Абиева Э.Н.
Нархоз университеті
АҚ
Басшының
персоналды басқарудағы психологиялық ерекшеліктері
Басшының негізігі міндеті деп басқару
жүйесін жетілдіру, жүзеге асыру процесін жалпылай
қадағалау мен басқаруды айтамыз. Әрдайым басшы басты
назарды маңызды стратегиялық мәселелерді шешуге аударады
(іріктеу, орналастыру, оқыту, кадрды тәрбиелеу,
қызметкерлердің жұмысын қадағалау және
т.б.). Осыған орай ұйымда персонал мен басшы арасындағы
қарым-қатынас жағдайға байланысты тұрақсыз
болып келеді. Әдетте
бір адамды бейнелеп беру үшін тұлға деген түсінікті
қолданады. Нақты тұлғаның бейнесі адамдармен
қарым-қатынасын, әлемге көзқарасын,
іс-әрекетке әсер ететін көптеген ішкі және сыртқы
әсер етуші факторларды қарастырады.
Жалпы алғанда басшыны тұлға ретінде зерттеу барысында
негізгі үш факторларға бөліп қарастырған
жөн: биографиялық мінездеме, қабілеттілік,
тұлғалық ерекшелік. Биографиялық мінездеме - басшының жасы, жынысы,
әлеуметтік-экономикалық статусы және білім деңгейін
қарастырады. Жас мөлшері бұл тек табиғи зат қана
емес, сондай-ақ адамның әлеуметтік-психологиялық
мінездемесінің анықтаушысы болып табылады. Бұл
көрсеткіш көбінесе адамның тәжірибесіне сүйенеді.
Жыныстық ерекшеліктер басшыға тән рөлді түсіну
және оны алып шығуына байланысты айрықшаланады.
Дәстүр бойынша басшы рөлін әрдайым ер адам алып
жүреді. Алайда бұл рөлде әйел баласы да үлкен
белестерге жетіде. Қазіргі дамыған заманда басшы рөлінде
әйел адамның отыруына зерттеушілердің
қызығушылығы артып барады. Әрине, әйел адам мен
ер адамның басқару ерекшеліктеріндегі айырмашылықтар
анықталған, алайда басшы рөлінде ер немесе әйел адамның
басқаруындағы ерекшеліктерді ғылыми түрде
дәлелдейтін фактілер жоқ.
Тұлғаның ерекше
қабілеттіліктері – бұл арнайы білім, икемділік, біліктілік,
әр нәрседен хабардар болу. Бұл қабілеттіліктер –
нақты қызмет барысында жетекшілерде жиі байқалады.
Жеке ерекшеліктер – бұл
басшы мінездемесінің соңғы блогы. Оған: үстем
болу қабілеті, өзіне сенімділік, эмоционалды
ұстамдылық, стресске төзімділік, жеңіске ұмтылушылық,
жауапкершілік, шешім қабылдаушылық, тәуелсіздік, сенімділік,
үйірлік, көпшілдік.
Тиімді басшының
психологиялық портретін бейнелеуде келесі қарастыратын фактор –
басшы стилі болып табылады. Басшы стилі бұл менеджердің
тәжірибелік қызметіндегі формалары
мен әдіс-тәсілдерінің тұрақты жанама
жүйесі. Бұдан бөлек
басқару стилі деп басқару шешімдерін дайындау мен оларды
жүзеге асыру процесінде басшының өзін-өзі ұстауы
мен қарым қатынасын айтамыз. Осылайша басшы стилі мен басқару
әдістері әрдайым бірге ұштасып жүреді. Стиль ол
басшынаың субъективті-психологиялық, тұлғалық
мінездемесіне сәйкес әдіс тәсілдерді жүзге асыру
формасы. Ал әдіс тәсілдер
басшы стиліне қарағанда басқарушылық жүйесіндегі
жаңа талаптарға сай бейімделгіш болып келеді. Басшы стиліне
байланысты ең алғаш К. Левиннің зерттеу жұмыстарында
үш топқа бөліп қарастырған. Олар: авторитарлы,
демакратиялық, бас тартушылық стильдері.
Ұйымдағы
басқару жүйесінің бір орталықта болуы, барлық
болып жатқан шараларды міндетті түрде басшыға мәлімдеп
отыруын талап ететін басқару жүйесі авторитарлық стильге
тән. Бұл стильде басшы мен
персонал арасындағы қарым-қатынас барынша шектелген болып
келеді. Бұндай басшы шешімдерді қызметкерлердің пікірімен
санаспай, тек өзінің қалауы бойынша қабылдайды.
Әрдайым бұйырып, тапсырмалар беріп жұмыс атқарады.
Бұл стильдің артықшылығы болып жұмыстың
жүзеге асу процесі мен нәтижесі қатаң бақыланады,
тиісінше кез келген іс-шара мінтіксіз жүзеге асырылып отырады және
қызметкерлердің жұмысты атқаруда жауапкершілігі арта
түседі. Кемшілігі болып,
персоналдың идеялары мен пікірлерін ескермеуінде деп түсінемін.
Себебі персоналдың мұқтаждықтары мен ойымен санасатын
кез келген ынталандырылған ұйымда қызмет ету көрсеткіші
үнемі жоғары дәрежені көрсетеді. Қазақстан
Республикасында осы стиль түрін көп қолданады, себебі
көптеген басшылар Совет өкіметі кезеңінде қатаң
тәрбие алған тұлғалар. Алайда қазіргі
таңдағы тенденцияға сай, басқару стилі
неғұрлым персоналдардың мүддесін қорғап
және олардың пікірі, идеясын ескеріп, осы арқылы тиімді
жұмыс жасау әдістерін қолдануда.
Демократиялық стильді
ұстанатын басшы барлық туындаған мәселелерді
коллективпен бірге шешуді жөн көреді. Бұндай ұйымдарда
барлық жұмыс процесі ашық түрде жүзеге асырылады
және басыш кез келген пікірді қалыпты қабылдайды.
Либералды стильді ұстанатын
басшылар коллективтік жұмыстан алшақ жүреді,
персоналдарға көп еркіндік беріп, олардың жеке
өзін-өзі ұйымдастыруна, индивидуалды және коллективті
дамуына мүмкіндік береді. Бұндай басшы қызметкерлермен
өте сыпайы болып келеді.
Бизнес әлемінде егер
ұйым өз тұтынушыларын қамтамасыз ете алмаса, онда ол
бәсекелестікке жарамсыз болып, өз өмірін мүлде
тоқтатуы мүмкін. Бизнеспен айналысатын ұйымның басты мақсаты
– қызмет көрсету және тауар өнімін белгілі бір
шектеулермен жасап шығару. Бизнес дамуының төмен
көрсеткішін кейбір сарапшылар психологиялық себептерден
көреді.
Бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру
үшін адамдарды дұрыс басқара білу керек. Болашақ
өзгерістерде компанияның бәсекеге қабілеттілігі
басшылар мен қызметкерлер үшін маңызды және тікелей
олардың қарым-қатынасына тәуелді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Каренов Р.С.
«Приоритеты и тенденции развития менеджмента в перспективе» Монография. — Караганда:
Изд.-полигр. центр КРУ, 2014. — 376 б.
2. Морозов А.В.
«Управленческая психология» Учебник. — М.: Академ. Проект; Фонд «Мир», 2008. —
288 б.
3. Большаков А.С. «Менеджмент:
Психология успеха» — СПб.: Изд. дом «Литера» 2002. — 160
б.