Жанатбекұлы Н.

Казахский университет экономики, финансов и международной торговли, г. Астана

 

YII - ЖОҒАРЫ САПАЛЫ PHP ЖҮЙЕСІ

Бүгінгі таңда барлық мамандықтардың жұмыс процесін жақсарту үшін жаңа еңбек құралдарын жаңғыртып жетілдіруде немесе енгізіп жеңілдетуде. Сол сияқты веб-әзірлеуші үшін жұмыс үрдісін жеңілдететін көптеген құралдар бар. Жобаны жобалау кезінде бірнеше кезеңдер болғандықтан, құралдардыңда бірнеше түрі бар. WEB-қосымшаларын әзірлеумен кәсіби айналысатын WEB-девелоперлер бір уақытта ортақ мәмлеге келеді, атап айтқанда жобаларды әзірлеуде Framework-ты пайдалану.

Framework - бұл күнделікті міндеттерді жедел дамыту үшін арналған барлық кітапханалар (құралдар) түрлерінің жиынтығы. Жиі жобаны логикалық сегменттерге (модульдерге) бөлу үшін көбінесе жалпы қолданба архитектураларын (мысалы, MVC) пайдаланады. Framework-тің негізгі мақсаты - бағдарламашыға кең және кеңейтілген функционалдылығы бар жобаға қолайлы жағдай жасау. Соңғы жылдары Yii Framework танымалдылыққа ие болып келеді.

Yii Framework - бұл MVC парадигмасын қамтитын PHP негізіндегі, түрлі масштабтағы веб-қосымшаны жасауға арналған фреймворк.

Yii - өзінің сегментіндегі ең танымал бағдарламалық өнімдердің бірі. Бұл таңқаларлық емес, өйткені ол ауқымды тапсырмалар мен түрлі масштабтағы жобаларға сәйкес келеді, ол толық құжаттамаға ие, жылдам техникалық қолдау көрсетеді және мұндай құралдарды алғаш рет пайдаланатын адамдар үшін де оңай оқып үйренуге болады.

Сонымен қатар, Yii Framework New BSD License лицензиясы бойынша таратылады, бұл коммерциялық тұрғыда пайдалануда қолжетімді екенін білдіреді.

Yii Framework-да жобалау кезінде, біз келесі құрамдас бөліктерді атап өтуіміз керек:

·        Yii ОББ толығымен қолдайды, php5-ң объектілі-бағдарланған бағдарламалаудың барлық функцияларын пайдалануға мүмкіндік береді;

·        қолданбалы кодты өзгертпестен әртүрлі дерекқорларға қолдау көрсету (MySQL, SQLite, PostgreSQL и др.);

·        Деректер қорымен жұмыс істеуді жеңілдететін DAO (Data Access Objects) және ORM (Object-Relational Mapping) қолдау;

·        Ajax қолдауымен орнатылған виджеттерді jQuery-мен интеграциялау;

·        зиянды скриптерді енгізуден, кукиге шабуыл жасаудан, SQL инъекцияларынан қорғау;

·        кірістірілген авторизация және аутентификация;

·        деректер базасының құрылымына негізделген бірнеше рет басу арқылы үлгілер, контроллерлер мен көріністердің негізін құруға gii кодының генераторы мүмкіндік береді;

·        тіркеу және түзету механизмі;

·        масштабталуда, Yii-де көптеген кеңейтімдер бар және де оларды өзімізге жазып көрсетуге болады;

·        кештеу механизмі тезәрекетті (1 суретте – Yii-ді басқа PHP-фреймворкатарының жұмысымен салыстыратын диаграмманы көрсетілген)

1сурет – Yii өнімділігі (RPS - секундына сұраулар, APC - балама PHP Кэш, PHP үшін кэш)

Жоғарыда айтылғандарды Yii Framework-тың жағымды жағына жатқызуға болады. Бірақ Yii-ің кейбір кемшіліктеріде бар. Ең маңызды кемшілігіне жадты жоғары деңгейде қолдануды жатқызуға болады. Бұл жағымсыз факті кэшті пайдалану арқылы болдырмауға болады, бірақ егер бағдарлама қатты жүктелсе, сізге осы мақсат үшін көптеген ресурстар керек болады, және ресурстардың мөлшері хостинг бағасына тікелей байланысты, бұл жоба құнының өсуіне әкеледі.

Сонымен қатар шағын кемшілігі ол көпеген кеңейтулеріне қарамастан, белсенді қолдау көрсететін және пайдалы кеңейтулер аса көп емес. Сондықтанда біз мұқият таңдау жасап, іс-жүзінде қолданылған кеңейтілім тапсырмаларды шешуге ықпалын тигізетіндігіне көз жеткізуіміз қажет.

Көріп отырғанымыздай, Framework-тің кемшіліктеріне қарағанда артықшылықтары көп болғандықтан ол ең танымал және динамикалық түрде дамып келе жатқан php-framework-тің бірі екендігін көрсетеді. Yii жоғары жүктеме және үлкен жобаларды жасау үшін, сондай-ақ блогтар, форумдар, интернет-дүкендер, стандартты емес функционалды сайттар, мазмұнды басқару жүйелері («Jupi! CMS») және басқаларын қоса ортада қолдану үшін кеңінен қолданылады.

Литература:

1.     http://www.yiiframework.com/doc-2.0/

2.     https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D1%80%D0%B5%D0%B9%D0%BC%D0%B2%D0%BE%D1%80%D0%BA

3.     https://pro-cod.ru/uroki-po-yii-framework-2-0