Экономика/Маркетинг и менеджмент

Ибраева Гулаим Алихожаевна

«Қаржы» кафедрасының оқытушысы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемелкеттік университеті

Жоба менеджментінің қажетті элементтері

Әлем экономикасында болып жатқан дағдарыстың  тұрақсыз жағдайына байланысты жобаларды басқарудың негізгі өзегі менеджментті анық және уақтылы анықтау және бағалау болып табылады, жобалар жүйесін әрі қарай жетілдіру қаржы, еңбек және материалдарды жұмсау барысында қаржы шығынын қысқартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жобаларды басқару мәселесі маңызды орны алады, жаһандану кезеңінде және нарықтық ортаның белгісіздігінің ұлғайуы кезінде ұлттық компаниялардың тұрақтылығын қамтамасыз ету өзекті мәселе болып тұр.

Жобаны басқару немесе жобалау менеджменті (ағылш. Project Management)  -   бір жобаның қазіргі кезде атқарылу барысында  замануи әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, белгіленген нәтижелерге: жоба қатысушыларын қанағаттандыруға, сапалы қызмет көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға, белгіленген бағадан аспай жоспарланған жұмыс көлемін орындауға  -   жету үшін адам және материалдық ресурстарға басшылық жасауға бағытталған ғылымы мен  өнері [1., 27б].

Жоба менеджменті (ағыл. project management) - ресурстарды тиісті жоспарлауға, ұйымдастыруға, басқаруға және бақылауға көзделген мақсаттарға орындауға бағытталған пән саласы. Жобаның басталуы және аяқталуы мерзімі белгіленіп қойылатындықтан, арнайы мақсаттарға жету жолында уақыт, қаржыландырылуы жағдайындағы  шектеулерге ие болады. Жобаның мақсаты пайдалы өзгерістерге қол жеткізіп немесе қосылған құнға әкелуге негізделеді. Жобаның уақытша болуы оны тауарлар мен қызмет көрсетулер мақсатында күнделікті қайталанатын, тұрақты қызметтік әрекеттерден тұратын бизнестен ерекшеленеді. Тәжірибе жүзінде, күнделікті бизнес пен жобаны басқарудың жүйелері бір-бірінен өзгеше болатындықтан, олар әртүрлі техникалық қабілеттер мен басқару стратегияларын қажет етеді.

Жобаны басқаруды анықтау кезінде негізгі элементтермен қатар, нақты міндеттері мен мақсаттары көрсетіледі (1-сурет).

Жобаны басқаруға міндеттер бұл  қойылған мақсатқа жету үшін мәселе тудырып отырған себептерді жоюға бағытталған, бағалауға жататын, нақты іс-шаралар қатары. Міндеттер: нақты (не және қашан?), өлшенетін (қанша?), қол жеткізе алатындай (нақты) болуы тиіс.

                                                                                                                    

Сурет 1. Жобаның мақсатын анықтауға қажетті элементтері

Ескерту - сурет  автормен сызылған

 

Жобаның міндеттері мен мақсаттарын талдаумен айналысуға бағаның тигізетін басты әсері: нәтижелер мен іс-әрекеттерді, сондай-ақ бағдарламаның не жобаның ұзақ мерзімде әсер етуін талдауы. Бағалау үшін басты шарт мониторинг мәліметтері қолданылады. Баға болашаққа және өзгерістер енгізуге ұсыныс жасауға мүмкіндік береді. Бағалаудың басты мақсаты – жобаға не бағдарламаға аралық немесе соңғы кезеңді жүзеге асыруды аяқтағанда баға беруі болып табылады. Жобаны немесе бағдарламаны бағалау іс-әрекеттің қандай мөлшерде тиімді болуын, мақсаттарымыздың қаншалықты жүзеге асқандығын көрсетеді. Жоспарының жетістіктерімен, нәтижелерімен және ықпал етумен салыстыруға мүмкіндік жобалауды бағалау болып табылады

                                                           

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Афонин, А.М. Управление проектами: Учебное пособие /А.М. Афонин, Ю.Н. Царегородцев, С.А. Петрова. - М.: Форум, 2010. - 184 c.

2 Балашов, А.И.  Управление проектами: Учебник и практикум для СПО  / А.И. Балашов, Е.М. Рогова, М.В. Тихонова и др. - Люберцы: Юрайт, 2016. - 383 c.

3 Бердалиев К.Б., Өмірзақов С.Ы. Басқару негіздері (оқу құралы):  Алматы: Экономика, 2010