П.С.Куненова.
Д.О.Оразбекова
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
МЫРЗА ХАЙДАРДЫҢ СУРЕТКЕРЛІК
ШЕБЕРЛІГІ
Мырза
Хайдардың рухани-мәдени әлемін Ислам Жеменейдің зерттеуінде
автор шығарманың идеясын
түсініп, философиялық, азаматтық мән-мағынасын
айқындау- негізі ізденіс, негізгі жұмыс екенін терең
аңғартқан. Дулатидың ұлттық рухани-мұрасын
терең танып, білу арқылы халқымыздың рухани
әлемінің ішіне еркін бойлап, зерделей аламыз.
«Тарих и
Рашиди» еңбегі - әдеби-эстетикалық тұрғыдан Мырза
Хайдардың суреткерлік шеберлігінің айқын айғағы.
Мырза Хайдар шығармасының поэтикалық деңгейі
жоғары, ол тек қана прозашы емес, ақындық дарыны мен де
кемелденген қаламгер ретінде саналады. Шығарманы
оқығанда автордың өмірлік, философиялық
көзқарасын, өз дәуірінің рухани- мәдени
дүниетанымын да сезіну,
ұғу қиын емес. Мырза Хайдар әлем мәдениеті
мен өркениетіне үлес қосқан тұлға ретінде
қазақ халқының тарихына, әдебиетіне,
дүниетанымына рухани қайнар көзі болған.
Уақыттың
өзгеретінін біледі, демек өзі өмір сүріп отырған
дәуірдің келбетін туындыларында сақтап қалуды
мұрат тұтады. Сол
тұрғыдан Дулати секілді
түркі ұрпағы,
қазақтың ұлы өз туындыларында өз танымынан дүниелік
пәлсапа түйетін жазушылық қасиеті оны әлемге
мәшхүр етті.
Кез-келген
шығармашылық адамының тағдыры шығармасының
түпкі нәтижесінде оның өмірімен тікелей байланысты
болады деген түсінік бар. Яғни, шығарма атауы
шығармагердің тағдырына азабымен болсын, ғажабымен
болсын әсер етеді дейді.
Құбылыс
атаулының түрлі формасы болады. Яғни, рухани
құбылыс адам бейнесінде жерге түсіп, адам арқылы
тұтас ұлттың мәдениеті мен әдебиетіне
бетбұрыс жасайды.
Ғашықтар
тұтқыны болу керек, қайғы мұңының,
Жапасын
шегіп, көруі керек тауқыметін даланың.
Кету керек
немесе ауылынан жарының,
Не
төбетті аулынан қуу керек жарының –деп жазған Мырза
Хайдар өз еңбегінде тарихи оқиғаларға
қатысты көзққарас білдіргісі келгенде немесе ойын одан
әрі дәлелдей түсу үшін өз ойын өлең
жолдарымен әрлендіріп отырады.
«Тарихи
Рашиди» - өз заманының озық та ойлы, көрнекті
һәм көркем туындыларынң бірі. Шығарманың
тарихи құндылығы былай қоғанда, оның
айшықты тілі мен бейнелі образдары, даналық иірімдері мен
имандылыққа жетелейтін түрлі сөздері оқыған
жанды бей-жанды қалдырмасы анық.
Бұл
оқушының ой-өрісін кеңейтіп, қалыптастырады, берілген
материалдарды қоғамдық позицияда бақылауға үйретеді.
Шығарма арқылы өмірдің дамуын, оның
қиындығы мен тереңдігін қамтып көрсетуге
ұмтылады. Мысалы, Мырза Хайдар
Сұлтан Саид ханның сарайында жиырма төрт жыл
қызмет еткен және оның мәрттігі мен поэзияға
құштарлығына тәнті болған. «Сұлтан
өлең шығарғанда оның күш-қуаты мен
дарына тең келер адам өте сирек кездесетін. Ол ешқашан
өлеңді ойланып отырып жазбайтын, ылғи шабыттанып айтатын»,-
дей келе автор Сұлтан ханның бірнеше бәйіттерін мысалға
келтіреді:
Қай
гүлзарға барсаң да гүл кездеспес тең саған,
Сен гүл
болсаң, мен бұбұл шын ғашығын аңсаған.
Мен
жәннаттан іздеймін өзің туған төркінді,
Көрсін
халық нұрыңды, көрсін сенің көркіңді
(30,138). Бұған қарағанда «Тарих-и Рашиди»
авторының сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін
оятқан да осы Сұлтан Саид хан деген негізе келтіреді.
Мырза Хайдар
өз шығармасында Иранның әйгілі ақыны Сағди
Ширазидің өлең жолдарын пайдаланған.
Бұл
жерде Сағди Ширази бүкіл әлемдегі адамзат
тағдырының бір-біріне байланысты екенін көрсете отырып,
адамдардан бір-біріне қамқор болуды өлең арқылы
сұранған. Дәл осындай тұжырымды араға
ғасырлар салып, қазақ елінің ойшыл ақыны Абай
былай деп берген:
«Адамзаттың
бәрін сүй бауырым деп...
Адам баласын
ұлтына, дініне қарамастан оның адамдық болмысына
қарап барлық адамзатты сүюге, құрмет
тұтуға шақырады. Сондықтан Сағди мен
Абайдың өмір сүрген кезеңдері әрқилы
дәуір болса да, ғасырлар қашықтығына
қарамастан адам баласына деген игі ойларының үндесіп
жатқандығын байқатады.
Жаңа
заман ұрпақтары осындай асыл сөздерді игілігімізге пайдалана
білуіміз қажет. Сонау түркі бабаларымыздың заманынан бастау
алған ата-бабамыз бір ауыз сөзге тоқтап, бір ауыз сөзге
күйініп не сүйініп отырған. Міне осыған қарап
асыл сөздердің оттай ыстық, мұздай суық,
қылыштай өткір, мамықтай жұмсақ, өрмекші
торындай нәзік, шуақтай жылы екеніне көз жеткіземіз.
Мырза Хайдар
шығыс әдебиеті жұлдыздарының ой-өрісімен,
шығармаларымен терең таныс болғандықтан
әңгімелеріндегі өз ойын одан әрі қуаттай
түсу үшін олардың өлеңдерін өте орынды
пайдаланған.
Әдеби
тұрғыдан шығарма стилін, көркемдігін,
идеологиялық негіздерін жеке тақырыптар ретінде
қарастырсақ, Мырза Хайдардың ислам шығысы классик
ақын – ойшылдарының, өнер адамдарының туындыларымен
етене жақын таныс болғанын
Сағди, Жәми, Әнсари, Фердоуси, Науаи, Маулана Руми,
Қасым Жөнейд Бағдади, тағы сол сияқты шығыс
жұлдыздарының ой-ұшқындары оның еңбегінде
көрініс тапқанын – ақ байқаймыз. Келтірілген
өлеңдердің әрбіл жолын оқи отырып, әр адам
тарих беттеріне үңіліп, ата-бабасының өткен тарихын
тереңірек түсінуге мүмкіндік алады. Демек, Мырза Хайдардың
ақындық таланты мен жазушылық қабілеті,
ақыл-парасаты мен әдеби білімі, сондай-ақ жеке қаламгерлік
стилі де өзіндік ерекшелігімен әлемде үлкен орын алғаны
даусыз.
Жазушы
ұстаздар алдында өзін әрдайым төмен ұстайды,
алдыңғы уақыттың шежірешілеріне құрметпен
бас иеді. Төменде Мырза Хайдардың ұлылығымен қоса
тақуа ғалымдарға тән пақырлық, міскіндік
пен ғаріптік ұғым- түсініктер Қожа Ахмет
хикметтерінде жиі кездеседі.
Ғұмырнамалық
шығарманың эстетикалық келбетін айшықтайтын және
ондағы образдар жүйесінің жүгін көтеретін
көптеген бейнелеу тәсілдері қолданылғанын көреміз.
Әсіресе, жеке тұлғалардың портрет-кескіндеулері
шытырман оқиғалар мен қайшыласқан, таусылмас
тағдыр тауқыметі, арпалысты сәттер үстінде ерекше
бейнелі де шынайы сомдалған. Ғылым-білімді барынша меңгерген,
қилы өмір сынақтарын басынан кешірген Мырза Хайдар үшін
әрбір кейіпкерінің тыныс – тіршілігі, олардың
қайғы- қасыреті әбден етене, жүрегіне
жақын. Сондықтан қаламгер жадында сақталған
халық мақалдары мен даналық мәйектерін молынан
қолдана отыртып, сөз өнерінде қайталанбас соны суреттер
салады.
Оның
шығармасында отырықшы жұрт пен көшпелілердің,
қоғам мен мәдениеттің, фәни мен
бақидың, моғол ақсүйектері мен қараша
халықтың арасында өтіп жатқан бітіспес майданның
нағыз бет-бейнесі шынайылықпен мүсінделген. Ең
ғажабы- соның бәрі аумалы-төкпелі жаугершілік
заманның рухына сай романтикалық сарынмен асқақтата,
төгілте суреттеледі. Әдетте жазушы ақсүйектердің
әрқайсысына өзінің жеке мінездемесін бергенде
олардың кейбіреуі батыр да байыпты, сақи әрі салиқалы
болып келеді, екінщілері керісінше, сауықшыл, зинақор,
тұрақсыз, яки қорқақ жандар болып
шығады. Мәселен, автор
моғолстан билеушісі Жүніс ханды Хазірет Ишанның аузымен: «Мен
Жүніс ханды моғол деп естігем, сондықтан оны бір көсе,
моғол қылықты, басқа сахара түркілері
тәрізді елестеттім. Алайда оны көргенде оның
әңгімешіл, қою сақалды, тәжік өңдес, сөздері биязы,
тәжік арасында өте сирек кездесетін адамдардың біріншісі
оның кісілік қасиеттеріне қарай, соңғысы
тұлғасына орай жағымды кейіпкер санатында сипатталған.
Мырза Хайдар
қаламынан туған жалқы бәйіттер тақырыбы
жағынан сан алуан, ағылып тұрған ән,
төгіліп тұрған сырдай, әрбір оқырманның жан
сырындай, өз қиялы, өз мұратындай сезіледі. Өлеңді
оқу, тыңдау, түсіну, өлеңге тұшыну,
толқу, тебірену – бәрі ырғаққа байланысты болса,
Дулати шығармасындағы өлең шумақтарының
өзге өлеңдерден басты өзгешелігі, басты ерекшелігі де
ырғақта жатыр. Яғни, әрбір өлең
жолдардың құрылымы шығарма
оқиғаларының ішкі қимылын нақтылай түседі.
Мырза Хайдар өзінің Рашид ханмен қоштасып, Тибетке
аттанған сәтін ерекше әсерлендіре сипаттайды. Ол :
«Достық, бірлік, мейірім және бір-бірімізге деген сеніміміз сондай
жоғары шекке жеткен еді» дей келіп мынадай ғазал айтады:
Біздер кетіп
барамыз бауырымыз езіліп,
Қоштасудың
күйігі жүз мың дерт боп сезіліп.
Әбдрашид
шаһ біздің – мұхиты ғой пейілдің,
Теңізінде
рахымның жүзуге мен бейіммін (30,164)
«Тарих-и Рашидидегі»
мұндай өлең жолдарына әдеби-көркем туынды
тұрғысынан қарап, олардың жанрлық,
тақырыптық, көркемдік ерекшеліктерін айқындауда Ислам
Жеменей ғылыми мақсатына жеткен, өйткені Мырза Хайдар
еңбектеріне тек тарихи, автобиографиялық тұрғыдан
ғана емес, әдеби-көркем туынды ретінде қарап,
зерттеген.
Жалпы,
әдебиет – адамзат
өмірінің өткені мен бүгінгі күніне көз
салып, ертеңіне болжам жасауға мүмкіндік беретін адамның
эстетикалық танымына зор әсер етерлік қуатты тәрбие
құралы.
Әдебиет
пен өнер адамдардың қоғамдағы
қарым-қатынастарын, табиғатпен байланысын, ішкі сезімдерін,
ой-өрісін, қуанышы мен өкінішін, үрейі мен
үмітін, тағы сол сияқты күрделі феномендерді
көрсете алатын айна іспеттес.
Академик
С.Қирабаев әдебиет туралы: «Рухани мәдениет - әрі
әлеуметтік, әрі идеологиялық категория(2,7) – дейді.
Мырза Хайдар
Дулати руханияты бүгінгі және болашаққа жол сілтейтін
рухани көркем-дүние ғана емес, білім, ілімнің
қайнар бұлағы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Эстетикалық
мәдениет негіздері» С.
Әбенбаев Алматы «Дарын» 2005
2. «Қазақ
халқының тұрмысы мен мәдениеті» С. Кенжеахмет-ұлы
Алматы «Кітап» 2006
3.
Камалова Н.К. Той-мерекелік, салт-дәстүрлік әрекеттер:
Оқу құралы.- Шымкент, 2002.- 63 бет
4.
Қабдолов З. Сөз өнері: Оқулық. – Алматы:Санат,
2002. – 360 бет.
5.
«Дәстүр»
ұлттық-танымдық басылым-№ 04. 2010ж сәуір.
6.
. Сейіт Кенжеахметұлы
«Ұлттық әдет-ғұрыптың беймәлім
түрі». Алматы «Санат» 199