Қазақстаннның
шағын қалаларының дамуының әлеуметтік-
экономикалық саясаты
э.ғ.к.
Талапбаева Гульнар Едиловна,
магистрант
Жусупова Айдана
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда
мемелекеттік университеті,
Қызылорда қаласы,
Қазақстан
Республикасы
Шағын
қалалар Қазақстанның экономикалық,
әлеуметтiк және саяси өмiрiнде маңызды орын алады.
Олардың кейбiр бөлiгi қазақ мемлекетiнiң тарихи
тамыры, ұлттық мәдениетiнiң қалыптасуы мен халықтың
дәстүрлерiмен негiзделедi, сондай-ақ, шағын
қалалар Қазақстанның үлкен аумағын
бiрiктiретiн негiзгi бекiнiс орталықтары ретiнде қарастырылады
және оның бiрлiгi мен тұтастығын қамтамасыз
етедi.
Елдiң шағын қалаларының проблемаларын шешуге
бағытталған мемлекеттiк деңгейдегi қаулылылар мен
бағдарламалар қабылданды, бiрақ олардың iс
жүзiнде көпшiлiгi iске аспады, бiрiншiден, олардың
ауқымды мiнезделуi мен бiр мезгiлде барлық мәселенi шешуге
бағытталуы, екiншiден, нақты қаржыландырудың болмауынан.
1996 жылы «Қазақстан Республикасында шағын
қалалардың дамуының мемлекеттiк бағдарламасы»
қабылданған, бiрақта айтылған себептерге байланысты iс
жүзiнде орындалмауда. 2001 жылдың қарашасында үкiмет
«Тарихи қалалардың архитектурасын дамыту мен сақтау
(2002-2010 жж.)» бағдарламасын бекiттi және тағы басқа.
Қазақстанда
тұрғындарының саны 50 мыңнан аспайтын 60 шағын
қалалар бар. Олардың 41 шағын қаласы ауылдық
аудандардың әкiмшiлiк орталықтары болып табылады, ол шағын
қалалардың 68%-ын және ауылдық аудандар санының
25%-ын құрайды. 19 шағын қала ауылдық
аудандардың орталықтары болып табылмайды, олар: Степногорск, Темiр,
Ембi, Жем, Қапшағай, Текелi, Шар, Серебрянск, Курчатов, Шу,
Шахтинск, Сарань, Приозерск, Қаражал, Лисаковск, Арқалық,
Ақсу, Қазалы, Жаңаөзен. Олардың бiр бөлiгi
облыстық маңыздағы қала болса, бiр бөлiгi
аудандардың ыдырауы салдарынан аудан орталығы мәртебесiнен
айрылды.
Шағын
қалалардың өнеркәсiптiк дамуының
экологиялық салдары атмосфералық ауаның ластануы,
топырақтың (химиялық улануы), тұщы су беткi
қабатының және су қоймаларындағы балық
қорларының химиялық улануы, тұрғындардың
ауру деңгейiнiң көтерiлуi болып табылады.
Экологиялық
зиянды көздерiне:
- күл
қалдықтарының жиналуы;
- қоқыс
орындарының ретсiздiгi;
- жалпы қалалық
тазалау қондырғыларының бомауы;
- канализациялық желi
мен сүзгiлеу аумақтарының нашарлығы, оның
қалаға жақын орналасуы;
- тау-кен
өндiрiсiндегi кәсiпорындардың қалдықтары мен
сақтамаларының көлемiнiң үлкендiгi;
- қатты отынмен
жұмыс iстейтiн көптеген шағын
қазандықтардың ластаушы заттарды шығаруы.
Шағын
қалалардың экономикасы мен әлеуметтiк саласына қатысты
талдау негiзгi проблемаларды бөлiп көрсетуге мүмкiндiк бердi.
Оларға жататындар:
- шағын қалалар
дамуының тиiмдi стратегиялары мен бағдарламаларының болмауы;
- дамуына қаражаттың
болмауы, жоғары тұрған бюджетке тәуелдiлiгi;
- өмiр сапасы мен
деңгейiнiң төмендiгi;
- жұмыссыздық
деңгейiнiң жоғарылығы;
- қалақұру
кәсiпорындарына
тәуелдiлiгi;
- өндiрiстiк
және көлiк объектiлерi инфрақұрылымының тозу
үлесiнiң жоғарылығы;
- экономиканың барлық
салаларындағы мамандар мен бiлiктi жұмысшылардың жетiспеуi;
- көп
қалалардың облыс орталықтарымен қашықтығы
мен көлiк байланыстарының
қанағатсыз деңгейi;
- экологиялық
проблемалар.
Шағын
қалалар дамуының аймақтық бағдарламасының
мақсаты олардың әлеуметтiк-экономикалық дамуына
жағдай жасау. Қойылған мақсаттарды шешу үшiн
негiзгi тапсырмалар келесi мәселелердi шешудiң қажеттiлiгiмен
байланысты:
1.
Шағын қалалардың қызмет түрiне сәйкес
негiзгi даму бағыттарын анықтау;
2.
Экономиканың нақты секторының дамуы мен тұрғындардың
жұмыспен қамтылуын көтеруге бағытталған шараларды
анықтау;
3.
Өндiрiстiк және әлеуметтiк
инфрақұрылымның дамуына бағытталған шараларды
анықтау;
4.
Тиiмдi инвестицияларды тартуға бағытталған шараларды
анықтау.
Көрсетiлген тапсырмаларды шешу үшiн жан-жақты
бағытталған кең ауқымды шараларды жасау мен iске
асыруды қажет етедi. Шағын қалалар дамуының негiзгi
бағыттары мен бұл бағдарламаның тетiктерiн iске асыруда
елдегi шағын қалалр дамуының стратегиясы мен
республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылуы
тиiс салалар көрсетiледi.
Шағын
қалалар дамуының негiзгi бағыттары:
- қалалардың
мамандану қызметiнiң құрамын кеңейту;
- шағын
қалаларға жақын маңдағы минералды-шикiзат
ресурстарын игеру;
- тұрғындардың
негiзгi қызмет түрлерiне қол жетiмдiлiгiн көтеру
үшiн аумақтық әлеуметтi инфрақұрылымды
ұйымдастыру;
- тұрғындар мен
кадрлық потенциалды өндiрiске қамту;
- шағын
кәсiпкерлiк объектiлерiн қолдаудың аумақтық
инфрақұрылымдарын ұйымдастыру.
Шаруашылық
қызметiнiң әртүрлiгiне қарамастан ортақ
ерекшелiктерi мен қалақұру базасының дамуының
проблемалары болып табылатындар:
- шаруашылықтың
бiр бағытта тар мамандануы, әсiресе, монопрофильдi қалаларда
тез байқалады;
- техникалық артта
қалуы өндiрiстiк кәсiпорындардың көпшiлiгiндегi
құралдардың тозуы, сонымен қатар, кәсiпорындардың
айтарлықтай бөлiгi алдыңғы қатарлы технологиялар
мен соңғы үлгiдегi құралдарды енгiзуде
қиындық туғызатын немесе енгiзу iс жүзiнде мүмкiн
емес;
- еңбектiң
өнiмдiлiк деңгейiнiң төмендiгi және қол
еңбегi (бiразi қиын және ыңғайсыз)
үлесiнiң жоғарылығы және тағы басқа.
Ең
өткiр мәселе шаруашылық құрылымы тар, бiр
жақты монопрофильдi шағын қалалардың 2/3 бөлiгiне
қатысты болды. Осындай қалалардағы өндiрiстiң
төмендеуi немесе қалақұру кәсiпорындарының
тоқтауы спецификалық тiркеме реакциясын тудырды, яғни
жұмыссыздықтың тез өсуi, халық табысының
төмендеуi, қызмет көрсету саласының ыдырауы,
экологиялық проблемалардың шешiлмеуi, моральды-психологиялық
климаттың нашарлауы қоғамның және
экономиканың қылмыстылыққа тартылуы. Осыған
сәйкес айтылған проблемалар дер кезiнде шешудi қажет етедi.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1
Смағұлова Г. С. «Аймақтық экономиканы басқару
мәселелері» Оқу құралы // Алматы: Экономика, 2005,
5-21б.
2 Айтаханов
Е. «Региональная политика: основные ориентиры реализации в РК» // Саясат –
2004, № 4, с.56-58
3 Дузбаева М.
«Стратегия социально-экономического развития региона» // Транзитная экономика –
2004, № 6, с.16-21