Экономические науки/7. Учет и аудит
Исатаева
Фариза
Российский
университет дружбы народов, Россия
Ресейде аудиторлық қызметті реттеудің
нормативтік негіздері
Аудит
тұтастай алғанда кәсіпкерлік қызметті дамытуға
мүмкіндік туғызатын нарықтық экономиканың анағұрлым
маңызды бір элементін білдіреді. Қазіргі уақытта
аудиторлық қызмет аса серпінді дамуда, оған статистика
мәліметтері дәлел болуда. 2013 жылы Ресей Федерациясының Қаржы
Министрлігімен дайындалған Ресей Федерациясының аудиторлық
қызмет көрсету нарығының негізгі көрсеткіштеріне
сәйкес соңғы үш жылда аудиторлар мен аудиторлық
ұйымдардың жалпы көлемі 25% пайызға (2011 жылы 4300
аудитордан 2013 жылдың соңына 5700 аудиторға дейін)
өсті.
Аудиторлық
қызметтің қабылданған федералды заңы (одан
әрі қарай аудиторлық қызмет туралы заң)
көбінесе Ресей Федерациясында аудиторлық қызметті
құқықтық реттеуді жетілдіруде,
басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
кеңейді, аудитке қатысты қызмет көрсетудің
үлесі өсуде, олардың сапасының деңгейі
жоғарылауда, кәсіби аудиторлық бірлестіктердің
шеңберінде аудиторлық қызмет көрсету сапасын
бақылау жүйесі одан әрі дамытылуда.
Қолданыстағы
«Аудиторлық қызмет туралы» Федералды заңның
қазіргі кезде өз күшіне енуінен соң, заң
ережелерін дамытудағы заңдық сипаттағы көптеген
нормативтік-құқықтық актілерді
қабылдауға қажеттілік туындады, ал оның
алдыңғы заңның әрекет етуінде қажеттілігі
болмады.
Аудиторлық
қызметті нормативтік реттеу жүйесінде аудиторлық
қызметті реттеу органдарының құқықтары мен
міндеттері анықталып, мемлекеттік және қоғамдық
ұйымдардың алатын орны мен қызметтерінің анықталу
процесі жүргізілуде.
«Өзін-өзі
реттеу ұйымдары туралы» 2007 жылдың 1 желтоқсанында №315-Ф3
қабылданған Ресей Федерациясының Заңы өзін-өзі
реттеу ұйымдары мен олардың мүшелерінің өзара
әрекет етуін, олармен өндірілген тауарлардың
(қызметтердің, қызмет көрсетулердің)
тұтынушылары, атқарушы билік органдары, сондай-ақ, кәсіби
және кәсіпкерлік қызмет субъектілерін біріктіретін
өзін-өзі реттеу ұйымдарының қызметімен байланысты
қатынастарды реттейді.
«Өзін-өзі
реттеу туралы» Ресей Федерациясы Заңының негізгі ережелері:
1)
өзін-өзі реттеу (2 бап, 1 тармақ), өзін-өзі
реттеу субъектілері (2 бап, 3 тармақ), өзін-өзі реттеу
пәні (4 бап, 1 тармақ), өзін-өзі реттеу ұйымдары
(3 бап, 1 тармақ), сондай-ақ өзін-өзі реттеу
ұйымдарының коммерциялық емес ұйым ретіндегі жалпы
критерийлеріне (3 бап, 3 тармақ) анықтама беріледі.
Өзін-өзі реттеудің мазмұны болып белгілі бір
қызметтің стандарттары мен ережелерін әзірлеу мен белгілеу,
сондай-ақ көрсетілген стандарттар мен ережелердің талаптарын
орындауға бақылау жүргізу;
2)
басқару органдарының құрылымын (15-19 баптар),
сондай-ақ өзін-өзі реттеу ұйымдарының
құқықтары мен міндеттерін және негізгі
қызметтерін (6 бап) анықтайды;
3)
өзін-өзі реттеу ұйымдарының стандарттары мен
ережелерін әзірлеу мен бекіту қажеттілігін (4 бап, 2 тармақ),
сондай-ақ өзін-өзі реттеу ұйымдарының
мүшелерімен олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру
үшін арнайы органдарды құруды (3 бап, 4 тармақ)
анықтайды;
4)
өз мүшелерінің қызметтеріне өзін-өзі
реттеу ұйымдарының бақылау жүргізуінің
тәртібін (9 бап) анықтайды;
5)
өзін-өзі реттеу ұйымдары мүшелерінің
тауарларды (қызметтер мен қызмет көрсетулерді)
тұтынушылар мен басқа да тұлғалардың алдында
мүліктік жауапкершіліктің тәсілдерін анықтайды.
Қалыптасқан
әлемдік тәжірибеге сәйкес аудиторлық қызметті
реттеу мазмұны мен мәні бойынша өз қызметінде
аудиторлық стандарттарды қолданудың негізінде жүреді.
Аудиторлық
стандарттар бұл - өзінің кәсіби қызметінің
процесінде барлық аудиторлар пайдаланатын біртұтас базалық
қағидалар. Аудиторлық стандарттарды сақтау
аудиттің сапасының белгілі бір деңгейі мен оның
нәтижелерінің сенімділігін кепілдендіреді; олар аттестатталған
аудиторларды дайындау үшін барлық бағдарламалардың
негізін құрайды және аудитті жүргізудің сапасын
дәлелдеу үшін сотта негіздеме болады.
Аудиторлық
стандарттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы
стандарттар аудиторлық қызметті ұйымдастыруды анықтайды
және оны нормативтік реттеудің негізгі элементтері болып табылады.
Ішкі аудиторлық стандарттар аудиторлық
қауымдастықтардың (аудиторлық фирмалардағы
өзін-өзі реттеу ұйымдарының аудиторлары) ішінде
қолдануға арналған.
Халықаралық
аудиторлық стандарттар (ХАС) XX-ғасырдың 80-ші жылдарынан
бастап бухгалтерлердің Халықаралық федерациясымен
әзірленіп, шығарылуда. Жыл сайын оларды тәжірибеде пайдалану
бойынша комментарийлермен толықтырылып жаңартылады.
Қазіргі
уақытта ХАС-ның орыс тілді жинақтамасы 2005 жылы
бухгалтерлердің Халықаралық федерациясымен
шығарылған этикасы мен сенімділігінің аудиті бойынша
халықаралық ережелердің Жинағында
ұсынылған.
Әр
түрлі елдердің аудиторлары қызметінің
тәжірибесінде ХАС-ын пайдалану әрқалай. Кейбір елдер ХАС-ын
тұтастай Ұлттық аудит стандарттары (ҰАС) негізінде
пайдаланады: мысалы, Кипр, Малайзия, Нигерия, Шри-Ланка. Басқа елдерде
ХАС-ры өз стандарттарын әзірлеу үшін негіз ретінде
пайдаланады: мысалы, Ресей, Үндістан, Бразилия, Австрия, Нидерланды. Ал,
басқа мемлекеттер ХАС-рын пайдаланады, олар: АҚШ,
Ұлыбритания, Канада, Ирландия.
Ресей
Федерациясында Ұлттық аудит стандарттары Аудиторлық
Қызметтің Федералды Стандарттары (АҚФС) деп аталады.
Біздің
елімізде аудиттің даму кезеңін ескерсек, базалық заң
түбегейлі түрде екі рет өзгерді, бүгінгі күнгі
жағдай бойынша аудиторлық қызметтің федералды
стандарттарының тарихи үш тобы әрекет етуде:
1)
Аудиторлық қызметтің Уақытша ережелеріне
сәйкес қабылданған және Ресей Федерациясының
Президенті жанындағы аудиторлық қызмет бойынша Комиссиямен
мақұлданған ережелер (стандарттар);
2)
2001 жылғы аудиторлық қызмет туралы Заңға
сәйкес қабылданған және Ресей Федерациясы
Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Аудиторлық
Қызметтің Федералды Ережелері (стандарттары);
3)
2008 жылғы аудиторлық қызмет туралы Заңға
сәйкес қабылданған және Ресей Федерациясының
Қаржы Министрлігінің Бұйрығымен бекітілген
Аудиторлық Қызметтің Федералды Стандарттары.
Аудиторлық
Қызметтің Федералды Стандарттары аудитті, аудиторлық
қызметті және осыған сәйкес қосымша қызмет
көрсетулерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттар
жүйесін қамтиды. Олар аудиторлық қызмет
көрсетулерді, олардың нәтижелерін рәсімдеуді,
аудиторлық қызмет көрсету сапасын бағалауды жүргізу
тәртібіне біртұтас талаптарды белгілейді.
Аудиторлық
Қызметтің Федералды Стандарттарының талаптары
аудиторлық қауымдастыққа және Ресей
Федерациясында аудитті дамыту саласында сауатты (оң) саясатты әзірлеу мен жүзеге
асыру үшін мемлекеттік реттеу органдарына қажет. Ресей
стандарттарының Халықаралық стандарттарға сәйкестігі
ел ішінде және одан тысқары жерлерде пайдаланушылар тарапынан
аудиторлық қорытындыға сенімділікті қамтамасыз
етеді.
Әдебиеттер тізімі:
1.
«Өзін-өзі
реттейтін ұйымның туралы» 1.12.2007 № 315- Федералдық заң
2.
23.09.2002g 2. Postanavlenie. Аудиттің федералдық ережелерге (стандарттар) бекіту туралы N 696