Альжанова Г.Б.
Қазыбек би
атындағы №36 жалпы орта мектебі, Шымкент қаласы,
Қазақстан
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ БІЛІМ САПАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН
ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Қазіргі таңдағы білім берудің
барлық сатыларындағы түбірлі өзгерістер оқыту
процесіндегі жаңаша көзқарасты, білім берудің
жаңа тиімді технологиясының, белсенді оқыту
әдістерінің кеңінен енуін туындатып отыр. Еліміздің болашағы
өскелең ұрпақтың рухани байлығы мол,
білімді, кәсіби біліктілігі жаңалыққа сай жоғары
дәрежеде болуын қажет етіп отырғаны белгілі.
«Оқу іс-әрекеті»
түсінігі үнемі бір жақты түсінік деп айтуға
келмейді. Кең мағынада алғанда ол кейде
үйренудің, оқудың және тіпті оқытудың
синонимі ретінде жөнсіз, қарастырылады. Тар мағынада,
Д.Б.Эльконин [1] бойынша - кіші мектеп жасындағы жетекші іс-әрекет
түрі. Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов [2], А.К.Маркова [3]
жұмыстарында «Оқу іс-әрекеті» түсінігі,
субъектінің оқу пәніне деген, С.Л.Рубинштейн бойынша
түсіндірілетін бүкіл оның барысындағы ерекше
«жауапкершілік қатынаспен» теңестіріле отырып, іс-әрекеттік
мазмұн мен мағынаға толады. Назар аудара кететін жайт,
мұндай түсініктемеде
«оқу іс-әрекеті» іс-әрекеттің жетекші
түріне қарағанда кеңірек түсініледі, себебі
барлық жас кезеңдеріне, соның ішінде оқушытік
кезеңге де таратылады.
Бұл мағынадағы оқу іс-әрекеті -
іс-әрекет субьектінің оқу әрекетінің жал
-пыланған тәсілдерін игеруі және оқытушы тарапынан
әдейі қойылған оқу міндетін орындау процесіндегі,
өзіндік бақылау мен өзіндік бағалауға ауысатын
сыртқы бақылау мен бағалау негізіндегі өзіндік дамуы,
Д.Б.Эльконин бойынша, «оқыту іс-әрекеті - бұл өз
мазмұны жағынан ғылыми түсініктер саласындағы
әрекеттің жалпыланған тәсілдерін игеру болатын
іс-әрекет, мұндай
іс-әрекет сәйкес түрткілермен қозғалуы
керек.
Оқу іс-әрекеті, олай болса, іс-әрекеттің ерекше
түрі ретінде қарастырыла алады. Ол іс-әрекеттің
субъектісі ретінде үйренушінің өзіне бағытталады -
оның әлеуметтік-мәдени тәжірибені
қоғамдық пайдалы, танымдық, теоретикалық
және практикалық іс-әрекеттің әр түрлері
мен формаларында саналы, мақсатты игеруі арқасында
тұлға ретінде қалыптасуы, дамуы және шыңдалуы. Оқу
іс-әрекетінің пәндік мазмұнын талдау, кез-келген
басқа іс-әрекет сияқты, оның пәнін
анықтаудан, яғни, іс-әрекеттің неге
бағытталғанын анықтаудан басталады: бұл жерде -
білімдерді игеруге, әрекеттердің жалпыланған тәсілдерін
игеруге, әрекет тәсілдері мен амалдарын, оның
бағдармаларын, алгоритмдерін өңдеуге бағытталған,
осы процесс барысында үйренушілердің өзі де дамиды.
Оның мазмұны, пәні осы болып табылады. Сонымен бірге, оқу
іс-әрекеті субъектінің өзінің өзгеруіне
бағытталғандықтан, (ол оқу іс-әрекеті жетекші
болып табылатын кіші мектеп жасында елеулі мөлшерде, тіпті іс
жүзінде кез-келген жаста көрінеді) игеру субъектілік
өзгерісті интеллектуалдық, тұлғалық
тұрғыда жанамаланады, бұл да оқу
іс-әрекетінің пәніне жатады. Оқу
іс-әрекетінің құрал мен тәсілдері [3]. Оқу
іс-әрекетінің жүзеге асуына көмектесетін
құралдарды үш тұрғыдан қарастырған
жөн. Біріншіден, бұл оқу іс-әрекетінің танымдық
және зерттеушілік қызметтерінің негізінде жатқан
интеллектуалдық (С.Л.Рубинштейн терминдерінде - ойлау операциялары)
әрекеттер: талдау, синтез, жалпылау, жіктеу және т.б. Екіншіден,
бұл белгілік, тілдік, вербалдық құралдар,
осылардың формасында білім игеріледі, рефлексияланады және
даралық тәжірибе өндіріледі. Үшіншіден, бұл
негізгі білімдер, оларға жаңа білімдер қосылуы арқылы
оқушының даралық тәжірибесі, тезаурусы құрылымданады
[4].
Оқушылардың білім сапасына қазіргі
таңда қойылар талаптың өсуі білімді игеру
көрсеткіштері құрылымының өзгерісінде
көрініс табуда, әрі осы мәселенің дидактиктер мен
педагогтар зерттеулерінде көп қарастырылуы да септігін тигізіп
отыр. Осы мәселеге орай, білім сапаларының көрсеткіштерін
анықтауды мақсат ететін түрліше көзқарас,
қатынастарды бөліп көрсетуді жөн көрдік. Білім
мен шеберліктің құрамы мен мазмұнына негізделген
қарым-қатынас (Г.И.Батурина, Б.П.Есипов, М.И.Зарецкий, И.Я.Лернер ,
М.Н.Скаткин). Бұл қатынас шеңберінде білімге ғылыми
мәліметтер жүйесінің бірлігі, жинағы деп талап
қоятын дәрежедегі оқушылардың білім сапаларының
көрсеткіштері ерекше бөлініп көрсетіледі. Ол сапалар мыналар:
білімнің толықтығы (яғни бағдарламаға
сәйкес меңгерілетін объект жөніндегі бүкіл
білімдердің саны), білімнің терендігі (берілген білімнің
өзіне сәйкес өзге білімдермен саналы байланыстар орнату
саны), жүйелілік (білімнің кейбір бірлігі тұстарын,
олардың кезектестігінің иерархиясын сезіну), жүйелік
(ғылыми теория құрылымына білім бірлігі
құрылымының сәйкестігі).
Осы сапа-қасиеттердің қалыптасуы
оқыту бағдарламасының көлемі мен мазмұнына
байланысты.
Психологиялық-педагогикалық теория және
тәжірибеде баға ұғымы көбіне бағалау деген
үғыммен түсіндіріледі. Бірақ, бұл
ұғымдар арасында маңызды айырмашылықтар бар, ол
маңыздылықты В.И.Петровский
анық, дәл айқындайды және өз
еңбегінде былай деп анықтама береді: "Оқушы
білімінің бағасы дегеніміз-бағдарлама бойынша немесе
оқытудың дәл сол уақыттағы сұрақ-талаптарына
білім қорының болуына сай қатынасты сипаттайды, ал баға
немесе баллдар, осы қарым-қатынасты көрсететін форма
болады" [5].
Г.И.Батурина оқушылардың оқу
мазмұнын меңгеру талаптарының 2 бөлімін бөліп
көрсетеді: қазіргі әлем суреті туралы түрліше білімдер
жүйесін меңгеру және ақыл-ой әрі
практикалық шеберліктерді меңгеру. Оқу мазмұнының
меңгерілу сапасын автор мектеп оқушыларының келесі
шеберліктері арқылы анықтауды ұсынады:
а) оқытуға ұқсас
жағдайларда білімдер жүйесімен қолдана алу
шеберліктерінің болуы, яғни үлгі бойынша әрекет ете
алу;
б) ұғымдар, түсініктер арасындағы
жаңа байланыстардың орнығуын талап ететін шеберліктерге
қарай;
в) білімдер жүйесін жаңа білімдермен
толықтыра түсу шеберліктерінің болуы.
Білімнің меңгерілгендігі
деңгейлерін бөліп алуға негізделген
қарым-қатынас (В.П.Беспалько, Б.С.Гершунский, Ю.В.Павлов,
В.И.Травинский). Зерттеушілер арқылы ерекше бөлінген бұл
деңгейлер оқу материалын
игерудің белгілі бір
сатыларына сәйкес сапалы түрліше әрекет түрлері
ретінде суреттеледі.
В.П.Беспалько меңгерудің келесі 4
деңгейін бөліп көрсетеді:
1) тану, қайта тану, ажырату деңгейі -
"білім-танысу";
2) меңгерілу объектісі туралы ес және
түсіну деңгейінде мәліметтерді қайта
жаңғырту - "білім-көшірме";
3) іс-жүзінде білімді таныс обьекті,
жағдайларда қолдану - "білім-шеберлік";
4) тәжірибеде алған білімді меңгерілген
жағдайлар обьектілерге сияқты
таныс емес жағдай, обьектілерге қатысты
тасымалдау-"білім-тасымал".
Жоғарыдағы авторлар арқылы бөліп
көрсетілген деңгейлер пән мазмұнын игерудегі алға
жылжушылықтың тәжірибесі мен шамасын меңгерудің
кезектестігі ретінде сипатталады.
В.В.Вагиннің пікірінше, педагог әрекеті тек
қана оқу процесінің барлық кезеңдерінде оку
материалын меңгеру деңгейі тексеріліп отырса ғана жемісті
болады деп, білімді бағалауды білімнің меңгеріуімен
тығыз байланыстырады. Автор бұл проблемаға үш
жақты қарайды:
Біріншіден, жаңа оқу материалын
түсінужәне ұғыну кезіндегі тексеру;
Екіншіден, өткен материалды бекіту кезіндегі
білімді тексеру;
Үшіншіден, өткен материал бойынша
жаттығуларды орындаудағы тексеру.
Өз кезегінде автор білімді жақсы да
терең меңгеруге көмектесетін бірнеше жаттығулар мен
әдістерді мысалға келтіреді және де нашар
үлгерімнің себебін оқытудың әдістерінен,
сабақтың мазмұны мен құрылымынан іздеу керектігін
айтады.
Қазақстандық психолог-ғалым
С.М.Жақыпов өзінің "Танымдық іс-әрекет
психологиясы" еңбегінде оқу-тәрбие процесінің
тиімді жүйесін көрсетеді. Олар мынандай жүйеде
"оқытушы", "оқушы", "оқытудың
құралдары мен әдістері, мазмұны" болып табылады.
Оқыту компоненттерінің тақырыбы жеткілікті жағдайда
қамтамасыз ететін қажетті талаптарды орындауда оның
жүйе ретінде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді" деп
көрсеткен. Жүйелі бағалау жайындағы психологиялық
талдау қазіргі таңдағы жаңашыл психолог-ғалым C.M.Жақыповтың
зерттеуінше, оқытушы мен оқушының танымдық
іс-әрекеттерінің бірлескен жағдайында ғана жүзеге
асады [4].
Бұл бағыт бойынша жасалатын
болашақтағы ғылыми жұмыстар олардың
психологиялық жағынан қамтамасыз етілуіне тәуелді болуы
мүмкін. Оқушылар білімдерінің сапалы сипаттамасы, бағаланатын
әрекет түрлерінің мазмұны психологиялық талдау
пәні болады және соның негізінде анықталуы тиіс.
Бұл талаптардың орындалуына мысал ретінде В.П.Беспалько ажыратып
бөлген білімді меңгеру көрсеткіштерін айтуға болады.
Мысалы, В.П.Беспалько бойынша, білім "білім-көшірме"
деңгейінде меңгерілді десек, онда оқушы обьект жөнінде
мәліметті ес арқылы немесе түсіну негізінде қайта
жаңғыртуы тиіс [6].
Мұнда бірдей, бір деңгейдегі білімдер
өзінің психологиялық мазмұны бойынша түрліше
әрекет түрлерімен суреттеледі. Сонымен бірге, меңгеру
деңгейлері ретіндегі әрекет түрлері өз біліктілігі
үшін қосымша критерийлер мен көрсеткіштерді қажет
етеді: яғни мәліметтер түсіну негізінде қайта
жаңғырады деу үшін,
мазмұнды критерийлер және көрсеткіштер қажет.
Мектеп пен
оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады.
Оқу қызметіндегі олқылықтардың сырттай
көріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін.
Жеткіншектер білімді, қатал, әділ, мейірімді де әдепті,
сабақта жұмысты қарқынды ұйымдастырып, оған
оқушыларды тарта білетін, барлық балалар үшін нәтижелі
ете алатын мұғалімдерді бағалайды. Әрбір жас шағы
психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады
және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының
өзіндік құрылымының жиынтығын
құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады.
Осыған байланысты әрбір педагог маман орта мектеп
оқушыларының жас кезеңдеріндегі өзіндік ерекшеліктерге
сергек те сезімтал көзқараспен қарап олардың жан
дүниесін түсіне білуі шарт.
Қазіргі
білім беру тұжырымдамасының бағытының өзгергеніне
қарамастан, мектептердегі оқу бағдарламасын оқушы тұлғасынан жоғары
қою әлі күнге дейін кездеседі. Оқытуда білім беруді
меңгеруге, баланың интеллектісін ғана дамытуға
бағыттайды. Оқушының тұлғалық және
психологиялық шығармашылық қабілеттерін дамытуға
арналған жұмыстар тең дәрежеде өткізілуі тиіс.
Әдебиет:
1. Батурина Г.И., Шамова Т.И. Цели образования как
основа связи содержания и методов обучения. // Советская
педагогика, 1980.- №8.- С.69- 75.
2. Батурина Г.И., Шамова Т.И. Цели образования как
основа связи содержания и методов обучения. // Советская
педагогика, 1980.- №8.- С.69- 75.
3.
Беспалько В.П. Основы
теории педагогических систем. Воронеж: ВГУ, 1983.-175 с.
4.
Жақыпов С.М.,
Елубаева С.Б. “Оқыту процесіндегі қарым-қатынастың
психологиялық мәселелері”, 1998
5.
Намазбаева Ж.И. Психология Алматы:
Мектеп, 2001
6.
Қоянбаев Р.М.Тәрбие
теориясы.- А.,1991.-
Б. 102.