Магистрант
Ерназарова Л.К., т.ғ.к., доцент Байешов Б.Т., Сейтпахиева А.Т.
М.Х.Дулати атындағы Тараз
Мемлекеттік Университеті, Тараз қаласы
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ АРНАЙЫ КИІМІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Арнайы киімнің гигиеналық
қасиеті, адам ағзасындағы
қажетті жылу теңдігін қан айналымын,
қозғалған кездегі ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Арнайы киім
әрдайым киім астындағы микроклиматтың әсерінде болады. Киімнің
гигиеналық қасиеті бәрінен бұрын материалдың
физико-механикалық және
химиялық қасиетіне қамтамасыз етілуі керек. Сонымен
қатар арнайы киімнің жобалауына, құрамына, формасы
және түріне тоқталуымыз керек. Арнайы киімді дайындауда
жұмысшылардың тек
қана, әр түрлі қауіпті
және зиянды факторлардан
қорғап қана қоймай, сонымен қатар олардың
жылы нормалы күй жағдайын сақтайды және де
адамның жұмысқа деген қабілеттілінін арттырады. Арнайы
киімнің гигиеналық қасиеттері үлкен дәрежеде материалдардың лайықты қасиеттерімен анықталады.
Еңбек шарттарының қауіпсіздігін жасайтын
құралдардың бірі
арнайы киім болып табылады. Мысалы, егер арнайы киім тығыздық беттері
жоғары, қатты
материалдардан дайындалған болса,
онда ол киіммен жұмыс істеу ыңғайлы емес. Бұл кезде
арнайы киімнің сәйкестіксіздігі көрінеді. Бұл
жағдайды арнайы киімнің келешек эргономикалық жетілгендік
дәрежесін бағалау үшін, жобалау кезінде зерттеулер өткізу қажет.
Бұйымның эргономикалық
бағалау сапасының қасиеттері келесі факторларды
жатқызамыз: бұйым түстерінің антропометриялық
бөлімінің орналасу мінездемесі, физиологиялық,
психологиялық, психофизиологиялық талаптарға сай және
бұйымды қолдану
ыңғайлылығы адамға физикалық және психалық
жүкті ықшамдауын қамсыздандырады. Метоболизм барысында адам терісі арқылы,
маңызды ылғал бөліп шығарады, сонымен қатар көмірқышқыл газ және т.б өнімдер. Жақсы
арнайы киім бұған жол
бермейді және адамға
механикалық әсерлер көрсетпейді.
Эксплуатациялық қасиеті арнайы киімнің кию мезгілі және
химиялық тазалауға,
жууға төзімділігі болып келеді.
Арнайы киімнің эргономикалық қасиеті оның
өлшемі, формасы, түстік гаммасы, антропометриялық,
физиологиялық, психологиялық талаптарға сай болуы. Осы
интеграциялық көрсеткіштер физикалық және психикалық
ауыртпашылықты қамтамасыз
етуі керек [1].
Арнайы
киімге функционалды,
эргономикалық, эстетикалық және эксплуатациялық талаптар жатады. Функционалды
талаптарына киімнің
композициялық үлгісі,
жобалауы, матасы және кейіпіне сәйкес келуі
жатады. Сонымен қатар
бұйымның үлгісі, матасы, түсі жұмысшылардың талабына сай болуы керек.
Арнайы киімге қойылатын
эстетикалық талаптары
сәнділікке байланысты.
Қандай мақсатқа тігілгін арнайы киім болса да ыңғайлы және
әдемі болуға тиіс. Арнайы киімнің эстетикалық талаптары
жұмысшылардың рухани
қажеттіліктеріне
және сән үлгілеріне
сай болуы керек. Эксплуатациялық
талаптарына формасы, матасы, конструкциясы, тігістері және
бөлшектері жатады. Арнайы кімнің эксплуатациялық
қасиеттері қажалуға, химиялық тазалауға, жиі
жууға төзімді болып келеді.
Киімнің жаңа үлгілерін жоболау барысында матасы және конструкциясы орынды таңдалып және функционалды элементтері дұрыс пайдаланылуы керек.
Арнайы киімнің
өдірістік талаптарын конструктивті-технологиялық және экономикалық деп
топтастыруға болады. Арнайы киімнің конструктивті – технологиялық
талаптарын, тігін бұйымдарының
конструктивті технологиясы,
еңбек шығындары және бұйымды дайындау мерзімімен анықталады.
Экономикалық талап киімнің бағасымен сипатталады. Арнайы киім
тиісті техникалық ,
гигиеналық, эстетикалық
талаптарға жауап беруімен
қатар қымбат та болмауы
керек. Экономикалық талаптары,
өндірістегі үнемділік
көрсеткіштері еске алынады ( киім
үлгісінің шығыны) және тұтынушылық
шығындар: жуылуы, химиялық тазалауы [2].
Арнайы киімге
қойылатын техникалық
талаптардың өзі-тігін материалдардың сапасы мен киімді
дайындауға қойылатын
талаптар. Тігін материалдары мен тігілген арнайы киімнің
мемлекеттік жалпыодақтық стандартқа (ГОСТ) немесе техникалық жағдайларға
сәйкес келуі тиіс. Арнайы киім
мейлінше тозбайтын,
жыртылмайтын жууға және
химиялық тазалауға төзімді болуы шарт. Арнайы киімді
жобалау кезінде эргономикалық
талаптарын ескере отыруымыз керек.
Яғни, эгономикалық
талаптар адамның антропометриялық,
физиологиялық және
тағы басқа ерекшеліктерін анықтайды. Киімді бағалау кезінде
антропометриялық, гигиеналық және психофизиологиялық талаптары ең үлкен мағына береді.
Арнайы киімнің
антропометриялық талаптары,
адамның антропометриялық
қасиеттеріне сәйкестігі. Бұл қасиеттері арнайы киімнің өлшемі мен мөлшері
жағынан талапқа сай болуы
керек. Антропометриялық қасиеттері тыныс алу мүшесін,
қан айналымын, әр түрлі қозғалыстарды орындауын
қамтамасыз етеді және де,
киім конструкциясы
ыңғайлылықты, оңай шешіліп және киілуді
қамтамасыз етеді. Эксплуатациялық
жағдайларда
киімнің
ыңғайлылығы
конструкциясына байланысты. Сонымен арнайы киімнің антропометриялық талаптары конструкциясын өңдеу барысында жасалады.
Психофизиологиялық талаптары
адамдық психикалық, физиологиялық, психофизиологиялық, және киіммен әрекеттесуімен байланысты
болып келеді. Арнайы киімнің
психофизиологиялық талаптары, бұйымның эстетикалық,
адам пішініне жақсы отыруы, ыңғайлы шарттарын
жасауымен көрсетіледі.
Физиологиялық талаптары киімнің
киімнің адам тіршілік
әрекетінің
қолайлы шарттарын
қамтамасыз етеді. Арнайы киімнің антропометриялық
және гигиеналық талаптарын
қанағаттандыратын
көрсеткіші, физиолгиялық талаптарын да қанағаттандырады. Арнайы
киімнің психофизиологиялық талаптары адамның сезу
мүшелері жұмыс жасау
ерекшеліктеріне киімімен
лайық болса орындалады.
Киімнің көмегімен сыртқы орта
климатынан маңызды айырмашылығы бар және киім
астында жасанды микрокклимат пайда болады.
Осыған байланысты адам ағзасында жылу төмендейді,
дене температурасының
тұрақтылығын саққтайды, терінің термореттеуіштік
функциясын жеңілдетеді және тері жамылғылары арқылы газ
алмасу үрдісін (процесстерін)
қамтамасыз етеді.
Бұл арнайы киімнің негізгі және маңызды рөлін атқарады
[3].
Киім сапасы көптеген шарттарға тәуелді болады, әсіресе киім
матасына.
Жұмысшылардың тері
қабатының матамен
әрекеттестігі гигиеналық
қасиетімен анықталады. Сонымен қатар қалыңдығы, массасы,
ауа өткізгіштігі, ылғал жұтқыштығы, жылу
өткізгіштігімен анықталады. Арнайы киімді жобалау кезінде ең
алдымен матаның қасиеттерін аныңтап алу
қажет. Арнайы киімнің ылғал жұтқыштық қасиеті қоршаған ауадағы су буларын жұту
қабілеттілігімен
сипатталады. Ылғал
жұтқыштық
қасиеттері бар маталар
киімнің ішкі
қабатына пайдалануға болады.
Арнайы киімнің көркемді-эстетикалық қасиеттері,
қазіргі кездегі колористі
композициялық брендтерді қолдануымен және өндірістік
ортада түстік гаммасының, бейнесінің, фирмалық
стилін, сәйкес логотиптерді пайдалануымен іске асырылады. Қандай
болмасын «фирмалық стиль» болады, ол тәртіпті бекітеді,
имидждің дұрыс құрылуына жағдай жасайды, бірлескен мәдениетті сүйейді,
абыройының жоғарлауына жағдай жасайды.
Арнайы киім ішіндегі үйлесімді
микроклимат болуы үшін, жоғары ауа өткізгіштік
көрсеткіштерінің бар болуын талап етеді. Яғни, ауа
өткізу қабілеттілігі киім
ішіндегі табиғи желдету қамтамасыз етеді, әсіресе жаз мезгілінде күшейтілген
физикалық
ауыртпашылық кезінде. Жабық жерде жарықтың аз
мөлшерде болуы. Психологиялық орнықтыру барысында атап айтатын болсақ аллергиялық әсердің
жоқ болуы, арнайы киімнің
сыртқы кейіпі әдемі болуы, бірлескен стильге ұмтылуы, қозғалыс
кезіндегі ыңңғайлылығы, эстетикалық және
эргономикалық талаптардың қажеттілігі анықталған.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Гущина К.Г. и др. Эксплуатационные свойства материалов для одежды и оценки их качества. – М.: Легкая индустрия, 1984.-320с.
2. Ливанова Т.Е., Глебов А.З. Устройство для определения эргономических показателей качества конструкций спецодежды. – М.: Изв. вузов. Легкая промышленность, 1980 г.
3. ГОСТ 15467-79. Управление качеством продукции. Основные понятия. Термины и определения. – М.: Ипк издательство стандартов, 1985 – 23с. Романов В.Е. Системный подход к проектированию спецодежды. – М.: Легкая индустрия, 1981 г