Сураншиева
Р.К.
М.Х. Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
БІР
БОЙЫНА БАЙЛАНҒАН БҮКІЛ
ӨНЕР
Кешегі
қазақ даласының сәні, сал-сері десек, солардың
бел ортасында Балуан Шолақтың аталуы заңдылық. Рас,ол
ең алдымен жамбасы жерге тимеген палуан. Ал, серілігі-ол теңдесіз
күш иесі балуандылығымен қатар өзі-
ақын,өзі композитор. Балуан
Шолақ(Нұрмағамбет Баймырзаұлы) ресми деректерде 1864
жылы туып,1919жылы қайтыс болды делінеді. Ақан сері, Біржан сал
сияқты арқалық әншілік, ақындық дәстүрін
салушылардың да бірі әрі бірегейі.Олар бүгінгі ақын-композиторлардан несімен ерекшеленеді? Өйткені олар әнді де, оның
сөзін де өздері шығарды. Сонымен бірге сол туындыларын өздері орындап халыққа
жеткізіп отырды.
Өзі жайлы ақын:
Сүйіктім деп ардақтап, еркелеткен,
Мен халқымның Балуан Шолағымын,-дейді.
Балуан арқа жерінде өсті. Сол елдің сүйікті ұлына айналды. Сол
жерден мәңгі қоныс тапты. Қазақта « жақсының жаттығы
жоқ» деген бір жақсы сөз бар. Одан да бері біздің
жұрт , «өзі жақсы кісіге бір кісілік орын бар»деп те жатады. Міне
қазақтың осы сөзін, осы пейілін дәлелдей
түскен де Балуан Шолақтың өмірі. Ол негізі
Жетісудың қазағы болғанымен (атақонысы
қазіргі Жамбыл облысы, Шу ауданы) жалпы қазаққа
ортақ ұл болып қалды. Ол
жайлы қазақтың жүздеген әнші, күйшілерінің
өмірін егжей-тегжейлі зерттеген музыка зерттеушісі Ахмет Жұбанов: «Хан
тауын мекен еткен, Ұлы жүздің дулаттан тараған сәмбет деген руы болды. Сол
сәмбет ішінде Баймырза деген кісіден
Шолақ туады.Балуан Шолақта өз өлеңінде
өз руын,ата тегін айтуды ұмытпайды.
Нұрмағамбет Баймырзаұлы менің атым,
Бар елге мағлұм болған асыл затым.
Нағашым жалпақ қанай деп атайды,
Болады ұлы жүздік арғы затым.
Балуан Шолақтың өмірі туралы аңыз,
әңгімелер көп. Солардың бірі: Жетісу жерін паналап ,сауық-сайран салып , елдің
көңілін көтеріп бірер
уақыт жүрген екен. Қайда жүрсе де халық сегіз
қырлы,бір сырлы өнерпазды хан көтереді,үлкен
құрмет,зор ілтипат жасайды.
Сөйтіп жүріп, Қаракемер болысының
жеріне(Қазіргі Ақсу ауданының жері, Алматы облысы) келеді.Осы
жердің болысы жақын жердегі Қапалуезінің бастығы полковник Антоновқа
хабарлама жасап: «Көкшетау жерінен келген
Баймырзаұлы Балуан Шолақ деген қашқын ақын патша
өкіметіне қарсы
өлеңдер айтып жүр» деп жала жабады. Жергілікті
болыстан хабарлама түскен соң, Балуан Шолақты Қапал
уезіне шақыртады.Халық мұның бәрі болыстан келген
бәле екенін біліпті.
«Балуанның не жазығы бар?Қысы, жазы мал соңында
,егін басында бейнет кешіп қамкөңілді болып жүрген
біздің біраз көңілімізді көтергені кімге
ұнамады? Біз өнерпаз азаматты
қолдан бере алмаймыз .Егер мұны ұстаса ,бізде бірге кетейік»-
деп шуласады.Ояздың бастығы Балуан Шолақтың сымбатты
денесін ,кесек тұлғасын көргенде
өзі де таң қалыпты. Біраз оны- мұны сұрап :
-Ойын-сауығыңды жүргізе бер, өлеңіңді
айта бер ,бірақ , патшаға қарсы еш нәрсе айтуға
болмайды-деп, Балуан Шолақты қайтарып жіберіпті.Кетерінде қош
айтысып,бүкіл ел болып шығарып салғанда Балуан:
Неше жыл сайрандадым аунап-қунап,
Дертіме шипа таптым жүрген улап.
Келгенше қайта айналып қош, аман бол,
Ұлысы Ұлы жүздің - Үйсін, Дулат !- деген екен.
Арқаға барған соң, Қаракемердегі сый –құрмет
жасаған достарына хат жазыпты. Сол хаттың ішінде бір шумақ
өлең бар екен дейді.
Сәлем де Қаракемер қонысына,
Билеген момын елдің болысына.
Сыртымнан мені ұлыққа жамандапты,
Бір «сыйлық» әзірлейін сонысына,-деген екен.
Бұл сөзді естіген болыс зәре құты
қалмай,үнемі қорқып жүріпті. Кейінен,1919-жылы
Балуан Шолақ қайтыс болыпты дегенді естігенде ғана
пәтшағардың көңілі орнығыпты. Балуан
Шолақтың барлық нұсқаларын қосқанда
қырыққа жуық ән үлгілері бар.Солардың
ішінде халық композиторының атын шығарып кеткен әндерінің бірі «Ғалия».Қазақта бұл
әнді орындамайтын әншіні кездестіру қиын. Кешегі Жүсіпбек
Елебеков пен бүгінгі Қайрат Байбосыновтың есімдерін
атасақ та жеткілікті. Академик Ахмет Жұбанов «Ғалияның»оқиғасын
былайша баяндайды: «Ақмолада
Тілеу атты дәулетті адам болыпты.Руы- арғын ішінде аралбай,туып
өскен жері Жаңарқа. Үлкен әйелінен
Ғалия,Мария деген екі қыз туады. Ғалия –сұрлау,атжақты,ұзын
бойлы,бетінде аздаған шешек дағы бар, сөзге шешен қолынан
өнері төгілген шебер
болады.Қазақтың әдеті бойынша Ғалияны жастайынан
Біржан дегенге атастырып, бойжеткен соң ұзатылып кете барады.Бірақ
көңілі сүймеген Біржанмен ұзақ тұрмай,бір-екі
жылдан соң Ғалия Қараөткелге қайта келеді. Бір
кездері әбден бабына келіп ,әдемі денесі тал шыбықтай
бұралып,көп адамның діңкәсін құртады.
Ақмолада Ғалия Балуанмен кездеседі. Ғалия Балуан
Шолаққа ұнайды. Ғалияда Балуан Шолаққа
қызығады. Екеуі есебін тауып жолығып , өмірді бірге
өткізуге уәде байласады. Солай күн артынан күн өте береді.
Қараөткелде Ғалия сен емес пе ең,
Бұл Арқаның шортаны мен емес пе ем.
Құралай көз,сүмбіл шаш Ғалияжан,
Ынтығымды құртқан сен емес пе ең?!-деген
сөздермен айтылатын әннің мың
құбылған қайырмасы әннің әдемілігін
арттырып,шырқау шегіне жеткізеді.
Ойпырмай, жан сәулем,
Ғалия, қабағың.
Аппақ екен тамағың,
Қайта айналып тағы да ,
Көрер ме екем,
қарағым..
Балуан Шолақтың әндерін айта жүріп ,жаздырған
әншілер әннің бастапқы атауының қандай
болғанын білмегендіктен ,әндері « Балуан Шолақтың»
әні деген жалпы атаумен енген.Балуан Шолақтың күш атасы
екені жайлы да елдің ішінде кең тараған әңгімелер
баршылық . Соның бірі,
Қарадырға, Ащысуға,Серіктасқа
қонаққа келген Балуан Шолақ сол кезде Арқа мен
екі араға сауда жасайтын отыздың ішіндегі Байжұмарт
Дөненбай баласының
үйінде бірнеше күн болған
кезінде атақты Ішпекбай балуанның
баласы Берік ұстаға ат тағалауға келеді.
«Шырағым, тағаны серпінді, асыл темірден соқ» дейді ол. Берік-
ұста бар өнерін салып , тағаны соғып, Балуанға
көрсетеді. Балуан тағаны ұстап тұрып: «Шырағым , асыл темірден , болаттан
соқ деген едім ғой» деп уыстаған күйінде бытыр-бытыр
сындырып ,мыжып қолына ұстата салыпты. Балуан Шолақтың әндерін ,әңгімелерін
көздерінің қарашығындай сақтап ,біздің
дәуірімізге жеткізген атақты өнерпаздарымыз
-
Кенен Әзірбаев , Жүсіпбек
Елебеков, Молдахмет Тырбиев, Игібай Әлібаев ,Елубай
Өмірзақов, Мұхтар Өтебаев, Қайрат Байбосынов
және басқа таланттарымызға бас иеміз.Ал, келешек
ұрпаққа өлмес,өшпес рухани мұра
қалдырған Балуан Шолақ
атамыздың
әндері ғасырлар
бойы талмай қалықтай берері
анық.
Әдебиет:
1.
«Қазақ совет энциклопедиясы», 8- том , Алматы: 1976
2.
Жамбыл Тараз» Қоғамдық- саяси апталық газет
№28 21 маусым
3.
Әбішқызы С., Сарманов Ж..
4.
«Ұлттық тәрбие –
құндылығы мол дүние». 2008 ж.
5.
Қазақ тілі мен әдебиеті. №4. 2007ж.
(3-4 бет).
6.
Ата дәстүрің – асыл қазынаң
// Бастауыш мектеп. Алматы,2007. -№12.
-29-32-б.