Экономика кафедрасының оқытушысы, магистр
Бабаш Диас Бекмухамбетұлы
Қазақстан Республикасында кластерлік туризмнің даму
мәселелері және перспективалары
Жер бетіндегі адамдар саны жыл сайын бірнеше миллионға
көбейіп жатыр. Адамзат баласының тіршілік ету деңгейін
тұрақты сақтау мен өз ел азаматтарын барлық
қажетті ресурстармен қамту, сонымен бірге ел экономикасын
көтеру мен қаржынының тиімді көздерін табу бүгінгі
күнге әрбір мемлекеттің алдында тұрған
өзекті мәселеге айналып отыр. Табиғатта өздігінен
жиналып, жер қойнауында сақталып жатқан байлықтар
бүгінде күллі әлемді қажетті ресурстармен
қамтамасыз етіп отыр, алайда бұл игіліктердің уақыт
өте келе сарқылатынын да ұмытпаған жөн.
Осыған орай дүние жүзі мемлекеттері минералды және
қазба байлықтарынан түсетін табыстың
тұрақсыздығына байланысты сарқылмайтын, мемлекетті жан-жақты
дамытуға , ұзақ уақыт мемлекет қазынасына
қаржы түсіріп тұратын
жаңа пайданың көздерін іздестіруде. Соңғы жылдары
осындай мүмкіндік беретін - туризм саласы ерекше қолға
алынып, тұрақты табыс көзі ретінде мойындалды. Мәселен,
таяуда Украина қаласында
өткен халықаралық туристік конференцияда әлемнің
40 мемлекеті туризмнен түскен пайданың есебінде бүкіл елді
қамтамасыз етіп, ЖІӨ көлемін өсіріп отырса, 75
мемлекетте туризм ел
экономикасының негізгі саласы ретінде жыл сайын мемлекеттік
қазынасына елеулі үлесін тигізеді екен. Бұл мемлекеттер
қатарында Куба, Германия, Түркия, Швейцария, Чехия секілді
мемлекеттер бар. Біздің елімізде туризм жаңа бағыт
болғандықтан, ел экономикасына тигізіп жатқан әсері де
көп емес. Алайда, соңғы жылдары елбасының
бағдарламаларында туризмнің маңыздылығы мен ролі туралы
көп айтылып жатыр. Елбасының айтуынша, егер біз мемлекет
аумағында орналасқан ерекше табиғи рекреациялық
ресурстарды, сан ғасырларлық тарихымызды, ұлттық
мәдениетіміз бен салтымыздың ерекше тұстарын тиімді пайдаланып, өзге мемлекет
азаматтарының
қызығушылығын арттыра отырып, оларды өз елімізге
тарта алсақ, туризм есебінен мемлекет қазынасына мұнай мен
газдан түсетін пайдадан әлдеқайда артық табыс ала
аламыз. [1]
Қазақстан Республикасы 4 ерекше зонаны қамтитын,
бір-біріне мүлде ұқсамайтын ландшафттардың
түйіскен, жазық даласы да, тауы да, құмы да
ұштасқан ерекше географиялық аумақта орналасқан
мемлекет. Еліміздің географиялық орналасуының көптеген
туристтік мүмкіндіктерді беретіні сөзсіз. Мемлекет
аумағындағы туризмнің бірнеше түрлерін дамытуға
мүмкіндік беретін зоналарын атап өтуге болады:
- Еліміздің солтүстігі қарағайлы
ормандары мен жиі орналасқан көпсалалы өзендерімен
әйгілі. Мұнда «Екінші Швейцария» атанған Бурабай, сонымен
бірге Щучье көлі, биші
қайыңдар ерекше туристтік объектілер қатарына жатады. Алайда,
бұл нысандар мерзімділікке тәуелді, яғни ауа райы
қалыпты, тек жылы кезеңдерде ғана туристтік
іс-әрекеттерді жүзеге асыруға болады. Бірақ
соңғы жылдары мұндағы туристтік әлеуетті
жоғарылату мақсатында бағдарламалар жасалып, жылдың
әр мезгіліне сәйкесінше туристтік қызметтер көрсету
бойынша шаралар талқылануда. 2012 жылдан бастап Бурабай
қалашығында қыс мезгілінде туристтерді қабылдайтын
объектілер пайда болды. Мәселен, қысқы орманда серуендеу, ит
жегілген шаналармен сырғанау, шаңғы тебу сияқты
қосымша қызметтер пайда болды. Бұл әрине өз кезегінде
мұнда келуші туристтердің қызығушылығын арттырып,
оларды көптеп тартуға жағымды әсерін тигізеді.
Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі Ақмола облысы Щучинск-Бурабай курорттық
аймағын дамытудың 2014 - 2016 жылдарға арналған жоспарын (II
кезең) бекітті. Бұл жоспар бойынша, бұл аумақтың
туризм индустриясы дамытылатын болады. Жаңадан орналастыру,
тамақтандыру, көңіл көтеру, емдік сауықтыру
орталықтарын салу жоспарлануда. Ерекше мән берілу себебі де бар,
өйткені мұнда келуші шетелдік туристтердің саны жылдан
жылға өсіп келеді. [1], [3]
- Батыс Қазақстан облысы туризмді дамытудың
перспективті аймағы болып табылады. Себебі ол қолайлы
географиялық жерде орналасқан, Еуропа мен Азия арасындағы
көпір бола тұра үлкен туристік әлеуетке ие.
Қызмет көрсету мен демалыс инфрақұрылымы, тамаша
табиғи ресурстар мен облыстың тарихи-мәдени объектілері
туризмнің көптеген түрлерін дамытуға мүмкіндік
береді. Жер бетінде санаулы ғана мемлекеттер аумағында орналасқан
бірегей табиғат туындыларының орналасуымен ерекшеленеді. Облыс бойынша туристерді қызықтыратын ең
ірі де әдемі көл Шалқар көлі болып саналады. Оның
көлемі 200 м2, бұл көл құрамында тұзды су
болғандықтан, ол адам организміне саулық әрекет береді.
Көлдің жағалаулары солтүстік,
оңтүстік-батыс бөліктерінде жатық, қалған
жерлерінде жарлауытты, биіктігі 3-10 м. Дүние жүзіне әйгілі Каспий, ерекше
табиғи туынды «Ақмыш» таулары, тарихи маңызы бар «Жартас
мешіт» осында орналасқан. Бұл әрине
Қазақстанның осы аумағының туристтік
тұрғыда дамуының алғышарты болып табылады.
- Оңтүстік
Қазақстан әлем тарихындағы негізгі жол – Ұлы
Жібек жолының өтетін бағыты мен жиегінде орналасқан
тарихи қалаларымен тартады. Мұнда түбі түркі
халықтары жыл сайын діни мақсатта, этнографиялық
мақсатта келіп жатады. Түркістан, Тараз қалалары
маңында орналасқан сан ғасырлық тарихы бар кесенелер
мен Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған
қасиетті Қазығұрт мекені тарихи зерттеу алаңына
айналған. Мұнда туризмнің тарихи-мәдени түрін
дамытуға мүмкіндік зор.
- Шығыс Қазақстан
туризмнің белсенді түрлерін ұйымдастыруға қолайлы
аумақ. Географиялық жағынан таулы өңір
болғандықтан, мұнда КСРО кезінен бастап альпинизм дамыған.
Алайда, ұйымдаспаған түрде жүзеге
асқандықтан ол елімізге ешқандай пайда әкелмеді.
Мұндағы Алтай таулары белсенді туристтік топты алып жүруге
аса қолайлы. Оңтүстік-шығыс Қазақстан биік
тауларымен ерекшеленеді. Батыс Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Іле
Алатауы, Талас және Өгем жоталары туризмнің белсенді
түріне ерекше қолайлы. [2]
Жалпы мемлекетіміздің қай аумағын қарасақ
та туристік-рекреациялық мүмкіндігінің
жоғарылығын аңғаруға болады. Туризмнің
барлық түрлерімен айналысуға болады. Оған дәлел
ретінде мына мәліметтерге назар аударайық: Қазахстанда 9000 аса археологиялық
және тарихи мұралар, 118 ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар, олардың арасында 11 мемлекеттік ұлттық
табиғи парк ашылған. Елдегі ең танымал орындар Алматы
облысындағы «Алтын Емел» мен «Іле-Алатау ұлттық паркі»,
Павлодар облысындағы «Баянауыл», Ақмола облысындағы
«Көкшетау» мен «Бурабай» болып табылады. «Тамғалы Тастағы»
жартасқа салынған суреттер, Шарын шатқалы,
«Сыңғырлауық құмдар» және «Бесшатыр»
сақ қорғандары аса көрнекті деп саналады. Осындай мүмкіндіктер бола тұра Қазақстанның
бүгінде туристтік орталыққа айналмай отырғандығы
туристік индустрияның әлсізіді мен туризм саласының
мамандарының аздығынан. Жол мәселесі, сапалы
тамақтандыру орындары, көңіл көтеру
орталықтарының аздығы, коммуникацияның әлсіздігі.
Соған қарамастан, туристік қызмет
құнының
жоғарылығы. Қызметтің сапасының
қарай бағасына сәйкес келмеуі туристтердің
келіспеушілігін туғызады. Осындай факторларды тізіп айта беруге болады.
Туристік мүмкіндік бола тұра оны дұрыс
ұйымдастырмаудың нәтижесінде туризмнің дамуы
біздің елде әлі күнге тежеліп отыр. Сонымен бірге
қалдықты қаржыландыру принципі бойынша, туризмді мемлекет
тарапынан қолдау таппай жатқаны да тежеуші факторлардың бірі.
Қазақстанның экономикасындағы жалпы табыстың тек
қана 8%-ын ғана туризм беріп отыр, егер жоғарыда
аталған мәселелер өз шешімін таба алса, бұл
көрсеткіш бірнеше есеге көтерілетіні сөзсіз.
Қазақстанда туристік мүмкіндік өте жоғары,
туризмнің кез келген түрімен айналысуға болады, тек соны
дұрыс ұйымдастыру қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. В.И Курилов «Туризм» (18-19беттер) Москва « Просвещение» 1988 ж.
2. Ердавлетов С.Р «География туризма: история, теория, методы, практика»
Алматы: Атамұра, 2000 ж. (336 бет).
3. www.stat.kz