Маденова Кулшара Мырзабайқызы

Курманова Дана Сұлтанханқызы

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

 

        АЗЫҚ-ТҮЛІК НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

 

Нарық- қоғамдық тұтыну мен өндірісті келістірудің тиімді механизмі. Сондықтан да ол әлемдік өркениеттің басты жетістігі болып табылып, оны экономиканың барлық салаларында дамыту заман талабы.

Неміс экономисі, профессор Людвиг Эрхард «Барша жанға әлауқаттылық» (1956ж.) еңбегінде былай деген: «Нарықтық шаруашылықтың кез-келген жоспарлы шаруашылықтан артықшылығы сол, нарықтық шаруашылықта күнде, сағат сайын икемделу процесі жүреді.  Ол ұлттық өнім мен ұлттық табыстың, сұраным мен ұсынымның арақатынасын дұрыс жолға қойып, тепе-теңдікке келтіреді».

 «Азық-түлік қауіпсіздігі» термині халықаралық лексикаға 1972-1973 жылғы терең дағдарыстан кейін енгізілді. Ол азық-түлік нарығының және тұтас елдің экономикалық жағдайын, сонымен қатар әлемдік азық-түлік нарығын сипаттау үшін қолданылады .

Азық- түлік нарығы күрделі экономикалық қатынастар жүйесі және өнімдер айырбастау нысаны болып табылады. Ол тауар өндірушілер мен тұтынушылар және азық-түлік тауарларын сатып алу-сату үрдісіне байланысты көптеген басқа да қатысушылар арасындағы тауар-ақша нысанын көрсетеді.

Қазақстандық ғалымдар А.Махмутов пен М.У. Спановтың зерттеулерінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін экономикалық, одан әрі ұлттық қауіпсіздік ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, азық-түлік қауіпсіздігі – бұл «барлық тұрғындардың салауатты белсенді өмір сүруі үшін кез-келген уақытта азық-түліктің қажетті көлеміне қол жетімділігін» қамтамасыз етуге кепілдік беретін экономиканың жай-күйі.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігі – мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайларға қарамастан халықтың табиғи және әлеуметтік дамуы үшін, тұрғындардың денсаулығын қамтамасыз ету және  ұдайы өндірісті дамыту үшін қажетті белгілі көлемдегі, сападағы және ассортименттегі азық-түлік тағамдарына, ауыз суға басқа да азық-түлік түрлеріне әрбір азаматтардың және тұтас ел тұрғындарының қажеттілігін қанағаттандыруға жеткілікті сәйкес ресурстармен, әлуетпен және кепілдікпен қамтамасыз ету қабілеттілігі.

Агроөнеркәсіп кешені салаларындағы кеңейтілген ұдайы өндірісті жүргізу мүмкіндігі және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету көбіне осы күрделі экономикалық жүйенің даму деңгейіне байланысты.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бірде-бір ел мемлекеттің қолдауынсыз аграрлық өндірісті дамытудың қажетті деңгейіне жеткізген емес. Сондықтан отандық тауар өндірушілерді АӨК өнімдерін шетелдік жабдықтаушылардан қорғау механизміне ерекше мән беру керек. Отандық азық-түлік тауарларын өндіру проблемаларын халық шаруашылығы бойынша тұтас экономикалық және әлеуметтік мәселелердің кешені ретінде шешуді талап етеді.

Азық-түлік нарығының оны мемлекеттік реттеу қажеттілігінен туындайтын басты ерекшеліктері келесідей:

Нарықтық қатынастарды қалыптастыру үдерісі, әсіресе аграрлық сферада барынша ұзақ кезеңді қамтиды. Сондықтан экономикалық қатынастары жүйесі ретінде ұлттық азық-түлік нарығын қалыптастыру - бұл күрделі үрдіс, оның жүзеге асырылуы бір қатар жағдайлармен анықталады:

·        қоғамның материалдық мүмкінділігі жағдайымен, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің табыстылық деңгейімен және халықтың төлем қабілетті сұранысымен;

·        азық- түлік кешенінің өндірістік және нарықтық инфрақұрылым
жағдайымен, өндірушіден тұтынушыға дейінгі өнімнің қозғалуы
сферасындағы ұйымдастыру құрылымын жетілдірумен;

·        аймақ аралық байланыстар мен сыртқы экономикалық факторлардың дамуымен, оның ішінде отандық тауар өндірушілерді кездейсоқ азық- түлік импорттаушы бәсекелестерден қорғаумен анықталады.

 

Азық-түлік қауіпсіздігін қолдауға қажетті ішкі өндірісті
қалыптастыру тек белсенді мемлекеттік саясат арқылы жүзеге
асырылады. Ол  ұдайы өндіріс жағдайларын реттеуде, тауар өндірушілерді
жүйелі колдау, мемлекеттік сақтандыру қорларын құрудан көрінеді.                

Нарықтық жағдайда отандық азық- түлікті өндіру келесі қағидаларға негізделуі тиіс:

·        халықтың сұранысына сәйкес арзан және сапалы мол өнім өндіру мақсатымен елдің әрбір өңірінде топырақты-климаттық және экономикалық жағдайлары ерекшеліктерін толық және тиімді пайдалану;

·        әрбір өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін, оларды кешенді бағалау негізінде өндіріс тиімділігін, сонымен қатар республиканың әртүрлі табиғи және экономикалық жағдайларындағы ресурстардың өтемділігін салыстыру;

 

·        терең мамандану мен ұтымды орналастыру негізінде өндірісті аймақтық ұйымдастыруды жетілдіру, осыған сәйкес арнайы аймақтар қалыптастыру.

Елдегі азық-түлік қауіпсіздік жағдайын бір қалыпта ұстап тұру қажеттігі аграрлық өндірісті қарқынды дамыту шараларын, тепе - тең азық-түлік нарығын ұйымдастыруды талап етеді.

Ұлттық азық-түлік нарығын дамыту аясында мына міндеттерді шешу
ұсынылады:                                                                                                                

·        республика халқының тамақтану құрылымын төлем қабілеті бар сұраным негізінде рационалдау;

Сондықтан, азық-түлік нарығын стратегиялык дамыту -  азық-түлік өндірісі мен оны экспорттау бойынша елдің әлеуетін толық іске асыру қағидасына негізделуі тиісті.

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. Стратегия развития национального продовольственного рынка.-Алматы 2001

2. Развитие системы регулирования рынка продовольствия в Казахстане // Экономический журнал Аль-пари. – 2007- №2 .