Алиева Рахима

Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі, Шымкент қаласы, Қазақстан

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ

ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУ

 

 

Білім беру процесі көп жоспарлы және полиморфты өзара әрекет болып табылады. Бұл оқушы мен мұғалімнің оқу, дәлірек айтсақ, оқу-педагогикалық өзара әрекеттесуі. Оқудағы өзара әрекет S→O сызбасымен сипатталған, мұндағы  S – бұл оқытуды дамытушы (мұғалім), білім беруші, іскерлікті қалыптастырушы, оны қадағалап және бағалаушы белсенді субьект. O – оқушы оқыту мен тәрбиелеу субьектісі ретінде қарастырылады. Осы екі жақты психологиялық контакт, өзара әрекеттесуші жақтардың түсінушілігінен туындаған және бір-біріне сенімі  және қызыққандығымен байланысты, адамдардың психикалық күйлерінің ортақтығының нәтижесінде пайда болды.

Педагогикалық іс-әрекетте қиындықтар пәндік мазмұнның өзімен, педагогтың меңгерілуі оның іс-әрекетінің негізі болып табылатын білімдерге ие болу деңгейі және сипатынан да туындауы мүмкін, сондай-ақ кәсіби-педагогикалық іскерліктерден, дидактикалық құзырлылықтан да, үйренушілерге педагогикалық әсер ету тәсілдері және құралдарынан да туындауы мүмкін.

Бастауыш мектеп оқушылары не қызық болса соған мән беретіндегінен оның ырықсыз зейіні әсем бояуларға, таныс емес заттар мен ұйқастырып айтылған сөздерге әсерленуден туатындықтан мұғалім мүмкіндігінше сабақты қызықтыруға барлық күшін салады. Егер оқу процесінің барлық кезеңдерін қызықты етуге тырысып баланы осыған әдеттендірсе, оның ырықты зейінін қалыптастыруға кедергі жасайды. Ырықсыз зейін түрінде оқушы оқу материалын шаршамай, жеңіл игереді. Материлдың есте сақталуы да тұрақты болады. Сондықтан, оқу процесінде педагог оқушылар зейінін басқару үшін зейін түрлерінің қайсысы тиімді екенін анықтап, жұмыс жүргізуі керек. Қайсыбыр күшті, ерекше, күтпеген тітіркендіргіштердің барлығы да балаларда қозудың басты ошағының орны субдоминанталы жағдайға түседі. 

Мектепке келген баланың мақсатқа бағытталған зейініне қарағанда жетекші орында ырықсыз зейін тұрады. Сондай-ақ, зейіннің бұл түрі көбінесе материалдың әсерлілігіне, көрнектілігіне, нақтылығына, баланың эмоциялық сферасына әсер етуіне байланысты болып келеді. Бұл оқушыларда ырықсыз зейін басым десек те, оқытудың алғашқы жылы – ырықты зейіннің қалыптасуының негізгі кезеңі болады.          Б.Г. Ананьев зейіннің бұл түрі үлкендер мен балалардың арасындағы тәрбие процесінің жемісі болып табылады деп есептейді .

Бұл эксперимент Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектебінің 4 сыныбында жүргізілді.  Эксперименттік сынақта 25 оқушы қатысты. Бастауыш сынып оқушыларының таным процестеріне арналған психодиагностикалық жұмыстар  ұйымдастырылып, барлық қорытындылары есепке алынды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін   бастауыш сынып жаста психодиагностикалық жұмыстың негізгі көрсеткіші төмендегідей:

-  танымдық процестерінің  даму деңгейлері;

-  жаңа  материалдарды қабылдауы, зейіні, ойлау қабілеті;

-  оқуға, еңбекке, оқудан тыс іс-әрекеттке қабілеттілігі;

-  жағымды емес әсерге тұрақтылығы;

-  құрбылар арасындағы қарым – қатынас үйлесімділігі;

-  сөйлеу мәнері, тілдік қоры;

-  ойды аяқтау, жаңа материалды ұғыну қабілеті.

Психодиагностиканың міндеті бастауыш сынып балаларының танымдық процестерінің дамуы туралы нақты мәліметтер алу.  Осы орайда біз «Бейнені есте сақтау», «Сөзді аяқта» әдістемелері жүргізілді және әр бір таным процесіне жеке – жеке тапсырма берілді. Жауаптары жеке –жеке талданып жалпы анықтау деңгейі шығарылды.

Тақырыбы: «Оқушылардың  таным  процестерінің  даму деңгейін  анықтау».

Мақсаты: «Оқушылардың  ойлау,есте  сақтау,зейінін  анықтау.

Сабаққа  қажетті  көрнекіліктер: қаламсап,ақ  парақтар, карточка.

Сабақты  ұйымдастыру  кезеңі: «Құлақ-мұрын» зейінді аудару ойыны. Балалар шеңбермен  тұрады. Жүргізуші:құлақ-деп  қолымен  мұрынды  ұстайды, ал  мұрын-деп  құлақты  ұстайды. Ал  балалар  құлақ  дегенде  құлақты, мұрын  дегенде мұрындарын  көрсету керек.

Жүргізуші  балалардың зейіні  мен  қабылдауын  тексеру  мақсатымен оларды  шатастырып  айтады.

1-ші  тапсырма: «Қабылдау»

Нұсқау: «Бұл   тапсырмада   дайын   2 сурет  беріледі,  ал  оқушы  суреттер  астындағы  екі Трафареттік  рамкаға  сол  суреттерді  көшіріп  салуы  керек. (Сурет   бір - бірімен   байланысты   кесінділерден  тұрады)».

2-ші  тапсырма: «Зейін»

Нұсқау:«Берілген таблицадан тек қана  дөңгелек пен жұлдызшалардың санын табу керек».

3-ші  тапсырма: «Ойлау»

Нұсқау :  «Берілген 15  сұраққа  жауап  беру  керек . Жауаптарды  жауап  беру  бланкісіне жазу  керек».

4-ші  тапсырма: «Ес»

Нұсқау: « Оқушыларға  10 зат есім  сөздер  екі  рет  қайталанып  оқылады. Оқушылар  сол сөздерді  есте  сақтап  жауап  беру  бланкісіне  жазу  керек».

5-ші  тапсырма: «Қиял»

Нұсқау: «Оқушыларға 10 сөз  беріледі. Олар  сол  сөздерді  бір - бірімен   байланыстырып логикалық  байланысы бар, әңгіме  құрастыру  керек».

Әрбір оқушының құрастырылған әңгімесін ауызша айтып, ойларын толық тыңдауға мүмкіндік жасалады. Қанша сөйлем құрастырылғаны анықталады. Сөздік қоры бағаланады. Сөздер: құмыра; бау-бақша; алтын; жолбарыс; шөл; найзағай; сыйлық; байлық; кілт; қуаныш.

Бастауыш сынып оқушыларына қандай да бір психодиагностикалық әдістемені жүргізбес бұрын, психологиялық даму деңгейін шынай бағалау үшін, баланың ақыл-ой сәйкестігін тіпті асып кетпеуін қадағаладық. Оқушылардың барлық іс - әрекетінің мазмұны оның сол әрекетті ақыл – ойы арқылы  жағымды нәтижеге жеткізу. Оқушының саналы әрекет жасау, ойды қорыту ақыл – ой белсенділігі нәтижесінде көрінеді.

Тапсырмаларды әр түрлі әдістермен шешу кезінде оқушыны қосымша ақпарат қызықтырады. Өйткені көп пікірлерден, бірнеше мүмкін ой жолдарын таңдау ырықсыз түрде өтеді, бір сұрақты әр түрлі көзқараста қарастырылады. Осыдан қатысушылар белсенділік қолданылады, материалдық есте сақтауы саналы және сапалы болады.  Жүргізілген анықтау жұмыстарының қорытындысы бойынша бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестерінің дамуын анықтап, оларды  түзету мақсатында ізденістер туғызды және түзету жаттығуларын ұсыну көзделді.

Анықтау эксперименті бойынша әдістемелер  қосымшаларда көрсетілген. Танымдық процестерінің дамуын пайыздық өлшемімен   есептелінді.

Анықтау экспериментінен кейін түзету-дамыту іс-шараларын негізінде ойын арқылы ұйымдастыру тиімді болатыны айқындалды. Олай болса ойындар баланың танымдық іс-әрекетін дамытуға тікелей әсер етеді.

 

Әдебиет:

 

1.       Н.И.Болдырев "Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы".  Алматы, 1977 ж

2.       Б.М.Қаратаев "Мектептегі тәрбие жұмысы".  Алматы-1996 ж.

3.       Ж. Б. Қоянбаев. Р. М. Қоянбаев. Педагогика Астана 2000

4.       Қ. Жарықбаев  Ә. Табылдиев. Әдеп және жантану. Алматы-1994ж.

5.       Әбішева А. Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері //Бастауыш мектеп №3, 2003