Кәсіпорын қызметіндегі экономикалық тәуекелділікті
бағалаудың негізгі әдістері
магистрант Налибаев
А.П.,э.ғ.к.Ерниязова Ж.Н.
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда
мемелекеттік университеті,
Қызылорда қаласы,
Қазақстан
Республикасы
Белгісіздік
жағдайда, кәсіпорынның шаруашылық және
инвестициялық қызметін талдау – толық ақпараттық
және ұйымдастырушылық базаны талап ететін аналитикалық
есептеу жүйесі болып табылады. Тәуекелділікті бағалау –
белгісіздік жағдайдың пайда болу ықтималдылығын,
тәуекелділіктің сандық қасиеттерін және
мүмкін болатын операциялық және өндірстік
шығындардың көлемін анықтау қызметі [1].
Тәуекелділікті сандық бағалау – кәсіпкер
қызметіндегі нақты бір тәуекелділіктің пайда
болуының нәтижесінде, кәсіпорынның алмаған
пайданың немесе шығындарының көлемін сандық
бағалау. Тәуекелділікті бағалаудың негізгі
әдістері [1]:
1.
Тәуекелділікті бағалаудың статистикалық әдісі
2.
Тәуекелділікті бағалаудың эксперттік әдісі
3.
Ұқсас объектілерді қолдану әдісі
4.
Шығындардың көлемін есептеу әдісі
Тәуекелділікті
бағалаудың статистикалық әдісі
Бұл
әдісте шаруашылық субъектінің немесе ұқсас
шаруашылық субъектінің қызметінде шығындардың
және пайданың статистикасы талданады. Статистикалық
әдісте – тәуекелділіктің деңгейі туралы сандық
мәнін алуға болады. Болашаққа есептеулер
жүргізіліп, вариация, дисперсия және стандартты ауытқу
анықталады [1].
Тәуекелділктің
деңгейін анықтауын қаматамасыз ететін әдіс–бұл
дисперсия болып табылады. Дисперсия –
күтіліп отырған инвестициялық салымдардың нақты
нәтижелерінің ауытқуының орташа квадраттық
мәні болып табылады. Дисперсия келесі формула арқылы
анықталады:
, (1)
мұндағы,
q
– дисперсия
Xi – инвестициялық
салымдардың күтіліп отырған көлемі
- инвестициялық
қызметіндегі тәуекелділіктің күтіліп отырған
орташа мәні
n
– инвестициялық салымдардың саны (жиілік).
Дисперсия –
инвестициялық тәуекелділік жиілігінің абсолютті
ауытқулығын сипаттаса, ал
ауытқудың қатысты деңгейін – вариация
сипаттайды. Вариация коэффициенті – бұл қатысты шама,
сондықтан оның көмегімен әр түрлі бірліктегі
қасиеттерді салыстыруға болады.
Вариация коэффициенті келесі
формула арқылы анықталады [1]:
, (2)
мұндағы, V - вариация коэффициенті
q – орташа квадраттық ауытқу
- инвестициялық қызметтегі
тәуекелділіктің күтіліп отырған орташа мәні
Вариация –
бір жағдайдан екінші жағдайға өтудегі
тәуекелділіктің сандық бағалаудың өзгеруі.
Мысалы, кәсіпорын тиімділігінің өзгеруі тиімділіктің
нақты мәндерінің (ЭРI)
ықтималдылықтың (РI) сәйкес мәндерін
қосу арқылы анықталады [1, 29 б.]:
i=1,…,n, (3)
Вариация
қасиеттің жалпы мәнінің нақты мәннен
ауытқу шамасы болып табылатын, дисперсиямен бағаланады.
Дисперсияның орташа өлшенген мәні келесі формуламен өлшенеді:
, i=1,…,n, (4)
Вариацияның
шамасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым
кәсіпорын қызметі тәуекелділікпен байланысты болады. Вариация
коэффициенті 1-100 %-ға дейін өзгеруі мүмкін.
Вариацияның шамасы неғұрлым жоғары болса, онда
ауытқу деңгейі де жоғары болады.
Жоғары
тәуекелділігі бар шешімді қабылдау – шешімді қабылдайтын
тұлғаға байланысты. Бірақ, тек кәсіпкердің
банкроттыққа ұшырауына алып келемейтін мұндай
шешімдерді қабылдауға болады. Жағдайлардың
ауытқуын бағалау үшін, вариация коэффициенті
қолданылады. Вариация коэффициентінің ауытқуы келесідей: 0,1
–ге дейін - әлсіз; 0,25 – орташа; 0,25 –тен жоғары – жоғары
тәуекелділік [1].
Эксперттік
әдісте білікті мамандардың, қарапайым
тұлғалардың және сарапшылардың сауалнама
жүргізу арқылы көзқарасы ескеріледі. Эксперттік
бағалаудың негізгі әдістері:
1.
Эксперттік топтың ұжымдық жұмыстар әдісі –
эксперттік топтың кәсіпкерлік қызметінің салдарын туралы
жалпы пікірдің қалыптасу қызметі.
2.
Жеке пікірді алу әдісі – бір- бірінен тәуелсіз
сауалнамаға қатысқан эксперттерден ақпаратты алдын –
ала жинақтау. Бұл әдіске сауалнама сұрауын және
Дельфи әдісін жатқызуға болады.
Эксперттер
тобын пайдаланудың бірнеше әдістері қолданылады.
Солардың ішінде - бағаларды жинақтау әдісі. Бұл
әдіс бойынша, әр эксперт өзінің бағасын бере
отырып, содан кейін әр
түрлі амалдар арқылы бұл бағалар жинақталады.
Мысалы, егер i- эксперт тәуекелділік жағдайы (р) үшін ықтималдылық
санын (pi)
деп белгілесе, онда тәуекелділік жағдайының
ықтималдылығын келесі формула арқылы есептеуге болады [1]:
, (5)
мұндағы,
m- сараптамаға
қатысқан эксперттердің саны.
Дельфи әдісінде
эксперттердің жалпылама көзқарасы ретінде, бағалар
медианасы қолданылады.
Ұқсас
объектілерді қолдану әдісі
Бұл әдіс тәуекелділіктің «критикалық»
зоналарын анықтауға бағытталаған. Сонымен қатар,
бұл әдісте тәуекелділіктің салдалрынан шығындар
есептелінеді. Шығындарды есептеу жүйесі келесі
қағидалары бойынша талданады [2]:
- объектінің бастапқы
құны
- жобалау шекараларының өзгеруі
- өнім өндіруде
айырмашылық
- объектінің бастапқы құнының
жоғарлауы.
Тәуекелділікті басқару (ағылшын тілінен: Risk management) – қолайсыз
жағдайдың пайда болу ықтималдылығын төмендетуге
және өндірістік шығындарды минимизациялауға
бағытталған, басқару шешімдерін қабылдау және
жүзеге асыру үрдісі [3].
Экономика саласында тәуекелділікті басқарудың негізгі
мақсаты – бұл қолайсыз жағдайлардан қорғау
нәтижесінде шаруашылық субъектілердің бәсекелестігін
жоғарлату.
Әдебиеттер
тізімі
1.
Макаревич Л.М .
Управление предпринимательскими рисками.- М., 2006.- С333- 345.
2.
Москвин В.А. «Управление рисками при реализации инвестиционных проектов»,- Москва 2004, С51
3.
Н.Б. Ермасова «Риск – менеджмент организации»,-
Москва 2008, С 48