Экономические науки/10. Экономика предприятия 

э.ғ.к. Мұханова А.Е., экономика магистрі Смагулова Ж.Б.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ МЕХАНИЗМДЕРІ

 

 

 

Құрылыс саласын басқару жүйесі өзінен-өзі басқарылатын динамикалық жүйеге жатады, яғни мақсатты түрде бағытталған ықпал жүргізуге қабілетті және басқарушы (басқару аппараты), басқарылушы (басқару объектісі) жүйе бөліктерінен тұрады.

Басқару процесінің тиімділігі келесі қағидаларға негізделген:

-  басқарушы және басқарылушы жүйелер себеп-салдар тәуелділіктерімен бір-бірімен байланыста болуы шарт;

-  басқарушы жүйенің басқару мақсаты болуы керек және оның әрекеттерінің нәтижелілігін көрсететін сан түріндегі көрсеткіштері болуы қажет;

-  басқарушы жүйе басқару объектісінің жағдайы, оның қызметінің нәтижелері, қоршаған ортаның ықпалы туралы ақпараттарды қабылдауға қабілетті болуы керек, сонымен қатар уақытында басқарушылық ықпал ету әрекеттерін жасап, оларды басқару объектісіне беріп отыруы шарт;

-  басқару объектісі басқарушылық ықпалды қабылдап, оларға сәйкес әрекеттерді атқаруға қабілетті болуы керек.

Құрылыс компаниясының бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың негізгі мақсаты – оның бәсекелестермен салыстырғандағы құрылыс қызметтері нарығындағы орнын анықтап, меншікті әлеует факторларын ескере отырып, бәсекелестік стратегиясын қалыптастыруда бағалаудың нәтижелерін пайдалану қажет.  Ол үшін құрылыс саласы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін бағалау тәсілдері төмендегі суретте көрсетілген(1сурет). 

Сурет1 – Құрылыс саласы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін бағалау тәсілдері

 

*Ескерту – Автордың құрастырулары

 

 

 

 

Ол үшін құрылыс қызметтері нарығын зерттеу, бәсекелесу типін  анықтау, бәсекелестіктің осы нарыққа тән ерекшеліктерін ұғыну, бәсекелестік басымдықтарын айқындап, олардың құрылыс түріне байланысты басым бағыттарын анықтау, бәсекелестік басымдықтарының қалыптасуына неғұрлым пәрменді ықпал ететін фирманың әлеует факторларын айқындау қажет.

Зерттеудің негізгі бағыттарын анықтап алғаннан кейін, зерттеу обьектісі болып отырған құрылыс компанияларының қызмет атқару ортасы - Қазақстанның құрылыс нарығының қазіргі таңдағы жағдайын, туындап отырған проблемаларын, болашақтағы даму тенденцияларын нақты статистикалық мәліметтерді қолдана отырып, зерттеу қажеттілігі пайда болады. Біз келесі тараудағы талдау процесін алдымен еліміздің соңғы жылдардағы құрылыс саласындағы қалыптасқан негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді қарастырудан бастап, құрылыс ұйымдарының жалпы қызметтерінің ауқымын салыстыра отырып зерделеумен жалғастырып, Қазақстанның құрылыс қызметтері нарығы мен құрылыс материалдары нарығын бір-бірімен байланыстырып, Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі қарсаңындағы құрылыс индустриясы саласының проблемалары мен перспективаларын зерттеумен аяқтауды мақсат етіп қойдық. Себебі, құрылыс кәсіпорындарының жергілікті, аймақтық, ұлттық және халықаралық деңгейдегі бәсекелестік қабілетін басқаруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды ғылыми, әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан дәйектеу үшін, ең алдымен сол шаруашылық субъектілерінің қызмет атқару аясында қалыптасқан жағдайды меңгеру қажет екені белгілі[1].

 Құрылыс саласын дамыту әлеуетінің жоғарылығы қолдаушы салалардың дамуымен байланысты, онсыз құрылыс материалдары өндірісі саласының жұмыс істеуі мүмкін емес (технология мен жабдық, тасымал, электр энергиясы, жұмыс күші, капитал). Аудит, консалтинг және сақтандыру сияқты салаларды дамыту құрылыс саласын дамытуға оң әсер етпек, өйткені саланың бәсекеге қабілеттігін дамыту мұндай инфрақұрылымдарсыз мүмкін емес.

Құрылыс материалдары өнеркәсібінің жекелеген кіші салалары бойынша қосылған құн тізбегін, оның  ықпалдасу дәрежесін зерделеу қандай да бір проблемалар болуы мен олардың туындау себептерін көрсете алады.

Әлсіз жақтар көптеген кәсіпорындардың қазіргі техникалық және технологиялық жарақтануы кезінде әлемдік стандарттарға сәйкес келетін отандық құрылыс материалдарын шығаруды ұйымдастыру мүмкін емес. 

Сала құрылымының анық байқалатын шикізаттық немесе шикізатқа шамалас бағыты бар, республикада жоғары дәрежелі қайта өңделген және қазіргі заманғы құрылыс кешені талаптарына сәйкес келетін өнім шығаратын кәсіпорындар жеткіліксіз.

Құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындардың көпшілігі бұлар орта немесе шағын кәсіпорындар және осының салдарынан өндірісті жаңғыртуды (не ұйымдастыруды) қаржыландыруға байланысты елеулі проблемалар бар. Проблемалар меншікті айналым құралдарымен қамтамасыз етушіліктің жеткіліксіздігі бөлігінде де, лизингтік операцияларды қамтамасыз ету бөлігінде де туындауда.

Шағын кәсіпорындар ішкі де, сыртқы да нарықтарда бәсекеге қабілетті бола алмайды, өйткені бір өндіріс тізбегі ішіндегі кәсіпорын өнімді нарықтық баға бойынша жеткізеді, осы арқылы қосылған құны барынша жоғары сегментте тұрған өндірушілерді шикізат өндірумен немесе оны қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды бәсекеге қабілеттігін азайтады.

Бүгінде кәсіпорын ішінде инновациялық жұмыстар жүргізілмейді десе де болады. Бұл ретте республикада құрылыс материалдарын алудың жаңа тәсілдерін әзірлеумен және жұмыс істеп тұрған өндірістік желілердің ықтимал жолдарын іздеумен айналысатын арнайы ғылыми-зерттеу институттары мүлде жоқ.  

 Құрылыс материалдары саласын дамыту проблемалары

 Құрылыс кешенінің құрылыс материалдары өнеркәсібіне және құрылыс индустриясына қойылатын талаптары тұрғын үй құрылысының инфрақұрылымын өзгертуге, жаңа сәулет-құрылыс жүйесіне өтуге, ғимараттар мен технологиялардың типтеріне және оларды салуға, ресурс сыйымдылығын төмендету қажеттігіне, сондай-ақ тұрғын үйді салу және пайдалану кезіндегі энергетикалық және еңбек шығындарына, инвестициялық циклдің ұзақтығын қысқартуға, тұрғын үй құрылыс көлемін арттыру жөніндегі міндеттерді шешуге, күрделі құрылыс қажеттілігін және сапалы өнім түрлерінің пайдалану мұқтаждығын қамтамасыз етуге негізделген[2].

Сонымен бірге, құрылыс материалдарының өнеркәсібінде өндірістік қуаттардың моральдық және физикалық шапшаң ескіруі жалғасуда (әртүрлі салалар бойынша 50-ден 70 %-ға дейін) және күтілетін экономикалық өрлеу кезеңінде олар сапалы және бәсекеге қабілетті өнім шығаратын жағдайда болмауы мүмкін.

Құрылыс саласын бұдан әрі дамытуға бағытталған жоғарыда аталған іс-шараларды жүзеге асыру  үшін:

- мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың Бас схемасының тұжырымдамасы  мен жобасын әзірлеу; 

- өңірлер аумағын қала құрылыстық жоспарлаудың кешенді схемасын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеуді қамтамасыз ету;

- республикалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жасау және облыстық және базалық деңгейде жасауды аяқтау керек.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

1.Өтешова А.К. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру механизмдері // Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігі халықаралық ғылыми семинар материалдары-2010ж.

2. Проект строительства пятиэтажного жилого дома в Кызылорде на пересечении улиц Абая и Желтоксан. г.Кызылорда. Кызылордажобакурылыс. 2006. –с.13.

3. «Бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың мәселелері және келешегі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары(4-6 беттер), Халықаралық бизнес университеті, Алматы,2006.