Политология/10. Региональные политические
процессы
Абдықалық А.А., с.ғ.к,
Бисенова.А.З., с.ғ.қ.
Алматинский университет энергетики и связи, Казахстан
Жастардың
рухани құндылықтарын қалыптастырудың кейбір
мәселесі
Бүгінде еліміздің үштен бір бөлігін
құрайтын жастар - келешек қоғамның жарқын
болашағын қалыптастыратын стартегиялық мақсаттарды
жүзеге асырушы екені белгілі. Жастардың білімі мен кемелді келешегі
– қай кезде де қоғамды толғандыратын басты мәселе
болып келді. Қоғам өз мұрасын, мәдениетін
және құндылықтарын аялап, бағалайтын кейінгі
ұрпаққа қалдырғысы келеді. Сондықтан
жан-жақты тәрбиеленген, қабілетті, бастамашыл,
дүниетанымы терең, көкірегі ояу, білімді ұрпақ
– қоғамның басты діңгегі болып отыр. Сол себепті
қазақ мәдениетіндегі адами құндылықтарды
жетілдіру, экономикалық өркендеу мен даму, әлем
елдерінің қатарынан лайықты орын алу секілді көкейкесті
мәселелерді талқыға салған кезде, аталған
мақсаттарға қол жеткізуде жалынды жастардың шешуші
қызмет атқаратынын естен шығаруға болмайды.
Елбасы өзінің
Қазақстан халқына арнаған 2012 жылғы
«Әлеуметтік-экономикалық дамуды жаңғырту –
Қазақстанның басты бағыты» атты Жолдауында
қазіргі қазақ жастарының
құндылықтық бағдарларындағы
ұлттық құндылықтардың рөлін
анықтап берді.
Жастар халықтың
қоғамдық белсенді бөлігі және тәуелсіз
еліміздің болашақ дамуы үшін стратегиялық ресурсы болып
табылады. Жастардың мемлекет мүддесі мен мемлекеттің болашақта
дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар зиялылық және
рухани саналы тұлғаның қалыптасу қажеттілігі
аясында айқындалады. Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi мақсаттарының бірі ол
жастардың әлеуметтiк дербестігі, дәстүрлі діни
құндылықтарды тұлғалық қалыптасуын
жүзеге асырумен бірге, құқықтық,
экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасап реттеу және нығайту болып
табылады.
Бүгінгі таңда
жастардың қажеттілігін өтеу, рухани
құндылықтарды сіңіруге жəне олардың
өзін-өзі тəрбиелеп, дамытуын жетілдіріп, өздерінің
қабілет мүмкіндіктерін
ашуға білім парадигмалары толықтай сəйкес емес. Осы орайдан
білім беруді дамыту тұжырымдалған мемлекеттік тəуелсіздікті
қалыптастыру мен нығайту үшін білім берудің мақсаты
мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұны жəне негізгі
стратегиялық жолдарын айқындайтын парадигма
қажет. Рухани-құнды қасиеттердің
қалыптасуы, жастардың мінез-құлық
тəртібінің де сапасын анықтайды. Оның
рухани-адамгершілік тəрбиесіне əсер ететін факторларға: қоршаған
орта, табиғат, дене еңбектерінің түрлері,
экономикалық жағдайлар мен ұлттық
салт-дəстүрлер, əдет-ғұрыптар жəне т.б.
жатады. Олар жастардың мінез-құлқының,
тəртібінің жəне қарым- қатынасы мен
іс-əрекетінің өзгеруіне,адамгершілік тұрғысынан жетілуіне
мүмкіндік жасайды. Басқаша айтқанда оның
қалыптасуына саяси, экономикалық, руханилық, адамгершіліктік
факторлар мен биологиялық, физиологиялық факторларда əсер
етеді, ал оның мəні, нəтижесі рухани- адамгершілік құндылық
сипатынан көрінеді.
Жастардың тәрбиесі
мен өмірге дайындығын қамтамасыз ететін бағдарлама
мемлекеттің ең маңызды бағдарламасы болуға тис.
Өскелең жас ұрпақты өз бетінше қараусыз
қалдыруға болмайды, оларды өркениетіміздің
болашағына кепіл болатындай етіп тәрбиелеу қажет. Жас ұрпақты тәрбиелеуде
бірінші орында тәрбиенің орны ерекше . Сондықтан қай
ортада болмасын жастарға тәрбие бере отырып, еліміздің
болашағы осы жас ұрпақтың ақыл-парасатымен
құрылып, өмір сүретін болады.
Қазіргі білім мен
тәрбие берудің мазмұны келесі үш бағыттағы
тәрбие мәселесін қамтиды. Еркін тұлғаны
тәрбиелеу; рухани тұлғаны тәрбиелеу; ізгілікті,
адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеу;
Әлемдегі ғаламдану үдерісі,
қоғамның рухани адамгершілікті қамтитын
мәдениеттердің өзара байланысы және этномәдени
дәстүрлер мен жалпыадамзаттык
құндылықтардың құрамдас бөлігі
ретіндегі ұлттық құндылықтар негізінде
тұлғаны қалыптастыруды алдыңғы
қатарға шығарады. Бұл тұрғыдан рухани
адамгершілігі қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеуде
ғасырлар бойы жинақталған өмірдің мәні
туралы халықтың мәдени мұраларын, даналық
ұлағаттарды пайдалануы жоғары деңгейде маңызды
болмақ[1].
Білім беру парадигмалары
негізінде тұлғаның рухани дүниесін
қалыптастырудың тенденциялары:
білім беру парадигмалары білім алушылардың сұранысы, талабы
бойынша өзгеріп дамиды; рухани құндылықтарды
бағалауға үйрету, білім беру парадигмаларының негізгі
элементі болып табылады; көпмəдениетті ортадағы негізделген
ортақ құндылықтар дүниесі қалыптасады;
өркениетті елдермен қарым-қатынаста руханилық
алғашқы орынға ие болады; адам əлемдік өркениет
жағдайындағы жалпыадамзаттық құндылықтар
қатарындағы көшбасшыға айналады; білім беру мен
тәрбиелеуде интеллектуалдылыққа қол жетімді болып, жастардың
рухани сапасына мəн беріледі; білім беру жүйесінің
ортақтасуы біртұтас білім беру кеңістігін
құруға алғы шарт болады[2].
Сонымен жастардың білімді, дәстүрмен
қатар өз заманнның озық діни
құндылықтарын меңгерген, бәсекеге қабілетті
болғаны абзал. Осы тұста жастардың дұрыс
әлеуметтенуімен қоса ұлттық
құндылықтарда тәрбиеленудегі маңызы зор.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Қазақстан
Республикасының этникалық – мəдени білім
тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі. -2000. -№9.
2. Молдабек А. Жастар ұмтылып талпынбаса, себебі бар шығар // Ақиқат- 2015. №5.