ҚАЗАҚСТАНДА ЕТТІ ІРІ ҚАРА ШАРУАШЫЛЫҒЫҢ ДАМУЫ
Мусабеков А.Т., Сураншиев Ж.А., Баймұрат Д.Б., Альмуханов С.
С.Сейфуллин атындаға
Қазақ Агротехникалық Университет. Астана қ.
Қазақстанда сиыр етін өндіру
осыдан 25 жыл бұрынғы деңгейге әлі жеткен жоқ.
1990 жылы елімізде сойылған мал есебі бойынша 1,6 млн. т ет
өндірген болатын. оньң ішінде сиыр етінің үлесі 45
пайызды көрсетеді. 2010 жылы бұл керсеткіш 700 мың. тоннадан
шамалы ғана' асты, оның ішінде сиыр етінің мөлшері 50%
құрады. Қазіргі кезде, бұрынғыдай сиыр еті
өндірісін көбейту тек сүтті жэне сүтті-етті ірі
қара мал тұқымын пайдалану негізінде шешілуде.
Арнайы етті ірі қара мал
тұқымдарының көптеген ерекшеліктері мен
артықшылықтары бар. Олар жоғары ет өнімділігімен
және аса сапалылыгымен, тез жетілгіштігімен, өнімге азықты аз
жұмсайтындығымен ерекшеленеді. Сойған кезде жеуге жарамды
жүмсақ еті мол, халықаралық стандарт талабына сай ауыр
үша жэне сапалы тері, шикізат алынады. Етті ірі қара шаруашылыгы
саласына шыгын аз жүмсалады жэне жерді экстенсивті пайдаланатын
аймақтарда тиімді ет өндіруге мүмкіндік береді.
Жақын жылдары бүл саланы
ірілендіруге, шаруашылық субъек- тілерін мамандандыруға,
шаруашылықтарда етті ірі қара малының көпшілік
бөлігін шоғырландыруга, жергілікті азық жағдайына,
үдайы өндіруді қарқынды жүргізуге, төлдерді
өсіруге, жайып-семіртуге және бордақылауға,
өндіріс-үрдісін ықшамдауға, сиырдың маусымдық
төлдеуін реттеуге байланысты жүмыстар атқарылуы тиіс. Сол
үшін етке өткізілетін жас төлдерге жайылым отын пайдаланыгі,
«бір қыс, екі жаз» приципін ұстаған тиімді. Бұл
шаруашылықтарда отандық етті ірі қара малдың таза
түқымдарын кебейтуге және шағылыстыруға етті ірі
қара мал түқымының әлемдік қорын
пайдалануға жол ашады.
Қазақстанда етті ірі қара
малдың алты тұқымы топтастырылган. Олар
қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл,
санта-гертруда, «Жетісу» тұқымішілік сүлесімен, галловей,
герефорд жэне қалмақ сиыры. Отандық етті ірі қара
малына баса назар аударылуда.
Отандық бірінші шығарылган етті
түқымды ірі қара мал қазақтың ақбас
сиыры 1950 жылы апробацияланган. Тұқым жергілікті
қазақтың сиырын герефорд түқымы
бұқаларымен күрделі будандастыру нәти- жесінде алынган.
Нарықтық экономикаға көшкенге дейін республикада
бүл ірі қара мал түқымының саны 1 млн. 144
мың жетті, оның ішінде 440 мың басы сиыр. Қазіргі кезде
қазақтың ақбас сиыры түқымының саны
650-700 мың бас шамасында. Қазақтың ақбас сиыры
түқымы республикамыздың барлық облыстарында ғана
емес, Ресейдің Орынбор, Саратов облыстарында да кеңінен
таралған. Ол аймақтардың табиги- климаттық
жағдайына тез бейімделуімен, жогары үдайы өндіру ерек-
шелігімен, жайылымда тез семіру және сапалы бордақылануымен сипат-
талады.Ұргашы жэне еркек бүзаулары 8 айлыгында енесінен
ажыратқан кезіндегі тірілей салмағы 180-220 кг тартады.
Табиғи жайылымда қосымша жем берілмей бағылған телдері
800-900 г дейін тәуліктік қосымша салмақты көрсетеді.
Ал 12 айдан 15 айға дейінгі борда- қыланғандары 980-1200 г
салмақ қосады. Осы кездегі олардың 1 кг тәуліктік
қосымша салмаққа жұмсалатын азық 6,2-7,7
азық өлшемін қүрайды. Түқымның
шаруашылық жэне түқымқуалаушылық
белгілерінің үйлесімділігін дәлелдейтін бір жагдай, ол сонау
Сібірдегі ресейлік эріптестеріміздің (Сібір МШҒЗИ) 2005 жылы
қазақтың ақбас сиыры түқымын пайдалану
нәтижесінде жаңа тұқымішілік «Моготуй» сүлесін
шығаруы.
1997 жылы қазақтың
ақбас сиыры түқымының төрт зауыттық
тоқал сүлесі республикамыздың Батысында «Шағатай»,
«Анката», Солтүстік- шығысында «Қалбатау» жэне Солтүстігінде
«Алабота» апробацияланды.
Асылтүқымды шаруашылықтарда
бүл түқыммен жүргізілетін селекциялық зерттеулер
малдың тез жетілгіштігі мен өсу қарқынын
арттыруға багытталган.
Тұқымның генеалогиялық
қүрылымында қазіргі кезде 12 зауыттық із басы бар,
оның 6-уы жаңа.
Бұл із басылардың
бүқаларынан алынған төлдер 15 айлығьища 425- 457
кг жетеді. Бордақылау кезінде бүқашықтары 1200-1400 г
дейін тэуліктік қосымша салмақ қосады. Сойыс шығымы
63-67% жетеді.
1992 жылы тағы да бір отандық етті
ірі қара мал тұкымы әулиекөл апробацияланды. Бұл
тұқым күрделі шағылыстыру негізінде алынды. Бұл
тұқымды алуға казақтың ақбас сиыры, шароле
жэне абердин-ангус секілді үш етгі ірі қара мал тұқымы
қатысты. Жаңа тұқым малының бойында жергілікті
табиги-климат, азық жагдайына бейімделу қабйіеті бар. Жаңа
тұқым аса сапалы еттілікті қазақтың ақбас
сиырынан, тез
Бүл жақсартушы -
бұқаларды кеңінен пайдалануға, түқымды ірі
қүрылым бірлігіне дифферекциялауга - түрге, із басына,
түқым- қуалаушылығы түрақты туыстық,
селекциялау белгілерінің ерекшелігіне байланысты мал тобын
қүруға негізделген. Сондықтан бүл
популяцияның жаңаша дамуын қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күні тауар өндіруші
шаруашылықтардың 'табынды үдай өндіру үшін
асылтүқымды отандык түқым бүқаларының
қажеттілігі толығымен қанағаттандырылған.
Аналық сұранысы қанағаттандырылмаған, себебі
көптеген асылтұкымды шаруашылықтардың
басшыларының өзі өз табындарында сиырдың жэне
ұрғашы бұзаудың санын көбейтуге мүдделі
жэне шаруашылықтарда табынды жақсартудан қалған үрғашы
бұзауларда соншалықты көп емес.
Өсімтал, еті мол әулиекөл
етті ірі қара мал тұқымын өсіру өзгеріс алып
келді. Бұл тұқымның төлдері жайылымда семіруі
жағынан қазақтың ақбас сиырынан кем
түспейді. Сондықтан, бұл тұқымның
төлі Қостанай облысынан басқа жерлерде де үлкен
сұранысқа ие болуда. Бұл тұқымның осы
оң қасиетін қолдау мақсатында ғалымдар өзгерген
экологиялық жағдайға байланысты селекциялық
үдеріске ғылыми негізделген іріктеу түрлерін жүзеге
асыру үшін еншілес табын құру жолын ұсынды.
Етті ірі қара мал тұқымын
аудандастырудың негізіне олардың шыққан жері
алынатындығы белгілі. Онда тұқымішілік генетикалық
эртүрлілікті кеңейту таза тұқымды кебейту эдісімен
жүзеге асады. Мұн- ^ай жағдай қазақтың
ақбас сиырынан тоқал сүлесін шығару кезінде
болған. Бұл селекциялық үдеріске туыстас емес тектік
қорды пайда- лануды, «қан жаңартудың» кейбір
шаруашылыктарға пайдалы белгілерін жоққа шығаруға
болмайды.
Қазақстанның етті ірі қара малының
генетикалық элеуеті мейлінше жоғары. Қазақтың
ақбас сиыры мен эулиекөл түқымдары
бұкаларының рекордты тірілей салмағы 1200-1400 кг, ал
сиырларының салмағы 800- 1030 кг болады. Айта кету керек, іс
жүзінде көптеген шаруашылықтарда елімізде өсірілетін
етті ірі қара мал тұқымы енімділігінің генетикалық
әлеуетінің бар болғаны 50-60% ғана пайдаланылады.
Жаңадан құрылған
фермерлік шаруашылықтардың материалдық - техникалық
қоры мен малдың физиологиялық қажеттілігі және
азық қорының жетіспеушілігі, малды ұдайы ендіруі
телдердің өсуіне кері әсерін тигізеді және
селекциялық-асылдандыру жұмысының нәтижелігін
темендетеді. Сондықтан, етті ірі қара мал шаруашылығы
саласында қызмет істейтін мамандардың мал өнімділігінің
элеуеті мен оның пайдалану дәрежесі туралы түсініктерді айыра
білгені дұрыс.
Өндіруші - бұқаларды
езінің енімділігімен жэне ұрпағының сапасымен
бағалау барлық асылтұқымды шаруашылықтарда
кең өріс алуы қажет. Бақылау - тексеру
станцияларының жұмысын қайтадан қалпына келтіріп,
оның жұмысын жандандыру
керек.
Қазақтың
ақбас сиыры. Бұрын
Қазақстанда өнімділігі төмен, тез жетілмейтін
шағын, бірақ тез ет алатын, жергілікті жер жағдайына, ауа
райына бейім қазақы сиыры, Солтүстік Кавказ және
Қалмақ даласында қалмақ тұқымы
өсірілетін. Қалмақ сиырының салмағы ауыр
және қазақы сиырмен салыстырғанда тез жетілетін.
Қазан революциясынан кейін Кеңес елінде етті бағыттағы
мал өсіретін совхоздар ашылып, етті бағыттағы
тұқым өсіруге жағдай жасалынды. Міне, сол кезде
алғаш шығарылған етті бағыттағы ірі қара
осы қазақтың ақбас сиыры болатын.
Қазақтың
ақбас сиыры жергілікті қазақы және қалмақ
түқымы буданын, ішінара қалмақ сиырын герефорд
тұқымы бұқаларымен будандастыру жолымен
шығарылған.
Герефорд
тұқымы бұқалары АҚШ-тан, Украинадан
Қазақстанға, Волглград, Орынбор, Саратов облыстарынан
әкелінді.Тұқымды
шығарған бір топ ғалымдарға (Н.З.
Ғалиакберов, Б.М. Мусин, т.б.) КСРО Мемлекет сыйлығы берілді (1950).
Тұқым
сұрыптау үстінде селекционерлер алдында екі мақсат
қойды. Олар: біріншіден, тұқым арасынан етті малды
таңдап алып оны интенсивті түрде пайдалану және ол
малдың тобынан гурт, ферма құру, қолдан
ұрықтандыруды ұйымдастыру. Екіншіден, дұрыс
азықтандырып, жақсылап күтіп- бағу.
Қазақтың
ақбас сиыры тез жетілгіш және жақсы бордақыланады.
Қазақтың ақбас сиыры қуаң да
қатаң ауа райына төзімді, азық алғамайды
және өз ішінде өсетін қасиеті де жақсы.
Қолданылған әдебиет
1.
Ысқақбаев Б. Ірі қара
шаруашылығы\оқулық-Алматы «Қайнар»
баспасы , 1996. ISBN
5-620-00781-2
2. А. Ә.
Төреханов, Ж. Қ. Каримов, .Даленов.Ірі қара шаруашылығы\оқулық - Алматы : Триумф "Т", 2006.ISBN 9965-9996-1-9
3. М. А. Кинеев, Қ. Ж. Аманжолов, ауыл шаруашылығы
ғылымдарының докторлары. Қазақстанда етті ірі қара
шаруашылығын дамытудың кейбір мәселелері\\Ғылыми-
сараптамалық журнал. Жаршы. 2011 №11
4. А. Ә. Төреханов, Қ. Ж. Аманжолов, Б. Ө.
Өмірзақов, Е. С. Ержігітов. Қазақстанның
оңтүстік-шығыс аймағында өсірілетін ірі
қара малының ет өнімділігі мен экономикалық
тиімділігі.\\ Ғылыми- теориялық және практикалық
журнал. Жаршы. 2008 №10