жасыл экономиканы
қалыптастырудағы мәселелер
э.ғ.к. Өтегенова
К.А.,студент Саттар Г.
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда
мемелекеттік университеті,
Қызылорда қаласы,
Қазақстан Республикасы
Жаһан дамыған сайын әрбір
мемлекеттің, сонымен қатар онда өмір сүретін
әрбір адамның
қажеттіліктері де артып келеді. Оларды
қанағаттандырудың салдарынан ең бірінші табиғатымызға
орасан зор зиян келіп отыр.
Қоршаған ортамызды
қорғауды қамқорлығына алып отырған
әлемдік ұйымдар осы мәселемен дабыл қағуда.
Осындай жиынның бірі «РИО + 20» Саммиті
өткізілгеннен кейін қазақстандық
қоғамның күші «жасыл» экономикаға ауысу бойынша
стратегияны іске асыруға бағыттала бастады.
Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жасыл» экономикаға ауысу
бойынша тұжырымдама әзірленді. Тұжырымдамада бірінші кезекте
басты түрде экономиканың белгілі бір салаларын реформалауға
бағытталған басым міндеттер тізбесі ұсынылды.
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев жасыл экономика туралы: «Жасыл» энергетикаға
көшу, «жасыл» технологияларды енгізу – бұл ғаламдық
экономиканың дамушы векторы. Қазақстан көмірсутектерін
қоса алғанда, біздің жер қойнаулдарымызда орасан табиғи
байлықтардың болуына қарамастан, қалпына келтірілетін
энергия көздерін белсенді түрде дамыту ниетінде. Біздің
«2050-Стратегиямызда» осындай міндеттер қойылды. Біз жыл сайын «жасыл
жаңғыртуға» ұлттық ЖІӨ-нің 2%-ы
көлемінде қаражат инвестициялауды ойластырудамыз. Осының
барлығын біз «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасында
көрсеттік және қабылдадық.
Заң шығарушы жұмысының
маңызды аспекті – қалпына келтірілетін энергетикаға
негізделген, «жасыл» экономикаға көшу үшін
құқықтық жағдайлар жасау. Біздің «Жасыл
көпір» ғаламдық бастамамыздың мәні осында,
сондықтан энергетикалық және су ресурстарын үнемдеуді,
жасыл технологияларды және экологиялық туризмді пайдалануды
заңнамалық ынталандыруды кеңейту қажет. Қазір
елдерде жасыл экономиканы қолданусыз ешқандай индустрияландыру
және инновациялар болмақ емес.
Қазіргі кезде қоғам
«жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі
түсінеді. Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын
экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары
бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда
келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі
экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері,
бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру
болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді. «Жасыл»
экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен
қоғамның әл-ауқатын сақтауға
бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану
өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін
экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта
сарқылуға ұшыраған ресурстарды үнемді
тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді
пайдалануға бағытталған.
Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңде
жоспарланады: бірінші кезең - 2013–2020 жж. – қорларды пайдалануды
оңтайландыру және табиғат пайдалану қызметінің
тиімділігі арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды
құру; екінші кезең - 2020–2030 жж. – табиғи
қорларды тиімді пайдалану, жоғары технологиялар базасында
жаңартылатын энергетиканы енгізу; үшінші кезең - 2030–2050
жж. – олардың жаңартылуы жағдайында негізіне табиғи
қорларды пайдалану қойылған, ұлттық
экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция»
қағидаттарына ауысуы.
Сондай-ақ
бұл ретте «Жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі
бағыттары ұсынылған болатын.
Ал «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі
еліміздегі, аймағымыздағы «жасыл» экономиканы дамыту шараларын
жеделдетеді. Сонымен қатар, Еуропалық қайта құру
және даму банкі Қызылорда қаласында тұрмыстық
қатты қалдықтарды кәдеге жарату жобасын
қаржыландыратыны белгілі болды. Арал теңiзiнiң
солтүстiк бөлiгi көп ұзамай бұрынғы
арнасына оралатынын атап өтті.
«Жасыл экономика» принциптері негізінде
өңірімізде белсенді экономика қалыптастыруымыз қажет.
Өңірімізде «Smart Rubber» ЖШС-ның автокөлік
дөңгелектерін қайта өңдеу арқылы
резеңке ұнтақтары мен жер асты суару түтіктерін
шығаратын өндіріс орны ашылды. Толық циклда жұмыс
жасайтын «Дорстройсервис» ЖШС-мен бірлесіп ашылған бұл зауыт
жарамсыз дөңгелектерді өңдеу арқылы ауыл
шаруашылығына қажетті резеңке ұнтақтарын, жерасты
суару түтіктерін шығарады. Бұл біріншіден, инновациялық
технология болса, екіншіден, «Жасыл экономиканың» жүзеге асуына өз
үлесін тигізеді. Яғни, бұдан алынатын өнім әр
түрлі мақсатта пайдаланылатын болады.
Маңызды мәселелердің бірі – су
ресурстарын сақтау және үнемдеу. 2014-2020 жылдарға
арналған су ресурстарын басқару бағдарламасын дайындау
жоспарланып жатыр. Мамандардың болжауынша, біздің елдегі
судың тым тапшылығы бұл 21 ғасырдың
сұрақтары болуы мүмкін. Президентіміз «Қазақстан
-2050» атты Халыққа Жолдауында нақты осы мәсәлеге
ерекше назар аударғаны босқа емес. Көптеген мамандардың
болжамдарына сүйенсек, 2030 жылға қарай су
ресурстарының тапшылығы 14 млрд текше метрге дейін су
құрауы мүмкін. Осы қиындықты жеңу
үшін, барлық жерге су сақтайтын технологияларды
қолдану, өнеркәсіптік және тұрмыстық
қолданыста судың жұмсалуын төмендету, табиғи су қоймаларын
ластауға жол бермеу ұсынылады.
Трансшекаралық өзендерді әділ әрі
ұтымды пайдалану мәселелерін шешу - Қазақстан
сыртқы саясатының басым міндеттерінің бірі.
Өңірдің тұтас алғанда алдағы
тұрақтылығы мен қауіпсіздігі көп жағдайда
мемлекеттердің суға қатысты
қарым-қатынасының дамуына байланысты. Қазақстан
су қорларының саласында өзінің көршілері
Қытай, Ресей, Қырғызстан және Өзбекістан
сияқты елдерден елеулі тәуелділікте болып отыр. Су
қорының күрделі жағдайына байланысты
Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарын
қамсыздандыратын Сырдария өзенінің су ресурстарын тиімді
пайдалану қажет.
«Жасыл» экономикаға
ауысу аясында: қорлардың тиімділігін арттыру;
қазақстандық инфрақұрылымды жетілдіру;
халықтың әл-ауқатын жақсарту болжанады.
«Жасыл» экономикаға ауысу барынша үлкен
танымалдыққа ие болып келеді және ауқымды
қызығушылық тудырады. «Жасыл» экономика бірінші кезекте
экономикалық прогреске жағдай жасайды және ішкі жалпы
өнімнің өсімі; елдің табыстарын ұлғайту;
елдегі жұмыссыздық көрсеткіштерін азайта отырып, халық
үшін жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді.
«Жасыл» экономиканы дамыту бағдарламасы аясында
Қазақстан экономиканың 10 шешуші секторына
құралдарды инвестициялауды жоспарлайды: ауыл шаруашылығы;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; энергетика;
балық аулау; орман шаруашылығы; өнеркәсіп; туризм;
көлік; қалдықтарды кәдеге жарату және қайта
өңдеу; су қорларын басқару.
Біздің мемлекетіміз «жасыл» экономикаға ауысу
саласындағы саясатты белсенді жүргізіп жатқанда, біз осы
үдерістің бөлігі ретінде қазірден бастап «таза»
болашақты құруға қадамдар жасай аламыз.
Және дегенмен біздің көпшілігіміз олардың үлесі
ештеңе білдірмейді, бұл табиғатты қорғауға
жатпайды деп санайды. Біздің әрқайсымыз қоршаған
ортаны қорғау ісіне өз үлесімізді қоса аламыз.
Және сол үлестің теңіздің тамшысындай болады деп
ойлау қажет емес. Күн сайын біз әлемді тазартып, жақсарта
аламыз. Сол себепті біз бүгіннен бастап «таза» болашақты
құруға ұмтыламыз.
Табиғатты қорғайық!
Өзімізден кейін қоқысты қалдырмау,
ағаштардың бұтақтарын сындырмау немесе
гүлдердің байламдарын үзбеу сияқты ережелерді
қарапайым сақтау табиғат жағдайында маңызды
көрініс табады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Гүлжазира Жалғасова. Сыр елінің
серпінді кезеңі. http://www. syrboyi. Kz
2 Қалижан Мәлібеков. «Жасыл экономика» – таза
экология бастауы. http://baq.kz/kk/news