Қазақстандағы электр
желілері компанияларының қызметтерін реттеудің аймақтық ерекшеліктері
э.ғ.к.
Ерниязова Жанат Нурахметовна,
э.ғ.к.Талапбаева
Гульнар Едиловна,
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда
мемелекеттік университеті,
Қызылорда қаласы,
Қазақстан Республикасы
Қазақстан электр
энергетикасының ерекшелігін өндірістің аумақтық
дамуындағы үйлеспеушілікпен және электр энергиясын пайдалану
мен оның нарығының дамуының жетіспеушілігімен
түсіндіруге болады.
Электр
энергиясын өндіру мен тұтынуда маңызды мәселелерді
тудыратын, электр энергетикасының дамуы мен қалыптасуына теріс
әсер ететін фактор ретінде қалыптасқан деңгейдің
және жаңа нарықтық жағдайға бейімделу
тұсында энергетика саласының территориялық
құрылымының бірдей еместігі дәлел болады.
Қазақстанның жер
көлемі үлкен, ал аймақтар арасындағы транспорттық
байланыстар жеткілікті дамымаған, сондықтан да оның
қандай да бір аймағында және энергетикалық
ресурстардың болуы бұл ресурстардың
қазақстандық деп айтқанмен, оларды міндетті түрде
барлық территория бойынша пайдалану дегенді білдірмейді. Бұл
жағдай елдің кейбір аймақтарында көрші мемлекеттердің
ұқсас ресурстарын пайдалануға қарағанда
әлдеқайда тиімсіз, яғни бәсекеге қабілетсіз болуы
мүмкін. Ең бастысы, бұл сырттан келетін ресурстардың
сенімді және болашағының бар болғаны. Басқаша
сөзбен айтқанда, қазір энергетикалық ресурстардың
сырттан қамтамасыз етілуінен энергетикалық тәуелсіздігі емес,
ұзақ уақытқа айтарлықтай көлемде
еліміздің энергиямен үзіліссіз қамтамасыз етілуінің
сенімділігі маңызды болып отыр.
Қазақстан
Республикасының облыстарындағы электр энергиясының
өндірілуі мен тұтынылуы құрылымынан бастайық.
Төменде 2013 жылға көрсетілген 1-ші суреттен ҚР
әр түрлі аймақтарында электр энергиясын өндіруші
ұйымдардың (ЭӨҰ) қаншалықты
тепе-теңсіз таратылғанын көруге болады.
Сурет 1 – 2013 жылғы
Қазақстан Республикасы облыстарының электр энергиясын
өндірудегі көлемдерінің әр облыс бойынша үлесі
ҚР облыстарын бөлуде
электр энергиясын пайдалану бойынша ақпаратты талдау оларды
Қазақстан Республикасының 14 облысы бойынша
құрылымын бейнелеуге мүмкіндік береді (сурет 2 бойынша). Тәуелсіздікті
алғаннан кейін электр энергетикасы саласының жұмысы
және салалардың нарықтық жағдайға
өтуі көптеген мәселелерді туғызды. Солардың бірі
Қазақстанға рационалды емес болып келетін республика
территориясы бойынша өндірілетін қуат пен электрлік желілерді
орналастыру болып табылды. Одан басқа, саланың
соқтығысқан ендігі бір мәселесі бұл оның
негізгі қорларының күйі болып отыр.

Сурет 2 – 2013 жылға
Қазақстан Республикасы облыстарының электр энергиясын
тұтынудағы көлемдерінің әр облыс бойынша
үлесі
Активтердің
техникалық күйінің талдауы 15–25 жыл бойына пайдалануда
болған 500–220 кВ электр тасымалдау желісінің 1421,6 км немесе 8,8%
пайдалану талаптарына сәйкес келмейтінін және бұларға
қайта құру мен жаңалау бойынша шұғыл
жұмыс жүргізу керектігін көрсетті.
Электр
энергетикасын 2030 дейін дамыту бағдарламасында (№384, 9.04.1999ж) электр
энергетикасы саласында табиғи монополист болып табылатын
субъекттердің дамуын және шығындарын жабатын әділ
тарифті қалыптастыру қажеттілігі атап көрсетілгені белгілі.
Электр энергетикасы саласының эффективтілігін көтерудің
міндеті бөлшек сауда рыногында баға құрау саясатының
нарықтық механизмін құру және оны электр
энергиясы мен қуаттың көтерме сауда рыногында жетілдіру болып
табылады.
Бұл
қойылған міндеттерді жүзеге асыруды жеделдету үшін
бірқатар негізгі мәселелерді шешуді талап етеді, олар:
1.
Аймақтық электр желілері
компанияларында (АЭК) басталған жекешелендіру процестерін
аяқтау.
2.
Аймақтық электр желілері
компанияларының өздеріне тән қасиеттерін ескере
отырып, әртүрлі торап түйініндегі қызмет көрсету
сапасын тұтынушылар талабын қанағаттандыратындай орындау
әдістерін жетілдіру.
3.
Ұлттық электр желілері
компаниясының іскерлігін реттейтін әдістер жасау және
оны негіздеу.
Бүгінгі
күні аймақтық желілік компаниялар электр энергиясын
өндіру-тұтынудың тәуліктік графигін көтерме сауда
рыногының субъекттері арасында және аймақаралық
деңгейдегі электр желілері
компаниясымен электр энергиясының балансын толығымен
қадағалауды қамтамасыз етпейді.
Біздің
көзқарасымыз бойынша, қысқа мерзімге келесі есептерді
шешуді қажет етеді:
-
кәсіпорынның және оның барлық жүйелерін,
кешендерінің апатсыз жұмысын және сенімділігін
қамтамасыз ететін желілерді эксплуатациялауды тиімді ұйымдастыру;
- нақты
уақыт мезетінде желілік кешенді диспетчерлік басқаруды жүзеге
асыру;
- электр
энергиясын сатып алу мен тұтынушыларға сатуда
кәсіпорынның өткізу қызметінің эффективті
жүйесін ұйымдастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Дукенбаев К.Д. О повышении эффективности энергетической отрасли // Энергетика и топливные ресурсы Казахстана. - 2000. - №1. – С.3-8.
2 Тузелбаев Б.И. Регулирование деятельности электросетевых компаний в условиях рынка// Вестник КазНУ им. Аль-Фараби, 2003. - №6.-С.123-125.
3 Тукенов А.А. Рынок
электрической энергии в Казахстане // Энергетика и топливные ресурсы
Казахстана. - 2002. - №6. –С.36-41.