Дузельбаева Г.Б.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

Компанияда кадрларды мөлшерлеу, талдау және басқару тиімділігін бағалау

 

Қазіргі жағдайда қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық  жүйесі даму үстінде. Нарықтық экономикада кез-келген компанияның негізгі мақсаты аз шығын жұмсай отырып, максималды көлемде табыс алуды көздейді. Еңбекті мөлшерлеудің маңызы мен мәні бұл еңбек нарығында жұмысшы күшінің құнын анықтауға мүмкіндік береді. Жұмысшы күшінің құны көптеген факторларға байланысты. Атап айтатын болсақ, жұмысшының біліктілігі, жұмыстың күрделілігі, еңбек жағдайы, жұмыс уақытының ұзақтығы, оның қауырттылығы, сонымен қатар жұмыс қарқыны да компанияның ажырамас  бөлігі болып табылады.

Еңбекті мөлшерлеу жүйесі - бұл компанияда еңбекті мөлшерлеу  үдерісін басқару мен ұйымдастыру бойынша шешімдер кешенін құрайды. Ол мыналарды қамтиды: персоналдарға бөлінген кез-келген жұмысты орындау барысында оларға еңбекті  мөлшерлеуді белгілеудің  әдістері мен  тәсілдерін  анықтау; нақты  өндірістік жағдайларда  еңбекті мөлшерлеуді белгілеудің реттілігін ендіруді анықтау; еңбекті мөлшерлеуді қамтамасыз етітін жұмысшылар саны; еңбек  өнімділігі және еңбектің басқа да  көрсеткіштерін енгізу. Жұмыс уақыты бұл әртүрлі өндірістік процестерді жүзеге  асыруда  еңбек шығындарын өлшеуде негізгі экономикалық категория болып табылады. Комапаниядағы барлық еңбек, технологиялық және өндірістік процестер уақытпен кеңстікке негізделеді. Сондықтан жұмыс уақыты  тек басты  өндрістік ресурс ғана емес, сонымен қатар өндірістің экономикалық тиімділігінің белгісі қызметін  атқарады. Компанияда жұмыс уақытын дұрыс пайдалану  өндірістік, технологиялық және еңбек ресурстарын  келісілген түрде ұйымдастырудың бірінші белгісі болып табылады. Жұмыс уақыты түсінігі бұл өндіріске қатысушыларға белгіленген  жұмыс мерзімі.

Біз зерттеу жүргізіп отырған «Қазақстан Темір жолы ҰК» АҚ-да жұмысты мөлшерлеу, жұмыс уақыты және оның негізгі жағдайын анықтау мақсатында төмендегі кестені құрамыз (кесте 1).

 

1 кесте  -  Компанияда жұмыс уақыты  қорын талдау

Көрсеткіштер

жылдар

2016 жылды

2015 жылымен

салыстырғанда

 

2014

2015

2016

+,-

%

1.Өндрісітік-өнеркәсіптік персоналдар саны, адам

156500

151225

145900

-5325

96,4

оның ішінде: жұмысшылар

108019

101925

99796

-2129

97,9

2.Өндірістік -өнеркәсіптік- персоналдар санындағы

жұмысшылар үлесі,  %

69,0

67,4

68,4

+1

102

3.Жыл ішінде атқарылған жұмыс күндерінің саны, күн

221

222

220

-2

99,9

4.Жұмыс  күнінің орташа ұзақтығы, сағат

8,0

8,0

8,4

0,4

105,0

5.Жұмыс уақыты қоры, адам-сағат

190977592

181018800

184423008

3404208

102,0

Ескерту: «ҚТЖ ҰК» АҚ-ң бухгалтерлік балансы негізінде кесте автормен жасалды

 

ФРВчр= (ЧР2016- ЧР2015) х Д2015 х П2015                 (1)

ФРВд= (Д2016- Д2015) хЧР2016 хП2015                      (2)  

ФРВд= (П2016- П2015) хД2016 хЧР2015                      (3)

 

Жоғарыда келтірілген жұмыс уақыты қорын есептеудің әдістемесіне  сүйене отырып, оның өзгерісіне бірінші жағдайда компания жұмысшылар санының ауытқуы, екінші жағдайда жыл ішінде  атқарылған  жұмыс күндерінің  саны, үшінші жағдайда,  жұмыс уақытының өзгерісі әсер етеді. Осы әдістемеге сүйене келіп, компанияның негізгі мәліметтерін  қолдана отырып, жұмыс уақыты қорының ауытқуына факторлар әсерін есептейміз:

 

1) жұмысшылар саны өзгерісінің әсері:

ФРВчр= (99796-101925) х222 х8 = - 3781104

2) жұмыс күндері өзгерісінің әсері:

ФРВчр= (220-222) х99796 х8 = - 1596736

3) жұмыс күні ұзақтығының өзгерісінің әсері:

ФРВчр= (8,4-8) х220 х99796= 8782048

Факторлар жиынтығы мынаған тең:

ФРВчр= - 3781104+(-1596736)+8782045=3404208

 

Есептеулер нәтижесі көрсеткендей,  компанияда  жұмысшылар санының 2016 жылы 2129  адамға немесе 2,1 %  төмендеуінің нәтижесінде  компанияның жылдық  жұмыс уақыты қоры 3781104 адам-сағатқа азайды, ал жылдық  жұмыс күнінің өзгерісі әсерінен аталған көрсеткіш деңгейі 1596736 адам-сағатқа дейін  құлдыраған, сонымен қатар жұмыс күнінің орташа ұзақтылығы 0,4 сағатқа артуының  нәтижесінде жұмыс уақыты қоры 8782048 адам-сағатқа артып отырғанын байқадық.

Компанияда жұмыс уақыт қоры мен еңбек ақы қорының байланыстылығына тоқтап, талдау жүргіземіз (кесте 2). 2 кесте мәліметтер негізінде жұмыс уақыты қоры мен еңбекақы қоры арасындағы байланыстылықты көруге болады. Компания бойынша өндірістік персоналдар саны 9650 адамға немесе 6,8% төмендегенімен, компания бойынша орташа еңбекақы қорының деңгейі 52,4% артып отыр. Оның негізгі  себебі, айлық орташа еңбекақы көлемінің 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап 10,2%  артуы әсер тигізген деп санаймыз.

 

2 кесте - Жұмыс уақыты қоры мен еңбек ақы қорының байланыстылығын талдау

 

Көрсеткіштер

2014

2015

2016

2016 жылды

 2015 жылымен

салыстырғанда,%

1.Компания бойына өндірістік - өнеркәсіптік персоналдар  саны, адам оның ішінде: жұмысшылар

156550

 

 

108019

151225

 

 

101925

145900

 

 

99796

93,2

 

 

92,4

2.Жұмыс уақыты қоры, адам-сағат

276780400

268575600

269623200

97,4

оның ішінде:

а)жұмысшыларға

 

190977592

 

181018800

 

184423008

 

96,6

3.Еңбек ақы қоры,

мын.тг

 

335692500

 

380769427,5

 

511481630

 

152,4

Ескерту: «ҚТЖ ҰК» АҚ-ң бухгалтерлік балансы негізінде кесте автормен жасалды

 

Әртүрлі категориядағы персоналдарды басқарудың нарықтық жүйесі процесінде шектеулі экономикалық ресурстарды тиімді пайдалануға негізделген, сонымен қатар персоналдардың еңбек жетістігін бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі өндірісте оның экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіштері барлық өндірістік ресурстарды толық пайдалану есебінен қалыптасатын жоғары пайда болып табылады. Еңбек қызметі мен жұмыстардың орындалу көрсеткіштерін бағалауды талдау негізінде әрбір қызметкердің немесе жұмыс тобының нәтижсін  белгілеуге болады. Персоналдарды бағалаудың белгілері олардың қызмет  нәтижесінің көрсеткіштері, оларға бекітілген  жұмыстардың сапалы орындалуы болып табылады.

Бәсекелестік экономика жағдайында көлік саласы кәсіпорындарының тиімді әрі  қауіпсіз кәсіби қызметі мына жағдайда қалыптасатыны белгілі, мысалы:  егер де  жұмыс орнында  өндірістік жағдайлар халықаралық стандарт  талаптарына жауап бере алатындай болса және кадрларды нарық талабына сай басқару процесі қалыптасқан жағдайда, компанияның іскерлік қызметті, компания құнын, оның қаржылық тұрақтылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды фактор болып табылады. Компанияны басқарушы, нарықтық ортада өзінің жақсы жақтарын көрсете білгендігін бағалауы қажет. Бұл, өз кезегінде компанияның негізгі ресурстарының бірі еңбек потенциалының қаншалықты тиімді басқарылғандығын көрсетеді. Және алдағы уақытта компанияға көп клиенттерді тартуы мен көлік логистика саласында бәсекелестік артықшылыққа ие болғандығын көрсетеді. Ол үшін компания өз қызметін дұрыс басқару қажет.

Кез-келген компания өзінің экономикалық әлеуетін пайдалана отырып жұмыстың (қызметтің) тиімділігін жоғарылату мен дамытуды көздейді. Компанияның экономикалық әлеуеті дегеніміз - бұл компания құзырындағы құралдардың жиынтығы мен  мүмкіндіктері және осыларды тиімді пайдалана отырып өз қызметін дамыту болып табылады. Төменде  компанияның  (кәсіпкерлік құрылым) экономикалық әлеуетінің сызбасы берілген (сурет 1).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 1 -  Кәсіпкерлік құрылымның экономикалық әлеуетінің элементтері.

             Автормен сызылған

 

Зерттеу жүргізіп отырған көлік саласындағы компаниялардың бірі «Қазақстан темір жолы» ҰҚ АҚ экономикалық әлеуетін анықтап, бағалау мақсатында  келесі талдамалық кестені құрамыз (кесте 3).

 

3 кесте  -  Компанияның  экономикалық әлеуетін бағалау

Көрсеткіштер

жылдар

2016 жылды

 2015 жылымен

салыстырғанда

 

2014

2015

2016

+,-

%

Қызмет көрсетуден  алынған табыс, мың. тг

870198578

881246579

760509821

-109688757

87,4

Таза табыс, мың.тг

118435566

33556791

-459981709

-

-

Активтер,мың.тг.

2487477272

2835453511

2883974380

396497108

115,9

Меншікті капитал, мың.тг

1329171023

1409573707

968264075

-360906948

72,8

Міндеттемелер, мың.тг

1158306249

1425879804

1915710305

+757404056

165,4

Активтер табыстылығы, %

4,7

1,2

-

-

-

Меншікті капитал табыстылығы, %

8,9

2,4

-

-

-

Сату рентабельділігі,%

13,6

3,8

-

-

-

Ескерту: «ҚТЖ ҰК» АҚ-ң бухгалтерлік балансы негізінде кесте автормен жасалды

 

Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, компания зерттеу жүргізілген шаруашылық жылдарының алғашқы жылдарын таза табыспен қорытындыласа, 2016 жылды зиянмен аяқтап отыр. Оның бірнеше себебін айтып кетуге болады: біріншіден, Қазақстан Темір жолы арқылы тасымалданатын жүктер көлемінің азаюы; екіншіден, басқа мемлекеттердің тасымалдау қызметін дамыту; үшіншіден, батыс елдеріндегі саяси тұрақсыздық жағдай; төртіншіден, әлемдегі қаржылық дағдарыс салдары. Міне, осы аталған сыртқы факторлар компанияның стратегиялық даму  жоспарының орындалуына кері ықпал жасап отыр. Компания табыстың көп бөлігін жүк тасымалдаудан табады. 2016 жылды 2014 жылмен салыстырғанда табыс  көлемі 109688757 мың теңгеге немесе 12,6% төмендеген.

Сондықтан компания алдағы уақытта транс-жүк тасымалдау мен жүк айналымын арттыра отырып табыс көзін молайту жолдарын қарастыру қажет деп есептейміз.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жыл, 31 қаңтар.

2. «Қазақстан Темір Жолы ҰҚ» АҚ-ның Жарғысы.

3. «Қазақстан Темір Жолы ҰҚ» АҚ-ның 2014-2016 жылдардағы бухгалтерлік балансы.

4.Дузельбаева Г.Б. Основы управления рисками в современной экономике G-Global коммуникативті аланы: Адами капитал және әлеуметтік сектор, 12.12.2016 ж.

5. Дузельбаева г.Б. Кадрларды басқарудың концептуалды негіздері. G-Global коммуникативті аланы: Адами капитал және әлеуметтік сектор, 26.12.2016 ж.

6.Дузельбаева Г.Б., Оспанова Г.А. Персоналдардың  стратегиялық  дамуының технологиясы. G-Global коммуникативті аланы: Адами капитал және әлеуметтік сектор, 19.01.2017 ж.