Тұрғын – үй коммуналдық қызметтердің сапасын көтерудің принциптері мен әдістері

э.ғ.к. Талапбаева Гульнар Едиловна,

магистрант Кеңесова Гүлзат Талғатқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда

мемелекеттік университеті,

Қызылорда қаласы,

Қазақстан Республикасы 

 

Тұрғын үй коммуналдық – шаруашылықты басқаруда басты ролді коммуналдық қызмет сапасын басқару құрайды, себебі осы көрсетілетін қызметтердің сапасы халықтың өмір сүру сапасын анықтайды. Тікелей әдістер, өз кезегінде оперативтік басқару және жалпы басқару әдістеріне бөлінеді.

Тікелей әдістер негізінен қызмет көрсетуші ұйымдарда қолданылады. 1 суретте оперативтік басқару әдістері ұсынылған, оның ішінде басқару және сапаны бағалау әдістерін бөліп көрсетуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 1. Тұрғын – үй коммуналдық қызмет сапасын оперативті басқару әдістері

Тікелей әдістердің екінші ең ірі блогын ұйымдағы жалпы басқару әдісі құрайды оның негізіне әкімшілік, экономикалық және әлеуметтік – психологиялық әдістер жатады (сурет - 2).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 2. Жалпы басқару әдісі

 

Мемлекеттік реттеу әдістерінің тобында ұсынылған қызмет сапасын реттеудің жанама әдістері әкімшілік және экономикалық әдістерге бөлінеді. (сурет - 3). Сапаны бағалау мен бақылау әдістерімен арнайы ғылым айналысады, ол – квалиметрия. Квалиметрия – бұл нысандардың сапасын бағалаудың теориялық және қолданбалы мәселелерін зерттейтін ғылым (бұйымдарды, қызметтерді, үдерістерді, жүйелерді).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 Сурет 3. Тұрғын – үй коммуналдық қызмет сапасын жанама басқару әдістері

 

Жанама басқару әдісі мемелекеттік реттеу әдісін бейнелейді, себебі ол кәсіпорынға, салаға тұтасымен әсер етеді және барлық кәсіпорында сапаны көтеруге ынталандыру жүргізе отырып, елдің экономикасында қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайды қалыптастырады (3- сурет). Тұрғын – үй коммуналдық қызметтерді сапалы ұсыну жүйесін дамытуда бірыңғай техникалық саясатты жүргізу осы қызметтерді стандарттау жүйесін мемлекеттік реттеу арқылы негізделеді. Тұрғын – үй коммуналдық қызмет келесі талаптарға сай болуы керек:

- тұтынушылардың қатаң белгілі бір қажеттіліктері бойынша жауап беру;

- қызмет етіп тұрған стандарттар, техникалық немесе келісім шарт талаптарымен сәйкес келуі;

- қоғамның талаптарына жауап беру (талаптарға, заңдардаң шығатын, нұсқаулық, ереже, кодекс, қоршаған ортаны қорғауға, денсаулық және халықтың қауіпсіздігіне қатысты);

- тұтынушыларға тұрғын – үй коммуналдық қызмет экономикалық негізделген тарифпен ұсынылуы керек;

- тұрғын – үй коммуналдық қызмет ұйымды ресурстармен қамтамасыз етушілер мен тұтынушыларға қолжетімді болуы керек.

      Қойылған мақсатқа жету үшін орындаушы тұрғын – үй коммуналдық қызметтің сапасына әсер ететін барлық техникалық, әкімшілік, экономикалық және адами факторларды бақылауда ұстауы керек. Коммуналдық қызметтерді тұтынушы талап етілетін қызмет сапасының және оның қол жеткен деңгейін ұстап тұру үшін, сонымен қатар ресурспен қамтамасыз ететін ұйымның тұрғын үй коммуналдық қызметтің сапасын көтеруге қабілетімен жеткізіп берушінің қабілетіне сенуі керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Савин К.Н.Экономический анализ качества услуг жилищно-коммунального хозяйства .Монография/под научной редакцией доектора экономических наук,профессора Б.Н.Герасимова.Министерство образования РФ,Тамбовский государственный технический университет,2004г.,192с.

2. Графов А.Л.Управление качеством услуг ЖКХ на основе инноваций. Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата экономических наук.Санкт-Петербужский государственный университет сервиса и экономики.Санкт-Петербург,2010г.

3. Харитонский В.У.,Филиппов А.М. Конкретизация показателей количества и качества коммунальных ресурсов в современных реалиях Жилищно-коммунального хозяйства.Статья в журнале «Энергосбережение»№4, 2007 г.