Кусайнова М.А. Жакишева Г.С.
Жузбаев Кадырбек Сейлов Асылбек
Казахстан Караганда КарМУ
Тұлғаны тәрбиелеу ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтарын қалыптастыру негізі
Білім беру
жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаның
ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар негізінде
қалыптасуы мен дамуы
және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті
жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және
жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау,
ақпараттану, ден-саулығын нығайту сияқты
құқықтарын іске асыру
болып табылады. Осы сияқты қасиеттерді білім
алушылардың бойында
қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы білім
беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады.
Халықтың
тәлім-тәрбиелік тәжірибелерін, өміршең идеяларын
және өнегелі дәстүрлерін мектептің
оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану арқылы
жастарымыздың бойында ұлттық құндылықтарды
қалыптастыруды жүзеге асыру бүгінгі күннің
мақсаты. Халықтың рухани мәдениетінің
мөлдір бастау бұлағынан жас кезден нәр алып өсу
сан ғасырлық қалыптасу, даму тарихы бар қазақ
этнопедагогикасы идеяларын ертерек бойға сіңіруге, ондағы
жалпы адамдық құндылықтарды көре білуге үйретеді.
Ұлттық тәрбие тағылымдары материалдарын халық
даналығының сарқылмас қайнары ретінде жеке адамды
қалыптастыру ісінде пайдаланудың қажеттілігін
қазақ даласының ойшылдары (Қорқыт-ата,
әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт
Қашқари, Ахмет Ясауи, педагогтар мен ағартушылары
(Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов т.б.) өз еңбектерінде
дәлелді сипаттама бергені мәлім [1, с. 45].
Олай болса,
басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен
адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени
мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.
Ұлттық
құндылықтарымызды әлемдік деңгейге
шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу
үшін:
-
оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
- жас
ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет,
сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық
рухын дамыту;
- ана тілі
мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін,
салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
- жас
ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық
тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты
міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
Ұлттық
тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген
мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық
салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар,
«қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар,
нашақорлыққа салынған жастар, тағы
басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып,
болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған
ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды,
еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да
ұлттық тәрбие – ел болашағы.
Ұлттық
салт-сананың өмірдегі қолданбалы көрністері: діни
уағыздар, сенімдер, ырымдар, тиымдар, жөн-жоралғылар,
рәсімдер, кісілік рәсімдер арқылы іске асырылады. әрбір
жеке тұлғаның ұлттық қасиеттері
(имандылығы, кішіпейілдігі, сыпайылығы, мәдениеттілігі,
сыйласымдылығы, салауаттылығы, тіршілікке бейімділігі,
өнерпаздығы, шешендігі, ақынжандылығы, т.б.)
ұлттық тәрбиеге байланысты дамиды.
Қазіргі
рухани өмірдің
тәжірибесі өткеннің, қазіргі
кезеңнің және болашақтың ұлы
жетістіктерінің негізінде қалыптасады. Адамның рухани -
адамгершілік өмірі дами келе әлеммен жеке адамның арасындағы үйлесімдікке әкеледі.
Әлемдік өркениет дамуының үйлесімді бірлігін іздеу
әр түрлі тәсілдермен, әдістермен жүзеге асады.
Әр
адам өзінің ұлттық тамырын,
әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады. Өз
халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне
өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен
ұласып жату керек. Халықтық әдет-ғұрып,
салт-санасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген
сүйіспеншілігін қалыптастырады [1, с. 47].
Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің
дүниетанымдық, кәсіптік деңгейін ұлттық мәдениетпен
ұштастыра білуі керек. Білімді болғанымен, ұлттық
мәдениетті бойына сіңіре білмеген болса, ондай адам ұлт
алдында мәңгүрт, мәдениетсіз болып көрінеді де,
халықтың наразылығына ұшырайды. Білім беру мен
тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін, Жүсіпбек
Аймауытовтың айтқан сөзін еске түсірейік: «мектеп
бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге,
өзгенің және өзінің өміріне білім
жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе,
міне білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы.
Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек», – деген екен.
Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің
қалыптасуы, өнер-білімді игеруі өскен ортаға,
тәрбиеге ғана емес, үлгі-өнеге берер
ұстазға, отбасындағы тәрбиеге де байланысты.
Әрбір халықтың өсіп-өркендеуі үшін
әлеумет ортада қалыптасқан рухани, мәдени, саяси
құндылықтарды сақтап, дамытып отыруы қажет. Олай
болмаса, халықтың біртұтас дүниетанымы ыдырай бастайды.
Қазақ
халқының салт-дәстүрінің ұрпақ
тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен.
Ендеше құрметті ата-аналар, ұстаздар
оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық
салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты
қалыптастыруға мол үлесін қоспақ. «Баланы жастан»
демекші, мектеп оқушыларының санасына халқымыздың
тәрбие негізі, асыл қазынасы – салт-дәстүрлерін
дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды
қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.
Қазіргі
кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын
терең қозғап, тәрбие сағаттарыда
қазақ зиялы қауымының еңбектерін,
қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру
арқылы оқушылардың адами құндылық
қасиеттерін қалыптастыра аламыз. Сондай-ақ ұлттық
салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері:
рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар,
діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік
борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып
ұлттық қасиеттерге айналады.
Біздің ұлттық өнеріміздің, мәдениетіміз
бен дәстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы
үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын жас
жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы
әлемдік рухани өркениеттің өріне шығып, нәр
алу – бүгінгі күн талаптарының маңыздысы.
Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына
азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл
мұрасы ұлттых рух, ұлттық мақтаныш,
ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін
қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың парызымыз. Сонда ғана
ұлттық сана-сезімі толыққанды жетілген, туған
тілін еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын
жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз [2,
с. 69].
Сонымен қорытындай келе, осындай халқымыздың
маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды,
сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып
қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың
таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды
өздеріңіздің талмай, қажымай еткен
еңбектеріңіздің арқасында дарынды да тәрбиелі
оқушылардың бойына сіңіріп, ұлттық
мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп
патриоттық сезімді қалыптастыру бүгінгі танда маңызды
мәселелердің бірі болып табылады
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1. С.Әбішқызы,
Ж.Сарманов. «Ұлттық тәрбие
– құндылығы мол дүние». 2008 ж.
2. М.С.Керімбаева. «Ұлттық
құндылықтарды қалыптастырудағы мектептің
рөлі». Астана, 2007 ж.