Ишанова Алтынкүл Калиевна, бастауыш сынып мұғалімі
Қазақстан, Жезқазған қаласы, Кенгір селосы №2
ЖОББМ КММ
Бастауыш сыныпта математика пәнін оқытудың ерекшеліктері
Бастауыш сыныптарда математика пәні негізгі
пәндердің бірі болғандықтан оны оқытуға
басты назар аударылатыны анық, Ал бұл пән негізінен математикалық
білімді меңгерту және оларды өмірде пайдалануға
қажетті біліктілік дағдылармен қамтамасыз ету мақсатын
көздейді. Атап айтқанда, бағдарламаға сәйкес
математикалық білімді, біліктілік пен дағдыны игерту; өздігінен
білімді жетілдіруге, ерінбей еңбектенуге үйрету; меңгерген
математикалық білімін күнделікті өмірде пайдалана алуларын
қалыптастыру болып табылады.
Сол себепті де бастауыш сыныпта матеметика сабағын
әдістемелік жағынан дұрыс құру – әрбір бастауыш
сынып мұғалімінің міндеті. Ұзақ жыл бастауыш
сыныпта сабақ бере жүріп, математика сабағына мына
төмендегі талаптар қойылса, сабақ мақсатына жетеді
деген ойдамын:
- әр сабақтың айқын
мақсаты, мазмұны, жоспары және оның құрылымы
алдын-ала белгілі болуы;
- оқылатын мәселені теория жағынан
негіздеу үшін қажетті барлық материалы болуы;
- мазмұны түрліше болуы;
- қажет жерде, реті келіп тұрғанда
өзара ішкі және пәнаралық байланыс болып, ол
материалдар біріктіріліп өтілуі;
- уақыт мөлшерін белгілеп алу жөнінен
дұрыс құрылған болуы;
- оқушылардың ойлау қабілеті мен
шығармашылық ізденісін дамытуға әдейі логикалық
жаттығуларды іріктеп алып, оларды сабақта жүйелі түрде
орындату керек.
Математика сабағына қойылатын негізгі
әдістемелік талаптарға мыналар жатады: сабақтың
тақырыбын дұрыс атап жазу; сабақтың мақсатын
анықтау; сабақтың құрылымын анықтау,
оның әрбір кезеңдеріне қойылатын талаптарды
анықтау; сабақтың мақсатына және оның
әрбір кезеңдеріне байланысты оқу материалын іріктеп алу; оқушылардың
іс-әрекетін басқару үшін мұғалімнің
қолданылатын әдістерін анықтау; оқыту құралдарын
таңдау (оқулық, дидактикалық материалдар көрнекі
құралдар, т.б.); материалды бекіту формаларын ойластырып,
оған материалдар дайындау; үй тапсырмасын беру, сабақты
қорытындылаудың түрін ұйымдастыру.
Енді осы айтылған мәселелерді нақты
сабақ жоспарын құрастыру арқылы талдап көрейік:
Сабақ
тақырыбы: Үш
таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту 249+376 және
625-376 өрнегі [1].
Сабақ
мақсаты: дамытушылық: өткенді есте сақтау, ойлау қабілеттерін
арттыру, теориялық білімін, шапшаң есептеу дағдысы мен
ақыл-ой ұшқырлығын дамыту; тәрбиелік:
ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, бірлесіп
жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу,
патриоттық сезімдерін ояту; білімдік: үш таңбалы
сандарды жазбаша қосу және азайту амалдарын алгоритмі бойынша
есептеу біліктерін бекіту. Екі амалмен шығарылатын есептердің шешу
тәсілдерін, шамалармен жұмыс жасауды, үлесті табу
тәсілдерін бекіту.
Сабақтың
түрі: білім-іскерлік
дағдысын қалыптастыру; сабақтың
типі: қайталау-ойын сабақ; әдісі:
түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық,
«жұптас-ойлан-есепте»; көрнекілігі:
интерактивті тақта, маркерлер, асық, стикерлер, кері байланыс
сұлбасы; пәнаралық
байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.
Сабақ
барысы: 1.
Ұйымдастыру. «Қызығушылығын
ояту», психолгиялық дайындық:
Шырылдады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз.
Табыс
тілеп көзбенен, Алға қадам аттаймыз.
Асық арқылы топқа бөлу. Сабақтың
мақсатын түсіндіру, топқа бөлу, топтың атын атау,
топ басшысын сайлау, бағалау түрін түсіндіру, хан талапай
ойынының желісі бойынша сабақтың көшбасшысы
анықталатындығын түсіндіру. Топпен жұмыс кезінде
белсенділік көрсету. Сабақтың алтын ережесін еске
түсіру: 1. Бірін-бірі тыңдай білу. 2. Ұйымшыл болу. 3. Уақытты
үнемді пайдалану. 4. Бірін-бірі сыйлау, құрметтеу.
Жаңа сабақты бастамас бұрын үй
тапсырмасын сұрап алу:
Тірек білімді өзекті ету.
380 см = ... м ... см 4
м 8 дм = ... см
60 дм = ... м
630 см = ... м ... дм
8 м 3 см = ... см 5 м 3 дм 6 см = ... см
Жаңа сабақты ашу үшін «Ғажайып
сандар асығы» ойыны ойналады, ол үшін әр топтан бір бала шығып,
қолдағы дорбадан асық таңдау арқылы асық алу
және оның тапсырмасын орындау. «Ғажайып сандар асығы»
ойыны [2].
Бір таңбалы сандар: 0 1 3 5 7
Екі таңбалы сандар: 10 49 54 81 64
Үш таңбалы сандар: 232 923 650 720 249 376
Сандар туралы өз ойларын айтып
қорытындылайды.
3. Жаңа сабақ 249 + 376 Қосу және азайту 625 - 376
249 625
+ -
![]()
376 376
625 249
(Ережесі ауызша түсіндіріледі)
Енді сабақ практикалық жұмыспен
жалғастырылады, ол үшін оқулықтағы тапсырмаларды
орындайды.
№2 Жеке жұмыс. Әркім
өзі жеке дәптерге орындайды, болған соң
көршісімен дәптер алмасу жұмысы жүргізіледі яғни
бір-бірінің дәптерін тексереді. Жауаптың дұрыс немесе
бұрыс екендігін алдарындағы берілген кеспе қағаз
арқылы тексереді
249см 625см 2м4дм9см 6м2дм5см
![]()
![]()
![]()
376 см 376см 3м7дм6дм 3м7дм6дм
625см 249см
6м2 дм5см 2м4дм9см
№ 3. Өрнек құр және оның
мәнін тап. 3 топқа тапсырма.
Жаңылма.
535 (783-248)
– 535 = 0
0 (376 -
367) + 425 = 425
225 (592 -
367)+ 425 = 650
№4 Бәйге ойыны. Әр топтан бір оқушыдан
тақтаға шығып орындайды бірінші болған
оқушыға үш асық, екінші болған
оқушыға екі асық және соңғы
оқушыға бір асық беріледі.
х+324=892 х-324=468 892-х=468
х=892-324 х=468+324 х=892-468
х=568 х
=892 х=324
568+324=892 892-324=468 892-324=468
Сергіту
сәті. Миды сәл
тынықтыру үшін сергіту сәті болады. Ол үшін бейнероликте
көрсетілген жаттығу жұмыстарын би арқылы қайталап
орындайды.
№5. «Кім жылдам?» [2]. Есепті ұжымда
талқылайды, і шығарады, кері есепке айналдырады. Есепті жылдам
аяқтаған екі оқушы тақтаға шығады.
1. Қызылша - 145
түп. Қияр-?, 278 түп
артық. Қызанақ - ?, 157
түп кем Шешуі: (145+278)-157=266. Жауабы: 266 қызанақ
көшетін отырғызды.
2. Қияр
көшеті – 423. Қызанақ көшеті - ?, 157 кем. Қызылша
көшеті - ?, 278 кем. Шешуі: 423-157=266 , 423-278=145. Жауабы 145
қызанақ көшеті.
Қорытынды Кенеттен сұрау?
№ 6 Математикалық диктант, тақталап
шығару
422 533 627 840
514
839
+ -
+ - +
-
111 422 213 627
325 514
535 111 840 213 839
325
Кері
байланыс. Стикерге өз
ойларын жазу
Не көрдім? Не естідім? Не сөйледім? Не
ойладым? Не тыңдадым?
Үйге
тапсырма. № 8. Бағалау: Жинаған
асықтары бойынша үздік топты анықтау, үздік көшбасшыны
яғни Ханды анықтау.
Қорыта айтқанда, математикалық
объектілер жалаң түрде ұсынылмайды, тікелей оқушыны
қоршаған ортамен байланыстырады, демек олардың танымдық
қызығушылығын тудырады, ғылыми көзқарасын
қалыптастырады.
Бастауыш математика курсы оқу пәні ретінде
оқушылардың белгілі бір білім көлемін игеруін көздейді,
демек, натурал сан туралы қарапайым түсінік қалыптастырады,
арифметикалық амалдардың мән-мағынасы мен оларды
орындаудың тәсілдерімен таныстырады, қарапайым есептеулер
жүргізудің тәсілдерін игертеді, қарапайым
түсініктермен таныстырады.
Әдебиеттер:
1.
Математика,
3 сынып. – Алматы, 2016.
2.
Қызықты
математика.
Алматы: Алматы кітап, 2013.