Демеубаева Акмарал Оспановна, Сейдуллаева Айжан Ибраевна,

Турсынбаев Абай Закирович

 

Кәсіптік қызметтегі көлеңкелі экономиканы есептеу әдістерін (микроәдіс, макроәдіс) қолдану

 

Көлеңкелі экономика сыласындағы түрлі аспектілерді зерттеуші ғалымдар мұндағы басты кедергі теориялық әдістанымдық мәселеде емес, оның ауқымдарын анықтауда болып отыр деп санайды. Осы мәселемен айналысатын Ресей ғалымы П.Ореховский «көлеңкелі экономиканы анықтау оңай, бірақ оны дәлме-дәл өлшеу қиын» деп бағалайды.

         Көлеңкелі экономика ауқымын анықтауға алғаш рет талпыныстар XX ғасырдың 70 жылдарында П.Гутманн мен Е.Фейт тарапынан жасалды, содан бастап осы салада экономистер арасында пікір таластар өрбіді. Қазіргі таңда  көлеңкелі экономиканың ауқымын бағалаудың алуан түрлі әдістері бар, мұның өзі көлеңкелі экономика ұғымы мен құрылымын бағалауда бірізді пікір жоқ болуымен байланысты. Нәтижеде, түрлі өлшеу әдістері бір ғана елде, бір ғана кезең ішінде маңызды айырмашылықтарға ие болып, бір-біріне сәйкес келе бермейді.

         Экономикалық әдебиетте көлеңкелі экономика ауқымдарын есептеудің түрлі әдістері түрліше жіктеледі. Жалпылама түрде шешілуші мәселе мен қойылған мақсаттың сипатына қарай көлеңкелі экономика ауқымын айқындау мен бағалаудағы қолданылатын әдістерді үш топқа біріктіруге болады.

·        ­­­­­­Есептік статистикалық әдістер;

·        Ашық тексеру әдістері;

·        Арнайы экономикалық-құқықтық әдістер.

Есептік-статистикалық көлеңкелі экономиканың жиынтықтары мен жекелеген топтарын сипаттау, жалпы статистикалық заңдылықтарын айқындау мен зерделеу үшін, көлеңкелі экономикалық құбылыстарды барынша толық тіркеуге алуға бағытталған.

         Қолданылушы әдістердің алуан түрлілігі көлеңкелі экономиканың қызмет өлшемдерін, сандық бағалаудың бірізділігінің, нәтижелердің сенімділік критерийлерінің жоқтығын білдіреді.

         Әдетте, тікелей әдістер көлеңкелі экономиканың бағасын төмендетіп береді. Жанама әдістер, жасырын өзгермелі, жұмсақ модельдеу, құрылымдық әдістер жоғарылатып береді.

         Ақпараттың екінші дерек көздерін (баспасөз материалдары, сот талқылауы және т.б. материалдар) зерделеу де пайдалы, ол көлеңкелі қызметтің кейбір аспектілерін бағалауға мүмкіндік береді.

         Көпшілік практиктер түрлі әдістерді кешенді түрде қолданған кезде ғана көлеңкелі экономика объективтік баға беруге болады деп санайды.

         Ашық тексеру әдісі тексерілуші субъектілердің ашықтығы қай шамада мүмкіндік беретіндігіне қарай қылмыстық экономикалық қызметті айқындай алады. Ашық тексеру әдісін қолдану арнайы құрылған бақылаушы органдардың құзырында. Бұл органдар валюталық, кедендік, салықтық, монополияға қарсы заңнамалардың, сауда, өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар ережелерінің бұзылуын айқындайды және алдын алады. Ашық тексеру әдісін қолдану кезінде алынған нәтижелерді соңынан есептік-статистикалық мақсатта пайдалануға болады.

         Экономикалық –құқықтық талдаудың арнайы әдістері заң тәжірибесінде (жедел іздестіру қызметінде, қылмыстық және азаматтық іс жүргізуде) арнайы экономикалық және бухгалтерлік танымдарды тиімді пайдалану негізінде қылмыстық жолмен алынған пайданы және экономикалық қылмыстың басқа да өлшемдерін бағалауға бағытталған.

         Микроәдістер нарықтық жекелеген сегменттерін немесе түрлі әлеуметтік топтардың экономикалық қызметтің жекелеген аспектілерін зерттеуді қарастырады. Сондай-ақ жекелеген салық төлеушілер тобының кірістері мен шығыстары арасындағы айырмашылықты анықтау.

         Сонымен қатар көлеңкелі қызметтің жекелеген аспектілерін сипаттау мен экономикалық бірліктердің белгілі бір тобы бойынша оны бағалау үшін арнайы зерттеулер жүргізу, сауалнама өткізу, салық кітаптарындағы жазбаларды тексеру мен талдау барысында ақпаратты пайдалануды қарастырады. Макроәдістің маңызды артықшылықтарының қатарына агрегирленген (агрегированный) көрсеткіштерімен байланысты қиындықтардан құтылуға мүмкіндік беретіндігін жатқызуға болады. Алайда, арнайы ретте көлеңкелі экономиканы зерттеу үшін деректер жинау өте қиын әрі қымбатқа түсетін жұмыс. Басқа мақсатта жиналған деректерді пайдалану кезінде, маңызды кезеңдер жиі қолдан шығарылады. Кең тарапты зерттеулер мерзімдік сипатқа ие болып, ұзақ уақыт бойы ақпарат бере қоймайды.

         Макроәдістер макроэкономикалық индикаторларды пайдалануға негізделген және бүкіл ел бойынша көлеңкелі қызметтің ауқымдарына баға береді. Бұл әдістердің маңызы әлдебір макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы немесе бірнеше көрсеткіштерді салыстыру негізінде басқа көрсеткіштердің динамикасы туралы қорытынды жасай алудан көрінеді. (ЖІӨ, ЖҰО);

         Ұлттық есептеу жүйесі теңдестіру мен ЖІӨ толық бағасын қамтамасыз ететін әр түрлі макроәдістердің қолданылуын қарастырады.

              Бақыланбайтын экономиканы зерттеудің халықаралық тәжірибесі ЕЫДҰ дайындаған (ХВҚ, ХЕҰ және Ресей, Италия, Нидерланды, Франция елдерінің қатысуымен ТМД Статистикалық комитетімен бірге) «Бақыланбайтын экономиканы өлшеу: нұсқаулық, ЕЫДУ, Париж, 2002» әдістемелік нұсқаулығында берілген. Мұнда бақыланбайтын экономиканы зерттеу бойынша стандарттар құрылған.

              ТМД елдерінің, оның ішінде Қазақстанның статистикалық тәжірибесінде  көлеңкелі (бақыланбайтын) экономиканы есепке алу 1993 жылғы версиядағы ұлттық есептеу жүйесінде қарастырылған әдістанымға сәйкес жүргізіледі.

 

 

 

Пайдалынған әдебиеттер тізімі

 

1.        Экономика и право. Теневая эконмика: учеб. Пособие для студентов вузов / (Н.Д. Эриашвили и др.); под ред. Н.Д. Эриашвили, Н.В. Артемьева. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2007. – 448 с.

2.    Экономическая теория / Под ред. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича: Учебник для вузов. – СПб: Изд. СПбГУЭФ, Изд. «Питер Паблишинг», 1997. – 480 с.

3.    Всемирная прачечная: Террор, преступления и грязные деньги в оффшорном мире / Джеффри Робинсон; Пер. с англ. – М.: АльпинаБизнес Букс, 2004. – 540 с.

4.    Саханова А.Н., Сейтмагамбетова М.С., Есенжигитова Р.Г. Сборник кейсов по курсу «Государственное регулирование экономики»: учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2003. – 276 с.

5.        С.А. Туржанов. Малый и средний бизнес: проблемы развития, поиск решений. – Алматы, 2004. – 244с.;