Экономические
науки/6. Маркетинг и менеджмент
Экономика магистрі Смагулова Ж.Б.
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан
Кәсіпорында маркетинг
кешенін талдау
Маркетинг кешені
немесе «4р» – кәсіпорындағы маркетинг қызметінің негізі.
Маркетинг кешенi дегенiмiз -
нарықтағы тұтынушыларға әсер ететiн маркетинг
құралдарының жиынтығы. Маркетинг кешенінің
құрамына кіретін элементтер – тауар, баға, тауарды жылжыту
және тауарды тарату. Аталған ұғымды
толығырақ түсіну үшін нақты кәсіпорын мысалында
маркетинг кешенін қарастырып көрейік.
«Рахат»
акционерлік қоғамы - 70 жылдық дара тарихы бар,
Қазақстандағы кондитерлік өнім өндіретін ірі
өндіріс орындарының бірі.
Кондитерлік өнімдер алғаш рет 1942 жылы арақ - ликер зауыты
алаңында соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтан көшіріліп
әкелінген жабдықтармен шығарылды. «Рахат» АҚ-нда
3500-ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы
және Шымкент қалаларындағы екі алаңда
шоғырланған.
Өндірістің жан-жақтылық сипаты, оның ауқымы
мен какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша дербес
желінің болуы компания үшін отандық өндірушілер
арасында кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын
иеленуге мүмкіндік береді. Бүгінде «Рахат» АҚ-ның
сұрыпталым қоржыны 10 түрлі
топқа жататын алуан түрлі кондитерлік өнімнің 250-ден
аса атауымен толыққан.
«Рахат» АҚ - сусамыр (диабет) ауруынан зардап шегетін адамдарға
арнап арнай өнім шығаруды игерген Қазақстандағы
бірден-бір кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға
қуаттылығы төмен әрі қантты тең
дәрежеде табиғи шикізатпен ауыстыру арқылы шығарылған
шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атауы кіреді. «Рахат»
АҚ-ның қазақстандық басқа кондитерлік
өнім өндірушілерден өзгешелігі – алуан түрлілігімен
айрықша шоколад өнімдерін шығаруда басымдылық танытуы.
Маркетинг
кешенінің бірінші элементі - тауар (сапа, марка, тауар ассортименті мен
номенклатурасы, тауар деңгейлері, өміршеңдік циклының
деңгейі,т.б.).
Тауардың
сапасы. «Рахат» акционерлік қоғамында ИСО 9000 сериясының
стандарттары негізінде сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) әзірленіп,
енгізілді. 2010 жылы сараптама және сертификаттау Ұлттық
орталығы сапа менеджменті жүйесінің ҚР ИСО 9001-2009 СТ
талаптарына сәйкестігін растаған қайта сертификаттау аудитін
өткізді.
Сапа менеджменті
жүйесі – кәсіпорын процестерін басқару жүйесі.
Қазіргі заманғы тұтынушы тауарға ғана емес, оны
өндіретін компанияға да назар аударады. Ол тауарды таңдар
кезде «Ұтымды ұйымдастырылып, дұрыс басқарылған
компанияның өнімі де жақсы» деген қағиданы жиі
ұстанады. Ісі жолға қойылып, өз қызметін
жүзеге асыруда сапа менеджмент жүйесі:
өнім сапасының тұрақтылығына; компаниядағы
процестердің басқарылуына; компания қызметінің сапаны
қамтамасыз етуге бағытталуына
кепілдік береді.
Сапа менеджменті
жүйесі тек өнім сапасына қатысты емес, ол кәсіпорын
тіршілігінің барлық саласын қамтиды. Бұл -
жабдықтар мен техниканы дұрыс пайдалану, өндіріс
мәдениеті, кәсіпорынның әр жұмыскерінің
өз міндетін сапалы орындауы, тұтынушының сұранысы мен
пікірін ескеру, шикізатты кіргізу мен дайын өнімді шығару сапасын
үнемі әрі үздіксіз бақылау.
Өнім сапасының
тұрақты түрде бақылануы және нығайтылуы
оң нәтижелерге келтіріп отыр. Соңғы оң жылда
кәсіпорын көптеген республикалық және шетелдік
сайыстарының жүлдегері болып отыр.
2012 жылы «Рахат»
акционерлік қоғамы «Үздік әлеуметтік әріптес -
2012» аталымы бойынша «Өрлеу» байқауының жеңімпазы
болып танылды. Компания сапалы өнімдері үшін "Мінсіз"
халықтық сапа белгісін және куәлігін алды.
|
2011 жылы компания
өнімдері «Мінсіз» сапа куәлігі мен халық белгісін алды.Алматы қаласындағы
«Тәттілер-2011» ХIII Қазақстан Халықаралық
көрмесі. «Халық таңдауы» тұтынушылар дәм
сараптамасы бойынша бас жүлде. Диплом - «Халық таңдауы»
Тұтынушылар дәм сараптамасына қатысушыға |
|
|
2010 жылы Компания өнімдері «Мінсіз» сапа
куәлігі мен халық белгісін алды |
|
Компания
«Қазақстанның үздік тауары» республикалық
байқауында «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында
бірінші орын алды.
Мәскеу
қаласында өткен «Продэкспо 2010» көрмесіндегі «Үздік
өнім-2010» конкурсында компания өнімдері диплом мен алтын медаль
алды.
Акционерлік қоғамының тауар
маркасы – сопақшада жазылған «Рахат» сөзі.
Сопақшаның жоғарғы оң бұрышында латын R
әрібі жазылған. ҚР «Тауар таңбалары» туралы заңы
бойынша латын R әрібі «Қазақстан Республикасында тіркелген
тауар таңбасы» деген мағынаны бідіреді.
Кәсіпорын
шоколадтан жасалған өнімдерде мамандандырылады, сондықтан
тауар концепциясын (ойланылған тауар, реальды орындалған тауар,
нығайтылған тауар) шоколадтың мысалында
қарастырайық (кесте 1).
Кесте 1
Шоколад мысалында тауар
концепциясын қарастыру
Тауар деңгейi
|
Суреттелуi
|
Ойланылған
тауар
|
Аш болғанда қарынды тойдырту, жүйкені тыныштату/басу
|
Реальды
орындалған тауар
|
Шоколадтың дәмі, қосындылары, құрамы,
көлемі, орауышы, маркасы, бағасы
|
Нығайтылған
тауар
|
Жеңілдетілген бағалар, сыйлықтар
|
Ескерту – «Рахат» акционерлік
қоғамының мәліметтері негізінде автордың
құрастыруы
|
|
Номенклатураның кеңдiгi -
фирма шығаратын ассортименттiк тауар топтарының жалпы саны.
Номенклатураның қанықтылығы – оның
құрамына кiретiн тауарлардың жалпы саны. «Рахат» акционерлік
қоғамының тауар номенклатурасының кендiгi - 14 тауар ассортименттiк тобы
Тауар жылжытылуы
(жарнама, жеке сату, қоғаммен байланыс).
«Рахат» компанияы
өз өнімін таңдамалы тарату әдісімен таратады,
яғни фирма қажетті нарық үлесін қамтитын
делдалдардың оңтайлы санын орнатып, осы делдалдар арқылы
сатады. Атап айтқанда Алматы қаласында екі майдакөтерме, екі
бөлшек дүкені, Астана қаласында үш майдакөтерме
дүкені, Ақтөбе қаласында бір бөлшек дүкені,
Бішкек қаласында бір бөлшек дүкені, Шымкент қаласында
бір майдакөтерме дүкені,
Ақтау қаласында бір майдакөтерме дүкені, Орал қаласында бір майдакөтерме дүкені, Талдықорған
қаласында бір майдакөтерме
дүкені бар.
Кәсіпорынның
жарнамасы түрлі тарату құрадары арқылы таратылады.
Ең алдымен, өз ресми сайтында (www.rakhat.kz). Сонымен бірге келесі отандық және шетелдік газеттер мен
журналдарға баспа жарнамасы бар.
2014 жылдың
наурыз айында «Рахат» акционерлік қоғамы және «LOTTE
Confectionery» компаниясы «Жанұя»
мамандандырылған балалар кешенінің тәрбиеленушілерін Наурыз
мейрамымен құттықтап, «тәтті сыйлықтарын» берді.
2014 жылдың
қантар айында Жаңа жылдық мейрамдарына арналған
дәстүрлі балалар шығармашылығы сайысын ұйымдастырды. 2013 жылда сайысқа
345 бала қатысты.
Нәтижесінде 5
- 6 жас аралығында бірініші, екінші, үшінші орынға ие
болған, 7 – 9 жас аралығында
бірініші, екінші, үшінші орынға ие болған, 10 – 12 жас
аралығында бірініші, екінші,
үшінші орынға ие болған, түрлі номинациялар бойынша
жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар таратылды.
2013 жылдың
қазан айында мүгедектер күніне орай «Рахат» акционерлік
қоғамы Алматы қаласының әлеуметтік
қамтылмаған отбасыларынан, балалар үйлерінен 450 мүгедектер
балалары үшін мерекелік іс-шаралар
ұйымдастырды. Дәстүр бойынша бұл іс-шаралар
барысында тәтті сыйлықтар берілді.
2012 жылдың
желтоқсан айында «Рахат» акционерлік қоғамы «Өрлеу» сайысының «2012
жылдың үздік әлеуметтік әріптесі» номинациясының
жеңімпазы болды. «Өрлеу» сайысы Қазақстанның әлеуметтік және
қоғамдық өміріне бағалы салым жасаған
бизнес, БАҚ, мемлекеттік құрылымдар өкілдеріне
беріледі.
Тауарды тарату.
«Рахат» акционерлік қоғамы өнімінің
қолжетімділігі фирманың сапалы өнімін сататын кең
дистрибьюторлық желісімен қамтылады. Осы арқылы «Рахат»
акционерлік қоғамы бүкіл Қазақстан нарығы
мен Қырғызстан нарығын қамтып отыр. Қазіргі кезде
«РАХАТ» АҚ өнімі Қазақстан нарығында ғана
емес, республикадан шеткері аймақтарда – Ресей, Өзбекстан,
Тәжікстан, Қырғызстан, Германия, Қытай, Ауғанстан
аумағына да тараған. ТМД-ның басқа республикалары мен
алыс шет елдер тарапынан «Рахат» АҚ өнімдеріне деген
қызығушылықтың болуына орай, компания келешекте
өндіріс көлемін ұлғайтуды және экспорт
көлемін арттыру жолымен өткізу нарығын кеңейтуді
жоспарлауда.
Әдебиет:
1. И.Л.Акулич.
Маркетинг – Москва, 2009
2. Е.П.
Михалева Маркетинг.
Конспект лекций – Москва,
2010
3. Н.И.Ивашкова.
Управление маркетингом – Москва, 2010
4. А.Б.Рахимбаев.
Маркетинг теориясы және практикасы – Алматы, 2009
5. ҚР
«Рахат» АҚ ресми сайты http://www.rakhat.kz