Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
М.Х. Дулати атындағы үш
тілде оқытатын мамандырылған №8
гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Бейсенбаева Лаззат Асылханқызы
Казақстан, Шымкент
Abstract
Trilingual language is the need for life.
It determines today's life and is a common norm. The ability to master three
languages is a competitive country citizen. Complying with global knowledge and
innovative trends in Kazakhstan's well-educated, well-educated Kazakhstani
people will help to learn English.
Түйіндеме
Үштұғырлы
тіл өмірдің қажеттілігі.
Бұл бүгінгі елдің тыныс-тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады.
Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының
міндеті.
Қазақстанның білікті,
білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді.
«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек».
Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»,
біз білім беру саласының өзекті мәселелерін қайта қарастыруды талап ететін, адам қызметінің барлық салалары жаһандану үдерісін кешіп жатқан дәуірде өмір сүріп жұмыс істейміз. Сондықтан, бүгінгі таңда ақпараттық және коммуникативтік құзыретілікпен қатар көпмәдениеттілік те жаһандық «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөль атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы.Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.Қазақстан Республикасының шетелдермен халық-аралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткенін білеміз. Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді. Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Тек қана жоғары оқу орындарында ғана емес, сонымен бірге, мектептерде де көптілді білім беру үшін тілді терең меңгерген мұғалімдер дайындау жұмысы да дұрыс шешілуі тиіс. Бір жағынан мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту бізде шешімін таппай жатқан мәселе. Ол ұлттық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтудағы рөлін арттыру ең басты мәселелердің бірі.
Қазақстанның
болашағы көптілді білім берумен қатар 12 жылдық білім
беру саласында осы мақсатты жүзеге асыру мәселесі болып
саналады. Сондай-ақ 12 жылдық білім беру үлгісіне ауысу
мұғалімнен инновациялық, шығармашылық
тұрғыдан ойлауды талап етеді. Кәсіби педагогикалық
шеберлікті, шынайылықты талап ететін қазіргі заманда
ұстаздың әрбір ісін, жоспарын мұқият зерделеуін
қажетсінеді. Яғни жаңаша білім беруде оқытушыларға
қойылатын талаптар.
Сондықтан көптілді білім
берудің басты мақсаты әлем бірлестігінің
жағдайында бәсекеге түсе алатын көптілді
тұлғаны дамыту.
Көптілді білім берудің басты
мақсаты әр оқушының жеке
қабілеттерін көптілді дамытуды қамтамасыздандыратын
жағдай жасау. Әртүрлі деңгейдегі мәселелерді
шешуге бағытталған оқушылардың жобалары.
Көптілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік
және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен
жетілуге қабілетті тұлға. Бүгінде елімізде ағылшын
тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. Алайда, бізде
қазақ және орыс тілдерін игеру сияқты ағылшын
тілін үйрену, сондай-ақ осы тілде сабақ беруде көптеген
кемшіліктер бар. Оның салдарын барлығымыз сезініп отырмыз.
Көптілді білім беру жүйесі аясында білім саласындағы оқу-әдістемелік
құралдар қайта қарастырылады. Себебі осы саладағы
ағылшын тілін оқыту жұмысы әлемдік талапқа сай
емес. Осыған байланысты келешекте осы мәселені шешу үшін
нақты іс-шаралар өткізілу керек. Сондықтан жоғары білім
беруді жаңартудың негізгі құжаттарында ең негізгі
мақсат білікті маман даярлау деп көрсетілген болатын. Ол
жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша халықаралық
стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы,
кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы, әлеуметтік
және кәсіби бейімділігі жоғары, үш тілді: мемлекеттік
тілді-қазақ тілін, ұлтаралық қатынас
құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік
экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін
еркін меңгерген тұлға болуы тиіс. Бұл міндетті
шешудің маңыздылығы Қазақстанның жаhандану
жағдайында ұлттық білім жүйесінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға ұмтылысымен анықталады.
Оның жүзеге асырылуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы
септігін тигізді деп айтар едім. Қазақстандықтардың үш
тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске
асыру бүгінде отандық мектептен маманның
шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға,
мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің
барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның
ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді
нығыйту факторы ретіндегі рөлін арттыруға, орыс тілінің
лингвистік белсенділігін сақтауға және ағылшын тілін
ғылыми ақпарат пен жаhандану экономикасына сәтті кірігу тілі
ретінде енгізу бағытталған көптілді білім беруді енгізуді
талап етеді. Бұл мәселенің бүгінде мемлекеттік
деңгейде талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып
отырғандығы қуантады.Қазіргі таңда оқушыларға
компьютермен, интернетпен,интербелсенді тақтамен сабақ өткізу
толығымен жолға қойылып отыр. Көптеген
мұғалімдер осы уақытқа дейін техникалық
құралдармен сабақ өтіп, оның қаншалықты
тиімді екенін дәлелдеді.Компьютермен сабақ өткізу
арқылы оның қолданылуын үйрене отырып
телесабақтарды тың, жаңа деңгейде өткізуге,
оқытушы мен оқушының қарым-қатынасының
педагогикалық және методикалық тұрғыдан сараланып
алынған алуан түрлі қызмет түрлерінің
қолданылуы жүзеге асады. Компьютерді қолдану барысында
өздерін қызықтыратын әр түрлі мәселелерді
шешуге болады және талқылайды. Компьютермен бала
жазады,оқиды,түрлі тестер орындайды. Техникалық
құралдарды пайдаланудың ең тиімді жағы
уақытты ұтасың, дәл, тиянақты оқу-материалдарын
алдын-ала дайындап, оқушыға беріп отырсаң
өзінен-өзі жасауға тырысады, қызығады,
жасамай,үлгермей отырған оқушы болмайды, себебі оның
алдында бәрі дайын тұр. Соңғы кезде уақыт
көрсетіп отырғандай, мұғаліммен салыстырғанда
оқушыда көп ақпарат болатыны кейінгі көрсетілген
тәжірибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбір
мұғалім өз қызметіне ақпараттық
технологияны пайдалана білуі кажет. Бұл мәселе білім беруді ақпаратттындырудың
қажетті шартына айналып отыр. Қазіргі кезде адамның
кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және
танымдылық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар
қойып отыр.
Халқымыз
ежелден тіл абыройын биік көтеріп, әдетте тіл жөнінде, тіл ــ
адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы деп, оған
жай-жадағай анықтама берілгенімен, іс жүзінде тіл тек адамдар
ара қарым-қатынас жасау құралы ғана болып
қалмастан, қайта онан да маңыздысы, ол белгілі бір
ұлттың ұлттық сана-сезімі, халықтың
халықтық қасиеті, оның жалпы тарихы,
әдет-ғұрпы, мәдениеті қатарлыларды тұтастай
өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым.
Сондықтан тіл мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен
тағдырының, тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл
халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас
құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы
болып келген.
Бүгінгі таңда елімізде
«Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің
бірі болып саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің
үштұғырлылығын міндеттеп отыр.
Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана
емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған
көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру
және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап
етеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев
өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында
«Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын
іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. Сонымен қатар
бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл
ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру
қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан қазақ
тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті
меңгеруді жолға қою- бүгінгі таңдағы орта
білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі
бағыттарының бірі. Әлемдік білім беру іс- тәжірибесінде
көптілді және билингвалды білім беру жаңалық емес.
Қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді
және билингвалды білім берудің халықаралық
іс-тәжірибесінде қолданыс тапқан моделдерін енгізу-
жаңа педагогикалық проблема, өйткені ол жаңа
жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы
тиіс.
«Тілі бірдің-тілегі бір», «Тіл
тағдыры-ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел
бірлігінің негізі- тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет
ету парыз. Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне деген
сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген
қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы
олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын
ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ
болып қалыптасуына қол жеткізу- басты міндетіміз.
Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру
бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін
жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл
оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын
кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын
нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне
қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Пайдалынған әдебиеттер
тізімі: