Молдазимова А.Е.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті
ТЕАТР- ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫ
Театр –
халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке
тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның
өзгеше бір қасиеті, яғни әрекетке
құрылған табиғаты сахналық
ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика
негізін құрайтын драма арқылы ашылады. Театр әдеби
шығарманы сахналық әрекетпен, өзіне тән бейнелі
театрлық бояу-өрнекпен жаңа күйге түсіреді де
драмадағы мінез-кейіптерді, олардың өзара
қарым-қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын
талас-тартыс пен іс әрекеттеріне
жан бітіріп, тірілтіп жібереді. Осыған орай көрермендер де театр
сахнасында өтіп жатқан оқиға әрекет пен
оған қатысушы-қаһармандардың ой-арманына, шат
күлкісі мен сезім діріліне, күйінішіне, жалпы тіршілік-тынысына
бейжай, немқұрайлы емес, қайта бар ынта-зейінімен, ынтызар
көңілімен қарайды, яғни олар осы сәтте
сахналық өмір көріністерінің жай бейтарап,
салқынқанды бақылаушысынан гөрі тікелей
қатысушысы ретінде бой көрсетеді. Түптеп келгенде
театрдың қоғамдық-тәрбиелік қызметі мен
идеялық-эмоциялық және көркемдік-эстетикалық
әсер күші де осыған саяды.Театрдағы басты
тұлға, пьесадағы берілген
жағдайға байланысты әрекет етіп, сахналық
қаһарманның характерін жасайтын –актер. Ол сахнада
шығармалық процесс кезінде пьеса
материалын өзінің болмыс шындық туралы
ой-түсінігімен, өмірде көріп-байқағандарымен,
эстетикалық сезім-түйсігімен үнемі байытып, толықтырып
отырады. Бұл тұста актердің бойынан орындаушылық
өнерге қоса ойшыл суреткерлік қасиет те айқын
аңғарылады. Актер образы пьеса және спектакльді
қоюшы-режиссердің (қара Режиссерлық өнер
түсінік-шешімі мен түсіндірмесі негізінде өмірге келеді.
Өнердің өзге түрлеріндей театр да өмір
шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейді. Ал
мұның өзі спектакль бойынша жүзеге асады. Театр
өнерінің синтездік табиғаты оның тарихи даму сатысымен
тығыз байланысты. Әсіресе, театрдың өзіне тән
мұндай ерекшелігі драмалық әрекет,музыка ән мен бидің бір-бірінен
бөлінбей тұрған кезіндегі кең таралған
халық ойын-сауықтарынан айқын көрініс тапты. Кейінгі
дәуірлерде өнер түрлерінің жіктеліп шығуымен
және олардың одан әрі ілгері дамуымен байланысты театр
өнері өзінің синтездік қасиетінен айрылды.
Сөйтіп, театр негізінде драма, опера және
балет секілді 3 -түрі
қалыптасты. Енші алып, отау тігіп, өз алдына жекеленіп
шыққанымен музыкалық театр өзінің драмалық
негізінен айрылған жоқ, тек мұндағы
уақиға-әрекет музыкалық драматургияның
тәсілдерімен, музыка-поэзиялық образдар арқылы ашылды. Театр
– табиғатынан көпшілік қауымға ғана
арналған, қоғамдық-мәдени мән-маңызы
үлкен өнердің бірі. Ол көрерменсіз, жеке өз
алдына өмір сүре алмайды. Осыған байланысты сахна мен
көрермен бірігіп отырып шынайы өмір құбылысына ой
жүгіртеді, оған өз тұрғысынан баға береді;
театр көрермендердің ішкі жан сезіміне әсер етіп, терең
толғандырған жағдайда ғана өзінің қоғамдық-әлеуметтік
қызметін атқарып, эстетикалық мақсат-мұратына
жетеді. Ешбір өнерді тілек,
құрғақ бұйрық туғызбайды. Қай
елдегі, қай түрдегі өнерді алсақ та
сән-салтанатпен ырғалып-жырғалып, бір күннің
ішінде ғайыптан көшіп келген жоқ. Барлығы да болымсыз
кішкене ұрықтан жайлып топыраққа көміліп, белгілі
шартпен бағылып, қағылған уақытта ғана бой
жасап өсіп-өнген. Бір сөзбен
қайырғандағы болмысы
осы.Сондықтан ол қай уақытта да өз мәнін жоймасы
анық. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен
айтатын болсақ «Театр - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы,
жаны, ақыл-ойы, парасаты, өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен,
ұлтын
ұлықтаған
ұлы тұлғаларымен, әлемдік
мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі
үлесімен мақтанады Сөйтіп, тек өзінің
ұлттық төл мәдениетімен руханиятынан жұрдай
-жұрттың ертеңін
елестетудің өзі мұң. Осыны терең түсінген
қазақ қашан да алдымен мәдениет пен әдебиетті,
өнерді алға тартып отырған. Еліміз тәуелсіздігін алып,
еңсесін тіктегелі өшкеніміз жанып, жоғалғанымыз
жанданып жатыр десек, артық айтпағандық. Әсірессе,
жігерімізді жанитыны-осы бір мәдениет саласындағы толағай жетістіктеріміз..
Осы тұрғыдан келгенде білім, өнер, мен мәдениет
ордасы ұлтымыздың рухани
байлығын жоғалтпай, өнерімізді ел игілігіне жұмсау бағытында ел болашағы саналатын жастарға бәсекеге қабілетті білім
беріп, саналы ұрпақ
тәрбиесінде дараланатыны даусыз.
Театр әдетте өз заманының озық
идеяларын бойына сіңіре отырып, ізгілік мұраттарын паш еткенде,
ең бастысы адамның өмірлік және рухани
ой-мақсаттары мен оның күрделі ішкі жан дүниесін
терең де шынайы ашып бейнелегенде ғана ол өзінің
жоғары көркемдік сатысына көтерілумен қатар
қоғамдық-әлеум. міндеттерін орындай алады. Театр –
халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке
тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше
бір қасиеті, яғни әрекетке құрылған
табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен
идеялық-эстетика негізін құрайтын драма арқылы ашылады.
Театр әдеби шығарманы сахналық әрекетпен, өзіне
тән бейнелі театрлық бояу-өрнекпен жаңа күйге
түсіреді де драмадағы мінез-кейіптерді, олардың өзара
қарым-қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын талас-тартыс
пен іс-қарекеттеріне жан бітіріп, тірілтіп жібереді. Осыған орай
көрермендер де театр сахнасында өтіп жатқан оқиға
әрекет пен оған қатысушы-қаһармандардың
ой-арманына, шат күлкісі мен сезім діріліне, күйінішіне, жалпы
тіршілік-тынысына бейжай, немқұрайлы емес, қайта бар
ынта-зейінімен, ынтызар көңілімен қарайды, яғни олар
осы сәтте сахналық өмір көріністерінің жай
бейтарап, салқынқанды бақылаушысынан гөрі тікелей
қатысушысы ретінде бой көрсетеді. «Театр- хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» - дейді Ғ.Мүсрепов. Иә ,
сонымен қоса рухани кемелділік пен мәдени өсуге ықпал
ететін бірден- бір орын да, халықтың рухани орталығы
театр екені
белгілі.Өнеге көзі театр, тәрбие ошағы да сол, Ендеше, театр
өнерін қадірлейік халайық.
Әдебиеттер:
1.
А.Маемиров
«Қалың қалай қазақ театры»
http://inform.kz/kaz/article/2236149
2.
Қазақ
энциклопедиясы http://internettv.kz/
3.
М.Байсеркенұлы «Сахна
және актер» Алматы : Ана тiлi, 1993. - 336 с.
4.
Г.Крыжицкий «О системе
Станиславского» 1955, М.
5.
Р. Сыздық. Сөз сазы. – Алматы, «Санат»,
1995ж., 117 бет
6.
6.Тұңғышбай
әл-Тарази. Сөз. /Ғылыми теориялық зерттеу/. – А.,
7.
«Нұрлы
әлем», 2008ж., 2 томдық, 1 том, 272