Іздібаева Салтанат Өмірбекқызы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік мемлекеттік университеті
Өнімнің экономикалық
тиімділігін арттырырудың қазіргі жағдайы
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының
алдында тұрған басты мақсаттарының бірі –
өнімнің сапасын арттыру болып табылады.Қазіргі
нарықтық экономикада нарықтық ортаның дамуы
үшін тауар өндірушілер алдына жаңа талаптар мен
мақсаттар қоя бастады.Осы жағдайда негізгі талап
сұранысты толықтыратындай сапалы өнім шығару.Ол
нарықта кәсіпорынның бәсекелік артықшылығын
, оның экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Әрине, бұл кезде
кәсіпкерлер өз тауарын нарық сұранысына сай болуын жіті
қадағалағаны жөн. Әлемдік нарықтың
қатаң талаптары мен бәсекелік шарты отандық өнім
өндіруші кәсіпорындарға сол талаптар мен шарттарды
ұстауға талап етеді.Әйтпесе , әлемдік
нарықтағы кәсіпкер көшбасшылар өздерінің
бәсекелік ықпалымен ,
еліміздің ішкі нарығын және енуге мүмкін болатын
көршілес мемлекеттердің нарықтарын игеріп алуы қиын
емес. Әсіресе , бұл мәселе еліміздің
Бүкіләлемдік Сауда ұйымына кіру барысында өткір
күйінде қалып отыр. Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа
мәселесін шешу кезінде нарықтық қажеттілік есепке алынбай өнім
сапасы техникалық деңгейге
бағытталды. Сапаны
басқару мәселелерімен
техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері
айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер)
тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында
қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың
дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемшіліктер, оларды
талдау және себептерін
талдау кіреді.Сапасы төмен
өнім өндірісінің негізгі факторлары мыналар:
-
көптеген шаруашылықтарда қажетті
материалдық-техникалық базаның жоқтығы;
-
өндірістің ескірген технологиясы;
-
орындаушылардың білім деңгейінің
төмендігі;
-
өндірісті басқару мен есептің
жетілмегендігі;
-
орындаушылардың орындаған жұмысына
жауапкершіліксіздігі;
-
өнім мен жұмыс сапасына деген жүйелік
бақылаудың болмауы, т.б.
Сапасы төмен өнім
өндірісінің себептерін шешу өнім сапасын жоғарылату
тәжірибесінде маңызды рөл атқарады.
Еліміздің
ұзақ мерзімдік басымдықтарын аша отырып,
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
өзінің «Қазақстан – 2050» халыққа
жолдауында былай деп көрсеткен еді: «Нарықтың көмегімен
біз аймақтар арасындағы бәсекелестікті «үздік
аймақ - өмір деңгейі жоғары аймақ» принципі
бойынша қалыптастыруымыз және күшейтуіміз қажет».
Сапаны жинақтап
қорыту көрсеткіштері жалпы сапада немесе кәсіпорындарда
өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар:
• сұрыптылығы;
• маркасы;
• жүктелімі;
• пайдалы заттың мазмұны;
• өнімнің дүниежүзілік
стандартына сай үлесі, т.б. жеке көрсеткіштер тым әр
түрлі және не ол, не бұл өнімнің өзіндік
ерекшелігіне байланысты болады.
Әлемдік нарыққа шығудың негізгі
жолы болып – халықаралық сапа стандарттарының талаптарын
орындау және оны өндіріске енгізу қадамдары саналады.Өйткені
өнімнің сапасы адам өмірінің қауіпсіздігімен
тікелей байланысты. Стандарттағы талаптар өнімдердің адам
ағзасына тигізер әсерін,өнімнің химиялық,
биологиялық құрамын анықтап, олардың шекті мөлшерлерін белгілейді.
Бұл стандарттар әлемдік нарыққа шығудың,
тұтынушылардың өзгермелі
сұраныстарын қанағаттандырудың , өндірістік
жүйенің тиімділігін бақылаудың дұрыс шешімі
болмақ. Сондықтан
сапалы өнім еліміздің Бүкіләлемдік сауда
ұйымына кіруіне мүмкіндік беретін маңызды факторлардың
бірі.Бүгінгі таңда, елімізде Бүкіләлемдік сауда
ұйымына кіруге дайындық жұмыстарын жүргізуде.Еліміздің
осы ұйымға ену жағдайындағы процестердің
техникалық шарттары биыл аяқталады. Келісімшарттар
төңірегіндегі мәселелер шешілгеннен соң,
Қазақстан Парламенті 6 айдың ішінде қажетті
құжаттарды ратификация жасауы тиіс. Содан соң ғана,
Қазақстан Бүкіләлемдік Сауда Ұйымының
толық мүшесі бола алады.
Бұл үшін ең алдымен , ҚР 1999 жылы
қабылдаған «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы»
Заңдардың кәсіпорындарды халықаралық стандарттауға
көшуге ынталандыратын жаңа нұсқасын қабылдау
қажеттілігі тындауда.Қазіргі қолданыста жүрген
бұл заңдардың негізгі мақсаттары болып келесілер
саналады:
-
өнімнің
сипатына, пайдалану мақсатына сай талаптар мен мөлшерлерді бекіту;
-
өнімнің адам
өміріне, қоршаған ортаға қауіпсіздігін
қалыптастыру;
-
мемлекеттің,
кәсіпорындардың қауіпсіздігін қамтамасз ету;
-
өнімнің сапасына
байланысты тұтынушылардың көзқарастарын
қорғау;
-
өнімнің
бәсекелік қабілетін арттыруда кедергілерді жою және т.с.с.
Аталған мақсаттарды
әлемдік нарықта бәсекелік қабілетті қамтамасыз
етудің басты құралы ретінде ИСО 9000 талаптарын
өндіріске енгізумен толықтыру қажет.
Бүгінгі күні ішкі және сыртқы
нарыққа сұранысы жоғары және бәсекеге
қабілетті өнім шығару үшін өндіріске ғылыми
– техникалық жетістіктерді енгізу саясатын да назарда ұстаған
жөн. Өйткені, өнімнің сапасын арттырудың басты
бағыты - өндіріске
алдыңғы қатарлы ғылыми – техникалық және
инновациялық жеңілдіктерді енгізу. Қазіргі кезде,
өндірістің техникалық, экономикалық және
технологиялық деңгейін жоғарылату арқылы
өнімнің сапасын арттыруға және инвестиция тартуға
мүмкіндік беретін бұл бағыт бәсекелік
қабілеттіліктің маңызды бөлігіне
айналды.Қазақстан Республикасының «Инновациялық
қызметтер туралы заңына» сəйкес инновация дегеніміз -
ғылыми техникалық зерттеулер мен интеллектуалды
еңбектің нəтижесінде пайда болған жаңа немесе
жақсартылған өнім жəне жаңа немесе
жақсартылған технология. 2002 жылдың шілде айында
қабылданған «Инновациялық қызмет» туралы Заңы Республиканын
ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс əкелетін
жаналық болды. Мақсаты - отандық өндірістің
инновацияларға сұранысын арттыру, қолданбалы зерттеулерді
қолға алу, ұлттық технопарктер құру.
Ғылыми-техникалык прогресс - кез келген мемлекеттің ұлттық
байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер
тəжірибесі көреткендей, экономикалық даму,
көркейтудің негізгі жолы ғылыми-техникалық жəне
инновациялык салада лидер болу. Инновациялар мен жаңалықтар
экономиканың құлдырауына төтеп беріп,
ғылыми-техникалық прогресстің белсенді түрде дамуына
жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен
бəсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. Сапаны
мемлекеттік реттеу қазіргі таңда еліміздің
кәсіпорындарында сапаны жоғарлатудың басты мақсаты,
өнім сапасыкөрсеткіштері мен тұтынушы талабы арасындағы
теңдікті сақтау болып табылады.Сонымен қоса,
өнімнің сапа деңгейі сапаның нарықтық
факторлары есебімен құрылады:растаушы талабы, нарық
үлесінің өзгеруі, бәсекелестер тактикасы мен
стратегиясы.
Еліміздің кәсіпорындарында тауарды тұтыну сатысында
сапаға кететін шығынның арнайыбағдарламалары жасалуда.
Бұл шығындардың есептеу әдісі нақты
жағдайларға және өнімді тұтынуәдістеріне
тәуелді.Тауарлар сапасын басқару жүйесінің
құру мен жетілдіру мемлекет саясатына тәуелді.
Бұлшаралардың жүйелігі сапаны басқару
жүйесінің әлемдік қоғамда үш негізгі
жүйесі құрылған:«итеруші» (АҚШ және
басқа фирмалар), «созылмалы» (Жапония) және европалық, ол
өзінебірінші екі жүйесінің элементтерін
жинаған.Европалық елдерде көп жылдар аралығында
жоғары сапаға қол білікті жұмысшыларесебінен
жеткізілген болатын. Мысал жүйесі өмірлік қажеттілік ретінде
есептелген болатын. Бұлжүйе сапаны қамтамасыз ету
жүйесінің ең тиімдісі және ол дүниежүзі
бойынша кең тарағанболатын.
Сапа мәселесінің барлық маңызын ең алдымен
Жапония экономистері түсінді. Сапаныбасқарудың жапондық
бағдарламасының ерекшелігі, ақаулықтарды алдын
алуға бағытталуында.Оның нәтижесі Америкамен
салыстырғанда жапондық автомобильдерден бас тарту 10 есе
сирек.Жапондық автомобильдер америкалық нарықтың 70 %
жаулап алған. Жапондықтар үшінтехнологиялық процестер
сапасын бақылау тән. Сапа үшін жауапкершіліктің
рөлі – оныорындаушыға жүктеледі. Әрқайсысы
өз жұмыс орнында: келесі үрдісті орындаушы –
сеніңтұтынушың деген ұстаныммен еңбек етеді. Тауарлар
сапасын бақылаудағы жапондық тәжірибесыртқы
саудада басқа елдерде кең қолданыста, әсіресе дамушы
елдерде Азия, Африка, ЛатынАмерика.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасының
Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту -
Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан
халқына Жолдауы – Астана, 27 қаңтар 2012 ж.
2.
Қазақстан Республикасының
индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясы. –Алматы, 2003ж., 52 б.
3.
Дуламбаева Р. Кәсіпорын экономикасы. Оқу
құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2009 ж.
4. Жұмамбаев С.К. Өндірістік менеджмент:
Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011 ж.
5.
Ғаламтор сайттары: www.google.kz,
www.rambler.ru,
www.yandex.ru.
6.
«Қазақстан Республикасының Менеджмент
жүйесін 2015 жылға дейін дамыту концепциясы». – Астана, 2008. –
33б.