АҚПАРАТТЫҚ-ҚАТЫНАСТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІК-ТЕРІН ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Б.Р. Оспанова

Абай атындағы ҚазҰПУ Әдебиеттану және тіл білімі

ҒЗИ-дың баc ғылыми қызметкері,

филология ғылымдарының кандидаты (Алматы)

baian_80@mail.ru

 

Ақпараттық-қатынастық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдала-нып оқыту – қазіргі заманғы білім берудің нормасына айналды. Элек-тронды құрал-жабдықтарды пайдаланып оқыту – қазіргі заман талабы.

Электронды құрал-жабдықтарды пайдалануды қазіргі заманның жас өспірімдері сәби шақтан бастап меңгере бастады. Оған адамзат қоғамы-ның ғылыми-технологиялық жақтан қарыштап дамуы мен ақпараттық жүйгеге көшуі және кез келген ел қоғамы мүшелерінің барша іс-әрекеті мен тұрмыс-тіршілігіне электронды құрылғылардың жаппай енуі себеп болып отыр.

Отандық білім берудің ақпараттық-қатынастық технологияларды білімдердің әлде бір көлемін есте сақтау емес, жұмыс істеу біліктерін қалыптастыратын, «білім алу бүкіл ғұмыр бойы» қағидасын іске асыру үшін ақпаратты іздестірумен, іріктеумен, өңдеумен және т.б. байла-нысты ететін ақпараттық ағындардың өсуі, ақпараттың үнемі жаңаруы;

    қатынастық құралдар мен тәсілдердің қарқынды дамуы, ғаламтор желісінің ауқымды кеңеюі, мемлекеттер арасында шекарасыз ашық ақпараттық кеңістіктің бірегей дамуы, болашақ маманның бәсекелес-тікке қабілеттілігін анықтайтын болатын қоршаған әлеммен ара қашық-тық ақпараттық қатынастық өзара әрекеттестікке дайындықты қалып-тастырудың детерминациялық маңыздылығы және т.б.

Электрондық оқытуды дамытудың негізгі үрдістері болып төменде-гілер саналады:

-    білімдерге, бүкіл ғұмыр бойы оқыту кеңістігін құруға, ғаламшар-лық ойлауы бар жаңа түрленудің тұлғалығын қалыптастыруға, оқитын-дарды білім алудың жаңа мәнеріне бағдарлауға, білім берудің жинақы-лығын көтеруге негізделген динамикалық бәсекелестікке қабілетті эко-номиканы құрудың тиімді құралы ретінде электрондық оқытуды мойындау;

-    ұлттық білімдік жүйелерді дамыту, тұрған орнынан тәуелсіз түрде білім беруді және сапалы білім беруге қатынас құруды жаңарту тетігі ретінде электрондық оқытуды дамыту бағдарламасын мемлекеттік қол-дау;

-    көптеген елдердің мектептік білім беруіндегі электрондық оқытуды дамытудың және мектептік білімдік үдерістегі АҚТ-ды енгізу тұжы-рымдамасын дайындаудың бастапқы кезеңі, мектептер үшін қолдан-балы бағдарламалық өнімдерді дайындаудың үдемелі үрдісі;

    электрондық оқытудың әдіснамалық негіздерін дайындаудағы, педагогикалық пен ақпараттық-қатынастық технологиялар негізінде электрондық оқытудың мазмұны мен интерактивтік әдістерін дамыту-дағы инвестициялардың қажеттілігін ұғынуға біртіндеп бетбұрыс жасау. 

Жалпы білімдік мектептегі қолданбалы бағдарламалық өнімдер негі-зінде дайындалынған электрондық оқытудың тұжырымдамасы оқыту үдерісіндегі АҚТ жетістіктерінің өз уақытындағы трансфертін және білім берудің жинақы мазмұнын, іс-әрекеттің интерактивтік тәсілдері мен мектеп оқушыларының жетістіктерін тұлғаландырылған есепке алу негізінде оларды педагогикалық технологиялармен кіріктіруді қамта-масыз ететін электрондық оқулықтардың ақпараттық-білімдік орта-сымен жанамаланған білімдік үдеріс субъектілерінің ақпараттық-қаты-настық өзара әрекеттестігін бағдарламалауға саяды.

Электрондық оқытудың мазмұны, мақсаттан нәтижеге дейін білімдік үдеріс субъектілерінің интерактивтік өзараәрекеттестікке ортақ амал-дарын қамтамасыз ететін жалпы білімдік мектептегі электрондық оқу-лықтар мен цифрлық білімдік ресурстар формасында ұсынылатын білімдік қолданбалы бағдарламалық өнімдердің негізінде тиімді түрде іске асырылады.

Электрондық оқытудың педагогикалық технологиясы оқыту үдерісі-нің құлшыныстық-мақсаттық, мазмұндық, операциялық-іс-әрекеттік және бағалау-нәтижелік құрамдас бөліктерінің міндетті жүйелі өтуі барысында берілген нәтижені – үлгерім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін білімдік үдеріс субъектілерінің интерактивтік ара қашықтықтық өзара әрекеттестігінің бірыңғай ақпараттық-білімдік ор-тасын жобалаудың тәсілдері мен құралдары туралы ғылыми-техника-лық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білімдердің жиынтығы болып табылады.

Инновациялық ақпараттық-білімдік орта ретінде электрондық оқы-тудың контенттік жасақтамасы жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз етеді, өйткені көрнекілік, жүйелілік, біртұтастық, ұғынымдылық сияқты дидактикалық қағидаларды, тәрбиелейтін оқытуды және басқаларды жаңа деңгейде іске асыру үшін мұғалімге де, оқушыға да жұмыс орнын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді; танымдық іс-әрекет кезеңдерін, оқытуды дараландаруды, оқушылардың құлшынысын арттыруды, оқу-шылардың өзін-өзі барабар бағалауын қалыптастыруды, ұлттық бірың-ғай тестілеуге дайындықты, педагог кадрларды қайта дайындаудың жаңа мүмкіндіктерін, Оқытушының шығармшылық өсуін және т.б. іске асыруды қамтамасыз етеді.

Филолог мамандардың бiлiктiлiгiн арттыратын ақпараттық-қатынас-тық жаңа технологиялар жүйесі бойынша атқарылатын негiзгi мiндеттер айқындалып, еліміз бойынша біртіндеп жүзеге асырыла бастады.

Зерттеу барысында ақпараттық-коммуникациялық технология саласы бойынша филолог мамандардың дайындығын жетiлдiру үшiн мынадай бағыттарда iске асырылуы қажет екені анықталды:

– филолог-педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығы мен мәде-ниетiн қалыптастыруды қамтамасыз ететiн дайындық өткiзудi жетiл-дiру; 

– қашықтықтан оқыту технологиясын бiлiктiлiктi арттыру жүйесiне енгiзу мәселелерiн байқаудан өткiзу және оны ендiру;

– бiлiктiлiктi арттыру жүйесiне виртуальды консалтингiлiк қызметтi енгiзу моделiн жасақтау және оны ендiру;

– филолог-педагогтардың ақпараттық-қатыстық технологияларды бiлiм беру үдерісiне пайдалану мүмкiндiктерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру-дың жолдарын қарастыру;

– ақпараттық-қатынастық жаң технологияларды пайдаланудың іс-тәжірибедегі озық үлгілерін жинақтап жүйелеу және мәлiметтер база-сын толықтырып, қол жетімділігін қамтамасыз ету;

– институттың Web – беттерiнiң мазмұнын ақпараттандыру саласы бойынша өткiзiлген курстық материалдармен, информатиканы оқытуда инновациялық технологияларды қолдану мазмұнымен, тыңдаушылар-дың шығармашылық жұмыстарымен және т.б. материалдармен толық-тыру

– жоғары оқу орны басшылары мен филологиялық пәндер мен курс-тардың оқытушы-профессорлары практикалық қызметiне қолданылатын қолданбалы программалық құралдарды (электрондық оқулық, энцик-лопедия) жинақтау банкiсiн толықтыруды жалғастыру.

Үзiліссіз педагогикалық бiлiм беру жүйесi – көп деңгейлiлiгiмен, iзгiлiктiлiгiмен, көпсатылығымен және ашықтығымен ерекшеленетiн динамикалық даму жүйесi. Сонымен, институтта ақпараттық-коммуни-кациялық технология саласы бойынша ұйымдастырылған курстардың негiзгi мақсаты бiлiм беру қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн ақпа-раттық мәдениеттi қалыптастырумен байланыстыруға бағытталған. Басқаша айтқанда, курсты ұйымдастыру барысында тыңдаушының өздi-гiнен бiлiм алуына және өзiн-өзi дамуына жағдай жасау арқылы бiлiм сапасын көтерудiң негiзгi шарттарының бiрiне айналып отыр.

Ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық іргелі және қолданбалы зерттеулерді қолдау, ғылыми-зерттеушілік жұмыстардың өрісін кеңей-ту, ЖОО ПОҚ-тың ғылыми-шығармашылық әлеуеті арқылы еліміздің жан-жақты кемелденуіне айтарлықтай ықпал ете алатын инновациялық типтегі ғылыми зерттеу дайындау қажет екенін бүгінгі заман қажеттілігі туындатып отыр. Осы ғылыми жобаны орындау барысында еліміздің тәуелсіздік алып, егемен ел болған алғашқы жылдарынан бері білім беру жүйесін жаңа заман талаптары мен заңдарына орай жетілдіруге, дамытуға, білім берудің түрлі салаларына ақпараттық-қатынастық жаңа технологияларды енгізуге бағытталған іс-шараларына назар аударылып, ой елегінен өткізілді. Ақпараттық-қатынастық жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың отандық білім сапасын жақсартып, қазақстандық жас ұрпақты әлемдік бәсекеге қабілетті білімді де білікті маман, кәсіп иесі етіп дайындаудағы қоғамдық-әлеуметтік қызметі, орны мен рөлі туралы ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық зерттеулер біршама зерделенді.

Еліміздің «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мін-деті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен прак-тика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндік-терін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіз-дерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту. Еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті жұмыс-шылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру» [1], – деп көрсетілгендей, бүгінгі еліміздің білім беру саяса-тының басты ұстанымы еліміздің жас ұрпағын жылдам өзгеріске түсіп, құбылып отыратын қазіргі жоғары дамыған ақпараттық ортаға бейім-делу, олардың электронды ақпараттық-қатынастық технологияларды дұрыс пайдалана білу сауаттылығын арттыру, жаңа заманның оқушы-лары мен студенттерін заманауи жаңа техникалық құрылғылармен ұтымды жұмыс істеп, тиімді қарым-қатынас жасай алатын құзіретті тұл-ға етіп дайындау болып отыр. Осы еңбекте АҚТ-ны білім берудің, соның ішінде филологиялық білім берудегі қолданысын іске асырып, дамытудың маңызды да мәнді мәселелері түрлі тақырыптар аясында әр қырынан қарастырылды.

Мәселен, «Ақпараттық-қатынастық жаңа технологиялар және еліміз-дің ғылыми-әдістемелік жаңа жүйесі» деген тақырыпта еліміздің білім беру жүйесін әлемдік стандартқа сәйкес дамыту үшін АҚТ-ны оқу-тәр-бие үдерісінде кең ауқымда пайдалану маңызды қызмет атқаратыны қарастырыла келе, оның күрделі де түйінді кейбір мәселелері көрсетіліп, өскелең ұрпаққа қазіргі заман талабына сәйкес сапалы білім беру, олар-ды әлемдік бәсекеге қабілетті етіп оқытып даярлау, олардың бойына отаншылдық сана-сезімді терең қалыптастыра отырып тәрбиелеу мәсе-лесі педагогика ғылымы саласында жаңа әдіснамалық негіздегі іс-әре-кеттердің көп болуын талап етеді. Себебі бұрыннан, кеңестік дәуірден келе жатқан дәстүрлі оқытудың мазмұны мен құрылымы және оның әдіс-тәсілдері мұндай нәтижеге жетуге толықтай кепілдік бермейтінін күнделікті іс-тәжірибе аңғарта бастады. Оның бірден-бір оң шешімі – отандық жалпы орта және кәсіби білім беретін білім ордаларының оқу үдерісіне оқу-әдістемелік, педагогика-психологиялық, ақпараттық-қаты-настық т.б. жаңа технологияларды батыл ендіру болып табылады. Өйт-кені қазіргі заманғы жаңа технологияларға негізделген әдіснама білім беру жүйесі қызметкерлеріне оқу үдерісінде қойылған негізгі мақсатқа жету үшін кепілдік береді деген сияқты т.б. тұжырымдар жасалды. Ал «Электронды ақпараттық технологиялар және білім берудің жаңа амал-тәсілдері» деген тақырып аясында еліміздің білім беру жүйесін жаңа-шылдыққа негізделген оқу-әдістемеліктер арқылы дамытуда еліміздің жаңа буын ұстаздарының ерекше рөл атқаратыны сөз болып, оның маңызды да мәнді, күрделі де түйінді барлық мәселелері мұғалім-оқы-тушылар қауымына келіп тірелетіні анықталды.

Зерттеудің негізгі мақсат-міндеттері ақпараттық-қатынастық зама-науи жаңа технологиялардың отандық филологиялық жоғары білім беру жүйесіндегі қолданысы және оларды осы саланың білім сапасын артты-рудағы қызметі мен тиімділігі және т.б. мәселелері болғандықтан, «АҚТ-ны қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолдану тәжірибесінен», «АҚТ-ны қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында қолданудың тиімді-лігі», «Ғаламтор жүйесі оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың бір жолы» деген сияқты т.б. тарауларда оның филология пәндерін оқытып-үйрету-дегі, болашақ филолог-мамандар дайындаудағы орны мен рөлі, жалпы, АҚТ-ны қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда қолданудың нақты тәжі-рибелері қарастырылып, олардың білім сапасын арттырудағы манадай тиімділігі көрсетілді: ұстаздар мен білімгерлердің уақытын үнемдеп, өз әлеуеттерін ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді; материалдың қол-жетімді болуы мен қызықты баяндалуын қамтамасыз етеді; көркем шығармаларды ұжымдық талдауға мүмкіндік береді; оқулық материалы қайталанбайды; пәнді тереңірек игеріп-меңгеруге септігін тигізетін сұл-ба, кесте, зерттеу материалдары болады; анықтама материалының, сөз-дік мақалаларының, ақын-жазушылар, филолог ғалымдар туралы дерек-тердің тез арада табылуы қамтамасыз етіледі; өз бетімен орындалатын жұмысқа қажетті материалдар мол болады; меңгерілген материалды өз бетімен тексергенде өзіне баға қоюдың амал-тәсілдерінің болуымен ерекшеленеді; материалдың өзге пәндермен ықпалдастықта кіріктіріліп баяндалуы жүзеге асырылады; шектес ғылымдар (әлемдік көркем әде-биет, тарих, философия, әлеуметтану, мәдениеттану, бейнелеу өнері, музыка т.б.) материалдарын пайдалануға мол мүмкіншілік болады.

Филологиялық білім берудегі жаңа технологиялардың рөлі мен маңы-зы, ондағы жаңа технологиялар дегенде АҚТ-ны қазақ тілі мен әдебие-тін оқытуда пайдаланып, қолданыста жүрген жаңа технологияларға сипаттама беріліп, талдаулар жасалды. Филологиялық білімнің сапасын арттырудағы өз тиімділігі мен оңтайлылығын байқатқан бірқатар жаңа технологиялар пайымдалып, әрқайсына қысқаша аналитикалық талдау-лар жасалды.

Оқытудың жиі қолданыста жүрген кейбір жаңа амалдары мен тәсіл-дері анықталып, олардың филологиялық білім беруді жақсартудағы маңызы көрсетілді. Филологиялық білім берудегі ақпараттық-қатынас-тық жаңа технологиялар – филология мамандығын игеріп жатқан сту-денттердің оқу-тәрбие үдерісіне қажетті іс-әрекеттердің жүйелі кешені, олардың оқуға деген ынта-ықыласына, филологиялық интеллектуалдық шығармашылық-зерттеушілік іс-әрекеті мен қызметіне ұтымды әсер ететін оқу-тәрбие үрдісінің жаңа әдіс-тәсілдері деген анықтама берілді.

Қазақстан көлемінде білім беру жүйесін ақпараттық-қатынастық жаңа технологиялармен қамтамасыз ете отырып, оның оқу-әдістемелік үде-рісін жаңартудағы, соның ішінді филология пәндер мен курстарда АҚТ қолдану туралы ғылыми-теориялық зерттеулер мен ізденістерге, іс-әрекеттегі түрлі тәжірибелерге, республика көлемінде атқарылған ау-қымды іс-шараларға талдау жасалып, нәтижелеріне назар аударылды. Осы ретте ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың отандық білім беру жүйе-сіне жаңа технологияларды енгізудің маңызы туралы инновациялық ой-тұжырымдары назарға алынды. Мәселен, оның Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде студенттер алдында оқыған дәрісін-дегі: «Ұлттар тек тауарлар және қызметтермен ғана бәсекелесіп қана қоймай, сонымен қатар олар қоғамдық құндылықтар жүйелерімен және білім беру жүйесімен бәсекелесуі қажет» [2], – деген маңызды ұсы-нысы еліміз бойынша қазіргі уақытта іске асырылып жатқаны нақты мысалдармен дәлелденді.

Әлемдік және өз еліміздің білім беру жүйесіндегі филологиялық жоғары білім беру саласының түрлі пәндері бойынша ақпараттық жаңа технологиялардың қолданысы, олардың оқу-тәрбие үдерісіндегі маңызы туралы педагог-филологтардың инновациялық ой-тұжырымдарына және сондай зерттеулердің құнды жақтарына мән беріліп, келешек қол-данысына болжау жасалды. Отандық филологиялық білімдегі қолда-ныстағы бірсыпыра жаңа технологиялар анықталып, бағаланды. Соның қорытындысы ретінде мынадай тұжырым жасалды: жаңа ғасыр өрке-ниетінің жетістігі болып саналатын АҚТ отандық білім беру жүйесінің сапалық деңгейінің артуына зор ықпал етеді. Сол себептен отандық білім беру әдіснамасын электронды-ақпараттық технологиялар мен құрал-жабдықтар арқылы жаңартып, халықаралық стандарт дәрежесіне көтеру, білімгерлерді әлемдік бәсекеге қабілетті маман етіп даярлау мақсатында тың да нақты қадамдар жасалуда. Барлық деңгейлік білім ошақтарын компьютерлендіру, ақпараттандыру, түрлі пәндерді элек-тронды оқу-әдістемелік материалдарымен қамтамасыз ету, соның ішін-де филологиялық білім берудің оқу-әдістемелік жұмысын да жаңаша ұйымдастырып, оның білім беру үдерісіне электронды АҚТ ендіру, оқу-тәрбие ісін АҚТ-ға негізделген жаңа әдіснамалармен қамтамасыз ету, заманауи жаңа технологияларды филологиялық білім беру үдерісінде тиімді пайдалану сияқты т.б. маңызды мәселелерді шешу еліміз бойын-ша жаппай қолға алынып жатыр. Сондай-ақ білім беруді ақпарат-тандыру үдерісінің нәтижелері сипатталып, оның  бірер жылда шешуге болатын мәселелері анықталды. Қорыта айтқанда, бүгінде  әлемдік озық технологиялар мен жаңашыл ізденістер отандық білім жүйесінде кең қолданысқа ие болып отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. -Алматы, 2000 жыл.

 

2Назарбаев Н.Ә. Инновациялар мен білім беруді дамыту арқылы – білім экономикасы//Елбасының Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде оқыған лекциясы. Астана, 2006 жыл.