Экономические науки/13.Региональная экономика.

 

Аркенова Ж.Р., Дәулет А.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

 

ҚАЗАҚСТАНДА  ӨҢІРЛІК  БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Өткен ғасырдың ортасында әлемдік экономика субъект түрінде бәсекеге халықаралық компаниялар  және де елдер, олардың бірлестіктері мен  жекелеген өңірлер қатысатын тұтас бәсекелестік әсер аумағына белсенді түрде айналды. Жаһандандыру  үдерісі саласында бәсекелестіктің кеңістіктегі бәсеңдеуі мемлекетаралық, сонымен қатар өңіраралық деңгейде де байқалуда. Өңір түсінігінің даму сатысына сүйене отырып, өңіраралық бәсекелестік бірнеше деңгейде қарастырылуы мүмкін, мәселен бір мемлекеттің өңірлер  арасында бәсекелестік, бір мемлекеттің өңірлерінің басқа өңірлермен бәсекелестігі,  макроөңір бәсекелестігі, яғни бірқатар елдердің бірігуі, бәсекелестік қарым-қатынастардың субъектісі ретінде жақында ғана салыстырмалы түрде қарастыра бастады. Алғашқыда аумақ «полярлық кеңістік» түрінде түсіндірілді, қоршаған орта және құрылымдық байланыс пен ортаны жүзеге асырды. «Өңірлік бағдарлама» сияқты термин қолданылды, яғни өңір, аумақ сияқты қарым-қатынастар негізінде шешімдер қабылдады және бұл оның жүзеге асырылуы мен дамуы мақсатындағы бағдарламалар. Берілген бағыт Ж.Будевилдің концепциясында көрініс тапқан. Өңірлік экономикалық субъективтіліктің енуі ұлттық экономика шеңберіндегі өңірді шаруашылық субъект ретінде қарастырады. Қазіргі өңіртанушы А.Гранберг өңірді «квазимемлекет» немесе «квазикорпорация» түрінде қарастыруды ұсынады. Өңір моделінің «квазифирма» түріндегі мағынасы өңірге бағыт түрлерінің қолданылуымен түсіндіріледі, оның тәртібін фирма ретінде қарастырады. Сонымен, өңір тек қана бірқатар қоғамдық игіліктер өндіріп қана қоймай, қажетті ортаны қалыптастырады, ресурстарды таба білуі олардың белсенді орналасуын қамтамасыз етуі керек. Берілген бағыт өңірдің жаһандық бағдарланушылығын қарастырады, өйткені онда жаһандық бәсекелестік идеялары бар дамушы ішкі күштер қажет. Өңірдің «квазимемлекет» түріндегі концепциясы республикалық  экономикалық теорияларға қайшы келмейді,сәйкесінше өңірлік билік өңірдің дамуына және қоғамдық қажеттіліктердің оның тұрғындарына ұсынылуына жауапты. Алғашқы ең нақты өңір туралы монография авторлары «Бәсекеге қабілетті өңірлердің теориялық  қолданбалы аспектілер» өңір  концепциясын өзінше ерікті субъект ретінде шаруашылыққа және бәсекеге жүйелейді. Сәйкесінше берілген концепция өңірді стратегиялық ойынға қатысушы ретінде қарастыруды ұсынады,басқа өңірлердің  бірқатар бағыттарымен өзара іс қимылын, бәсекеге қабілетті ортаның іс қимылын, бәсекеге қабілетті ортаға жүйеленуі, тырысуы, ұзақ мерзімді даму мақсаттарына сәйкес келеді.Өңірлердің өзара іс қимылы мына себептер арқылы жүзеге асырылады: шектеулі ресурстар,олардың бәсекеге қатысуы, тұтынушы ұсынысының көлемі,өңірлік еңбек бөлінісіне қатысуы, ортаға және халықаралық экономикалық қарым-қатынастарға әсері.Өңіраралық бәсекелестіктің Қазақстандағы алғышарттары, басқа дамыған елдермен салыстырғанда жақында пайда болды. Қазақстан экономикасындағы және саясат құрылымындағы жүргізілген трансформациялар, сонымен қатар жаһандық үдерістер қазақстан өңірлеріне әсерін тигізді және олардың ұлттық және әлемдік экономикадағы рөлін өзгертті. Қазақстандық өңірлер жаңа мақсаттарға сәйкес мәжбүрлі түрде өз бетінше экономикалық субъект болуға ұлттық және халықаралық экономикалық ортада кең шеңберде бәсекелестерге айналуда. Өңіраралық бәсекелестік қарым-қатынас мына факторлар әсері нәтижесінде дәлелденген:

- өңірдің экономикалық дамуының инерциясы; мультипликаторлардың кеңістіктегі теңсіздікке әсері;әр түрлі деңгейлердің сыртқы экономикалық қарым-қатынастарға қатысуы;елдер аумағындағы дезинтеграциялық үдерістер;-бірыңғай экономикалық қызығушылықтардың ішкі бірқатар өңірлерде болмауы;институтционалдық ортаның жұмыс істеуінің бұзылуы;аймақтар тұрмысын нарықтық дабылдарға теңдей реакциялаудың болмауы.

Жоғарыда көрсетілген факторларды қарастырайық:

Қазақстандық өңірлер өзінің экономикалық жағдайы мен потенциалы арқылы күшті ерекшеленеді, бұл оның бәсекелестік позициясына әсер етпей қоймайды. Өңірлердің  экономикалық құрылымы мамандандырылуы реформаға дейінгі кезеңінде индустриялану анықталды және қалыптасты. Отын-шикізат, энергетикалық, металлургия, машина жасау, әскери-өнеркәсіптік комплекстер салаларының кең дамуы, халық тұтынатың тауарларды өндірудің инфрақұрылымы мен салалардан айтарлықтай артта қалды. Өтпелі кезеңнің 90-шы жылдарында мемлекет экономикасы жаңа нарықтық шарттарға сай келмей, дағдарыс жағдайына түсті. Дамыған сыртқы экономикалық қызметi бар өлкелер, экспорттық бағытпен және экономиканың құнсызданатын құрылымымен, өңделетiн өндiрiстермен және ескі салалық өлкелерге қарағанда үстемдiк етумен, нарықтық шарттарға ойдағыдай бейiмделдi және дәл қазіргі уақытта өте күштi бәсекелестiк позициясына ие болып отыр.

Мультипликаторлардың теңсіздік кеңiстiгіндегі әрекеті сауда мен  қызметке әсерін тигізіп, аймақтардың теңсiз экономикалық жағдайына кері әсер етті. Дамыған аймақтарда қызмет көрсетумен сауда салаларының шапшаң дамуы байқалады, өйткені халықтың жергілікті төлемдерге жарамды сұранысы мен жоғары табысы тұрақты.Кейбір қалаларда қызмет көрсетулер рөлінің артқаны байқалады.

Жаһанды  процестер нәтижесінде пайда болатын мүмкіндіктер мен пайдаларды барлық аймақтар қолдана алмайды, олардың бәсекелестік позицияларының поляризациялауын қиындатады. Әлемдік шаруашылық байланыстарын қамтамасыз ететін және әлемдік нарықта көп сұранысқа, табиғи ресурстарға ие  қолайлы географиялық жағдайы бар аймақтар мен ірі қалалар қосылған. Дәл осы аймақтар қолайлырақ жағдайда  орналасқан және өздерінің бәсекелестік позицияларымен экономиканың сәтті дамуына оң ықпал етуге көбірек мүмкіндіктері бар.

 Бәсекелестік қатынастардың дамуы аймақаралық алмасудың қысқаруында жылжымайтын мүлік, жұмыс күші, энерготасымалдағыштар, тұтыну тауарларының әр түрлі бағалары деңгейінде аймақтық нарықтарды құруда көрінетін  Қазақстан экономикасын кері ықпалдасу жағдайында қиындайды. Кері ықпалдастық  процестің бірнеше себебін табуға болады. Ал бұл тасымалдаушылардың өнім бағасымен салыстырғанда  көлік тарифтерінің қарқынды өсуі және бағдар деңгейінде өңірлердің  ішкі және сыртқы нарыққа ажыратылуы. Кері ықпалдасу  процестерін күшейту аймақтарды әлемнің жеке елдері мен зоналарына тартуда пайда  болады деп айтуға болады.

 Өңірдің, орталықтың, саясат басшыларының билікке, экономикалык  ресурстарға таласуының  арқасында аймақтық бәсекелесудің шиеленісуі, республикалық  келіссөздің қиындауынан туындап отыр. Осы тартыстың арқасында еңбек ресурстарын орналастыруда және  өндірістік  салада  қолайсыз жағдайлар туындайды. Бәсекелестік қарым-қатынас  бұзылады  және бюджеттік қатынастардан қолайсыздық туындайды. Өңірлік  өкіметтің арасында мемлекеттік  бюджет арқылы кірістерді бөлісуде келіспеушілік туындайды.  Орталық өңірлердің түсінбеушіліктері арқасында қаржылық көмек көптеген жағдайларда ақталмайды. Қаржылық  көмекті аса қажет ететін өңірлерді  іріктеп алуда нақты іс-шаралар қарастырылмаған.

 Бірыңғай экономикалық кеңістіктің болмауы жағдайында, өңірлік  немесе республикалық  деңгейдегі биліктің араласуы, аймақтардың нарықтық сигналдарды дұрыс қабылдауына қабілетсіз болып шығады. Әр түрлі ауытқуларды жоюда тұрғын үйлердің аз болуынан,  тұрғындардың  шапшандығының жеткіліксіз болуымен  және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақылар  жүйесінің әлі де болса қалыптаспағандығымен тығыз байланысты және де жалпырмемлекеттік  еңбек нарығының икемсіздігі кедергі келтіреді. Қазіргі кезде өңірлердің бәсекелестік қарым-қатынастары, олардың жіктелуіне  әкеліп соғады.

Қазіргі таңдағы концепциялар өңірді ұлттық және халықаралық деңгейдегі бәсекелестік қарым қатынастағы субьект ретінде қарастырады, ал өңіраралық бәскелестікті - басқа да аймақтармен қарым-қатынастағы аймақтың экономикалық дамуымен байланысты көпсалалы қатынасының жиынтығы ретінде сипаттайды. Аймақаралық бәсекелестiктiң мәнi - қорларды тарту мен ұзақ мерзімді дамуына және еңбек бөлiнісi жүйесін орнына сәйкес ұзақ мерзiмдi мақсаттарға жетудегі күрес болып саналады.

Шикізат ресурстары  соғұрлым экспортта бағдарланған, географиялық жағдайы тиімді болып табылатын халықаралық  транспорттық қатынастарды қамтамасыз ете алатын экономиканы неғұрлым өңірлік  бәсекелестік деп айтуға болады. Бұл жерде басты рентаның рөлі өте маңызды, олар тек Республикалық  емес, сонымен қатар, басқа да ірі қалалардың бәсекелестік меншігін күшейтеді. Олар нарықты  міндеттерге тез үйренісіп кетті, онда нарықтық инфрақұрылым және білікті  кадрлар жылдам қалыптасады. Қалған өңірлер  өздерінің бәсекелестік позицияларына жол береді. Сондықтан да Қазақстан экономикасындағы өңірлердің монополиялық  бірқатар жағдайлары  туралы айтуға да болады.

   Қазақстан бүкіл  экономикалық кеңістігінің бірлігі  өндірістің және капитал  факторлары мен тауарлардың  еркін орын ауыстырып отыруы, ең маңызды алғышарттардың бірі болып табылады, ал ол бәсеке міндеттерінің теңестірілуін реттейді. Бірақ барлық жалпыреспубликалық  кеңістікті қалыптастыру,  өңірлік  қызығушылықтарды жүзеге асыруы сияқты, өңір аралық серіктестікті реттеуін талап етеді. Интеграциялық процестердің барлық әлемдік шаруашылықтардың шегінде таралуы, әр түрлі мемлекет аралық серіктестіктің реттелуін, сонымен қатар ішкі өңірлік  мемлекеттер қазіргі міндеттердің ішінде ең перспективалық бәсеке қақтығысының құралдарын  растайды. Сол себепті Қазақстандағы ең маңызды өңірлердің бәсекелестік позицияларын көтеру, сонымен қатар олардың  ұлттық шекаралық ауқым  шегінде өзара пайда мақсатында іскерлік серіктестігін орнатады. Мұндай талпыныстар тәжірибе алмасу аумағымен, жақсы бәсеке және ұлттық шеңбердегі секілді, халықаралық экономикалық орта үшін жаңа мүмкіндіктер көрсету және ойлап табу өңіраралық экономика форумының қалыпты тәртіп түрінде қабылданады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ермишина А.В. Конкурентоспособность региона / А.В. Ермишина. URL: http://www.cfin.ru/management/ strategy/competitiveness.shtml.

2. Лемдяев А.В. Конкурентоспособность: региональный вектор//Управление экономическими системами: электронный журнал. 2015. № 2 (22). № гос. рег. статьи 0421000034/0023. URL: htpp://uecs.mcnip.ru.

4. Маннапов Р. Г. Организационно-экономический механизм управления регионом: формирование, функционирование, развитие: монография / Р. Г. Маннапов, Л. Г. Ахтариева.— М. : КНОРУС, 2014. 352 с.

5. Меркушов В. В. Интегральная оценка конкурентоспособности регионов / В. В. Меркушов. URL: htpp://sopssecretary.narod.ru.

6. Региональная экономика: учебник / под ред. В.И. Видяпина и М.В. Степанова.— М. : ИНФРА-М, 2005.