Шағын және орта
кәсіпкерлікті қаржылай қолдаудың шетелдік және
отандық тәжірибесі
э.ғ.к. Талапбаева Гульнар Едиловна,
магистрант Жақсылықова Перизат
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда
мемелекеттік университеті,
Қызылорда қаласы,
Қазақстан Республикасы
Шағын
және орта кәсіпкерлік – экономиканың ұтқыр
әрі нәтижелі секторының бірі. Шағын және орта
кәсіпкерлік халықтың әл ауқатын арттырып,
қосымша жұмыс орындарының ашылуына, жалақының
уақытында төленіп отыруына септігін тигізеді.
Біріккен
Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының
мəліметтері бойынша əлемдік экономикада шағын
кəсіпорындардың саны барлық кəсіпорындардың жалпы
санының 95%-нан асады. Олардың үлесі
əрекеттегілерінің 60%-нан астам бөлігін құрайды,
ал олардың ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ға дейін жетеді.
Бұл орташа əлемдік көрсеткіштер. Ал Жапонияда мысалы,
шағын жəне орта кəсіпкерліктің үлесі
компаниялардың жалпы санының 99,6%-ын, ЖІӨ-нің 55%-ын
жəне өнеркəсіпте қызмет ететіндер санының 80%-ын
құрайды. АҚШ-та - ЖІӨ-нің 50%-дан артық
бөлігі, инновациялардың жартысынан астам бөлігі,
ұлттық жұмыс күшінің 2/3 артық бөлігі
шағын кəсіпкерлікте еңбек етеді [1].
ШОК секторының
кәсіпорындарына кепілдік беру жүйесін құру
ШОК-тің қаржы ресурстарын алуын қамтамасыз етудің
маңызды шарттарының бірі. Осы орайда, Қытай Үкіметі
«даму Банкіне» (The Development Bank) негізін жергілікті билік органдары
қалаған кепілдік беру компанияларына жеңілдігі бар несиелер
мен субсидиялар ұсынуды тапсырды. Қаржыландырудың
кәдімгі схемасының мәні «Даму Банкінің» жеткілікті
кепілдік беру капиталын құруға қажет қаражат
жинайтын қандай да бір мемлекеттік компанияға кейіннен
әрекетті немесе қайта ұйымдастырылатын несиеге кепілдік беру
компанияларына беріліп отырған жеңілдігі бар заем немесе субсидия
беруінде. Осы бағдарлама бойынша қаржылық қолдау ШОК-тің
2 197 субъектісіне көрсетілді. Бұл 220 мың жаңа
жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. аталмыш
бағдарламаның шеңберінде бүгінде 106 түрлі несие
мен несиелерді кепілдікпен қамсыздандырудың 121 түрі
жүзеге асырылуда, сондай-ақ елдің 334 қаласы мен
аудандарында заемдардың берілуін қамтамасыз ететін 79 несие
комитеттері құрылды. Шағын және орта бизнестің
Италия экономикасында алатын мәні зор. Италияда шамамен 15,3 млн адам
немесе жұмыс күшінің 79% жұмыс істейтін барлығы
3,6 млн жуық. ШОК субъектілері қызмет етеді. ШОК қолдау
инфрақұрылымын қаржыландыруға италия Үкіметі жыл
сайын $5 млрд астам қаржы бөледі. Жеңілдікпен несиелеу
және несиелерге кепілдік беру бағдарламаларына жыл сайын $15 млрд
астам сома бөлінеді. ШОК-тің дамуын жеделдету үшін ШОК-ті
дамыту орталықтары құрылған. Бүкіл елде
бұлардың саны 1 200 бірлікті, ақпарат орталықтары 50 бірлікті,
бизнес-инкубаторлар мен технопарктер – 26 бірлікті, экспортты жылжыту
орталықтары – 123 бірлікті құрайды [2]. Түркияда
коммерциялық емес мемлекеттік және қоғамдық
құрылымдар мен бірлестіктер түріндегі ШОК қолдау
және оған қызмет көрсететін айтарлықтай
дамыған инфрақұрылым жұмыс істейді. 1990ж.
түркияның Өнеркәсіп пен сауда министрлігі жанында
мемлекеттік ұйым – шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
бойынша бас басқарма (KOSGEB) құрылған. KOSGEB негізгі
міндеті ұлттық және халықаралық тәжрибені
талдау негізінде шағын кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясат
дайындау және ШОК-тің дамуына жан-жақты жәрдемдесу.
2009жылы KOSGEB бюджеті шамамен $280
млн болды, оның $220 млн ШОК-ті қолдау бағдарламаларын
қаржыландыруға жұмсалады. 2003–2009 жылдар аралығында
KOSGEB бағдарламалары $480 млн астам сомаға 157 мыңнан астам
ШОК субъектілері жұмылдырылды. Бұл 42 мыңға жуық
жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.
Қазақстанда дағдарыстан кейінгі даму міндеттерін шешу
үшін, Қазақстан Республикасын үдемелі
индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Бизнестің
жол картасы 2020» Кәсіпкерлікті дамытудың кешенді бағдарламасы
(бұдан әрі – «БЖК 2020» бағдарламасы) іске асырылуда.
Бұл бағдарлама экономиканың шикізатсыз секторларындағы
өңірлік кәсіпкерлікті тұрақты және
теңгерімді дамытуды қамтамасыз ету бойынша ең ауқымды
бастама болып табылады, бағдарлама бар жұмыс орындарын
сақтап, жаңа орындардың құрылуына септігін
тигізеді. Бағдарламаның қаржы агенті «Даму» Қоры болып
табылады, Қор кәсіпкерлердің несиелері бойынша пайыздық
мөлшерлемелерін ішінара қаражаттандырып, кәсіпкерлерге несие
алу барысында банк алдында ішінара кепілдіктер ұсынады. «БЖК 2020»
бағдарламасы шеңберінде 01.01.2014 ж. қарай «Даму» Қоры
Бағдарламаны іске асыруға қатыстырылған басқа
ұйымдармен бірлесе отырып, келесі нәтижелерге қол жеткізді:
-
кәсіпкерлердің мөлшерлемені қаражаттандыруға
3 589 өтінімі және кепілдендіру алуға 283 өтінімі
мақұлданды;
-
мақұлданған өтінімдердің жалпы санында 3 275 қаражаттандыру шарты
және 259 кепілдендіру шарты жасалған, соның ішінде:
1) «Жаңа
бизнес-бастамаларды қолдау» бағыты бойынша 2 879 шартқа
қол қойылған;
2)
«Кәсіпкерлік секторын сауықтыру» бағыты бойынша 193
қаражаттандыру шартына қол қойылған;
3)
«Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін азайту»
бағыты бойынша 203 қаражаттандыру шартына қол
қойылған.
Өңдеу
өнеркәсібі саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
(бұдан әрі - ЖКС) қолдау көрсету мақсатында,
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат
қоры» АҚ мен «Стрестік активтер қоры» АҚ (бұдан
әрі – САҚ) және «Даму» Қорымен бірлесе келе, 2009
жылдың қазан айында «Даму-Өндіріс» бағдарламасын іске
қосты. Бағдарлама шарттарына сәйкес, ЖКС-ін қолдау
өңдеу өнеркәсібіндегі ЖКС-нің бұрын
банктерде 8% жылдық мөлшерлеме
бойынша алған несиелерін қайта қаржыландыру механизмі
арқылы жүзеге асырылады. 2014 жылдың 1
қаңтарындағы жағдайына қарай серіктес-банктермен
жалпы сомасы 77 258 млн.теңгеге 288 борышкер қаржыландырылды,
соның есебінен 6 133 жұмыс орны құрылды. Несиенің
орташа сомасы 268 млн.теңге, несиенің орташа мерзімі – 24 ай,
орташа безбенделген пайыздық мөлшерлеме – жылдық 8%, тиімді
пайыздық мөлшерлеме – жылдық 8,5% құраған.
Әйелдер кәсіпкерлігін кейін кішігірім несиелендіру үшін
қаражаттарды ЕДБ-де уағдаластықпен орналастыру
бағдарламасы «Даму» Қорының Директорлар кеңесімен
2009жылы 30 қыркүйекте бекітілді. 2013 жылы
серіктес-банктермен жалпы сомасы 5 222 млн. теңгеге 941 борышкер
қаржыландырылды. Несиенің орташа сомасы 6 млн.теңге,
несиенің орташа мерзімі – 40 ай, орташа безбенделген пайыздық
мөлшерлеме – жылдық 12,4%, тиімді пайыздық мөлшерлеме –
жылдық 13,7% құраған, 328 жұмыс орны
құрылған[3]. ШОК субъектілері санының өсуі
бизнесті жүргізу жағдайында халықаралық сарапшылармен
атап көрсетілген жағымды өзгерістер барысында жүзеге
асырылуда. Атап айтқанда, Дүниежүзілік банкінің «Doing
Business» 2014 жылғы рейтингінде Қазақстан 50-ші
жайғасымда орын тепкен. Оң серпін, ең алдымен, меншікті
тіркеуді (18-жайғасым) және салық салуды (18-жайғасым)
оңайлату бойынша іс-шаралар есебінен қамтамасыз етілген.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті
қолдау мен ынталандыру шаралары/ Қ.Х. Шадиев // Транзитная
экономика.- Ғылыми – практикалық журнал
2. Кәсіпкерліктің жедел курсы: оқу – əдістемелік
құралы. - Алматы, 2010. - 202 б.
3. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның ресми
сайты http://www.damu.kz/