Ильясова Н.М., Омарханова Г.Н.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы

 

Бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында кәсіптік оқыту мамандарының ғылыми ізденістерін  қалыптастыру

 

Бәсекеге қабілетті маман даярлау – бүгінгі күннің басты талабы. Елбасы Жолдауында: «Жастарды қазақстандық патриотизмге шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» деген болатын. Бұлай екпін түсіріп айтуының өзі еліміздің саяси әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан жетіп отырған мемлекеттігіміздің тұрақтылығын сақтап, оны болашаққа аманат етуді көздейді. Міне, осы тұрғыдан келсек, білім беру саласында патриоттық тұрғыда тәрбие беру – өзекті мәселе.  ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды бағыттау мақсатымен  аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Себебі ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды.  Жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі білім беру бүгінгі күннің басты талабы.  Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жанжақты қолдана білетін мамандар қажет. Қазір халыққа білім беру реформасы ғылыми негізге сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді міндеттеп отыр. Соның ішінде дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан Әл-Фараби бабамыздың педагогикалық мұрасы да телегей-теңіз мол дүние. Данышпан ойшыл: «Адам деген ардақты атты лайықты алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Әлемде жаман мен жақсыны адамның ақылы ғана ажыратады» деген болатын. Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз, білімді адам көп нәрсені біледі және және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады. Сонымен қатар ғұламалар болашақ жастардың білімді болуы өзінің сана сезіміне, зейініне, дара қасиеттеріне, ақыл-ойына, жауапкершілігіне байланысты екенін дәлелдеген. Біздің елімізге мемлекетімізді көркейтіп, өркендететін жас мамандар керек. Сол үшін біз түрлі ғылымды меңгеріп, оны өз болашағымызға, мемлекетіміздің көркеюіне пайдалануымыз керек. Заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін білікті мамандар ұсынуы маңызды [1].

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың заңнамалық тұжырымдамалық негіздері, әсіресе, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасы білім беру жұйесінің бәсекеге қабылеттілігін арттыруды басты назарға қояды. Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін оқу орындарында бәсекелестікке қаблеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады. Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі, әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді:

-     жүйелі ойлауды;

-     құқықтық ақпараттық мәдениетті;

-     кәсіпкерлік мәдениетті; - өзін-өзі тануды;

-     басқаларға ұсынуды;

-     өз қызметін білімді талдауды;

-     жаңа білімді;

-     нанотехнологияларды меңгеруді;

-     кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдауды;

-     бәсекелестікті және өмір талаптарына сай қызмет етуді;

-     әр іске жауапкершілікпен қарауды;

-     нәтижеге бағытталған істерді жасауды.

Осыған орай, кәсіптік оқыту мамандығы бойынша арнайы пәндер арқылы білім беру мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыстар бағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу, жұмыс бағдарламалары, тақырыптық-күнтізбелік жоспарлар, оқу-әдістемелік кешендер, электрондық оқулықтар, жаңа ақпараттық-технологиялар, тірек-сызба, сын тұрғысынан ойлау, рефлексия әдістері қолданылып келеді. Мұның барлығы маман моделінің нарықтық экономикада қажеттілігін тұрғызуға бағытталуы негізделеді. Себебі, соңғы кезде білім саласында біліктілік моделінің құзыреттілік моделіне ауытқуы көп қарастырылып келеді, яғни жұмыс берушіні көбіне біліктілік емес, құқық, ақпарат, әлеуметтік сала жағынан құзыретті мамандар қазықтырады. Бірақ, біліктілікке қосымша құзыреттілік бірге жүрген жағдайда маман моделі жүйелі әрі сапалы болады. Бүгінгі таңда еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев отандық білім берудің алдында жоғары талап қойып отыр. Нарықтық экономика еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды қажет ететіні белгілі. Бұл оқу орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Қойылған міндеттерді шешу жолында ҚР «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасында, Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы жоғарғы педагогикалық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттар және басқа мемлекеттік құжаттар мен Елбасының жыл сайын Қазақстан халқына Жолдау ретінде ұсынатын стратегиялық бағдарламаларда жіті қарастырылуда [2].

Қазіргі білім берудің басты мақсаты болашақ маманға кәсіби бағытта кешенді білім беру мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру ғана емес сондай-ақ «өмір бойы оқу» қағидасының негізі болып табылатын білім мен дағдының үздіксіз кеңейіп, тереңдей түсуі, студенттің өз бетінше білім алуы мен өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыратыны сөзсіз. Егер барлық студенттер оқу үдерісі мен зерттеу тақырыбы аясында дайын түрдегі нәтижелерді алмаса, өзінің жеке тәжірибесіне негізделіп, алынған өз бетінше білімді «өндіре алса», онда білім алушы болашақ кәсіби әрекетінде алған дағдыларын одан ары пайдалануға талпынар еді.

Шығармашылық тұрғыдан ойлайтын мамандарды тәрбиелеуді студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұлғайту нәтижесінде жүзеге асыра аламыз. Ғылыми-зерттеу құзіреттілігіне ие маман нақты ақпаратты белсенді және нәтижелі талдай алады, неғұрлым тиімді әдіс-тәсілдерді, ресурстарды, технологияларды пайдаланып жаңа ақпаратты таңдап, қалыптастыра алады. Жоғары білім беру орындарындағы қазіргі талаптарға сай болу көптеген инновациялық әдістерді қолдануды талап етеді. Жаһандану жағдайында білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «педагогикалық технологиялар», «білім беру технологиясы», «инновациялық технологиялар» ұғымдарының қарқынды пайдалануына ықпал етті.

Кәсіптік оқыту мамандарының ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары студентте ғылыми-зерттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастырып, қазіргі заманғы маман дайындау талабына сай зерттеуші (ғалым), басқарушы (менеджер), практик деңгейінде шығармашылық бастамаларын дамытып, ғылыми-техникалық үдеріс жетістіктерін тәжірибеде қолдануға бағытталуы қажет

Студенттердің оқу-зерттеуі олардың міндеттер қоя білуінен, бар ақпаратты талдай алуын, жағдайлар мен әдістерді пайдалануынан, тәжірибе жасай алу қабілетін игеруден құралады.

Ғылыми-зерттеу студенттің белсенді әрекетіне негізделген шығармашылық ізденіс әрекетінің қажетті дағдыларын алуды қамтасыз етеді, ғылым саласында студенттің өз бетінше орындайтын міндеттерді шешуімен аяқталады.

Университет қабырғасында білім алу мерзімі аралығында студент өз бетінше баяндама, реферат, есептер түрлері, эссе, курстық және бітіру жұмыстарын орындау барысында дағдыланады. Әрбір жаңа жұмыс алдыңғы жұмыстардан қиындық дәрежесі мен көлемі бойынша ұлғая түсуі керек. Ол жұмыстардың кейбіреулері жарық көрген  ғылыми еңбектерге шолу немесе сыни пікір ғана болса, басқалары студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының нәтижелері болып табылады. Нәтижесінде студенттің зерттеу тақырыбы бойынша алдында жасалған теориялық, әдістемелік жұмыстарға шолу жасап, олардың оң нәтижелерін талдап, өз бетінше ізденістер жүргізіп, өзектілігі мен жаңалығы бар жұмысты орындау болып табылады [3].

Ғылыми-ізденіс әрекеттері көп жағдайларда оқу мақсатындағы пәндерді оқуда кезінде пайдаланудан бастау алып, ғылыми-ізденіс жұмыстарына ұштаса түседі. Білім беру тәжірибесінде оқу-ізденіс әрекеті оқытушы мен студентердің бірлескен жұмысының үдерісі болып қарастырылады және өзіне ғылыми-ізденіс саласына тән  бірнеше кезеңден тұрады. Онда тақырып сай шешілетін мәселені қою, алынған мәселе бойынша теориялық жағынан зерттеу, ізденіс әдістемелерін таңдау мен оларды тәжірибелік тұрғыдан қолдана алу, мәліметтерді жинақтау, оларды талдау мен біріктіру, нәтижесінде қорытындылар шығару. Соңында оқу-ізденіс әрекетінің ғылыми сипатқа ие болатынын көре аламыз.

Білім беру тәжірибеде, педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметі негізгі кезеңнен тұратын, студенттер мен оқытушылардың бірлескен жұмыс үдерісі ретінде саналады, ғылыми-зерттеу саласындағы тән: проблеманың тұжырымы; теория осы мәселе бойынша зерттеу; ғылыми-зерттеу әдістері және олардың практикалық меңгеру таңдау; жинау материалдық, оны талдау және синтездеу; қорытындылар. Осылайша, біз педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметі, ғылыми екенін көріп отырмыз.

Ғылыми-зерттеу мен ізденіс жұмыстарын жүргізудің нақты түрі, нысанды, үдерісті, құбылысты, олардың құрылымын, байланыстары мен өзара байланыстарын осы ғылым саласындағы танымдық қағидалар мен әдістердің негізінде жүргізіп,  алдында белгілі болмаған білім нәтижелерін алу және болашақта тәжірибелік жұмыстарда сол білімді ұтымды пайдалану.

Ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау негізінде, білім беру тәжірибесі, ол түрлі пәндерді зерттеуге оқытушылық және ғылыми-зерттеу және ғылыми-зерттеу міндеттерді оқу процесінде пайдаланылатын болса кәсіптік оқыту мамандарының ғылыми-зерттеу дағдыларын табысты қалыптасады деп қорытынды жасауға болады.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы 14 желтоқсан 2012 жыл.

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Алматы, 2010.

3. Научно-исследовательская работа студентов в условиях разноуровневой профессионально-педагогической подготовки в вузе Самодурова Т.В. «Народное образование. Педагогика» Москва, 2011.