Қазақстан.
Қ.Жұбанов
атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Макешова Ж.М. ф.ғ.к., доцент.
Мемлекеттік тілді оқытуда
инновациялық технологияларды
қолданудың маңызы
Еліміздің білім беру жүйесінде
білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас,
жаңаша қарым- қатынас (білім мазмұнын жетілдіру,
жаңа базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын
оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерге көшу,
т.б.)жаңаша ойлау калыптасуда.
Әдіскер ғалым А.Әлімов:
«Бүгінде формалды білім жеткіліксіз. Сол себепті де біз өмір бойы
өздігімізше үйренуіміз қажет»-деп, жастарға білім мен
тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін
мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші
кезектегі мәселе екенін атап көрсетеді.[1.32.] Ал білімнің
мемлекеттік стандартын оқу үрдісінде басшылыққа алу
және оны мектеп тәжірибесіне енгізуде мұғалім
қызметінің орны зор.
Әдіскер ғалым Жанпейісова М.М:
«Білім беру жүйесіндегі реформалар мен қазіргі мектептің
тұлғалық-бағдарлы оқытуға бет бұруы
болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығының
даярлығына жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі
дамуының қазіргі кезеңі жаңа парадигмаға
өтудің жолдарын іздестірумен, яғни білім берудің жаңа
мақсатының жетістіктерімен байланысты»-дейді. [2.28] Оқыту
үрдісін басқарудың педагогикалық-психологиялық
мәселелерін анықтауда педагог пен оқушылардың
арасындағы карым- қатынастарды ұйымдастыру
мұғалімінің теориялык білімінің болуын қажет
етеді. Осыған орай,оқыту педагогикасы мен әдістемесі
бөлімдерінде жаңа мазмұн, оны оқыту әдістемесін
студенттерге игертудің түрлі жолдары іздестірілуде.
Оқу
үдерісінде оқытудың инновациялық технологиясын жан-жақты қолдану барысында
қазақ тілі
мұғалімінің ғылыми-педагогикалык әдебиеттерді
зерттеу арқылыәдіс-тәсілдерді
қолдануы тиіс.
Соңғы жылдарда «инновация» ұғымы кеңінен тарап,
инновациялық қозғалыстар білім беру жүйесінің
жаңаруының маңызды тірегіне айналды. Олар бірнеше проблемалар
тоғысында пайда болып,білім берудің жаңа мәселерін шешеді,
білім беру үрдісінің үздіксіз жаңарып тұруына
әкеледі.
Педагогикалық инновация- тұтас
білім беру жүйесінің оның жеке бөлімдері
компоненттерінің сипаттамасын жақсартатын және
жаңалықтардан тұратын, мақсатты өзгерістер.
Бұл-білім беру саласындағы әдіс-тәсілдердің
жаңа түрлерін меңгеру үрдісі.
Ол жеке адамның және жалпы
қоғамның іс-әрекетінің жаңа түрін
жоспарлайды, ынталандырады және бүгінгі күндегі
инновациялық білім беру оқу және әлеуметтік-
тәрбиелік іс-әрекеттің үрдісі мен нәтижесін
дамытады.
Педагогикалық инновацияларды
сипаттайтын критерийлер:
А) оңтайлы нәтижелер алу
үшін жұмсалатын мұғалімдер мен оқушылар
күшінің құралдар шығынын тиімдендіру
көрсеткіші;
Б) нәтижелік-мұғалімдер
іс-әрекетінде алынған нәтижелердің белгілі бір
тұрақтылығы;
В) жаңалықтарды жаппай
тәжірибеде жасампаздықпен қолдану мүмкіндіктері болуы.
Бұл критерийлерді
мұғалімнің білуі педагогикалық жасампаздық
іс-әрекеттің негізі болып табылады.
Қазақ тілі
мұғалімінің инновациялык іс-әрекеті келесі белгілермен
сипатталады:
• өзінің жеке
қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық
тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, кабылдау кабілеті;
• жаңа ғылыми идеяалар мен
басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып,
жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен;
• жаңа ғылыми зерттеулер,
олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз
тәжірибеге еңгізумен;
• педагогикалық инновацияның
жаңа әдістері мен тәсілдерін өз бетінше жасауымен:
• педагогикалық
кертартпалықпен, артта қалушылықпен белсенді күрес
жүргізумен.
Жоғарыда айтылғандарды есепке
алғанда, мұғалімнің өнімді инновациялык
іс-әрекеттінің көрсеткіштері мыналар:
• педагогикалық еңбектің
тиімділігі:
• оқу-тәрбие үрдісіне
қатысушылардың педагогикалық талаптары мен
бағыттарының бірлігі;
• жеке тұлғаның
шығармашылық тұлғасының калыптасуы;
• мұғалім беделінің
өсуі;
• оқушылардың істі талдау
әдіс- тәсіліне, дидактикалық ойларға үйренуі;
• оқу және білім алу
үрдісінде зерттеу тәсілінің педагогикалық қызмет
үлгісіндегі жаңалығы.
Қазіргі кезде әрбір
қоғам мамандарының алдына қойған талаптарына
сәйкес «маман моделін» маман профессиограмасын жасау
міндеті-жұртшылықтың назарын өзіне аударуда.
Қазақ тілі сабағында
оқушының өзіндік әрекеттерді ұйымдастырып, оны
басқарушы бола алатындай дәрежеге жеткізу үшін білім
мазмұнын даму тенденциялары мен оқу үрдісін инновациялық
технологиялар негізінде ұйымдастырып, сабақтың түрлері
мен әдіс-тәсілдерін білімділік ұстанымы
тұрғысында жетілдіру қажет.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Әлімов
А.Қ. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану
мәселелері. Оқу құралы/ Әлімов А.Қ.-Алматы,
2013.-448 бет
2. Жанпейісова М.М.
Модульдік оқыту технологиясы- оқушыны дамыту құралы
ретінде. –Алматы, 2002.75-бет
3. Бұзаубақова К.Ж..
Жаңа педагогикалық технология. (Оқулық) Тараз. ТарМУ,
2003ж.