінде
модуль құрамына - тақырыпқа мақсат қоюды,
пәнді меңгерудің жалпы тәсілдерін, тараумен,
тақырыппен танысуды, тақырып материалын сапалы баяндау, танымдық
қызметті ұйымдастыру жаттығуларын орындату, материалдарды
жинақтауды жатқызамыз. Бұл оқушыларға білім
беруді ұйымдастыру ретінде ғана емес, сонымен қатар
материалды меңгеруге бағытталған дәлелденген
танымдық әрекет есебінде де ұйымдастырылады. Бұл
жерде оқушылар мәтінді тыңдай отырып, дұрыс
ақпарат ала білу дағдысына машықтанады.
Бұл жерде
оқушылар мәтінді тыңдай отырып, нақты, дұрыс
мәтінді түсінеді. Мұндай оқытуды
ұйымдастырғанда әр түрлі қарым-қатынас
түріне көп мән беріледі. Оқушылар алдымен, мәтінге
тақырып қояды. Оқытушы сынып оқушылары
қойған тақырыптың ең сәттісін таңдап,
оқушының еңбегін бағалауы тиіс. Берілген тапсырмаларды
талқылағанда, полилогикалық және сұхбаттық
түрде де жүргізуге болады. Бұнда оқытушының
барлық шығармашылық қызметі оқушылардың
ойлау процесін дамытып, баулуға бағытталады. Сонда ғана
оқушылар тарапынан оқуға деген тұрақты және
дұрыс қатынас қалыптасқан жағдайда жағымды
жағдаят қалыптасады.
Оқушыларға қажетті білім, машық пен
дағдының қалыптасуы үш көрсеткішпен
анықталады. Олар тілдік
құбылыстарды танып - білу деңгейі, оны есінде
сақтаудың сапалық көрсеткіші мен түсінуі.
Мәтінге тақырып қойып болған соң, тақырыпты
пысықтау барысында келесі сұрақтарға жауап беруі шарт.
1.Ақмола қаласы қай жылы салынған?
2.Қашан Ақмола қаласы Целиноград деп аталды, неге?
3.Қазақстанның қандай қалалары астана болды?
4.Қазақстанның астанасы Ақмолаға қашан
көшірілді?
Сұрақтарға
жауап бергенде оқушылардың сөйлеу дағдылары мен
машықтары қалыптасады. Осы орайда, жаңа сөздермен
танысу да сөздік қорды молайтады.
Мысалы, берілген жаңа сөздермен танысу:
Астана - столица тың - целина
Сел - сель
мүмкіндік - возможность
Қауіп - опастность игерілу
- освоения
Құрылды - образовался қайта
- заново
Ауыстыру - менять алғашына
- вначале
Ретінде - как құрметінде - в честь
Алаң - площадь ғимарат - здание
Тұсау кесер - презентация жағдай
- обстоятельство
Отбасы ошағы – семейный очаг енді
- вошел
Тілді үйрену
күрделі де көп қырлы құбылыс. Оның ең
маңызды жақтарының бірі грамматикалық материалды
оқып-үйрену әдістемесін жетілдіру болып табылады.
Грамматикалық материалды осы жүйеде беру теориялық материал
мен практикалық жұмысты меңгеру уақытының
арақатынасын реттейді. Грамматикалық материалдар бірінші
сабақта ұсынылады, сол сабақ барысында оқушылар
белгілі-бір ұғымдардың аумағын меңгереді. Келесі
сабақтарда ол мәлімет жинақталып, қарым-қатынас
барысында пайдаланады, тілдік шартты-сөйлесімдік, сөйлесімдік
жаттығулар арқылы бекітіледі.
Мысалы: берілген сөздермен сөз тіркестерін
құрастыру:
Үлгі : Астана ХХІ ғасырдағы ең жас
қалалардың бірі
Орталық, тың, қала, егеменді, тарих,
ғимарат, алғашқы, тарих, тұсаукесер, қауіп,
құрылды, жыл, Ақмола, ықшамаудан, мемлекет, тәуелсіз, рәміз, әнұран,
елтаңба, жариялау, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Ата
заң, шектесу, Елбасы, сапар, шаңырақ, әлем.
Кезең-кезеңімен
оқушыларға осылай тапсырма беруге болады. Жалпы әдістеме
ғылымында оқытудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар.
Орыс тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен орыс тіліне
аударып сұрақтарға жауап берген оқушының да
тілдік қоры баийды. Оның нәтижесінде әр
оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект
дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында
соған лайық жағдайлар жасалынады. Мысалы: Берілген
сөз тіркестерін қазақ тіліне аудару: Независимое государство, граничит с Россией, государственный флаг, символ
Казахстана, новая столица, один из крупных городов, одна из северных
областей, золотое солнце олицетворяет покой и богатство,
одноцветность флага означает идею единения, провозгласил о своей независимости
и суверенитете, сине-голубой цвет обозначает мир и светлое будущее, посольство
Казахстана, посольства иностранных государств.
Жалпы,
граматикалық теорияның қалған бөлігі сөйлеу
машығында жүзеге асырылады. Онан соң меңгерілген грамматикалық
материал негізінде ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын
дамытуға септігі тиетін жұмыс тәсілдері жүзеге
асырылады. Сабақтар рөлдік ойындар, пікір сайыс-сабақтар,
пікірталастар, кездесулер, конференциялар, т.б. формасында, яғни барынша
табиғи сөйлесімге жақындатылған сипатта болады.
Ең маңыздысы оқушы өзара қарым-қатынас
әрекетінің ең басты құралы оған
қолайлы жағдай туғызу екенін, арнайы таңдалып
алынған мәтіндер мен пікір алысуға жетелейтін
жаттығулар екенін сезінуі тиіс.
Сонда
ғана олардың бір-бірімен сөйлесуде сұхбаттары
нәтижелі болмақ. Онда оқушы сабақта өтілген
тақырыптың тірек сөздерімен диалогқа дайындалады. Онда
жеңіл сұрақтардан бастап, біртіндеп сұрақтар
күрделене түседі. Оның басты тұжырымы - сабақтың белсенді лексикасын
қолданып, аудиторияда ауызша диалогқа дайындалу.
Мысалы: берілген сұрақтарға жауап беру.
1.Қазақстанның
ең ірі қалалары?
2.Сіз
қай қалада тұрасыз?
Немесе «Ел
рәміздері» тақырыбына Астана тұрғыны мен
қонақ арасында төмендегі сөздерді қатыстырып
сұхбат құрау.
Қажетті тіркестер: кешіріңіз, мен сізді
тыңдап тұрмын, айтыңызшы, даңғыл, қалай
баруға болады?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Вайсбург М.Л. Методы обучения. Выбор за вами// Иностранные языки в
школе. - 2000. № 2. с.29-34.
2.Китайгородская
Г.А. Интенсивное обучение иностранным
языкам // Иностранные языки в школе. - 1980, № 2. - С. 67-73.
3.Кларин
М.В. Инновации в мировой педагогике. - Рига, 1995.
4.Жанпейісова М.М. Модульдік
оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.
Алматы, 2002. - 180 б.